Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет118/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   284
ҮДЕРЕ КӨШУ, ҮДЕРУ. Көшпелі тұрмыс жағдайында күні кеше-

ге дейін қазақ тілінде үдере көшу тіркесі жиі қолданылған. Бұл тіркес 

жырларда да кездеседі. Мысалы, «Қобыланды батырда»:

Қобыландыға қарамай, 



Үдере көшті көп қосын, – 

дейді.  Үдере  көшу  –  көштің  кештетіп  (кешкі  салқынмен)  жүріп 

келіп, бір жерге қонып, ертеңіне ертемен қайта ілгері қарай көшуі, 

яғни көштің тал түсте аялдап тынығуы, өйткені тал түстегі ыстықта 

жүргеннен гөрі, таңертеңгі және кешкі салқынмен көшу адамдарға 

да, көлікке де, төлі марқайып болмаған малға да қолайлы болған.

Қазақ  тілінің  екі  томдық  түсіндірме  сөздігі  бұл  тіркеске  дұрыс 

анықтама  бермеген,  мұнда:  үдере  көшті  –  «бір  қонысқа  ұзақ  аял-

дамай,  ілгері,  қопарыла  (?)  көшті»  деп  түсіндірілген.  Үдере  көшу 

дегеннің дұрыс түсіндірмесін өткен ғасырдағы қазақ тілі сөздіктері 

анық, дұрыс берген болатын: үдеру – жүрер жолдың жартысын кеш-

ке, қалғанын ертемен алып көшу, шөл даланы кесіп жүруді түс ауа 

бастау (Кирг.-русск. сл., Оренбург, 1897). 

Үдеру етістігінен жасалған үдерім сөзі де бар. Мысалы, Махам- 

бетте:


Мен атайы жүйрік баласы, 

Алты үдерім жер шаптырсаң да, жалықпан, –деп келеді.



Үдерім  –  20-25  шақырымдай  жер,  яғни  бір  рет  үдере  көшетін 

қашықтық  (20-25  шақырымның  бір  бөлігін  кештетіп,  қалғанын 

ертеңіне  ертелетіп  көшіп  жететін  қашықтық).  Мұны  Л.Будагов  на-

маздыгерден  кешкі  9-дарға  дейін,  таңертең  ертемен  сағат  10-дарға 

дейін көшу деп тіпті айқындай түседі (Будагов, II, 119). Сөйтіп, бұл 

күнде ұмыт бола бастаған үдере көшу тіркесінің мағынасын анықтап 

алдық, енді оны құрап тұрған сөздердің, дәлірек айтсақ, үдеру сөзінің 

түптөркіні мен жеке алғандағы мағынасы туралы сөз қозғайық.

Үдеру  сөзінің  түбірі  –  үд,  бұл  монғол  тілінде  «талтүс»  деген 

мағынаны береді. Демек, үдеру сөзінің ұғымында «түс кезі, талтүс, 

күндізгі уақыт» деген мән бар, яғни көштің осы уақытта көшуі емес 

(зерттеуші Е.Жанпейісовтің түсіндіруі бойынша), керісінше, аялдауы, 

тоқтауы дегенді білдіреді. Бұл түбірден жасалған осы мағынадағы сөз 



176

алтай тілінде де бар екенін Л.Будагов көрсетеді: үделе- – демалып, 

тынығу үшін күндіз, талтүсте аялдап көшу (жүру). Алтайлықтырдың 

үделе- етістігі қазақтың үдер- (үдере көшу) етістігімен бірдей болып 

тұр.  Бұл  сөз  көшпелі  тұрмыс  кешкен  барлық  түркі  халықтарында 

емес,  қазақ,  алтай  сияқты  халықтар  тілінде  кездесетіндігі  осы 

халықтардың мекен тепкен жер бедері (ландшафтысы) мен ауа райы 

ыңғайына қарай осылайша күндіз аялдап көшу тәртібі болғандықтан 

болар. Көшпенділік тұрмыс тоқтағаннан кейін бұл сөздің де мағынасы 

күңгірттеніп,  кейбір  ақын-жазушылардың  қате  түсініп,  орынсыз 

қолданып  жүргендері  де  байқалады,  тіпті  кейбір  зерттеушілердің 

өздері жаңсақ түсіндіріп жүргенін жоғарыда айттық.

Сонымен қатар үдеру сөзінің «жүру, аттану, бірінің соңынан бірі 

жүру» деген мағынада жұмсалуы да кездеседі. Мысалы, «Қобылаңды» 

жырының тағы бір жеріндегі:

Кей жерде жаяу үдеріп,

Кей жерде жатып түнеді, – 

деген жолдарда үдеру – «жүру» мағынасында. Сондай-ақ Дулат ақын:

Үдере тартып көшкенсің, – 

дегенінде, контекске қарасақ, бұл сөз күндізгі аялдау мағынасында 

жұмсалып  тұрған  жоқ,  «жалпы  көшу,  бірінің  соңынан  бірі  көшіп 

кету» ұғымында қолданылып тұр. Үдеру сөзін соңғы мағынада қазіргі 

жазушылар еркінірек, жиірек қолданады. Мысалы: Велосипедшілер 

үдере шауып барады (С.Бердіқұлов. Мұңайып оянған қала). Демек, 

үдеру  (үдіру)  етістігінің  «талтүсте  аялдау»  дегеннен  басқа  да 

мағынада  келетінін  байқаймыз.  Мұндағы  үдер-  дегеннің  түбірі  де 

басқа болуы керек, ол – көне түркілік үд- «бірінің артынан бірі жүру» 

сөзі болуы мүмкін. Осы мағынаға жуық келетін ұдай сөзі де үдер- 

етістігімен түбірлес болуы ықтимал. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян 

сұлу» жырындағы:

Тоқтамай күн-түн қатып ұдай көшіп

Балталы, Бағаналы елге кепті, – 

деген жолдарға назар аударалық.

Сөйтіп, «талтүс» мағынасындағы үдер сөзі мен «жүру, бірінің ар-

тынан бірі жүру» мағынасындағы үдер- сөздері – тұлғалары бірдей, 

мағыналары бөлек омоним сөздер болуы керек деп санаймыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет