Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет73/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Он төртінші сөз. Тағы да адамшылықтың санасы. Жүректің жөнімен жүрудің жөны.
Он бесінші сөз. Тағы да қысқа ғұмырда адамша өмір сүрудің, өз орныңды табудың жөні. Тағы да адам бағу.
Он алтыншы сөз. Діни сенім-нанымға құдай тағалаға құлшылық етуге құлықсыз қазақты Абай дінді тіл жаттықтырып, оймен үйренуге уағыздайды.
Он жетінші сөз. Құдайшылықтың жөні. Адамдықтың қалпын сақтаудың жолы. Қайрат, ақыл, жүректің ортақ күшін қисындаған ғылымның сөзіне жүгінудің жөні.
Он сегізінші сөз. Тағы да адам баласының адамшылық сапасы айқындалатын ерекшелік, өзгешеліктің жөні. Ақылмен, ғылыммен, армен мінезбен аспақтық.
Он тоғызыншы сөз. Адам жаратылысының ерекшелігін және бір еске салу. Тағы да кемел, толық адамның бір сапасын, бір қырын ашу.
Жиырмасыншы сөз. Өмір философиясы. Діни жаратылыстың сырына тарту.Адам жанының арпалысы. Тіршіліктің тиянақ-тұғырын шарқ ұрып іздеуі.
Жиырма бірінші сөз. Мұнда да мораль философиясы. Арзанға алдану мен адамшылықтың арасы.
Жиырма екінші сөз. Бұл сөз тағы да сол ел бағудың жайы. Қазақ қоғамы. Ел мінезі.
Жиырма үшінші сөз. Мұнда да қазақтың қамын ойлаған Абай.
Жиырма төртінші сөз. Қазақ жер бетіндегі халықтың кемі, қоры болып қала ма?!! Абайдың қасіреті ауыр…
Жиырма бесінші сөз. Абайдың әйгілі сөзі. Ұзақ уақыттар бойы Абай, орыс оқуын оқы” деді деп қана иланғанды қолайлы көрдік не үшін оқы деді дегенге де сооншалықты ойға не түсіп жатпадық…
“Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Анық үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы – білгендік”.
“Зарарынан қашық болуға” Осы сөздің астарында қанша ақиқат, қанша қасірет жатыр.
Майыр арқадан қақса, әке-шеше, ел-жұрт, дінін, адамшылығын сатар надан емес, қазаққа керегі – “Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейін, мені көріп және үйренушілер көбінесе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, жұрт қатарына қосылудың қамын жейін деп ниеттеніп үйрену керек:”
Бұл сөз – ұлт мүддесін әріден шалған Абайдың өз заманындағы қазақ баласына ұсынған ұлт бостандығының, ұлт азаттығының ұраны. Айқын сараптамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет