Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


ҚҰТЫ ҚАШУ. ҚҰТ ҚОНУ. ҚҰТТЫ БОЛСЫН. ҚҰТТЫҚТАУ



Pdf көрінісі
бет88/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ҚҰТЫ ҚАШУ. ҚҰТ ҚОНУ. ҚҰТТЫ БОЛСЫН. ҚҰТТЫҚТАУ

Бұл тіркестер – қазіргі тіліміз үшін жиі қолданылатын, мағыналары 

айқын,  кәнігі  сөздер.  Бізді  бұл  жерде  қызықтыратын  –  құт  түбір 

сөзінің  жеке  тұрғандағы  бұрынғы  және  қазіргі  мағыналары. 

Түсіндірме  сөздік  құт  сөзіне  «береке,  байлық,  мол  қазына»  деген 

түсініктеме  береді,  құты  қашты  тіркесін  «берекесі  кетті,  ұсқыны 

қашты» деп түсіндіреді.

Құт(ы) сөзі қазақ тілінде құтын алу, құты түсу деген тіркестер 

құрамында  да  келеді.  Соңғы  тіркестердегі  құт  сөзінің  мағынасы 

басқашарақ:  құтын  алу  –  «қатты  қорқыту,  шошыту»,  құты  түсу 

–  «көңілі  түсу,  көңілі  келу».  Құт  сөзінің  көне  түркі  тілдеріндегі 

мағынасын  іздестірсек,  екі  түрлі  болғанын  көреміз:  бірі  –  «адам 

жаны,  рухы,  өмірлік  күші  (орысша  «жизненная  сила»),  екіншісі  – 

«бақыт, игілік; табыс, сәттілік».

Біздің  байқауымызша,  қазақ  тіліндегі  жоғарыда  көрсетілген 

тіркестер  осы  екі  мағынаның  негізінде  пайда  болған:  құты  қашу, 

құтын алу дегендердегі құт(ы) «адамның ішкі жан күші, рухы» де-

ген  мағынаға  байланысты,  яғни  біреудің  құтын  ұшыру,  құтын  алу 

– «оның ішкі жан күшін әлсірету», яғни «қорқыту, шошыту» дегенді 

білдіреді. Ал құт қону, құтты болсын айту, құттықтау дегендер- 

дегі құт-тың негізі – «бақыт» мағынасы; құт қону – «бақытты болу», 

құтты  мекен,  құтты  орын,  құтты  қонақ  дегендер  «құт-бақыт 

қонған мекен, орын», «бақыт әкелген қонақ» деген мәнде екені айқын. 



Құттықтау  сөзінің  де  түп  мағынасы–  «бақыт,  сәттілік»,  «табыс 

тілеу». Өзге кейбір түркі тілдерінде құттықтау сөзі құтлау («құт-

бақытқа  сый  көрсету,  яғни  оның  пайда  болуын  тілеу»)  тұлғасында 

келеді (Ахметьянов, 34). Қазақ тілінде есімнен етістік тудырушы -ла 

жұрнағы  құт  сөзіне  тікелей  жалғанбай,  оның  құтлығ/құтлық  де-

ген  сын  есім  қалпына  жалғанып  жасалған:  құттықта  (құт  +  лық 



+ та) – «бақытты болуды қалау, тілеу». Ал түсіндірме создіктің құт 

сөзіне  берген  анықтамасындағы  «береке,  байлық»  мағыналары  түп 

негізіндегі  «бақыт»  мағынасынан  ауысқан:  береке  мен  байлық  – 

бақытты құрайтын, бақыттылықты білдіретін нәтижелер.

Сөйтіп,  бұл  күнде  құт/құты  сөзінің  ертедегі  тура  мағынасы 

көмескіленіп,  одан  туған  ауыспалы  мағынада  қолданылатын  тіркес 

компоненті және туынды сөздің негізі ретінде ғана сақталған.



133



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет