А және Б тізіміне кіретін дәрілік заттар арнайы шкафтерда (сейфте) сақталады. Сейфтің ішкі жағында олардың тізімі көрсетіледі. А тізіміндегі дәрілік заттарды (наркотикалық аналгетиктер, атропин, және т.б.) және Б тізіміндегі заттарды (аминазин және т.б.) бөлек жабылатын бір сейфте сақтауға болады. Дәріхана дайындалған залалсыз ерітінділердің сақталу мерзімі үш күн. Егер олар осы уақыт ішінде пайдаланылмаса, жарамсыздық белгілері (түсінің, мөлдірлілігінің өзгеруі) болмаса да оларды төгіп тастаған жөн.
Сыртқы және ішке енгізуге арналған дәрілік заттар бақылаушы мейірбикенің жұмыс орнындағы шкафта «Сыртқы қолдануға арналған» және «Ішке қолдануға арналған» деген жазулары бар әртүрлі сөрелерде сақталады. Дәріханада дайындалған сыртқы қолдануға арналған дәрілік формалардың этикеткасы сары, ал ішке қолдануға арналғандардың этикеткасы ақ болады.
Дәрілік заттар қажетті препаратты тез тауып алуға болатындай етіп орналастыруы қажет. Бұл үшін тағайындалоуына байланысты жүйелендіріп, жеке ыдыстарға салған жөн. Мысалы, антибиотиктер (ампициллин, оксациллин және т.б.) сыртына «Антибиотиктер» деп жазылған бір ыдысқа салынады; артериялық қысымды төмендетітін заттар (папаверин, дибазол, раунатин және т.б.)басқа ыдысқа салынып, сыртына «Гипотензивті заттар» деп жазылады және т.б.
Жарықта ыдырайтын дәрілік заттар (сол сбептен оларды күнгірт флаконда шығарады) жарықтан қорғалған жерде сақталады.
Күшті иісті дәрілік заттар жеке сақталынады.
Тез бұзылатын дәрілік заттар (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар), сондай-ақ майлар, вакциналар, сры сулар дәрілік заттарды сақтауға арлналған тоңазытқышта орналастырылады. Тұнбалар, қайнатпалар, және микстуралардың тоңазытқышта сақталу мерзімі үш күннен аспауы керек. Мұндай дәрілік заттардың жарамсыздық белгілері – лайлануы, түсінің өзгеруі және жағымсыз иістің пайда болуы.
Майдың жарамсыздық белгілері – түсінің өзгеруі, қабыршақтануы, көгерген иістің болуы.
Спиртте дайындалған тұнбалар, ерітінділер, экстракттар уақыт өткен сайын спирттің булауына байланысты қоюлана түсетінің ескерген жөн.
Сондықтан бұл дәрілік заттарды тығындары жақсы жабылатын флакондарда сақтаған жөн.
Сондай-ақ, өз түсін өзгерткен таблеткалар мен ұнтақтар қолдануға жарамсыз.
Бақылаушы мейірбикенің жұмыс орнында, емшаралық бөлмедегідей сыртқы және ішкі қолдануға арналған А және Б топтағы, сондай-ақ тапшы және қымбат дәрілік заттарды сақтауға арналған сейф болуы керек. Сейфтің кілтін өткізу арнайы дәптерге тіркеледі. Сейфте сақталатын дәрілік заттардың шығынын есептеу үшін арнайы журналдар болуы керек. Бұл журналдар сейфте сақталады және белгілі бір форма бойынша толтырылады. А және Б топтағы дәрілік заттар шығынының жылдық есебін аға мейірбике жүргізеді.
Дәрілік заттарды таратудың неғұрлым ұтымды тәсілі:
жылжымалы үстелшеге қатты дәрілік формалар бар ыдысты, сұйық дәрілік формалар бар флаконгды, пипеткаларды (әрбір флаконға жеке-жеке), мензуркаларды, суы бар графинді, қайшыларды, тағайындау қағаздарын қойыңыз;
науқастан науқасқа өте отырып, дәрілік заттарды науқастың төсегінің данында, тағайындау қағазына сәйкес, берген жөн;
дәрілік заттарды науқас сіз жанында тұрғанда қабылдағаны жөн;
Дәрілік заттарды таратудың осындай ретінің артықшылығы айқын. Біріншіден, мейірбике науқастың дәріні қабылдағанын қадағалай алады. Екіншіден, мейірбике науқастың қандай дәрілерді қабылдайтыны және оның тағайындалуы туралы сұрақтарына жауап бере алады. Үшіншіден, дәрілік заттарды тарату кезінде қателіктер болмайды.
Кейбір емдеу бөлімшелерінде мейірбикелер уақытты үнемдеу үшін дәрілік заттарды науқастың аты-жөні, палатасы көрсетілген торларға бөлінген астаушаға алдын-ала салып қояды да күніне үш рет науқастарға таратады.
Дәрілік заттарды таратудың мұндай жолының елеулі кемшілігі бар:
науқастың дәрілік затты қабылдағанын қадағалау мүмкін емес;
таратудың жекелей схемасы сақталынбайды (дәрілік заттардың барлығы тәулігіне үш рет қабылданбайды – кейде тәулігіне 4-6 рет, кейбіреуі асқа дейін, кейбіреуі – астан кейін немесе ас кезінде, ал үшіншілері – түнге қарай);
қателіктер болуы мүмкін (бір науқасқа тағайындалған дәрілер, мейірбикенің көңіл қоймауынан, басқа науқасқа арналған торға салынып кетуі мүмкін);
тағайындалған дәрілік заттар туралы науқастың сұрағына жауап беру қиындайды, өйткені дәрілер астаушада дәріхананың қорабынсыз болады. Мейірбике дәріні және оның мөлшерін, әсіресе әсер етуін көбінесе айта алмайды да науқастың сенімсіздігін және өзіне белгісіз дәрілерді ішкісі келмеуін туғызуы мүмкін.
Дәрілік заттарды тарату іс-әрекет:
дәрінің сыртындағы этикетканы және тағайындау қағазындағы белгілеуді мұқият оқыңыз;
науқас дәрілік затты сіз тұрғанда қабылдауы қажет (ас кезінде қабылдайтын дәрілерден басқасын);
асқа дейін қабылдау белгіленген дәрілерді науқастар тамақ ішер алдында 15 минут бұрын қабылдауы керек; 15 минуттан соң қабылдануы керек; аш қарынға қабылдауға белгіленген дәрілер таңертең таңғы асқа дейін 20-60 минут бұрын қабылдануы керек (құртқа қарсы, босаңсытатын);
ұйықтататын дәрілерді науқастар үнемі ұйқыға дейін 30 минут бұрын қабылдауы керек;
нитроглицеринмен валидол үнемі науқастың төсегінің жанындағы үстелшеде болуы керек;
Мейірбикенің дәрілік заттарды тағайындауға немесе алып тастауға немесе басқа дәрілермен ауыстыруға құқысы жоқ. Науқас шұғыл көмекті қажет ету немесе дәрілік заттарды көтере алмау жағдайы бұған жатпайды. Кез келген жағдайда тағайындауға енгізілген өзгерістер туралы дәрігерге ескерткен жөн. Егер дәрілік зат науқасқа қателесіп берілсе немесе оның бір реттік мөлшері асып кетсе, бұл туралы дәрігерге бірден айтылуы керек.
Дәрілік заттар резорбты (қан арқылы) және жергілікті әсер етуі мүмкін. Дәрілік заттардың әсер ету механизміне байланысты оларды енгізу жолдарын ажыратады.
Резорбты әсер ету энтеральді (асқорыту жолдары арқылы, мысалы, таблеткалар, микстуралар қабылдау) және парентеральді (асқорыту жолына соқпай, мысалы, бұлшық еттік инъекциялар) жолдар арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы қолдануға арналған дәрілік заттар жергі -лікті әсер етеді (мысалы, майлар, ингаляциялар).