Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет119/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ШАЛ  САҚАЛ.  Шалкиіз  жыраудың  Би  Темірге  хаж  сапарынан 

тоқтатуға айтқаны деген толғауында:

Ашалай шалың ақталап, 

Шемшірлігің ноқталап, 



Шал сақалың жылаттың, – 


177

деген түсініксіздеу жолдар бар, бұл жерде жыраудың не айтып тұрға- 

нын  ұғу  қиын.  Мұнда  біздің  назарымызды  аударатын  –  шал  сақал 

тіркесі.  Шал  сөзі  –  көне  түркі  тілдерінде  «ақ,  бурыл,  боз»  деген 

мағыналарда  жеке  қолданылған  сын  есім.  Оның  бұл  қызметтегі 

қолданысы  бүгінгі  тіліміздегі  шал  құйрық  («құйрық  қылшығы  ақ 

араласқан,  ақшыл»),  шалғырт  тарту  («ағара  бастау,  бурыл  тар-

ту»)  сияқты  тіркестер  мен  шалғырттану  («бурыл  тарту,  ағару») 

тәрізді  туынды  сөздерде  сақталған.  Бұл  күнде  шал  сөзі  «қарт  ер 

адам»  мағынасында  зат  есім  ретінде  ғана  қолданылады.  Ал  шал 



сақал тіркесі – ақ сақал, бурыл сақал дегеннің көне варианты. XV-

XVI  ғасырлардағы  ноғайлы-қазақ  ақын-жыраулары  тілінде  мұндай 

тіркестердің сақталуы – заңды құбылыс. Бұл сияқты «көненің көздері» 

біршама  тұрақты  нормасы  бар  поэзия  тілінде  әлі  де  қолданыстағы 

элементтер екенін танытады. Мысалы, Шалкиіздің (ХVІ ғ.) тағы бір 

жырында: 

Он екі көжек атасы

Қаудыр құлақ шал қоян, – 

деп  келеді.  Бұл  жердегі  шал  қоян  –  кәрі  қоян  емес,  ақ  қоян.  Шал 

сөзінің  «ақ»  мағынасында  жұмсалуы  поэзия  тіліне  тән  деуге  бола-

ды, ал өлең тілі – көне тұлға-тәсілдерді сақтай алатын консервативті 

әдебиет түрі. Әсіресе, шалғырт сөзі XV-XVI ғасыр сөзгерлері тілінде 

поэтизм ретінде жиі кездеседі. Мысалы, XIX ғасыр ақыны Абылда:

Шалғысы лашынның шалғырт тартса, 

Ілер деп қаз баласы қайғы жемес.

Қашағанда (XIX ғ.):

Жас сексенге келгенше,

Сақалға шалғырт енгенше, 

Талайдың көрдім құрмасын.

Бұларда шалғырт тарту, шалғырт ену тіркестері «қартаю» об-

разын жасауға қолданылған.

ШАР. «Қамбар батыр» жырынан:

Ақылың болса, жарқыным, 

Жіберме шарға ісімді, – 

деген  жолдарды  оқимыз.  Мұндағы  шар  сөзін  осы  жырды  жеке 

кітапша етіп бастырып шығарушылар: «Шар – тас, ертеде болыстар-

ды  сайлағанда  қолданылған...  Болыс  басқармасын  кейде  шар  деп 

атаған. «Қамбарда» осы соңғы мағынада қолданылып отыр», – деп 

түсіндіріпті  (кітаптың  115-бетін  қараңыз).  Бұл  –  қате  түсіндірме. 

Жоғарыдағы жолдардағы шар сөзі дау-шар дегендегі шар, мағынасы 



178

– «дау». Мағынасы бірдей екі сөздің қосарлана жұмсалатыны, яғни 

плеонастық құбылыс болатыны белгілі. Сол құбылыстың бірі – дау-

шар сөзі, бұл қос сөздің екі сыңары да бір мағынаны, «дау, жанжал» 

дегенді білдіреді.

Қазақ  тілінде  шар  сөзі  жеке  тұрып  та  бұрын  «жанжал,  дау» 

мағынасында қолданылып келген:



Шарға салып басыңды, 

Бола көрме сен құмар, – 

дегенді  «Қобыланды»  жырынан  да  табамыз.  Тек  жырларды  туды-

рушылар емес, қазақтың тіпті бертіндегі ақындары да шар сөзін өз 

мағынасында жеке қолданған. Майлықожадан (XIX ғ.):

Әдепсіз өскеп бозбала 

Жүрген жері – шар болар.

Дулаттан (XIX ғ.):

Адаспайтын даңғыл жол,

Қасым салған қасқа жол



Шарға соғып із кетті, – 

деген  өлең  жолдарын  оқимыз.  Бұл  мысалдарда  болыс  сайлауы, 

болыстық туралы әңгіме жоқ, мұндағы шар сөзі – дау деген сөздің 

синонимі, егіздің сыңары ретінде қолданылып тұр.

Шар сөзі дау-шар деген қос сөзден басқа, біреудің басын шарға 

салу,  ісін  шарға  жіберу  сияқты  тұрақты  тіркестердің  құрамында 

қолданылуға  бейімделген.  Сондықтан  жоғарыдағы  сияқты  жаңсақ, 

түсіндірмелерді түзетіп, дұрыс оқу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет