Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған науқастарды диагностикалық тексерулерге дайындау, зерттеуге қақырық жинау ережелері, қалталық ингаляторды қолдану, оттегі терапиясы Тіннің өткізгіштік қасиетіне байланысты рентген сәулелері диагностикада қолданады. Тыныс алу жүйесінің түрлі рентгенологиялық зерттеу әдістері ең маңызды болып табылады. Рентгеноскопия – адам денесінен рентген-сәулесін өткізіп мүшесінің бейнесін экранда көруге болатын әдіс. Рентгенография – рентген-сәулесі арқылы суретке түсіріп алу әсіді. Томография – қабаттық рентгенография. Флюорография – кеуде қуысының мүшелерін кіші көлемде суретке түсіріп алу әдісі. Рентген-сәулесінің аз өтуіне байланысты адам ағзасына қаупі төмен.
Бронхография – бұл әдіс бронхқа катетермен контрасттық заттарды жіберу арқылы бронх жолдарын суреттеп алу. Бронхография наркозбен жасалады, ол бронхоскоп арқылыв бронхтарда рентген-контрастық затын енгізу арқылы бірнеше рентген-суреті жасалынады.
Эндоскопия зерттеу әдісі – тыныс алу органдарының ауруларының диагностикасына маңызды орын алады. Бұл әдіс арқылы трахея мен бронхтың ішкі кілегей қабаттарын арнайы оптикалық инструментпен – бронхоскоп арқылы көруге болады. Бронхоскопия – бронхтың кілегей қабатын зақымдануын (бронхит, бронхоэктаз ауруы), бронхтағы ісікті анықтауы және оның тканінен қысқыш арқылы бөлшегін алып биопсияға жіберіп, бактериологиялық және цитологиялық зерттеулер үшін бронх жуындысын алып зерттейді. Бронхоскопия арнайы дайындалған дәрігермен жүргізіледі. Науқасқа жүргізілетін зерттеу жөнінде алдын-ала хабарланып және тамақ ішпеуін ескерту қажет.
Функционалдық зерттеу әдістерінің бірі – спирография (тыныс қимылдарын графикалық тіркеу әдісі).
Сыртқы тыныс алу функциясын (өмірлік өкпе көлемінің) анықтауының инструменталдық әдсі – спирография деп аталады. Науқас арнайы дайындықсыз орындыққа отырып, резіңке мундштукты аузына салып мейірбикенің бұйрығымен аппаратқа аузбен дем алып-шығарады (мұрында қысқыш болады). Өмірлік өкпе көлімінің төмендеуі эмфизема, пневмосклероз, сол қарыншалық жетіспеушілікте байқалады. Бұл әдіс тыныс алу жүйесінің жетіспеушілігін анықтауға мүмкіндік береді, кейбір кездерде бірінші клиникалық симптомдардың пайда болуына дейін, оның типін, сипатын және осы жетіспеушіліктің көрінісінің дәрежесін анықтайды.
Тыныс алу мүшелерінің рентген-зерттеуі арнйы дайындықты қажет етпейді, дер кезінде ауырға хабарлап, рентген-кабинетіне апару керек.