«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет56/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Іс-әрекеттің жүргізілу реті:

  • Науқас орындықтың арқалығы жағына қарап отырады, қолдарын кеуде тұсында қусырады немесе клеенкамен қапталған және орындықтың арқалығына салынған жастыққа қояды.

  • Науқасты пункция жасалатын жерге қарама-қарсы жаққа қарай қисайту.

  • Пункция жасайтын жақтағы қолды сау иыққа салу.

  • Пункция қолтық асты артқы сызығы бойымен перкуторлы дыбыстың максимальді тұйық аймағында – әдетте жетінші-сегізінші қабырға аралығында жасалады.

  • Тесетін жет йодтың спиртті ерітіндісімен, содан кейін 70% спирт ерітіндісімен, қайтадан йодпен өңделеді.

  • Новокаиннің 0,25% ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру жасалады (мейірбике дәрігерге новокаин ерітіндісі бар шприцті береді).

  • Қабырға аралығын төменгі қабырғаның жоғарғы қыры бойымен теседі, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке жүйелері өтеді.

  • Сынау пункциясы үшін жуан инесі бар сыйымдылығы 10-20мл шприц, ал көп мөлшердегі сұйықтықты шығару үшін – элекросору қолданылады (шприцті беріп, элекросоруды қосу).

  • Ине плевра қуысына кіргенде бос кеңістікке «түсу» сезімі болады.

  • Диагностикалық мақсатпен шприцке 50-100мл сұйықтық алады, мейірбике оны алдын-ала белгіленген пробиркаға құяды да физико-химиялық, цитологиялық немесе бактериологиялық зерттеулерге жібереді.

  • Сұйықтық көп мөлшерде жиналғанда тек 800-1200мл шығарады, өйткені сұйықтықты көп мөлшерде шығару көкірек қуысы мүшелерінің ауру жаққа қарай тез ығысуына және коллапсқа әкелуі мүмкін.

  • Инені алғаннан кейін тескен жерді йодтың 5% спиртті ерітіндісімен сүртеді және залалсыз таңу жасайды.

Пункциядан кейін науқас тәулік бойы кезекші мейірбике мен дәрігердің бақылауында болуы керек.
Төсті пункциялау (стерильді пункция). Көрсеткіштері: жедел және созылмалы лейкоздар, миеломды ауру, Верльгоф ауруы, Аддисон-Бирмер ауруы, анемия, қатерлі ісіктің метастаздары.
Қарсы көрсеткіштері: тромбоцитопения, миокард инфаркты.
Жабдығы: залалсыз лоток, тесетін ине (И.А.Кассирий инесі), пинцеттер, инъекциялық инесі тар шприц – 2мл, 2 % новокаин ерітіндісі – 5мл, 70% этил спирті, залалсыз таңу заттары, заттық шыны, резеңке қолғап, лейкопластырь.
Жүргізу реті:

  • Науқасты шалқасынан жатқызу

  • Резеңке қолғапты кию

  • Спиртке батырылған залалсыз дәкелік сүлгіні пинцетке қысып алып төс аймағынның терісін екі рет өңдеу

  • ІІІ-ІV қабырға аралығы деңгейінде төстің ортасындағы жұмсақ тіндерді 2мл 2% новокаин ерітіндісімен жансыздандыру

  • Тесетін инені дайындау, ұшынан 13-15см жерге шектеуші қалқаншаны бекіту

  • Пункцияны дәрігер жасайды

  • Дәрігердің талабымен шприцті беру

  • Жілік майының 2-3 тамшысын шприцке сорып алу

  • Шприцтің ішіндегісін заттық шыныға төгу

  • Тесетін инені алып, тескен жерді спиртпен немесе йодонатпен өңдеу

  • Сол жерді залалсыз дәкелік сүлгімен жауып, лейкопластырьмен жапсыру

  • Өңделген құралды дезерітіндісі бар ыдысқа салу

  • Резеңке қолғапты шешіп, дезерітіндісі бар ыдысқа салу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет