«Мәдени мұра» м емлекеттік бағдарламасыныц


сәтінде  орын  алды,  ол  қарапайым  өрі  айқын  болған  еді



Pdf көрінісі
бет11/64
Дата06.03.2017
өлшемі15,32 Mb.
#7846
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64

сәтінде  орын  алды,  ол  қарапайым  өрі  айқын  болған  еді, 

оның орнына күрделі және айқын емес концепция бекітілді. 

Содан бері мэдениет туралы ғылыми пікірлер адам концеп­

циясын айқын және түсініктірек ету тілегіне толы. Антро- 

пологтар ойлағаннан корі ауқымды қиындықтарға үшырап, 

антропологгар оны ретке келгіруге тырысып, дағдаруда. Бірақ 

мүның әзір бітетін түрі жоқ.

Ағартушылық дэуірінде қалыптасқан адам концепция- 

сының негізі адам табигатган ажырағысыз жэне ол түтастай 

Бэкон негіздеген жэне Ньютон жетекшілігімен ашылған жа­

ратылыстану ғылымдарының зандарына сәйкес омір сүреді 

деген  пікірден  қүралғаны бізге белгілі.  Қысқасы,  адам та­

бигаты қаншалықты қатал үйымдасқан және бірыңғай бол­

са,  Ньютонның Әлемі тәрізді соншалықты қарапайым деп 

түсінілді. Оның өмір сүруінің кейбір заңдары озгеше болуы 

да  мүмкін  еді,  бірақ  та  олар  әйтеуір  заң  еді;  оның  озгер- 

мейтіндігін де жергілікті салттың айлаларымен кэзден таса- 

лауға болар еді,  бірақ ол эйтеуір эзгеріссіз болды.

Мен Лавджойдың беделді зерттеуінен алган ағартушы- 

тарихшы Маскудің шығармасынан келтірген үзінді екінші 

деңгейдегі  жазушыларга  тән  бірбеткей  үстанымды  ашык 

корсетеді:  “[әртүрлі кезеңде және эртүрлі жерде] сахна көркі 

расында  да  озгереді;  актерлер  киімін  ауыстырады  және 

гримделеді; бірақ олардың ниетгері адамдардьщ тілектері мен

90

қүмарлықтарынан түратындықтан олар патшалықтар мен ха- 

лыктардың тағдырына бірдей эсер етеді”1.

Сонымен, бүл козқарасты елемеуге болмайды, және сәл 

жоғарыда  менің  “мүлдем  жойылды”  деп  оңай  айта  салға- 

ныммен,  оны қазіргі антропологиялық ойда толыгымен жо- 

ғалды деп айтуға да  болмайды.  Адамдар кез-келген  ортада 

жөне  кез-келген  киімде  әрқашан  адам  болып  қала  береді 

деген  көзқарасты  “әдет-ғүрпы  өзгеше,  демек,  өзге  мақү- 

лықтар” деген түсінік толық ығыстырған жоқ.

Бірақ, адам табигатындағы агартушылық түжырымдар- 

дың түңғыш шыққан  күйінде  қолдануға  келіңкіремейтін 

импликациялары

 да  болады,  олардың  арасындагы  маңыз- 

дысы бойынша,  “белгілі бір жас, нәсіл, темперамент, дәстүр 

немесе жагдайдагы адамдарга гана қатысты түсінуге, тек- 

серуге, растауга болатындардың барлыгының қүндьшыгы 

жоқ және қызыгушылық тугызбайды”,2  — дейді Лавджой. 

Адамдардьщ  сенімдері  мен  қүндылықтар  жүйесіндегі, 

уақыты мен орны келісілген салттары мен институттарын- 

дагы ауқымды өзгешеліктер саны адам табигатын анықта- 

уда маңьізды емес. Түрақты,  жалпы, өмбебап,  — бүлардың 

бәрі адамдагы адамилықты көзден таса ететін өсімшелер, 

тіптен бүрмалаушылықтар.

Мыеалга,  доктор  Джонсонның  Шекспир  даналыгын 

“оның мінез-қүлықтарының қандай да бір нақты жердегі, 

өзгелерден айырмашылыгы бар салттарга негізделмеуінен, 

тек  аз  гана  топ  окілдеріне  тән  қызметтік  және  көсіби 

ерекшелікгерге немесе кездейсок жагдайлар мен пікірлерге 

сүйенбегенінен”3  коруі  кеңінен  танымал  болды.  А.  Расин 

өзінің  классикалық  тақырыптардагы  пьесаларының 

жетістіктеріне “Париждің үнататындары...Афиньща болган 

нәрселермен сәйкес; менің корермендерімді басқа уақытта 

Грекияның оқымысты топтарьшың козіне жас алдырган нэр­

селер таң қалдыратынын”4 дәлел ретінде келтірді.

Мүндай  көзқараста  ең  алдымен  бізді  үялтатыны  (егер 

агылшын  Джонсон  мен  француз  Расиннің  аузынан  есту

і 

1  Үзінді  мынадан  келтірілген:  А.  О.  Lovejoy.  Essaes  in  the  History  of 



Ideas.  N.  Y.,  i960, 

p. 

173.


2  Ibid,  p.80.

*  Preface  to  Shakespeare//Johnson  on  Shakespeare.  L.,  1931,p .11-12.



Ифигения”  кіріспесінен  алынған.

91


күлкілі болатынын санамасақ) уақыттан, орыннан жөне жағ- 

дайдан,  қызметтен жөне көсіптен, жағдай мен пікірдің кез- 

дейсоқ сәйкес келуінен тәуелсіз адамның бейнесі сағым бо­

лып көрінуі мүмкін,  адам мәні оның қайда екендігіне,  кім 

екендігіне, неге сенетініне тығыз байланысты болуы сонша- 

лық, оны ажыратып алу мүмкін емес болады. Дәл осындай 

ықтимадцық тақырыбына ойлау мэдениет концепциясының 

дамуына жэне адамға деген “жалпылық” козқарастың бетін 

қайтаруга экелді. Қазіргі антропология не нәрсеге сендірмесе 

де,  — ал  озінің дамуының  әртүрлі  кезендерінде  ол  бәріне 

сендіргісі  келген,  — белгілі  бір  жердің  әсері  тимеген  адам 

тіптен жоқ,  ешқашан  болған  емес жэне  болмауы да  керек 

екеніне толық козі жеткен.  Сахнаның артынан біздер озінің 

ітнкі тілектерін және шығарылмаган қүмарлықтарын табиги 

түрде ашық көрсетуші, озінің мамандыгын үмьггқан, әдетгегі 

кошеге  киетін  киімімен  сенделіп  жүрген  Маскудің  “жәй 

адам”  ретіндегі  актерлеріне  қарап  түратын  жер  жоқ және 

болуы  да  мүмкін  емес.  Олар  оздері  ойнайтын  рольдерін, 

ойнау  стилін,  тіптен  пьесаларын  ауыстыра  алады,  бірақ, 

Шекспирдің озі атап эткендей, олардың бәрі актерлер, олар 

әрдайым ойнайды.

Бүл жагдай адамдағы табиги, эмбебап және түрақтылық 

пен  ондагы шарттылық,  ерекшелік,  уақытшалық арасына 

шекара жүргізуді тіптен қиындата түседі.  Нақты айтқанда, 

мүнда осындай шекара жүргізу арқылы, сірэ, біздер элемдегі 

адамның жагдайын  жалған түсінеміз  не  бүрмалаймыз деп 

үйгарылады.  Балийліктердің  трансын  қарастырайық. 

Балийліктер  селқостық  жағдайга  түседі  жэне  осы  күйде 

әртүрлі айбынды әрекеттер жасайды:  олар тірі балапанның 

басын тістеп жүлып алуы мүмкін, қанжармен озін шаншуы 

мүмкін,  қолайсыз түрде жерге қүлауы, ептілік ғажайыпта- 

рын  көрсетуі,  жыныстық  катынасқа  үқсас  қылықтар  жа- 

сауы, нәжістерін жеуі жэне т.б. жасауы мүмкін — жэне олар 

мүны біздің жата салып үйықтағанымыздан да жеңілдікпен, 

тікелікпен жасайды.  Олардагы транс жағдайы — кез-келген 

рәсімнің басты оқигасы болып саналады.  Кейбір рәсімдерде 

елу-алпыс адам транстық күйге түсіп,  сосын бірінің арты­

нан бірі жерге қүлайды (бір бақьшаушының айтуынша,  “от- 

шашулар  жангандай”)  жэне  бес  минуттан  соң,  болмаса 

бірнеше сагат өткеннен  кейін гана оздеріне  келеді,  ал осы 

уақыт ішінде не істегендерін тіптен білмейді,  ал олар амне-

92


зия болғанына қарамастан, тек адамның ғана қабілеті жететін, 

едеттегіден тыс жөне жағымды күйді бастан өткізгендеріне 

әбден сенімді болады. Антропологгар көріп, зерттеп, бейне- 

леп жүрген  осы және  өзге де мындаган таңқаларлык адам 

табигаты туралы не білуге болады? Балийлікгердің мөні ерек­

ше жаратылган ба элде олар  оңтүстік теңіздегі марсиандар 

ма? Әлде олардың негізі біздер сияқты да, ал өздерінің біздер 

қашатын, түсініксіз, кездейсоқ туындаган салтгары бар ма? 

Олар мүмкін өзге халықтардың салттары мен дагдыларынан 

өзгеше, 

инстинктілі түрдегі ерекше бір  нәрсеге бейім  шы- 

гар?  Болмаса адам табигаты өз алдына өмір сүрмейді жөне 

адамдар тек мөдениеггің ықпалымен қалыптасады ма?

Антропологияның осындай бірдей деңгейдегі қанагатта- 

нгысыз түсіндірмелерінің ортасында нәтижелі адам концеп- 

циясына  келеміз,  ягни,  мөдениет  пен  оның  түрлерін 

ескішілдік жөне қыңырлық деп алып тастамай, есепке ала- 

тын жэне сонымен катар “адамзат негізіндегі бірлік” дегенге 

бос сөз ретінде қарамай,  бүл идеяны басты қагида ретінде 

үстанатын  концепцияга  қол  жеткізуге  мүмкіндік  туды. 

Универсалистік

 көзқарастан адам табигатына қарай бет бүру 

дегеніміз, адам зерттеуіне қатысты болгандықтан, сахнадан 

кету  болып  саналады.  Уақыт  пен  кеңістіктегі  салттардың 

көптүрлілігі  —  грим  мен  киімді,  безендіру  мен  масканы 

өзгерту емес дейтіндермен келісу дегеніміз,  адамзат өзінің 

сыртқы көрінісі тәрізді мөнісі жагынан да коптүрлі деумен 

бірдей. Ал осы түста негүрлым берік философиялық зәкірлер 

үзіліп,  белгісіз  және  қауіпті суга  қарай ауытқу басталады. 

Қауіпті, себебі,  үлкен әріппен жазылатын Адам озінің салт- 

тарының “үстінде”, “астында” және “артында” түрадыдейтін 

алгышартгы альш тастап,  үлкен өріпсіз жазылатын адамды 

олардьщ  “ішінен”  іздеу  керек  дейтін  алгышартпен  ауыс- 

тырсақ,  онда оны тіптен назарымыздан жогалтып алуымыз 

мүмкін. Әлде ол оз уақыты мен кеңістігіне қалдықеыз сіңіп 

кетіл, оз гаеырьшьщ баласы және түтқынына айналады, өлде 

Гегель заманынан бері бізге сансыз коп жіберіп жатқан таң 

Қаларлық тарихи  детерминизм жүтып жатқан толстойлық 

армияның  сощат-рекрутына  айналады.  Біздер  қогамдық 

ғьілымдардағы осы екі ауьггқуды да алдық және белгілі бір 

Деңгейде ол өлі де бар: бірі мэдени релятивизм жалауымен, 

еКіншісі мөдени эволюция туымен шерулетуде. Бірақ біздер 

Де мәдени паттерндердің (үлгі) оздерінен,  оз коріністерінде

93


түрленетін, бірақ ешбір шүбәсіз айырмашылықтары бар aj ;ам 

тіршілігін  анықтаушы  элементтер  іздей  отырып,  олар^ ;аң 

қүтылуға тырысқанбыз.

II

Адамды өзінің салттарының ішіне орналастыруға жас ш- 

ған талпыныс әртүрлі амалдарды қолдану арқылы,  әртү элі 

бағыттарда  жүргізілді;  бірақ  олардың  бәрі  немесе  бэр  не 

жуығы  біртүтас  интеллектуалды  стратегияның  арнась на 

енеді:  оны  оңай  ашу  үшін  адам  өміріндегі  биологиялі (қ, 

психологиялық, өлеуметтік жэне мэдени факторлар қарь м- 

қатынасының  “стратиграфикалық” концепциясы деп атг й- 

мьш. Осы концепцияға сәйкес, адам бірнеше деңгейден тү га­

ды, ал олардың әрқайсысы өздерінен томен орналасқан, (а- 

рға  түрғызыл-ған  және  өздерінен жоғарыдағыларды тір еп 

түрады. Адамды зерттеу барысында қабаттар бірінен кеі :ін 

бірі қатпарланады, әрқайсысы озінше жеткілікті және түт іс, 

ал әр қабаттың астында тіптен озгешелері жасырынып a :а- 

тады.  Мөдениеттің өртүрлі қабаттарын күреп алып коріі  із, 

сонда сіз әлеуметтік үйымдасудьщ күрылымы мен функі и- 

оналдық  зандылықтарын  ашасыз.  Өз  кезегінде  тазалзп 

корсеңіз, оның астынан оларды үстап түрған және камтал а- 

сыз етуші “негізгі қажеттіліктерді”  немесе осы түрлес пси- 

хологиялық факгорларды көресіз.  Пснхологиялық факте р- 

ды шешсеңіз,  сіздің алдыңызда анатомиялық, физиолога я- 

лық, жүйкелік сипатгағы адам өмірі ғимаратының биолоі и- 

ялық іргесі ашылады.

Осьшдай козқарас бүрын қалыптасқан академиялық пә н- 

дерге  егемендік  пен  тәуелсіздікті  қамтамасыз  етті,  біра 

мүнан  да  озге  оның  тартымдылыгы  сол,  ол  орқайсысы 

бір тілім бәліштен беріп отырды.  Мәдениетті  адам табиг 

тының  елеулі  және  жеткілікті,  тіптен,  басты  қүраушысы 

екенін мойындау мүмкіндігі үшін адамда мәдениеттен өзге 

ешнәрсе  жоқ  деп  сендірудің  керегі  жоқ  еді.  Мәдени 

дерекгерді осы ортада араластырмай жөне ортаны оларга ар а- 

ластырмай мөдени факторларды мэдени емес факторлар о э- 

тасында түсіндіруге болушы еді. Адам иерархиялық сатыл і- 

нған  жануар,  эволюциялық  жолмен  жасалған  түр  ретің іе 

көрініс табады жэне онда әрбір органикалык,  психологи і- 

лық, мөдени қабаттар белгіленген жэне занды жерде орн і-

94

Қ,



га

а-

ласкан. 

Олардын  не  нәрсені  білдіретінін  қарастыру  үшін 

антропология,  элеуметгану,  психология,  биология  тәрізді 

эртүрлі гылымдардагы зертгеулердің нөтижелерін муарлық 

картинка

 

сияқты үйіп қойсақ, адамға гана тэн мәдени қабат- 

тЫН 


түпкілікті  маңыздылыгы жэне одан  адам  мөні туралы 

нені алып пайдаланатынымыз айқындалады.  Егер  18-ғасыр- 

да антропология мэдени жапқышты алып тастап, жалаңаш 

өсиетшіл ретіндегі адамга айналған бейнені қалыптастырса, 

онда  19-гасыр мен  20-ғасырдың  басында жап-қышты жа- 

мылып, түрін өзгерткен жануар бейнесіне айналды.

Бүл  жалпы  стратегия  нақты  зерттеу деңгейінде,  бірін- 

шіден, уақыт пен кеңістіктегі салттардың әртүрлілігіне қара- 

мастан барлық жерге төн мәдениеттегі универсалийді,  эм- 

пирикалық біртектілікгі іздеуге әкеледі;  екіншіден, табыл- 

ган универсалийлерді биологиядағы, психологиядагы және 

адамның әлеуметгік үйымдасуындагы түрақты шамамен ара- 

қатынасын белгілеу талпыныстарына әкеледі.  Егер әлемдік 

мөдениеггің реттелмеген каталогынан қандай-да бір салтты, 

бәріне ортақ шектеулі вариантты іліктірсек, және солар мен 

субмөдени деңгейде орналасқан озгеріссіз координатгар ара­

сындагы багынышты байланысты орнатсақ,  онда көптеген 

кездейсоқ туьшдаган, екінші дәрежелі немесе жәй декоративті 

белгілердің арасынан адамзат үшін маңызды мәдени ерек- 

шелікті  белгілеу жолында жетістікке  қол жеткізгеніміз ту­

ралы айтуга болар еді.

Осындай жол мен антропология биология,  психология, 

элеуметгану бөліп көрсеткен салалармен тең қүқылы жэне 

сэйкес адам концепциясындагы мэдениет саласын анықтай 

алар еді.

Негізінде  бүл  идея жаңа емес.  Барлық адамдар дүрыс, 

жақсы, әділетті,  үнамды деп санайтын бір заттар бар,  сон- 

Дықтан да осы заттар шындығында да дүрыс, жақсы, эділетті, 

үнамды болып табылады деген түсінік — Consensus gentium 

(барлық адамзаттың келісуі) — Агартушылық дэуірінің қогам- 

Дық ойында орын  алды және  белгілі бір  формасында бар­

лык уақытта және Жердің барлық нүктелеріндегі адам ой- 

лауына тэн болған болуы ықтимал.  Ерте ме, кеш пе, осы ой 

өРбір адамның басына келеді. Әйтсе де,  оның қазіргі антро- 

пологияга енуі  Кларк Уисслер  1920-жылдары өзі “әмбебап 

МәДени паттерн” деп атаган зерттеуінен бастап, 40-жылдар- 

ДЫҢ  басындагы  Бронислав  Малиновский  жалғастырган

95


“әмбебап институционалды типтер”  тізімі арқылы  Екінші 

дүниежүзілік соғыстан соң бірден және дер кезінде жасал- 

ған Дж.  П. Мердоктың бірқатар “мәдениеттің жалпы детер- 

минагатары” жайлы зертгеуімен аяқталатьш енгізулері белгілі 

бір  жаңалық  өкелді.  Consensus  gentium  теоретиктерінің 

ішіндегі көңілге қонымдысы Клайд Клакхон сөзімен айта- 

тын болсақ,  “мәдениеттің кейбір жақтары тек қана тарихи 

кездейсоқтық  салдарынан  ерекше  форма  қабылдайды; 

өзгелері әмбебап деп аталатын күшпен пішілген”1.  Сөйтіп, 

адамның мөдени омірі екі бөлшекке болінді: олардың біреуі, 

Маску актерлерінің реквизиттері тәрізді адамның ньютон- 

дық  “ішкі ниетінен” тәуелсіз,  өзгелері дәл осы ниеттердің| 

эманациясы

 больт табылады. Осы түста мынадай сүрақ туа— 

ды:  18-ші және  20-шы  гасыр  аралыгындагы  жарты  жолда 

түрған бүл ғимарат орнықты бола алады ма?

Бүл субмәдени шындықта тамыр жайған мәдениетгің эм- 

пирикалық әмбебап жақтары мен оларға қатысы жоқ эмпи- 

рикалық түрлі жақтарымен дуализм калыптастырып, орната 

алуына байланысты. Ал оз кезегінде бүл үшін (1)  үсыныла- 

тын  универсалиилер  бос  категория  емес,  маңызды  болуы 

тиіс;  (2) олар жәй ғана шынайылықпен байланыстырылмай, 

нақты биологиялық, психологиялық, елеуметтанулық үрдіс- 

терге  негізделуі  тиіс;  (3)  адам  мәнін  анықтауда  коптеген 

мөдени ерекшеліктер екінші орында қалып, олардың ерек­

ше бөлшекгер қатарына жататынына күмәніміз болмауы тиіс. 

Менің ойымша,  осы үш шартты ескере отырып,  consensus 

gentium теориясына негізделген көзқарасты негізсіз жасал- 

ған деуге болатын тәрізді;  адамзаттың маңызды түстарына 

жақындаудың орнына, ол олардан алыстай түседі.

Үсынылатын универсалиилер бос немесе жартылай бос 

категориялар емес,  маңызды болуы тиіс деген бірінші шарт 

орындалмады, себебі орындалуы мүмкін емес еді.  Эмпири- 

калык универсалиилер болып саналатын “дін”,  “неке”,  “жеке 

меншік” деген торізді пікірлер мен мазмүны жагынан тіптен 

коп магына беру арасьшда логикалық қарама-қайшылық бар, 

өйткені, эмпирикалык универсалиилер деп айтудьщ озі олар­

дын мазмүны бірдей деп айтумен тең,  ал олардың [мазмүны 

бірдей деп  айту да  оның  бүлай  еместігін  ашық  мойындау 

болады.  Егер дінді адамның озін қоршаган ортасііінда баг-

1  Antropology  Today/Ed.  By  A.L.Kroeber.  Chicago,  1953,  p.516.



96

дар  алудың елеулі  қүралы  ретінде түтас  және  шүбөсіз деп 

анықтасақ,  овда оған сонымен бірге негізделген мазмүнның 

жоғары  деңгейін  де  қоса  тіркеуге  келмейді;  күдай  үшін 

қүрбандыққа шалуға арналған адамдардьщ кеудесінен  әлі 

соғып түрған жүрегін жүлып алатын ацтектердің, өзін қор- 

шаған ортасында бағдар алудың елеулі қүралы жаңбыр қүдай- 

ларының көңілін жүмсарту үшін жаппай би үйымдастыра- 

тын жайдары зуньялардан айырмашылығы бар.

Үндістердегі  бөрін  жалмайтын  салт-жоралғылық  пен 

шектеусіз политеизм “шынайы ақиқат” дегеннің не екенін 

сүнниттердің бірбеткей монотеизмі мен ислам зандарын сақ- 

тауынан гөрі өзгеше көзқараста бейнелейді.  Тіптен азырақ 

абстрактілі үғымдарды қолданып,  Клакхон тәрізді әмбебап 

дегеніміз ақыреттік омір концепциясы екенін, Малиновский 

сияқты  әмбебап  дегеніміз  қүдай  жазуынан  шыккан  идея 

екенін мойындасак, бәрібір сондай қайшылықтарға тап бо- 

ламыз. Ақыреттік өмір идеясы туралы жасалған үндеу кон- 

фуцийшілдер мен кальвинистерді, цзэнбуддистер мен тибет- 

тік буддистерді бір қатарға қояды;  осьщан қүтылу үшін ең 

жалпы терминдерді қолдану арқылы қорытьщды жасауға тура 

келеді, ал олардың жалпылығы соншалык, жалпылау мағы- 

насы жоғалып кетеді. Навахо үндістеріне тән қүдайдьщ адам- 

ға қатынасы туралы түсінікгері мен тробриандықтар дүние- 

танымын біріктіретін қүдайдың жазуы идеясы да осындай. 

А.  Кребер  “жалған  универсалийлер”  деп  орынды  атаған 

“неке” жэне “саудамен” жэне солар төрізді т.б., тіптен “қан” 

төрізді сезілетін затгарға шейін осындай жағдай болады. Адам- 

дардың  жаппай  қосылуын,  бала  өсіруін,  озі  және  өзгелер 

туралы кейбір үғымдарды білуін, өзін қандай да бір төсілмен 

жаңбырдан жөне күннен қорғай алуын қате немесе қандай 

Да 

бір көзқарас түрғысынан маңызды емес деп санауға бол­

майды; бірақ осының бәрі адамның “нүкге, нүкте, екі ілмек” 

тәрізді кескінсіз суретін емес, расында да үқсас суретін са- 

луға көмектесе алмайды.

Менің жеткілікгі түрде айқын баяндауға тырысатьш үста- 

ньімым мынау: адам табиғатына қатысты қандай да бір жал- 

пылаулар мүмкін емес,  сондай-ақ,  адам ең өртүрлі жануар 

немесе мөдениетті зерттеу ешбір жағдайда адамды жалпылау- 

ларға мүмкіндік туғызбайды дегеннен түрмайды. Менің үста- 

нымым бойынша, Бэкон бағытьщдағы универсалийлерді мө- 

Дениеттен іздеу негізінде,  consensus gentium іздеу барысын-

97

201-7



да шындығында болмайтын әлемдегі қоғамдық пікірді зер­

ттеу негізінде осындай жалпылаулар жасау мүмкін емес жэне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет