Инъекциялар кезіндегі асқынулар және оның алдын-алу
І. Жергілікті: инфильтрат, абсцесс, иненің тромбозы, флебит, тканнің некрозы, гематома.
ІІ. Жүйелі: ауалы эмболия, майлы эмболия, сепсис, анафилактикалық шок, вирусты гепатит, ЖИТС.
Инфильтрат – тері астылық және бұлшықет ішілік инъекцияларынан соң, инъекция жасаған жерде болатын қатаюдың пайда болуы. Егер:
Инъекция өткір емес инемен жасалса;
Бұлшықет ішілік инъекцияға қысқа ине қолданса;
Инъекцияның орны дұрыс болмаса;
Бір орынға жиі инъекция жасалса;
Суық ерітінділер қолданса, инъекция жасаған жерде ұолға сезілетін инфильриар пайда болдаы. Инфильтрат болған жерге жылытқыш компресстер және қырдырғыш қою қажет.
Абсцесс – пиогенді мембранамен жан жағындағы ткандерден шектелген жұмсақ ткандердің ірінді қабынуы. Себебі асептикамен антисептика ережелерін сақтамауға байланысты.
Медикаментозды эмболия майлы ерітінділерді тері астына немесе бұлшықетке салғанда қан тамырларына түсіп, оны бітеп қалады, сонын салдарынан тканің некрозына алып келеді. Некроздың белгілері-инъекция жасаған аймақта ауру сезімі үдеп, ісініп, жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер май көк тамырда болса, қан ағымымен ол өкпе қан тамырларына барады. Өкпе қан тамырларының эмболиясының белгілері: кенеттен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жөтел, ентігу, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі (цианоз), кеуденің қысылу сезімі. Тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Майлы ерітіндіні саларда сақталуы қажет ереже: ампуланы алдын-ала жылыту, салған кезде орнын дұрыс таңдау және қан тамырына түспегендігіне көз жеткізу мақсатында итергішті тартып көру. Қан пайда болған жағдайда ол жерге салуға болмайды. Басқа жерге немесе инені сәл ары қарай не бері қарай тартып, тағы да тексергеннен кейін ғана салған жөн. Итергішті тартып көргенде қан болмаса ғана салуға болады.
Ауалық эмболия көк тамыр ішіне инъекция жасағанда немесе ерітінді құйғанда ауа кету салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл асқынуда майлы эмболия сияқты қауіпті болып табылады. Клиникалық белгілері де соған ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |