«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес заманауи дезинфекциялық ерітінділер



бет8/30
Дата03.05.2023
өлшемі108,48 Kb.
#89458
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
КК диффка

9. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес заманауи дезинфекциялық ерітінділер.
Дезинфекция – қоршаған ортадағы жұқпалы, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жою.
Дезинфекциялаудың 3 әдісі бар:
• механикалық – жуу, шаңсорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.
• физикалық – қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету және т.б.
• химиялық – химиялық заттарды қолдану.
Дезинфекциялаудың осы химиялық әдісінде әртүрлі дезинфекциялық ерітінділер қолданылады. ЕПҰ-да дезинфекция үшін Денсаулық сақтау министрлігі, сан-эпид бақылаудың рұқсат еткен ерітінділері ғана қолданылады. Оларға сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций және т.б. жатады. Дезинфекциялау кезінде осы ерітінділермен суландыру, сүрту, шашырату немесе толық батыру әдістері пайдаланылады. ЕПҰ-да көбінесе толық батыру әдісі жиі қолданылады.
Лизоформин ерітіндісі – сұйық көгілдір түсті платмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.
0,5% лизоформин ерітіндісін дайындау үшін 8 л суға 40 мл лизоформин;
1% лизоформин ерітіндісін дайындау үшін 8 л суға 80 мл лизоформин;
2% лизоформин ерітіндісін дайындау үшін 8 л суға 160 мл лизоформин;
3% лизоформин ерітіндісін дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин;

Хлорамин ерітінділері - тура пайдалану алдында қолданылады.


0,5% хлорамин ерітіндісін дайындау үшін 1 л суға 0,5 г хлорамин. Ол асхана ыдыстарын дезинфекциялауға қолданылады.
1% хлорамин ерітіндісін дайындау үшін 1 л суға 0,5 г хлорамин.Ол науқастың қанымен, шырышты қабатымен жанаспаған құрал-жабдықтарды дезинфекциялағанда, күнделікті үй-жайларды тазалағанда қолданылады.
2% хлорамин ерітіндісін дайындау үшін 1 л суға 0,5 г хлорамин. Ол науқастың қанымен, шырышты қабатымен жанасқан құрал-жабдықтарды дезинфекциялағанда қолданылады.
3% хлорамин ерітіндісін дайындау үшін 1 л суға 0,5 г хлорамин. Ол генералды тазалау жұмыстарын жүргізгенде және туберкулез ауруымен ауыратын науқастармен қатынас жасаған құрал-жабдықтарды өңдеу үшін қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет