«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет67/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97
Қан түкіру – бұл бірлекті немесе жеке жолғалы қан араласқан (мысалы, өкпе ісігінде «таңқурай желесі» тәрізді) қақырықтың түсуі. Крупозды пневмонияда қақырық «тат басқан» болуы мүмкін. Тыныс жолдары арқылы қанның көп мөлшерде бөлінуі (жөтелмен немесе үздіксіз ағымен) өкпеден қан кету деп аталады. Оны асқазан қан кетуінен ажырата білу керек. Өкпеден қан кеткенде қан алқызыл түсті, көбікті, ұйымайды, сілтілі реакциялы, жөтелген кезде бөлінеді, ал асқазаннан қан кеткенде қан асқазанның қышқыл сөлінің әсерінен және тұзқышқылды гематиннің құрылуы салдарынан қышқыл түсті, «кофе тұнбасы» сияқты, қышқылды реакциялы, тамақпен араласқан, құсқан кезде бөлінеді.
Қан түкіру және өкпеден қан кету шұғыл дәрігерлік әрекетті (диагностикалық рентгеноскопия, томография, бронхоскопияны) қажет ететін өте қауіпті симптомдар болып табылады.
Науқастың күтімі – толық тыныштықпен қамтамасыз ету, сау жақ өкпеге қанның түсуін болдырмас үшін науқасты зақымданған жағына қарай қисайтып жартылай отырғызу. Кеуде клеткасының зақымданған жағына мұзды қабық қойылады. Сонымен қатар мұзды жұтқызады, бұл тамырлардың рефлекторлы спазмына және өкпеге қан толудың азаюына әкеледі. Қатты жөтелгенде қан кету қүшейеді, жөтелге қарсы заттар тағайындалады. Тамақ тек қана суық қоймалжың түрінде беріледі.
Кеуде клеткасына оңқалар, қышалар, компрестер қоюға болмайды.
Егер науқас өздігінен аузын шая алмайтын болса, мейіркеш шпательге оарлған зарарсызданған салфеткамен жайлап оның ауыз қуысын сүртіп, аузында қалған қанды қақырық қалдықтарын шығаруы тиіс.
Науқасқа дренажды қалып беру. Дренажды қалып дегеніміз қақырық неғұрлым жақсы түсетін қалып. Мақсаты: бронхит, өкпе абсцесі, бронхоэктаз ауруы және т.б. аурулар кезінде қақырықтың жақсы шығуы.

  1. Мейірбике науқасты арқасында жатқан қалпынан жайлап 360С-қа бұрады.

  2. Әрбір 45 минут сайын мейірбике науқасқа терең тыныс шығаруды ұсынады және жөтел пайда болса науқасты жақсылап жөтелдіреді.

  3. «Намаз оқып отырған мұсылман қалпын» қолдануға болады, бұл кезде науқас тізерлеп отырады да алдыға қарай еңкейеді, сонымен қатар басы мен денесінің жоғарғы бөлігін солға және оңға қарай кезек-кезек төсектен төмен түсіреді.

  4. Бұл ісшараны күніне 5-6 рет жүргізеді.

  5. Егер осы ісшаралардың біреуінде де қақырық түспесе, онда оларды қолданудың пайдасы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет