«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет66/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Жөтел – бронхтардың және жоғарғы тыныс жолдарынан бөгде заттар, шаралар, жоғарғы тыныс жолдарының, бронхтардың және өкпенің түрлі аурулары кезінде қақырықтар шығаратын қорғаныш-рефлекторлық акт болып табылады. Жөтел рефлексі қақырынуға көмектеседі. Дауыс саңылауы жабылу кездекенеттен әрі шұғыл дем алу жөтелуге түрткі болады. Жөтел деген былайша шығады – адам терең демалады, содан кейін дауыс сағылуы, барлық тыныс алу бұлшық еттері, диафрагма мен төс етегі жабылады, өкпедегі ауа қысымы көтеріледі. Дауыс саңылауын шұғыл ашқан кезде тыныс жолында жиналған ауа қақырықпен немесе басқа бөгде заттармен бірге күшпен ауыз арқылы ашылып шығады. Тыныс жолдарындағының бәрі мұрын арқылы шықпайды, себебі жөтел кезінде мұрын қуысы жұмсақ таңдаймен жабылу тұрады.
Сиаптына қарай жөтел қақырықсыз құрғақ және қақырық түсетін дымқыл болады. Жөтел негізгі ауруды біршама ауырлатады. Құрғақ жөтел жоғарғы тембірмен сипатталады, тамақты қышытады, қақырық түспейді. Дымқыл жөтелде қақырық түседі, оның неғұрлым сұйықтау болса, оңай қақырынады.
Жөтелі болса мейіркеш дәрігердің белгілеуін қатаң орындайды, бір шөкім натрий гидрокарбонатын салып сүт, қақырық түсіретін микстура беріп, оның тоңып қалмауы үшін науқасты қымтап жабады.
Қақырық – өкпе мен тыныс жолдарынан жөтел кезінде бөлінетін патолониялық секрет. Қақырықтың мөлшері мен қасиеттерін анықтаудың үлкен диагностикалық маңызы бар. Сипаты бойынша қақырық шырышты, серозды, ірінді, геморрагиялық, аралас болады. Оның тәуліктік мөлшері 10 мл-ден 1 және одан да көп литрге дейін болуы мүмкін.
Құрғақ жөтелі бар науқастың күтімі – бұл негізгі аурудың емі, қақырық түсіретін препараттарды қолдану, көп мөлшерде жылы сілтілі сұйықтық ішуді ұсыну. Қақырық болғанда мейірбике қалталық ингалятордың тазалығын және уақытымен босатылуын бақылап, оларды хлораминнің, хлорлы әктің сұйық ерітінділермен күнделікті зарарсыздандырып отыруы керек. Науқастың үнемі күніне бірнеше рет 30 минуттан дренажды қалып (қақырық өте жақсы шығатын қалып) қабылдауын қадағалау қажет.
Қақырық жақсытүсуі үшін науқастың неғұрлым ыңғайлы қалпын табу қажет, яғни дренаж қалыппен жатқызу. Біржақты процесс кезінде оны ауырмайтын бүйіріне келтіру. Дренаж қалыпты жатқызу 20-30 минут бойы күніне 2-3 рет қайталанады. Мейіркеш науқастың жүйелі түрде осының бәрін орындап отыруын қадағалау тиіс. Науқас күнгірт шыныдан жасалған, бұралмалы қақпағы бар түкіргішке түкіруі тиіс. Тәулік бойындағы қақырықты өлшеу үшін қалта түкіргішінен мөлдір ашық түсті шыныдан жасалған, қақпағы бар, бөлімдерге бөлінген ыдысқа құяды да, қараңғы салқын жерде ұстайды.
Көп қақыратын науқасқа жақсы бұралып жабатын, қалтаға салып жүретін түкіргіш береді. Қалған науқасқа жұқтырмау мақсатында қол орамалға түкіреді, ал еденге тіптен де түкіруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет