«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет13/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Науқастарды бөлімшеге тасымалдау

Науқасты қараған дәрігердің ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге жаяу кресло- каталкамен, немесе зеңбілмен жіберіледі. тасығыш заттар төсек жабдық пен қамтамасыз етіледі, оларды қолданғаннан кейін ауыстыру қажет. Өздігінен жүретін науқастарды қабылдау бөлімінен палатаға дейін кіші мейірбике ертіп апарады.


Науқасты бөлімшеге бақылаушы мейірбике күтіп алады, онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны, санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы айтады. Содан кейін мейірбике түскен науқас туралы дәрігерге баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша тағайындаулар жасайды.
Өздігінен жүре алмайтын науқастарды бөлімшеге зеңбілмен тасымалдайды. Әлсіреген науқастарды, мүгедектерді, кейбір егде және кәрі адамдарды көбінесе арнайы крестло-каталкамен, (абайлап, қатты селкілдетпей) ауыр науқастарды каталкамен немесе зеңбілмен тасымалдайды. Науқас жатқызылған зеңбілді 2 немесе 4 адам көтеруге болады, олар қысқа адым мен қатарласпай жүрулері қажет. Саты мен көтерілгенде науқасты басын алдыға, төмен түскенде аяқтарын алдыға қаратып көтереді. Екі жағдайда да зеңбілдің аяқ жағы сәл жоғары ұсталынады. Зеңбілді көтеруді жеңілдету үшін кейде арнайы санитарлық лямкалар қолданылады. Науқасты қолмен тасымалдауды және оны ауыстырып жатқызуды 1, 2, немесе 4 адам жүргізуі мүмкін. Егер науқасты 1 адам тасымалдаса, онда ол бір қолымен науқастың кеудесін жауырын деңгейінде ұстайды, ал 2-ші қолын сандарының астына жібереді, бұл кезде науқас көтерушінің мойнынан құшақтайды.
Науқасты зеңбілмен төсекке ауыстырып жатқызу ептілікті және байыптылықты қажет етеді. Бұны 2-3 медицина қызметкері жүргізеді. Ауыстыру ыңғайлы болу үшін зеңбілді төсекке тура бұрыштап, қарама-қарсы, жалғастырып, кигізе қояды. Зеңбілді төсекке тигізіп қойып, ауыстыру науқастан белгілі бір күш түсіруді қажет етеді, сондықтан бұл әдіс көбінесе қолданылмайды. Егерде техникалық себептермен зеңбілдің мұндай орналасуы мүмкін болмаса, ондай зеңбілді төсекке қарама-қарсы қояды, қызметкерлер бұл кезде зеңбілмен төсектің арасында бірінен соң бірі немесе тіпті болмаған жағдайда оған жанаса тұрады. Науқасты төсекке жатқызар алдында төсектің дайындығын, барлық күтімге қажетті заттардың бар екендігін тексереді. Науқасқа қосымша ауырсыну сезімін тудырмай тасымалдау және ауыстырып жатқызу белгілі бір иіптілікті және тәжірибелікті талап етеді.
Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың белсенді, белсенді емес, мәжбүрлік қалпын ажыратады. Белсендік қалыпта науқас төсектегі өз қалпын емін еркін өзгерте алады және жүре алады. Белсенсіз қалыпта науқас өздігінен қозғала алмайды. Мысалы; зілді мертігулерде жаралануда, сал болып қалғанда және т.б. Мәжбүрлік қалып дегеніміз науқастар ауырсынуы жеңілдету мақсатында қабылдайтын қалып. Мысалы; ортопноэ-қан айналымының жетіспеушілігі бар науқастардың аяқтарын төмен түсіріп, отыруы, бұл кезде қан аяқ көк тамырларында жиналады да өкпедегі қан іркілуі азаяды, ентігу біраз әлсірейді.
Науқастың қалпы әрдайым оған тағайындалған қозғалу тәртібімен сәйкес келе бермейді.Науқастың белсенділік тәртіптері:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет