Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет74/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85
Жиырма алтыншы сөз. Қазақтың жаны. Қазақтың өзіне қас көп әдебі тағы да талқыға түскен.
Жиырма жетінші сөз. Мұнда Абай махаббатпен жаратқан адамзатты. Алланы мойындау, Аллаға құлшылық ету жөніндегі ұстанымын Сократ хакімнің сөзімен уағыздайды.
Шығармашылығының асыл өзегінің бірі – шексіз Алла жөніндегі танымының айқын таңбасы түскен Қара сөздің бірі – осы жиырма жетінші сөз.
Жиырма сегізінші сөз. Абай дүниетанымы. Алланы білу – мойындау жолындағы адам баласы тосылар көп сауалға, дүниетаным қайшылықтарына бойлау.
Жиырма тоғызыншы сөз. Сөз. Адамшылық пен құдайшылықтың жөнін тағы бір мәрте қазақтың мақал-мәтелінің моралімен таластыра саралау.
Отызыншы сөз. Тағы да қазақтың құлқы, қазақтың міні. Қазақтың кеселі. Әлеуметтік дерті. Қоғам қалыптастырған, кембағал кіріптарлық тудырған жаман әдеті. “Қырт мақтанның” шыны.
Отыз бірінші сөз. Адамшылықтан аздыратын ой кеселдерін атап отырып, тағы да өзі “бас тартқан” – елді, адамды, баланы бағу.
Отыз екінші сөз. Адам баласының таным жолы, таным мүмкіндігі ұғындырылып, білім-ғылым үйренбектің негізгі жөндері уағыздалады. Абай қазақтан мүлдем түңілсе, осыншалықты ыждаһатпен адамшылықтың таза жолын, тура жолын, Алладан дарыған мүмкіншілік қуатын ұғындырар ма еді. Ащы, ащы айтқанымен, Абай ұлтынан үмітін үзіп пе еді…
Отыз үшінші сөз. Кәсіп. Алдау қоспай, еңбегін сатып, адал мал табудың жөні.Тағы да қазақтың бойындағы ұлттық кеселі.
Отыз төртінші сөз. Бұл сөзде Абай адамшылық, кісіліктің жөні ең әуелі Аллаға, дінге көзқарастағы сенім беріктікпен көрінетіндігін және айтады. Қазақтың мұсылманшылықтың негіздеріне қатысын сарапқа салады.
Отыз бесінші сөз. Ар таразысы – Алланың таразысы. Ертеңгі құдай алдындағы жауапты ойла, арзан үшін алданба деп, адамшылық ұстанымдарға тарту. Тағы да адам бағу, ел бағу.
Отыз алтыншы сөз. Имандылықтың бір шарты – ұят. Шын ұяттың, тағы да кең, кемел адамшылықтың жөні. Пайғамбардың Хадисін, жақсылардан қалған сөзді айтып, ұят ұғымның табиғатына барлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет