«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы мейірбикенің киіміне және терісіне тиген кезде жасалынатын шаралар



бет44/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы мейірбикенің киіміне және терісіне тиген кезде жасалынатын шаралар:
Былғанған киімді сыртқы жағын ішке қаратып шешу.
3% хлорамин ерітіндісіне – 1 сағатқа салып қою.
3% хлорамин ерітіндісіне батырылған сүлгіні киімнің былғанған жеріне 60 мин қойып, сонан соң ыстық сумен жуу керек.
70 % этил спиртіне батырылған тампонмен қан немесе биологиялық сұйықтық тиген жерді сүрту қажет.
Тампонды қолданғаннан кейін тастайтын ыдысқа салу қажет.
Қолды сабынмен жуу керек.
Қан немесе биологиялық сұйықтық тиген жерді антисептикалық ерітіндіге батылырған тампонмен қайталап сүрту қажет.
Тампонды қолданғаннан кейін тастайтын ыдысқа салу қажет.


Инфицирленген құрал-сайманмен қолды жарақаттап алғанда жасалынатын шаралар:

Әзірле: аптечка, залалсызданған бинт, 2 лоток, залалсызданған корнцанг.


Қолғапты шешгпей жарақаттан қанды шығару, сонан соң резеңке қолғапты шешіп, 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдысқа салу қажет.
Аптечкадан 70% этил спиртін немесе 3% йод ерітіндісін шығару.
Жарақаттанған жерді 70% этил спиртіне батаралған тампонмен өңдеп, тампонды қолданғаннан кейін тастайтын ыдысқа салу қажет.
Қанды тоқтатпай қолды сабынмен жуу керек.
Жарақаттанған жерді бактерицидті пластымен таңып, резеңке саусақ қап киіп, сонан соң резеңке қолғап кию керек.


Емшара бөлмесінде кәсіптік жұғулардың алдын-алу:

  1. Жұмыс кезінде мүмкіндігінше бір рет қолданатын құрал-саймандарды қолдану.

  2. Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы жұғатын жағдайлардағы ем шараларда қолғап, маска, клеенкалы алжапқыш кию және де жарақаттанған жер болатын болса лейкопластырьмен таңылып, саусақ қап кию керек.

  3. Щеткамен қолды жууға болмайды.

  4. Медициналық құрал-жабдықтарды және қан тиген заттарды жуу, реттеу үшін алдымен резеңке қолғаппен оларды дез ерітінділерге жуып алу қажет.

  5. Жеке бас тазалық ережесін қатаң сақтау қажет. Әрбір іс шарадан кейін, сонымен қатар парентеральді егулерде, қан алудан кейін ағынды суға қолды сабынмен 2 рет мұқият жуу қажет. Қолды жеке сүлгімен немесе бір рет қолданылатын сүлгімен сүрту қажет.

  6. Жұмыс орны жаңа дайындалған зарарсыздандырғыш ерітінділермен қамтамасыз етілуі қажет. Жұмыс үстелінің бетін жұмыс соңында 3% хлорамин ерітіндісімен өңдеу қажет.

  7. Емшара бөлмесінде аптечка болуы керек.

  8. Зертханаға жазылған жолдама пробиркадағы қанға тигізбей, пробирканың сыртқы жағына жабыстыру қажет.

  9. Созылмалы В гепатитпен сырқаттанатын науқастардан және HbsAg тасмалдаушылардан анализ үшін алынған қаны бар пробирканы міндетті түрде белгілеу.

  10. Кәсіптік қызметіне қанмен байланыста болған медицина қызметкерлері жұмысқа түсер алдында және жұмыс істеп жүріп жылына бір рет HbsAg – ны анықтау үшін тексеруден өтеді. HbsAg анықталған жағдайда дәрігер-инфекционист терең клиникалық зерттеуден өткізеді. Hbs-антигені бар медицина қызметкерлері қанды құю, қайта өңдеу жұмыстарынан аластатылады.

  11. ВИЧ инфекциясының қаупі бар биологиялық сұйықтықпен жұмыс істегенде абай болу керек:

  • қан және оның құраушылары: ми-жұлын сұйықтығы, амниотикалық сұйықтық, ұрықтық сұйықтық;

  • сүт, қынаптық сұйықтық, зәр, сілекей, без сұйықтық, нәжіс, асқазан сөлі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет