Мѕдениеттану курсы



бет10/31
Дата30.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#77489
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Текст лекций Типол Культу каз яз ТХГ (1)

9. ЕЖЕЛГІ ГРЕК МӘДЕНИЕТІ
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. “Антик – (көне, ежелгі)” деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген бұл терминді итальян ойшыл – гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні “ежелгі”, “көне”, “қадым заман” мағынасын беретін “антиквос” деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттерінің мол, мәдени мұрасы еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады.
“Көне”, “қадым заман” мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін “Эллиндер”; ал өз елдерін “Эллада” деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V – ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді..
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. III-II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. “Эгей” өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. II – мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит – ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралдарында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критте осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.
У ғ. ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі, Афины қаласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды.
Ежелгі грек жұртының мүсіншілері әрі сұлу, әрі сымбатты рухани жан дүниесі бай кейіпкерлерді асқан шеберлікпен бейнелей білген. Сондай ғаламат туындылардың бірі- «Милосск Венерасы» Адамзат баласының сан мың ұрпағын осы уақытқа дейін таң қалдырған таңғажайып ескерткіштің авторы - Кіші Азиялық мүсінші Агесандр. 1820 ж. Жерорта теңізінің бір аралынан табылған бұл бейне қазір Парижде, Лувр музейінде сақтаулы. Агесандрдың қолынан шыққан махаббат құдайы Венераның бейнесі өзінің құдіреттілігімен таң қалдырады.
Антикалық сәулет өнерінің шыңы- ежелгі заманның өзінде-ақ дорийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған Парфенон сарайы еді.
Әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоқтығы биік ақын Гесиод болды.Ол жазған «Теогония» және автордың өзінің өмір жолына арналған «Еңбектер мен күндер» атты дастандары- гректердің көңілінен шықты.Жаңа лирикалық поэзиялық жанрдың көрнекті өкілдері Архилог, Солон, Алкси, Анакреонт және т.б. Архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге- классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді.
Б.з.д. У-1У ғасырда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты өнер туындылары кейінгі ғасырларда да үлгі-өнеге алуға лайық болды, сондықтан да оларды классикалық мұра, яғни үлгі деп есептейміз.
Ал, эллинизм дәуірінің мәдениеті – ертедегі грек құлиеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (б.з.д. 356-323 жж.) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол 10 жыл ішінде, б.з.д. 334 жылдан 324 ж. дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дәл осындай орасан зор мемлекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Ьатыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі десек қателеспейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет