68
айдынындағы ойын түрлерін ататқызу (конкимен, шанамен
сырғанау).
Ғ. Ормановтың “Сырғанау” өлеңін оқып беру.
Қыста терезеге әсем-өрнек салатын – қырау. Ол өте ше-
бер, неше түрлі ою-өрнектерді терезе әйнегінен көреміз. Бұл да
қыстың
кереметі, табиғи құбылыс.
Жұмбақ шешу: Жоқ қолы, не аяғы,
Терезеге қонады.
Әсем ою ояды,
Көркем сурет салады. (Қырау)
Балалармен қыс мезгіліндегі адамдардың қар тоқтату
жұмыстарын жүргізетіні туралы әңгімелесу. Егін алқаптарына
қар жинау жайында көргендерін айтқызу. Бұл қардың көктемде
еріп
суға айналатынын, оның егінге тигізетін пайдасын айтып
түсіндіру. Жер бетін қар басқанда қыстап қалған құстарға жем
беріп аялаудың керегін айту.
Осы жайында сөйлем құрату
(Қарға, сауысқан, суық торғай – қыстап қалатын құстар. Қарға
суыққа төзімді. Ол қалдықтармен қоректенеді.
Оның тұмсығы
өткір, т.б.).
Балаларға табиғи құбылыстар жайында түсінік берген-
нен кейін түрлі (аяз, бұлт, қырау, қар, т.б.) жаңылтпаштар мен
мақал-мәтелдер айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: