Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
гімелесу, сауалнама. 
Зерттеуші-педагог алдына мақсатты анық, дұрыс қоя 
білсе, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама әдістері арқылы үлкен же-
тістіктерге жетуіне болады. Бұл үшін негізгі және қосымша сұ-
рақтарды да дәл, мазмұнды ету қажет. Егер де тәрбиеші қажетті 
моральдық-психологиялық жағдай туғыза алса, әңгіменің, сұх-
баттың тиімділігі жоғары болады. 
Топ балаларының талап-тілегін білу үшін тәрбиеші са-
уалнама жүргізіп, онда мыналарға көңіл аударылды:
1.Сұрақтардың нақтылығы, жауаптың дәл берілуі, жа-
бық сауалнама өткізу (жауаптары шектеулі), ашық жауап алуға 
да болады, бала ойын, көзқарасын айта алады. 
2.Сөздік әдістерді (баяндау, репродуктивті, эвристика-
лық) қолдануда негізгі көңіл бөлгеніміз бала тілінің дамуымен 


34 
қатар ойының жүйелілігін, байланыстырып сөйлеуін дамыту 
болды.
3.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қол-
данылатын әдіс баяндау әдісі. Баяндау кезінде айтылатын тір-
кестер анық, сөйлемдер қысқа, жеңіл грамматикалық формамен 
берілуі қажет. Баяндау кезінде мәнерлі сөйлеуге дағдыландыра-
тын төл сөздерді де кірістіруге болады. Баяндау іс- әрекетінің 
құрылысы төмендегідей болуы тиіс. 
1) Кіріспе бөлім. Балаларды жаңа материалды қабылдауға 
даяарлау. 
2) Мәтінді оқып беру.
3) Шығарманы балалар есте жақсы сақтау үшін екінші рет оқу.
4) Шығарма мазмұнын талдау. 
5) Талдаудан кейін балалардың шығарма мазмұнын қалай түсін-
генін байқау үшін тағы да шығарманы қайталап оқу.
6) Балалар оқылған материалды естеріне түсіріп жауап беруге 
дайындау үшін бірнеше секунд уақыт беру. 
7) Балалардың баяндауы. 
Кейде мұндай сабаққа жаңа өтілген материалдармен қа-
тар оларға бұрыннан таныс шығармаларды да естеріне түсіріп, 
қатар баяндату олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Со-
нымен қатар әңгімелесу, баяндау сабақтары бір-бірімен байла-
нысты, бірін-бірі толықтырып отыратындай дәрежеде өтілуі ке-
рек. Балаға үйретілетін әрбір жаңа сөзбен сол сөз бейнелейтін 
зат арасында байланыс болуы қажет. Балабақшадағы оқыту жұ-
мысын балалардың шағын ұжымда өткізілетін педагогикалық 
процесс болғандықтан, ол сәбиге берілетін білімнің дәлдігі, са-
палығы, дамыта оқытылды. 
Баяндау әдіс арқылы сабақта балаларға жаңа білім бері-
леді. Баяндау әдісін қолдану үшін материалдарды тәрбиешінің 
өзі жетік те, толық білуі тиіс. Баяндау барысында шығарманың 
басталуы, өрбуі, шарықтау шегі және аяқталуын дауыс ырғағы 
арқылы шебер жеткізіле отырып, көркем шығарманы баланың 
санасына жеткізуге жағдай жасалады. 
Репродуктивті әдісті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті
қолдану кезінде тәрбиеші түрлі сұрақтар қойып, тапсырмалар 


35 
орындатып балалардың жаңа білімді меңгеруіне, өткенді естері-
не түсіруіне, яғни табиғат құбылыстарын суреттеуі немесе оқи-
ғаны қысқаша өз түсінігі бойынша айтып беруге жетелейді. Ба-
лалардың өткен тақырыпты естеріне түсіруге және жаңа мате-
риалдарды меңгертуге мазмұнды суреттер беріліп әңгімелеу 
ұсынылады. 
Эвристикалық әдістің көмегімен байланыстырып сөй-
леуді қалыптастыруда түрлі жағдаяттар туғызатын сұрақтар мен 
тапсырмаларды балалардың өздігінен шешуіне мүмкіндік туғы-
зылады. Сондай-ақ баладан ойын жүйелі құрастыруға және то-
лық жеткізуге талап қойылады. Сөздік әдіске жататын баяндау, 
әңгімелеу, әңгімелесу, қысқаша әңгіме құрастыру тәсілдері, мек-
тепалды даярлық тобындағы балалардың ойын, өрбітіп, байла-
ныстырып сөйлеуін қалыптастыруда өте тиімді. 
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды 
жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар үшін 
қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеру-
ге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Ойынды арнайы сабақ ретінде 
немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойынды қолдану-
дың ерекше көңіл бөлетін негізгі шарттары бар. Олар: 
- ойын балалардың алдына тапсырма ретінде қойылады; 
- балалардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады; 
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады; 
- ойынның нәтижесі бірден қорытылып отырылады. 
Педагог-тәрбиешілер сабақта ойын элементін қолдану 
барысында мына негізгі мәселелерге көңіл аударады: 
- ойынның мақсатын айқындау. Балалар ойын кезінде 
қандай іскерлік пен дағдыны, жаңа сөздерді, сөйлем құру ерек-
шелігін игереді, ойынның тәрбиелік мақсатын; 
- ойынға қатысушылардың санын анықтау; 
- ойын барысында қолданылатын материалдардың тар-
тымдылығы; 
- ойын шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру; 


36 
- ойынның қанша уақытқа созылатындығы. Ойынның 
әсерлілігі, қызықтылығы және байланыстырып әңгімелеуге сәй-
кестігі; 
- балалардың ойынға қатысу белсенділігін бақылауға
-
ойынды қорытындылау, оның нәтижесін хабарлауға тиісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет