Медицина факультеті


Сабындалмайтын липидтер. Стероидтар, жіктелуі. Маңызды өкілдер және олардың биологиялық рөлі



бет61/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Медициналық химия

49. Сабындалмайтын липидтер. Стероидтар, жіктелуі. Маңызды өкілдер және олардың биологиялық рөлі.


Cабынданбайтын липидтер сілтілі немесе қышқылды ортада гидролизденбейді. Оларға стероидтер мен терпендер жатады. Сабынданбайтын липидтер табиғатта өте көп тараған органикалық қосылыстар. Көп мөлшерде стероидтер жануарлар организмінде түзілетін липидтердің құрамында, ал терпендер өсімдік липидтерінде кездеседі. Қазіргі кезде 20.000-ға жуық стероидтер белгілі, олардың 100-ге жақыны медицинада қолданылады. Стероидтер биологиялық белсенді қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклді спирт пергидроцикло-пентанофенантрен құрайды. Стероидтердің сілтілі гидролизінде сабын түзілмейді. Олар жануарлар, өсімдіктер ұлпаларында және микроағзаларда кездеседі. Стероидтерге холестерин және олардың туындылары, бүйрек безінің гармондары мен жыныс гармондары, өт қышқылдары, жүрек гликозидтері жатады. Әсіресе, адам ағзасында стероидтердің ішінде ең маңыздысы болып саналатын стериндер (стеролдар), яғни стероидті спирттер. Стериндердің басты өкілдерінің бірі холестерин (холестерол) болып табылады. Алғашқы рет ол өт тастарынан бөлініп алынған
Стероидтар — химия табиғаты жағынан изопринойдтарға жататын органикалық қосылыстар классының стероид микроағзаларында, өсімдіктерде және жануарларда гормондар, немесе тағыда басқа биологиялық реттеуші заттар түрінде кездеседі. Стероидтардың барлық түрі дерлік кристалл заттар, оптикалық активті және органикалық ертінділерде жақсы ериді. Стероидтарды химиялық құрылысына, физиологиялық әсеріне немесе атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Стериндер өсімдік, жануарлар лепидтері құрамында болады. Мұндағы ең маңыздысы - хлоестерин стероиды гармондар биосинтезіне қатысады. D витаминдер тобы кальций алмасу процессін реттейді және омыртқалылардың сүйек қаңқасының құрылу процесіне қатысы бар. Өт спирттері мен өрт қышқылдары, омыртқалы ішегіндегі тағам, жем қортуына әсер етеді. Стероид сапониндері мен стероид гликоалкалоидтарының агликондары, лалагүл, сабынкөк алқа тұқымдастарына тән және бұлар гликозидтер түрінде әсер етеді. Стероидтардың медецинада, ветеринарияда, мал шаруашылығында маңызы үлкен болғандықтан, ол кең зерттелуде стероид горомндарды өнеркәсіп жағдайында синтез жолымен алудың химиялық және микробиологиялық әдістері иегерленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет