«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


ОСБ-да медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазалау



бет7/30
Дата03.05.2023
өлшемі108,48 Kb.
#89458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
КК диффка

8. ОСБ-да медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазалау.
Стерильдеу алдында барлық медициналық құралдарды міндетті түрде тазалау қажет. Яғни, стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, дәрілік заттардан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық əдістермен тазартады.
Қажетті құрал жабдықтар:
медициналық құрал-жабдықтар;
• жуу ерітіндісіне арналған ыдыс;
• дистельденген суға арналған ыдыс;
• «Лотос», «Биолот» секілді жуу ұнтақтары;
• 27,5% сутегі асқын тотығының ерітіндісі;
• натрий олеат;
• 1% фнеолфталеин ерітіндісі;
• азоперам ерітіндісі;
• астаушалар;
• тамшуырлар;
өлшеу-сызықтары бар ыдыстар;
• мақта-дәке тампондары;
• дәке салфеткалар;
резеңке қолғап, клеенкалы алжапқыш.
Жұмыс тәртібі:
1. Алжапқышты, резеңке қолғаптарды кию.
2. Төмендегі жуу ерітінділерінің бірін дайындау:
а) «Лотос» жуу ұнтағы – 5 г;
27,5% сутегі асқын тотығының ерітіндісі – 17 мл;
натрий олеат – 1,4 г;
50°С-қа дейін жылытылған су – 1 л.
б) «Биолот» жуу ұнтағы – 5 г;
40-45°С-қа дейін жылытылған су – 1 л.
3. Құрал-жабдықтарды жуу ерітіндісіне 15 минутқа салып қою. Қатты ластанған құрал-жабдықтар болса алдын-ала 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С-та 1 сағатқа салып қойып, кейін 30 секунд ағынды судың астында шаю.
4. Әрбір бұйымды жуу ерітіндісінде дәке-мақта тампонымен 0,5 минут ішінде тазалау.
5. Бұйымдарды ағынды судың астында жуу («Лотос» жуу ерітіндісінен кейін – 10 минут, «Биолот»-тан кейін – 3 минут).
6. Бұйымдарды дистельденген суда 0,5 минут бойы жуу.
7. Стерильдеу алдындағы тазалаудың сапасына бақылау жүргізу:
- фенолфталеинмен тексеру: бақыланатын затқа тамшуырмен 1-2 тамшы 1% фенолфталеин ерітіндісін тамызу. Егер 30 секундта реактив алқызыл түске боялса, онда жуу ерітіндісінің бар болғаны, ал егер түссіз күйінде қалса, онда таза болғаны.
- азопираммен тексеру: универсалды бақылау әдісі. Азопирам ерітіндісін дайындау: 100 мл. ерітінді дайындау үшін 10 г амидопирин және 0,5 г анилиннің тұзды қышқылын өлшеп алу. Оларды құрғақ ыдыста араластырып, 100 мл-ге дейін 95% этил спиртін құю. Дайын ерітіндіні аузы тығыз жабылатын ыдысқа құйып, +4°С-тағы тоңазытқышта екі айға дейін сақтауға, ал қараңғы жерде н/е қоңыр шыны ыдыстарда 18-23°С-тағы бөлмеде 1 айға дейін сақтауға болады. Реактив түсінің сарғаюы оның сапасын төмендетпейді.
Бақылау жүргізудің алдында жұмыс ерітіндісін әзірлеу. Ол үшін бірдей мөлшерде дайын ерітінді мен 3% сутегінің асқын тотығын араластыру қажет. Мақта тампонын ерітіндіге малып алып құралдарды сүрту н/е тамшуырмен 3-4 тамшы ерітіндіні тамызу. Реакция 1 минуттан соң пайда болады. Егер құрал-жабдықтарда қан қалдықтары болса жасыл-көк түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған реакция есептелмейді. Азопирам гемоглобинді, пироксидазды, хлоры бар зарарсыздандыру ерітіндісінің, жуу ұнтағының және қышқылдардың бар-жоқтығын анықтайды.
8. Құрал-жабдықтарды 80-85°С-тағы ыстық ауалы шкафта ылғалы кепкенше кептіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет