Мѕдениеттану курсы


ИТАЛИЯ РЕНЕССАНСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ



бет13/31
Дата30.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#77489
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
12. ИТАЛИЯ РЕНЕССАНСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ

Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет – XIVғ. аяғында XVғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең – қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: экономика саласында – бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында – тәуелсіздік үшін күрес заманы болды.


“Қайта жаңғыру” термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512-1574) өзінің “Жизне описание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих” (XVIғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы – көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, XVIIIғ. бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. Х1У-ХУ ғ. Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет “адам” табиғаты, “адамгершілік” деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын.
Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, “гуманизм” латынның “адамгершілік” деген сөзінен шыққан. Бұл терминді “жаңа адамдар” (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса Қайта Жаңғыру заманының басты жаңалығы – ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым – гуманист, Леонардо Бруни (1370-1444 ж.) “гуманизмді” адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарды деп есептелдіБұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала кетсек, олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.
Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең “проторенессанс” (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIIIғ. дученто, XIVғ.-треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сақнасына шығарды. Солардың бірі – Қайта жааңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321ж.). ұлы даранның қыл қаламынан шықққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындының “Құдіретті комедия” деп атады. Данте, Франческо Петрарка (1304-1374) және Джованни Бокаччо (1313-1375ж.) қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды.
Қайта Жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең – ХУ ғасыр, яғни “”Бастапқы Қайта Жаңғыру дәуірі (кватроченто) деп атаймыз. Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын – “Кемелденген жаңғыру кезеңі” (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір ХУ1 ғасырды қамтиды.
Қайта Жаңғыру мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау – басты орынға қойылды. Міне, сондықтан болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қайта Жаңғыру заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды.
Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда-саттық жасауға ерекше мән берді. Италия қалалары Батыс елдеріменде, мұсылман елдеріменде сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мәдениетінің ықпалымен “жаңа адамдар” қалыптасты.
Қайта Жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығындада, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті.
Қайта Жаңғыру дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол дәуірдің тынысын терең сезінген , сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлғалар болған. Солардың бірі - өнер алыбы Леонардо да Винчи (1456-1519 жж.) Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол- әрі мүсінші, әрі суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик т.б. болды. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатының, токарь станогінің жобаларын жасады. Деонардо да Винчи соным ен қатар ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми трактаттардың авторы. Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі – “Құпия жиын”.
Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-маржаны болып отырған “Мона Лиза” - Джоконда туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таң қалдырып келеді. Леоандо “Джокондоны” салуда салуда ұзақ еңбектенді, қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра қалдырды.
Осы орайдағы өнер тарихындағы ұлылардың бірі – Рафаэль Санти (1483-1520 жж) нағыз кемелді шағында – 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның «Сикст мадоннасы» еуропалықтар үшін өте қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Парнас» т.б. гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты.
Адамзат қоғамына мәңгілік рухани азық болған шығармалардың авторы, тасқа тіл бітірген теңдесі жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам шебері, сәулет өнерінің сарбазы, өнердің қай саласының болсын майталманы – атақты Микеланджелоның атақты мүсіндері – «Давид», «Моисей», «Бұғаудағы құл», т.б. суреттерінде қасірет шеккен халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшін күресі, ана жүрегі, ана махаббаты, сәулелі болашақ пен өмірдің сан-салалы көріністері нанымды берілген.
Қайта жаңғыру дәуірі – мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген бұрын –соңды болып көрмеген гүлдену, мәдени қозғалыс басталды. Орта ғасырлар мәдениетінің мән-мағынасын сәулет өнері көрсететін болса, Қайта Жаңғыру дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. Дін өктемдігінен, оның құрсауынан босанудың арқасында өмірдің сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани жағынан толық қанағаттандыратын шығармалар дүниеге келді. Бұл дәуірде адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді. Ренессанс мәдениетінің негізінде жаңа заманда еуропалық адам қазіргі өркениетке қарай шешуші қадам жасады.
Осындай ұлы мәдени бастамалардың жаршысы болған Италия елінде, алғаш рет католиктік реакция басталып, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. ХУ1 ғасырдың 40-шы жылдары инквизиция басталды.
Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы үлкен тарихи белес – Қайта жаңғыру дәуірі аяқталды. “Қайта жаңғыруды” барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI-XVIIғ. болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X-XVғ. қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, “Қайта жаңғыру” мәдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталу ғана емес, қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет