«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Санитарлық-эпидемияға қарсы режим. Емшара кабинетіндегі мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру



бет5/30
Дата03.05.2023
өлшемі108,48 Kb.
#89458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
6. Санитарлық-эпидемияға қарсы режим. Емшара кабинетіндегі мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру.
Санитариялық-эпидемияға қарсы режим – аурухана ішінде жұқпалы аурудың таралмауын қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жиынтығы. Осы тәртіпті қамтитын іс-шаралар жиынтығы – асептика мен антисептика.
Асептика – Науқастың ағзасынан микроорганизмдерден қорғау және оларды алдын алуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Антисептика – жарада немесе денедегі микроорганизмдерді және олардың спораларын жоюға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Екі түрі: профилактикалық – микроорганизмдерді жараға, денеге жұқтырмау, алдын лау. Емдік антисептика: механикалық, физикалық, химиялық, аралас, биологиялық.
Механикалық – биологиялық сұйықтықтарды, қалдықтарды, өлі тіндерді көп мөлшерде арнайы сұйықтықпен жуу, тазалау.
Физикалық – кварцтау, ультра күлгін сәулелеу, гипертонялық ерітінділер, дренаждау.
Химиялық – микробтарға қарсы дәрілік препараттарды енгізу. Дәрілік заттарды антисептиктер деп атайды. Этил спирті, йод, перекись водорода, калий перманганаты, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі.
Биологиялық – сарысулар, антибиотиктер, вакциналарды қолдану.
Аралас – антисептиканың бірнеше түрін қолдану.
Дезинфекция – зарарсыздандыру, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын алдын алу, жою. Екі түрі: ошақты, профилактикалық.
Тәсілдері:
Механикалық – бөлмені желдету, шаңды ылғалды шүберекпен сүрту, жуу, тазалау.
Физикалық – ультра күлгін сәулелері, кептіру, өрттеу, қайнату, су буының қысымымен әсер ету.
Химиялық – патогенді микробтарды химиялық заттармен жою.

Емшара бөлмесін жалпы жуу, тазалау тәртібі.


Қажетті құралдар:

  • Шелек

  • Швабра

  • Шаралар

  • Еден жууға арналған шүберек

  • Залалсыздандырылған шүберек

  • Сабын, кальцийленген сода, зарарсыздандыру ерітіндісі

  • Өлшеу сызықтары

  • Халат, орамал, алжапқыш, резеңке қолғаптар.

Жұмыс алгоритмі:

  1. Халат, орамал, қолғап, алжапқышты кию

  2. Зарарсыздандыру ерітіндіні дайындау керек: 1% калий гипохлорид ерітіндісі немесе басқалары

  3. 2% сабынды-содалы ерітіндіні дайындау (200гр сабын, 200гр кальцийленген сода)

  4. Жиһаздарды заттарды бөлменің ортасына жинау

  5. Шүберекті ерітіндіге малып, бөлмену тазалау

  6. Содан кейін таза сумен шаю керек

  7. Шүберекті құрғатып сүрту

  8. Жиһаздарды орнына қойып, бактериоцидті лампаны 2 сағатқа қосу

  9. Бөлмені 20-30 минут желдету

  10. Жинастыру құралдарын зарарсыздандырып, сумен шайып, құрғатып, арнайы бөлмеде сақтау.

Ескерту: Терапиялық бөлмелерді айына бір рет, ал хирургиялық бөлмелерді аптасына бір рет тазалау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет