Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет86/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ҚОРАМСАҚ,  ҚЫЛШАН.  Қорамсақ  –  садақ  оғының  қабы. 

Эпостар тідінде қорамсақ пен садақ сөздері синонимдік қатар түзеді. 

«Оқ қабы» мағынасында ілгеріректе қылшан сөзі де қолданылғанын 

көреміз. Мысалы, Қазтуғанда:

Қарағайдан садақ будырып

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, – 

деген толғау жолдарын табамыз.



Садақ сөзінің «оқ қабы, жақ қабы» мағынасында қолданылғаны 

туралы «Садақ» деген сөзтізбеден қараңыз. Мысалы, Қобыланды ба-

тыр:

Садақтың бауы сартылдап, – 

деп суреттелсе, мұндағы садақ – белге байлап алған жақ және оқ қабы. 

Бұл  сөздердің  морфологиялық  құрамын  талдап,  түптөркінін  ашып 

берген – зерттеуші Ә. Қайдаров. Ол Халықаралық Алтаистика конфе- 

ренциясының  1972  жылы  Вена  қаласында  өткен  XV  сессиясында 

қазақ тіліндегі қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары жөнінде арнайы 

баяндама  жасап,  қорамсақ  сөзінің  құрамындағы  сақ  элементі  –  бір 

сөз  түбірінің  йа/йақ/жа/жақ,  са/сақ  сияқты  варианттарының  бірі 

дейді, ал қылшан сөзі қыл (аттың құйрығы не жалының қылы) сөзіне 

«ыдыс,  қап»  мағынасындағы  шан  сөзі  немесе  -шан  (-шын,  -шін) 

жұрнағы  қосылып  жасалған  сөз  болу  керек  дейді  (Қайдаров,  31-

32).  Орыс  тіліндегі  осы  мағынадағы  колчан  сөзі  –  түркі  тілдерінен 

шамамен XIII-XV ғасырларда енген сөз (Шипова, 193).



130

Бір көңіл аударатын нәрсе – қорамсақ сөзі қорам тұлғасында да 

қолданылған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында:

Енді қолын алғанша



Қорамға қолын салғанша, – 

деп келеді. Бұл мысал қорамсақ сөзінің құрамы қорам+ сақ деген екі 

бөлек  сөзден  тұратындығын,  оның  сақ  компонентін  қоспай  да  «оқ 

қабы» ұғымын бере алатындығын аңғартады.

Осы  сөздің  қорамса  варианты  және  болған.  «Ақжонасұлы  Ер 

Кеңес» деген жырда:



Қорамсаны қолға алды, 

Атайын деп оңдалды, – 

деп  келген  жолдарды  кездестіреміз.  Бұлар  –  емлелік  қателер  емес, 

біз  әңгіме  етіп  отырған  сөздің  және  оның  құрамдарының  бірнеше 

фонетикалық вариантта келген (са/сақ) бір сөзден пайда болғандығын 

көрсететін фактілер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет