МАҢҒЫСТАУ. Бұл жерде біз етістік маңғыста- тұлғасын сөз
еткелі отырмыз. Махамбеттің бір өлеңі:
Маң-маң басқан сары атан
Маңғыстап шығар өріске, –
деп басталады. Мұндағы маңғыстап сөзінің түптөркіні мен мағына-
сы туралы бізден бұрын қазақ сөздері тарихына үңіле жүретін ға-
лымдар – Е.Жанпейісов пен Қ.Өмірәлиевтер айтып кеткен болатын.
Соны қайталай еске түсіріп, өз тарапымыздан мысалдар қосып, осы
сөзді және бір талдап өтпекпіз. Бұрын да дұрыс көрсетілгендей, бұл
сөздің түбірі – маң. Көне түркі тілдерінде ман/маң сөзі «адым, жүріс»
деген есім ретінде де, «адымдау, жүру, аяқ басу» деген етістік ретінде
де жұмсалған. Осы түбірден маңы «адым», маңығ «жүріс» сөздері де
жасалған. Көне түркілерде маң- деген етістіктің маңла- варианты да
болған (ДС. 336-337). Тіпті қазақ тілінде маң-маң басу (маң-маң, маң
басқан, шудаларын шаң басқан) тіркесінде келетін маң-маң тұлғасы
да көне заманда қолданылған: маң маң, мұны «қазақша» тұлғаласақ,
маң маңу болып шығады, яғни адым адымдау немесе адымдап жүру.
135
Қазақ тілінде «адым» ұғымындағы маң деген зат есім де, онымен
түбірлес маңу, маңлау деген етістіктер де ұмыт болып, қолданылмай,
бұл сөздер тек маң-маң басу және маңғыста- деген тұлғаларда
сақталған. Маң-маң сөзі басу, жүру сияқты қосалқы етістіктерсіз
қолданылмайды, себебі маң сөзінің мағынасы күңгірттенген. Сол
сияқты маң түбіріне етістік тудыратын -ғы жұрнағы жалғанып,
маңғы- етістігі (қаңғы-, саңғы- дегендер сияқты) жасалған, оған
Достарыңызбен бөлісу: |