Алтыншы сөз.Адал еңбек қылып, мал табудың жолы.
Жетінші сөз. Жанның тамағы. Білмекке құштарлықтың жайы. Бұл жас баланын анадан туғандағы екі түрлі мінезінен бастау алып адам жаратылысының, адамдықтың өрісіне ұласқан – өмір философиясы. Мұның жайы. Діні де, құдайы да, ел-жұрты да, білім-ұяты, ары, бәрі – мал болып кетуден шошыну.
Тоғызыншы сөз. Қазақ үшін тағы да таусылып сөйлеу. Қамығып күйіну. Басы қаңғырып, кеудесі бос қалған бір сәт. Бірақ… Абай өзі сонша “жек көріп” отырған қазақтан бәрібір үмітін үзбеген… Алдан тілеуі бар екен…
“Тегінде ойлаймын: бұнда жақсы, өлер кезде әттеген-ай, сондай, сондай қызықтыруы қалды-ау!” деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге”.
Оныншы сөз. Ұлт, ұрпақ, мүддесі. Ұрпақ алдындағы, атадан туған ұлт алдындағы атаның парызы. Атадан туған ұлдың парызы мен қарызы.
Ерінбей еңбек қылу, ғылым табудан өзге бұл сөзде Абай елдің сол замандағы күйкі өмірін, қараңғы тіршілігін озған жұрттардың қатарына қосар ұлдан үміт етеді.
“Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анам тұзақтан құтқаралық бала қазақтан туа ма екен”. Ондай баланы сендей әке, сенің еліндей ел асырап өсірмек пе екен?”
Он бірінші сөз. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік кеселдердің себеп-салдарын саралау тағы да. Тағы да Абайдың өзіне өзі “қарсы шығуы” тағы да елдің жайы. Ел бағу.
Он екінші сөз. Бұл сөз – Абай шығармашылығындағы аса ауқымды дүниенің, барша шығармашылығын нұрымен шарпыған Иманның, діннің жөндерін ғылыми жөнде игерудің жайы.
Он үшінші сөз. Иманның маңыз-мазмұнын, мәнін ұғындыру.
Соны ұғынарлық сергектік, сезімталдық, шын жүрек, сол иманға деген сенім беріктігі.
Бұл сөзде Абай өзінің исламиятқа көзқарасын, ислам дінінің негіздерін ұғындыру, сіңіру жөніндегі ұстанымдарын уағыздайды.
“Иман деген – алла Татарша уатағатлланың шәриксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа нәр бізге пайғамбарымыз саллала Аллаху һалайһи уа саллам арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып”.