Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған науқастарды бақылау және күтім жүргізу
Тыныс алу мүшелері ағзаны оттегімен қамтамасыз етуге және одан көмір қышқыл газын шығару қызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16-дан 20-ға дейін болады, бұл адамның жасына, жынысына, дене бітіміне байланысты. Дене қызуының көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады.
Тыныс алу мүшелері ауруларының жалпы сипаттамасы
Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипаььалады. Бұл жағдайда науқас дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе – қорғаныш-физиологиялық икемделу, оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады. Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ол тыныс алудың жиілігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай-ақ үстірт және аурулар түрін ажыратуға болады.
Ентікпеның екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе ұзақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлық ентікпе (қиналып дем алу) ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңылуы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады. Тыныс алу жүйесінің көптеген жедел және созылмалы ауруларында ентікпе кездеседі. Оның болуының себебі көбінесе қанның газ құрамының өзгеруіне байланысты – құрамдағы көмірқышқыл газы жоғарлап, оттегі төмендейді, қанның рН қышқылдығы жоғарлап, ол тыныс орталығындағы және шеткі хеморецепторлардың тітіркендіргеннен тыныстың жиілігімен тереңдігі өзгереді.
Кенеттен пайда болған өте күшті демікпені – тұншығу деп атаймыз. Бронх өткізгіштігінің жедел бұзылуындағы тұншығу (бронхтың спазмы, кілегей қабатының ісінуі, онда тұтқыр қақырықтың жиналуы) – бронх астмасының ұстамасы деп аталады. Бұл жағдайда науқастар ауа жетпей, көгеріп, тынымсыз, өзінің жағдайын жеңілдетуге тырысады.
Науқаста ентігу немесе тұншығу пайда болғанда мейірбикенің міндеті:
бірден дәрігерге ентігу сипаты, тыныс алу алу жиілігі туралы өз бақылауын айту, сондай-ақ науқастың жағдайын жеңілдету үшін шаралар қолдану.
науқасқа биіктеу (жартылай отырғызу) қалып беру
тар киімнен және ауыр көрпеден босату
бөлмеге таза ауа ағнын арттыру
дәрігердің сәйкес тағайындауы болса, науқасқа қалталық ингалятор беріп, оны қалай қолдану туралы түсіндіру
қажет болса оксигенотерапия жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |