Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет87/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ҚҰДДЫ (ҚҰТТЫ) ӨЗІ. Әкесіне өте ұқсап тұрған баланы «құдды 

әкесі», «әкесінің құдды өзі» дейміз. Мұндағы құдды сөзінің түптөр- 

кіні  хауд  парсы  тілінде  өз  деген  есімдікті  білдіреді.  Сонда  құдды 

өзі  деген  тіркес  бір  есімдіктің  парсыша  және  түркіше  аталулары 

қосарланып  келіп  (өзі  өзі)  «дәл  өзі,  нақ  өзі,  тап  өзі»  деген  мәнде 

жұмсалып кеткен. Мұндай екі тілдегі бір мағына беретін сөздердің 

қатар  қолданылуы  –  едәуір  жиі  кездесетін  құбылыс.  Мысалы,  көр 



соқыр дегендегі көр – парсы тілінде «соқыр, соқыр адам» деген сөз, 

күрке тауық дегендегі алғашқы сөз де парсыша «тауық», сары уайым 

дегендегі сар – парсыша «уайым» т.т.



ҚҰР АТҚА МІНГЕНДЕЙ. Бұл – мағынасы айқын образды тіркес, 

«тынығып, сергіп қалу» дегенді білдіреді. Мұндағы құр ат дегеннің 

мағынасы – «ұзақ уақыт мінілмеген, семіз, тың ат». Құр сөзі «семіз, 

қоңды,  мінілмеген»  деген  ұғымда  жылқы  баласының  асау,  айғыр 

сияқты атауларымен де, өзге атауларымен де келе береді. Құр сөзінің 

түпкі бір мағынасы монғол тілінде «өткен жылғы, былтырғы» дегенді 

білдіреді,  осыдан  келіп  өткен  жылдан  мінілмей,  қоңы  сақталған 

малды  хур  тарга  деп  атайды,  өткен  жылдан  күзелмеген  жалды 



хур  дәл  дейді.  Демек,  құр  сөзі  түркі  тілдерінде  де  мал  атауларына 

қатысты келіп, тіркескенде, «өткен жылдан мінілмеген, демек, қоңы 

сақталған, семіз, тың» дегенді білдіретін болған. Бұл да түркі-монғол 

тілдеріне ортақ сөздердің кейбіреулерінің жеке тұрғандағы мағынасы 

сақталмай, тіркес құрамында тұрғанда сақталғаны байқалады.



131

ҚҰРСАНУ. Батырлар жырында:

Буырқанды, бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды, – 

деген клише (кәнігі сөз қалыбы) кездеседі. Мұндағы құрсану етістігі 

бұл  күнде  кемде-кем  қолданылады.  Бұл  –  көне  түркі  тілдеріндегі 

«белдік,  белбеу»  мағынасын  беретін  құр  сөзінен  жасалған  құрсау 

етістігінің өздік етіс түрі. Құрса- құр + сау «белге байлау», құрсан

«бір нәрсемен белін байлау, белбеулену» дегенді білдіреді. Мұны ескі 

жырларда  кездесетін  «алтын  белбеу  құрсанып»  деген  сияқты  өлең 

жолдары да дәлелдейді. Мұздай темір құрсану – «темірден (болат-

тан) жасалған қаруды беліне байлау, иығына асу, ілу» деген мәнде.

Осы түбірден жасалған құрсай сөзі де бар. 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:

Құрсай садақ беліне ілер дейді, – 

деген жол бар. Мұндағы құрсай сөзінің мәнін «садақты беліне ілді» 

деген контекстің өзі ашып тұр. Қазіргі тілімізде бар құрсау сөзінің 

түбірі – құр, о бастағы тұлғасы – құрсағ («белдік, оралған, белдеулен-

ген нәрсе») деген есім сөз.

Шалкиіз жырау мен Махамбет ақындарда және «Ер Тарғын» жы-

рында келетін:

Аспанды бұлт құрсайды

Күн жауарға ұқсайды, – 

деген  стереотип  (клише,  қалып  сөз)  жолдар  бар.  Бұл  жердегі 



құрсайды дегеннің де түбірі – құр, одан құрса- етістігі жасалған, мәні 

«орау» (аспан адам баласының көзіне дөңгелек, төңкерілген дүние, 

оны  қаптаған  бұлт,  кемпірқосақ  сияқтылар  аспанды  орап  алғандай 

болып  көрінеді).  Қазақ  тілінің  екі  томдық  түсіндірме  сөздігі  бұл 

жердегі құрсау етістігін «айналаны қоршау, торлау, қамап алу» деп 

түсіндіреді.  Бұл  –  дұрыс,  бірақ  осы  мағынасы  –  құрсау  сөзінің  ау-

ыспалы мәндегісі, яғни әуелдегі «белбеулену, белді орау» дегеннен 

туған (ауысқан) мағына.

Қазақ тіліндегі құр (бау), басқұрышқыр (іш + құр) деген сөздер 

де  «белдік»  және  «айнала  орау»  деген  мағынадағы  құр  сөзімен 

төркіндес екені айқын көрініп тұр.

Сөйтіп,  құрсану  сөзінің  түбірі  –  құр  («белді»)+са  (етістік  туды-

ратын жұрнақ) +н (етіс жұрнағы), мағынасы «белге байлау, белбеу-

лену». Бұл күнде құрсау сөзінің мағынасын «қоршау, торлау, қамап 

алу» деп түсінгендіктен, оны қоршау етістігімен алмастырып жіберу 

де  кездеседі.  Мысалы,  эпостық  жырлар  мен  Махамбет  сияқты 

ақындарда бірнеше реттен кездесетін жоғарғы жолдардың:



132

Күнді бұлт қоршайды

Күн жауарға ұқсайды,

Айды бұлт қоршайды

Түн жауарға ұқсайды, – 

деп жазылған түрлерін де ұшыратамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет