Мѕдениеттану курсы


ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС МӘДЕНИЕТІ



бет12/31
Дата30.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#77489
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Текст лекций Типол Культу каз яз ТХГ (1)

11. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС МӘДЕНИЕТІ


Орта ғасырлар – эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы – “романдық бастаудан” нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және т.б. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің “варварлармен” күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыс Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз жалғасын тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашты. Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни V ғасырдан бастап ХV ғасырға дейін созылды. “Орта ғасырлар” деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан “ежелгі дүние ” мен “жаңа заманның” ара жігін анықтау үшін де қолданған.


Мыңжылдық “Орта ғасырлар” дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші, “Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі” – дәуір бастауынан басталып – X-IX ғғ. дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең – XI ғ. мен XIVғ.; ал үшінші, “Кейінгі орта ғасырлар кезеңі” - XIVғ. және XV ғ. аралықтарын қамтиды.
Бастапқы орта ғасырлар кезеңі – Еуропада буырқанған, әрі мәнді процестерге толы сындарлы кезең болды. Бұл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттерімен мазалай бастаған варварлардың (варда – сақал) жойқын шапқыншылықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл қақтығыстар Рим империясының 476 ж. құлауымен аяқталды. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті басталып, көне қоғамдағы абыржушылық пен бей-берекетсіздік одан әрі күшейе түсті.
Жаңа батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Бұл жағдай – Батыс Еуропадағы Бастапқы орта ғасырлар кезеңінің бет-бейнесін айқындаған маңызды тарихи процесс болды.
Осы бір тарихи кезеңдегі ерекше жағдай – бұрынғы Рим империясының территориясында “варварлардың” жаңа мемлекеттік құрылымдарының қалыптасуы болып табылады. Шындығына келетін болмақ, сансыз гот, франк және басқа да тайпаларды «тағылар» деп айтуға да болмайтын сияқты, өйткені дәл осы кезеңде олардың көпшілігінде мемлекеттік құрылыс белгілері айқындалған болатын. Олар сонымен қатар әскери демократия принциптерін жетік меңгерді, егіншілікпен, қол өнерімен, металлургиямен шұғылданды. Тайпа көсемдері өздерін корольдар, герцогтар және т.б. деп жариялады. Мысалы, франктердің королы Ұлы Карл 800 жылы бүкіл батыс еуропалық елдердің императоры деп жарияланды. Ұлы Карл билік құрған кезеңді кейде «королингтік қайта дәуірлеу кезеңі» деп те атайды. Бұған себеп Карл империясының ежелгі Рим мәдениетін жандандыруға бағытталған шараларынан болса керек. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Ұлы Карл ағарту ісінің қажеттілігін түсінген және оны дұрыс жолға қоюға тырысқан көрнекті тұлға болған. Ол өзі бас болып негізін қалаған мектепте оның ұлдарымен бірге ақсүйек балалары түрлі ғылым салаларын, оның ішінде риториканы, поэзияны, диалектиканы, астрономияны және т.б. оқып үйренді.
Ғасырлар бойы талай аласапыранды басынан кешірген, тонаушылық пен басқыншылық орын алған мұндай мемлекетте экономикалық және мәдени дамуға нұқсан келетінін ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал бұл жағдайлар, Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінің өзіне тән ерекшелігі болды. Бірақ классикалық дәуірде орта ғасырлық Еуропа бұл қиындықтарды жеңе отырып, қайтадан жаңғыра бастады. Х ғ. бастап феодализм заңдары бойынша жүзеге асырылған ынтымақтастықтың нәтижесінде ірі мемлекеттік құрылымдар құрылды және қуатты армияларды жинақтауға мүмкіндік туды.
Осы сияқты қоғамдық өмірде жүзеге асырылған шаралар, мәдениеттің алға басуына қолайлы жағдайлар туғызды. Батыс Еуропаның саяси-мәдени өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады, қоғам варварлық сипатынан айрылып, қалаларда рухани өмір гүлдене бастады. Рим империясына қарағанда еуропалық бірлестік тұтастай алғанда әлдеқайда бай, әрі өркениетті болып шықты. Мұндай мәдени алға басушылық христиан дінімен, христиан шіркеуімен тығыз байланысты болды, өйткені мемлекет дінге арқа сүйеді. Өз кезегінде христиан шіркеуі де өз ұйымдарын нығайтып, христиан дінін жан-жақты жетілдіре берді. Ежелгі Римнің және бұрынғы варварлық тайпалардың мәдени-көркемдік дәстүрлерін дамытып, жетілдірудің арқасында романдық және одан кейін жасампаз готикалық стильдер қалыптасты. Сөйтіп, өнердің театр, музыка, әдебиет, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін өнері сияқты салалары жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болды. Дәл осы кезеңде француздардың алғашқы ұлы поэтикалық шығармасы – «Роланд туралы жыр (Х11 ғ.)» шығарылды. Дүниежүзілік әдебиеттің асыл мұрасына айналған бұл тамаша туындыда рыцарлық ерліктер барынша мадақталып, монархқа вассалдық дәріптелді. Батыс еуропалық ғалымдардың ежелгі гректер мен эллиндік философтардың, әсіресе Аристотельдің ғылыми еңбектер мен танысуы – ғылым жолындағы табанды ізденістердің бастамасы болды. Соның нәтижесінде орта ғасырлық философиялық ұлы жүйе – схоластика пайда болды.
Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған готикалық өнер үш кезеңді басынан кешірді. Бірінші кезең – алғашқы готика – XIIғ. соңғы үшінші бөлігімен бастапқы ширегін, ал екінші кезең – кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика XIIIғ. 20 ж. соңына дейін созылса, үшінші “нұрлы готика” немесе “жалындаған готика” деп аталған соңғы кезеңі XIV-XVғ. аралығын қамтиды.
XII—XIII г. католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Инокентий III (1160—1216 ж.) болды. Папа дәрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық қызметпен шүғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған күнәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мүндай индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.
Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыкқан газеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (Інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен үміт-сеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христаан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдегі христиан идеологиясьшың адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» және «Махаббат» үштігінің бірлігіне тікелей байланысты бол-ды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол қүдайдың көмегімен күнәдан арылуға тікелей байланысты. Бүл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мүлтіксіз орьшдалуы және тағдырға бой үсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте қүдай тағалаға деген махаббат, бүл адам баласының құдай жольна деген талпынысы болып табылады.
Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V—VI ғ. Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмыстардың барлығьш шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» — грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатьш жастарға арналған арнайы мектептер болды. IX ғ. бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектептері» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.
XI—XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті (1038 ж.) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады.
Англияда Оксфорд университеті (1167 ж.), ал одан кейін іле-шала Кембридж университеті (1209 ж.) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі — белгілі университет ғалымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен тәжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді.
Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеіі (1160 ж.). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық жөне дінтану факультеттері жұмыс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.
Бүл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті өкілдері — Чекко Аңджолъерн, Гвидо Орланди (XII ғ. аяғы) және т.б. Олардың шығармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті түрмыс-тіршілігі реалистік түрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қальштасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсенділігімен ұштасты.
Францияда қала мәдениеті XI—XII ғ. туындады. Қаланың халық көп жиналатын алаңдарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Ал осы бір өнердің сан-саласын өз бойына жинақтаған жонглерлер творчествосы — қала мәдениетінің ең басты көріністерінің бірі болып саналды. Халық алдында үлкен ілтипатқа ие болған жонглерлар той-думандарда, үйлену тойларында, жәрмеңкелерде және діни мейрамдарда өз өнерлерін көрсетті. XII ғ. бастап театр қойылымдары латын тілінде емес, француз тілінде қойыла бастады. Ең бастысы — бұл қойылымдар бұрынғыдай шіркеулерде емес, қала алаңдарында қойылатын болды. Олардың сюжеттері қала халқының тұрмыс-тіршілігін, күнделікті өмірін жан-жақты қамтыды. Бірақ, өкінішке орай христиан шіркеуі жонглерлардің мұндай шығармашылығын еркін ойлылықтың көрінісі деп санап, олардан қатты қауіптенді.
Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойылымдарды XIII ғ. бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. Драмалық жанрдың ерекше түрі — «моролитенің» пайда болуы да мәдени өмірдегі ерекше уақиғалардың бірі болды. Онда ізгілік пен зұлымдық сияқты бір-біріне кереғар қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Моралиттердің басты кейіпкерлері — Махаббат, Шыдамдылық, Даналық, Жағымпаздық, Сарандық сияқты адам бойындағы қасиеттерді шындық тұрғысынан бейнелей білді.
Қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскендігін қалаларда шіркеулік емес мектептердің ашыла бастағандығынан аңғаруға болады. Бұл әрі игілікті, әрі мәнді мәдени құбылыс болып саналады, өйткені бүл мектептер материалдық жағынан шіркеуден тәуелсіз болды. Мектеп мұғалімдері оқушылылардан түсетін қаржының есебінен жалақы алып тұрды. Ең бастысы — дәл осындай қала мектептерінің көбеюі қала халқының сауаттылығын арттыру мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал жасады. XII ғ. шіркеуден тәуелсіз дәл осындай мектептердің негізін қалаған әрі философ, әрі діндар, әрі ақын Петр Абеляр Францияның ең беделді магистрі болып саналды. Оның диалектикалық логиканың келелі мәселелерін қамтыған «Иә және жоқ» атты шығармасы өз заманының тамаша туындыларының бірі болды. Петр Абелярдың тартымды, әрі қызықты дәрістері көшпілік көңілінен щықты, өйткені онда ғылымның атқаратьш рөлі сияқты келелі мәселелер көтеріліп отырды.
Орта ғасырлар мәдениетінде Византия мәдениеті ерекше орын алады, өйткені ол Еуропалық мәдениеттің, яғни христиан дінінің үстемдігі Батыс пен Шығыс Еуропаны өзара жақындастырып, біріктіре түсті. Шындығында да дін тіпті көне заманда да дәл орта ғасырлардағыдай құдіретті күшке айналған жоқ. Сөйтіп, Еуропада христиан діні түпкілікті салтанат құрды. Бұл тарихи кезеңде дін тек философия ғана емес, сонымен қатар құқық жүйесіне де, саяси доктринаға да, моральдық ілімге де айналды.
Византия мәдениетінің шоқтығы өте биік болды, олай болатын себебі, византиялықтар Батыс Еуропаға қарағанда көне мәдени дәстүрлерге ерте ден қойды, олар Грекия мен Рим мәдениетін жалғастырушы — мирасқорлар болды. «Екінші Рим» аталған Константинополь қаласында альш құрылыстар қанат жайды. Солардың бірі — өз заманындағы теңдесі жоқ ғимарат — София ғибадатханасы еді. Оның қабырғалары түрлі-түсті мозаикалармен безендіріліп, төбесіне көз тартарлық әсем күмбез орнатылды. 1453 ж. Византияны түріктердің жаулап алуына қарамастан, Византия мәдениеті өзінің өміршеңдігін көрсетіп, дүниежүзілік мәдениетке өз ықпалын тигізді. Оның мәдени дәстүрлері Италия, Румыния, Сербия, Ежелгі Русьте, Болгария және т.б. мемлекеттер топырағында қайта түлеп, жаңа арнаға түсті. Византия Шығыс мәдениетінің де, Батыс мәдениетінің де тамаша үлгілерін өз бойына сіңіре білді. Атап айтқанда, Шығыстың абстрактылық өрнегі мен Батыс Римнің әшекейлік динамикалық өрнегімен Батыс Римнің (бірінші Римнің) сақталып қалған мәдени мол мұраларын, сәулет өнерінің жаңа туындылары мен мозаикалық өнердің жетістіктерін, Сирия көркем мектебінің көріністік әсерлігін, Иран өнерінің әшекейлік нәзіктігі мен бейнелеу қуаттылығын және эллинизмнің адамзатты ізгілікке бастайтын барлық ізденістерін өз бойына сіңіре білді.
Міне, сондықтан да болар, Батыс Еуропа мәдениеті ғасырлар бойы византиялықтардың мәдени бай мұраларынан сусындай отырып, оларды өздерінің мәдени бастауларында үлгі етті. Бүкіл орта ғасырлар дәуірінің өн бойында алыста жатқан ұлан-ғайыр империяның мәдени жетістіктері мен мұндалап, ғажайьш сұлулығымен өзіне тартатын да тұратын. Ұлы Карл өз империясының құдіретін арттыруда Византияның мәдени үлгілеріне көз тігіп, ұлы арманның діңгегі деп санаса, Германия императорлары да одан қалыспауға тырысты. Бір айта кететін жәйт, дін ортақтастығының, яғни провославие дінінде болудың арқасында Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Шығыс Еуропа елдері Византиямен тығыз мәдени байланыстар орнатуға ерекше мүмкіндіктер алды. Шығыс Еуропа мемлекеттері өздерінің ұлттық мәдениетін жандандыруда Византия сияқты озық елдерге еліктеуге ешбір арланған жоқ, қайта бұл өнер ордасының атақты мүсіншілерін, сәулетшілерін, суретшілерін өздеріне шақырумен қатар, византиялықтардың қолынан шыққан тамаша өнер туындыларын өз елдеріне әкеліп отырды. Тіпті, батыс еуропалықтардың Константинополъ шеберханаларында жасалған шіркеу есіктеріне деген сұраныстары өте күшті болды. 988 ж. христиан дінін қабылдаған Русьте храмдар салу мен оларды әшекейлеу ісінде византиялық сәулетшілер мен суретшілерді үнемі пайдаланып отырған.
Кейбір мәдени ескерткіштер ел мен дәуірдің тынысын бойына сіңірсе, кейбірінің Шығыс мәдениетінің кәусәр бұлағынан сусындағаны беп-белгілі болып тұрады. Ойымыз дәлелді болу үшін, XII ғ. неміс шеберінің қольшан шыққан, сүйектен жасалған орта ғасырлық ойын дойбыларына бір сәт көз салайықшы. Бұл дойбыда ағаш басына шығып, жеміс жинап отырған адам бейнеленген, оның төменгі жағында бір ақ, бір қара тышқан ағаштың тамырларын кеміріп жатыр.Осы бір дүниедегі адамдардың өмір тіршілігін аңдар мен өсімдіктердің кескіндерімен ісмерлікпен толтырьш, олардың ғажайып үйлесімділігін нақтылы көрсету арқылы, сәндік әуен жасаған осы бір неміс шеберінің табиғи дарынына қалай таң қалмаймыз? Шындығында да, бұл қолөнер туындысьның мазмұны — шығыстық аңызға негізделген, өйткені ағаш — өмір символы, тышқандар — күн мен түн, яғни өмірді аямай қысқартушы уақыт. Осылайша, ойыншының өзі де жер бетіндегі өмірдің өткінші екендігін ортағасырлық адамның есіне салған.
Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік сүйгіш Италия елінің мәдениеті де біртүтас романдық ағымда кеңінен көрініс тапты. Осы дәуірдің өзіне тән қалыптасқан тарихи процестер Италия өнерінде де барған сайьн айқындала түсті. Оған дәлел — XI ғ. басында Флоренцияда салынған Сан-Миньято шіркеуі. Өте аумақты етіп салынған бұл алып ғимарат ағаштан қапталған және үш қырлы базилика өзінің жалпы қүрылысымен ерте замандардағы христиандық ғимараттарды еске түсіреді. Бірақ осы бір сәулетті ескерткіштің тіп-тік болып аспанға созылған фасады болашаққа да меңзейтін сияқты. Романдық дәуірде аса ірі экономикалық және көркемдік өнер орталығы болған Пиза қаласының сыртындағы көк майсалы кең алқапқа салынған «Құлап бара жатқан мұнара» мен баптистерий (шоқындыратын жер) ансамблі де романдық құрылыстар сияқты аса айбынды, әрі орасан зор болғанына қарамастан өздерінің жеңіл де, әсем бейнесімен жаңаша көрініс тапқан. Демек, романдық өнердің мәні, оның идеялық және эстетикалық ұмтылысы сұсты айбындық, аскетизм, жасанды шарттылық, қүдайға соқыр сезіммен табыну сияқты ұғымдармен шектелмейтін сияқты. Олай болса, өз дәуірінің тыныс-тіршілігін айқындайтын бұл өнер саласында өткен мұра мен қазіргіні қабылдаумен қатар болашақтың өркендері де кеңінен көрініс тапқан.
Шамамен 1000 ж. бастап готикалық стиль туындағанға дейін үстемдік еткен романдық стиль — ортағасырлық Еуропаның өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік тәуелсіздігімен ерекшеленетін көркемдік стиль болып саналады және ол варварлық тайпалардың көркемдік мәдениетінің негізінде қальштасты. Екінші мың-жылдықтың басында Еуропалық өнердің христаандық негізінен нәр алған романдық өнер мұрасында сәулетшілік өнер жетекші рөл атқарды, ал осы бір қасиетті өнер саласының римдік, дәлірек айтқанда гректік базиликалардың (патша сарайларының) идеяларын өз бойына жинақтай білуі — оны одан әрі асқақтатып, асқар шыңға шығарды. XIX ғ. өмір сүрген француз сәулетшісі О. Роденнің сөзімен айтқанда «Романдық сәулет өнері адам өмірінің бірқалыптылығын, түрақтылығын паш ететін, үнсіздігімен адамның мысын басып, оны табындыра білді».
Қалалардың гүлденуі мен қоғамдық қарым-қатынастардың жетілуі нәтижесінде өнер саласында жаңа бағыт — готикалық стиль пайда бодды. XII—XVI ғ. Еуропа еддерінде үстемдік ет-кен бүл жаңа стиль діни сарьшдағы сәулет, мүсін өнерімен, сәндік-қолданбалы өнермен тығыз байланыста қалыптасты. Сәулет өнері саласьнда 1140 ж. шамасында Францияда пайда болған готикалық (гот тайпаларының атымен аталған) кейіннен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тарап, XV ғ. дейін, ал Еуропа-ның кейбір жерлерінде XVI ғ. дейін үстемдік етті. Романдық стильде салынған ғимараттар өзінің аумағымен, салмақтылы-ғымен ерекшеленетін болса, готикалық стильмен салынған шіркеулер өзінің альш асқақтығымен, әрі әсемдігімен таң қал-дырады. Бас айналдырарлықтай биік етіп салынған бүл тамаша ғимараттарының әдемі күмбездері, аса үлкен терезелері бірден көзге түсіп, көрген адамға нұрлы дүниедей әсер қалдыратын. Сондықтан да болар, олар «Сансыз күмбездер», «аса үлкен терезелер», «бітісе қайнасқан», «бірін-бірі қуаланған күмбездер» деген теңеулерге ие болды.
Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған готикалық өнер үш кезеңді басынан кешірді. Бірінші кезең — алғашқы готика — XII ғ. соңғы үшінші бөлігі мен бастапқы ширегін, ал екінші кезең — кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика XIII ғ. 20 ж. соңына дейін созылса, үшінші «нұрлы готика» немесе «жалындаған готика» деп аталған соңғы кезеңі XIV—XV ғ. аралығын қамтиды.
XIII ғ. аяғьнан бастап еуропалықтардың қалалық өміріне берік орныққан готикалық стильдің түп-тамыры ғасырлармен мьщдаған жылдардың түңғиығында жатқан өнердің таңғажайьш жетістіктерінде жатыр. Римдіктер өте шеберлікпен пайдалана білген арқа, күмбез және тағы да басқа сәулетшілік өнер түрлері осы бір тарихи кезеңде орта ғасырлық құрылыс өнерінің негізіне айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет