3.1-
ендірме
Шағын жинақталған
мектептерді қолдауға арналған ресурстық
орталықтар
Ресурстық
орталықтар (тірек мектептер
деп аталатын) алғаш рет Қарағанды облысында қаланың білім
бөлімімен және облыстың білім басқармасымен
бірлесе отырып әзірленген пилоттық жобада сыналған
.
Осы
бастамаға қызығушылықтың арқасында
жобаны
Білім және ғылым министрлігі қарады және жобаның ұлттық
пилоты
2012 жылы басталды. 2014 жылы Қазақстанда
59
ресурстық орталық
жұмыс істеді
,
2015 жылдың
соңына дейін олардың желісін 160 дейін ұлғайту жоспарланған. Ресурстық
орталықтар негізінен үлкен, жақсы
жабдықталған мектептерде ұйымдастырылды, бірақ кейбір
жағдайларда мектептің ресурстық орталық
ретінде
жұмыс істеуі үшін мектеп ғимаратына және жабдыққа
белгілі бір инвестициялар қажет болды.
Жекелеген ресурстық орталықтардың негізгі мақсаты ресурстық орталыққа тікелей жақын орналасқан
шағын жинақталған
мектептер тобындағы
білім беру сапасын жақсартуды қолдау болып табылады. Әрбір
орталыққа жұмыс істеу үшін 3
-
4 магниттік мектеп бөлініп беріледі. Мысалы, қазіргі уақытта
59
ресурстық
орталық
192
ШЖМ үшін
білім беру қызметтерін
көрсетеді.
Ресурстық орталықтар
көрсететін қолдау ШЖМ
8-
9 сыныптарының оқушылары
үшін ұйымдастырылатын
арнайы сессияларда. Бұл оқушылар
ШЖМ
бір немесе екі мұғалімінің сүйемелдеуімен
сессияларға оқу
жылында үш рет келеді, әрбір сессия екі аптаға созылады (10 мектеп күні). Бірінші сессия қыркүйекте өтеді
және оқушылардың білімін тексеруден тұрады. Соңғы сессия сәуірде өтеді және тест түріндегі оқушылардың
білімдерін тексеруден тұрады. Тестілер екі тапсырманы шешу үшін пайдаланылады: олар жекелеген
оқушыларды ескере отырып оқу шаралары жоспарын дайындауға мүмкіндік береді; және олар сонымен қатар
оқушылардың оқу жылындағы үлгерімдеріндегі жетістіктерді бағалауға мүмкіндік береді. Сессиялар арасында
ресурстық орталық ШЖМ
оқушыларын қашықтықтан қолдап отырады. Егер
ШЖМ ресурстық орталықтан алыс
орналаспаған
болса, балаларды күнделікті тасымалдау қамтамасыз етіледі, басқа жағдайда балаларды
орналастыру қарастырылады. Оқушылар сонымен қатар оқулықтармен, басқа да білім беру ресурстарымен
және тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
ШЖМ оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдердің
еңбек
ақыларынан тұратын басқа шығындар ресурстық орталық
бюджетіне жатады
.
Ресурстық орталықтағы оқу сабақтарын ресурстық орталық
мұғалімдері
жүргізеді. Сабақтарда сондай
-
ақ
ШЖМ мұғалім болады, бірақ ол пассивті режимде. Оқушылар жоғары білікті мұғалімдермен
жұмыс жасап қана
қоймайды
,
олардың зертханалар мен кітапханаларға баруға да рұқсаттары болады. Бұл процестің
маңызды
бөлігі шалғай аудандардағы ШЖМ оқушыларының ресурстық орталық
оқушыларымен әлеуметтік өзара іс
-
қимылы
болып табылады. Ережелерге сәйкес
,
ресурстық орталықтың оқу жоспары орталықтың
консультациялық
кеңесі бекітетін магниттік мектептердің
шарттары
мен жоспарларын да ескеруі тиіс. Осы
институционалдық тетік
мектептер арасындағы әріптестікке ықпал етеді
және барлық оқушылардың
қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Дереккөз: мектептермен сұхбат, АТО (2014), Министрдің 2013 жылғы
17 қыркүйектегі
№
375 бұйрығы
79
Мектептерді қаржыландырудың қолданыстағы және болашақ үлгілері
Қаржыландыруың қолданыстағы үлгісі
Мектептер арасында ресурстарды бөлу туралы шешімді қазіргі уақытта аудандар ұлттық
нормаларды ескере отырып өздерінің қарауы бойынша қабылдайды және практикада олар өткен
жылдардың шығындарымен тығыз байланысты. Мектептердің директорлары өздерінің
орынбасарлары мен мектеп бухгалтерлерінің қатысуымен мектептің жылдық бюджетін
дайындауға жауап береді. Бюджетті дайындаудағы бірінші кезең қалыптасқан сыныптар санына
негізделген мектеп қызметкерлерінің тізбесін жасаудан тұрады. Сыныптар санынан директордың
орынбасарларының саны мен түрлері, оқу сағаттарының саны және олармен байланысты бөлінуге
тиісті міндеттер, сондай-ақ мектептің қосымша қызметкерлерінің саны және түрі айқындалаы
(4.А1 қосымшасын қараңыз). Оқу сағаттарының жалпы саны қажетті мұғалімдердің санын,
сондай-ақ мектептің әрбір басқарушы қызметкеріне тоғыз оқу сағатына дейін бөлінгеннен кейін
педагогикалық жүктемені анықтау үшін пайдаланылады. Екінші кезеңде қолданыстағы заңнаманы
және оларың жүктемесін қатаң сақтай отырып (мысалы, санат, біліктілік, тәжірибе), әрбір
қызметкердің нақты еңбек ақысын есептеу жүргізіледі. Соңғы кезеңде ресурстардың және басқа да
қамсыздандыру бағаларындағы өзгерістерді (мысалы, техникалық қызмет көрсету, объектілер,
жабдықтар) ескере отырып қалған ағымдағы шығындардың (мысалы, жылыту және электр
жарығы) есебі жүргізіледі. Мектептер жыл бойына қажеттілігі бойынша жергілікті органдардан
әртүрлі мақсаттар үшін (мысалы, мектеп құрылысын салу, бүлінген мектеп жабдығын жөндеу,
жетіспейтін оқулықтарды сатып алу) қосымша ресурстар сұрауы мүмкін.
Мектептер өздерінің бюджеттік өтінімдерін аудандарға береді. Штаттық құрылым және еңбек
ақы оқу жылы басталғанға дейін (қыркүйекте) талқыланады және бекітіледі, ал мектептің ортақ
бюджеті қаржы жылына қабылданады (қаңтардан желтоқсанға дейін) және аудан бюджеті
анықталғаннан кейін жыл ішінде бекітілетін болады (2-бөлімде қараңыз). Ауданның білім
департаменті ұсынылып отырған кадрлық қамтамасыз етудің ұлттық нормаларға сәйкестігін
тексереді, ал қыржы департаменті жалпы қаржы есептеулерін тексереді. Аудан бюджеті
анықталғаннан кейін жергілікті білім беру және қаржы органдарында қалған бюджетті, яғни
мектептің минималды бюджеті (яғни, қызметтерге арналған шығындар және басқа да маңызды
эксплуатациялық шығындар) сомасы арасындағы аудан бюджетінде мектептерге арналған
шығындармен қарастырылған айырмашылыққа қатысты еркіндік пайда болады. Қалған бюджеттің
бірқатар бөлігі мектептерге олардың бюджеттері бекітілгенге дейін немесе жыл бойына
қарастырылмаған шығындарды жабу немесе арнайы сұраныстар бойынша бөлінулері мүмкін.
Сарапшыларға олар барған жергілікті органдар мен мектептерде іс жүзінде, мектептер
бюджеттері негізінен өткен жылғы қаржыландыру деректеріне инфляцияны ескере отырып
негізделетіні және мектептерде өздерінің мүдделерін қорғау мүмкіндіктерінің жоқтығы
хабарланды. Мектептердің бюджеттік өтінімдері әдетте қысқарту жағына қарай түзетіледі және
мектептерге жеке тәртіпте қарастырылмаған шығындарды жабу немесе арнайы сұраныстарға
арналған шығындарды төлеу үшін бюджетті ұлғайтуды талқылауға тура келеді.
Мектептерді қаржыландырудың болашақ үлгісі
Мектептерді қаржыландырудың болашақ үлгісінде жан басына шаққандағы қаржыландыру
формуласы өсім шығындарымен сәйкестендіріледі. Қаржыландырудың жаңа үлгісімен жұмыстар
2005 жылы басталғанымен, қаржы құралдарын бөлу формуласы заң жүзінде тек 2013 жылы ғана
қабылданды, пилоттық жоба 2014 жылы басталды, ал ауқымды енгізу 2015 жылға жоспарланған.
Сапар кезінде сарапшылар сұхбат алған қызметкерлер, жаңа үлгінің қызметкерлерге арналған
шығындарды қысқартуға және мектепті дамыту үшін қаржы құралдарының бірқатар бөлігін
ұсынуға бағытталғанын атап өтті. Қаржыландырудың жаңа үлгісі пилоттық негізде 2013 жылдың
қыркүйегінде 4 облыстың 50 мектебінде енгізілген (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және
Оңтүстік Қазақстан) және 2014 жылдың қаңтарында Ақмола облысының 13 мектебінде енгізілген
болатын (АТО, 2014). Пилоттық жобаны басқару және мониторинг жүргізу үшін, Министрліктің
ведомстволық ұйымы Қаржы орталығы жауап береді. Бөлу формуласы заңнамада бекітілген, орын
алатын өзгерістер туралы ақпараттары бар буклеттер мектептер басшылары арасында таратылған
80
болатын. Жаңа үлгі барлық мектептерге қолданылатын болады (яғни, бастауыш, негізгі және
орта), тек шағын жинақталған , арнаулы және мамандандырылған мектептерден басқаларына
(мысалы, түзетуші, пәндерді тереңдетіп оқыту, НЗМ). Қаржыландырудың жаңа сызбасы екі
компоненттен тұрады:
Білім беру процесі орталық атқарушы органдар төлейтін шығындардан тұрады: еңбек ақы
шығыны және осымен байланысты жарналар, оқу материалдары (мысалы, оқулықтар, оқу
кешендері), жоғары жұмыс нәтижелері үшін қызметкерлерге арналған сыйақылар. Олар
жан басына шаққындағы қаржыландыру формуласы шеңберінде қаржыландырылады
және қаржы құралдарын орталық атқарушы органдар тікелей мектептерге аударылады.
Осылайша, мұғалімдердың еңбек ақысы бүкіл ел бойынша тең болып қалады. 3.А1
қосымшасы білім беру процесі үшін қаржыландыруды бөлуге арналып пайдаланылатын
формула туралы қосымша ақпараттардан тұрады.
Білім беру ортасы басқа шығындардан тұрады: коммуналдық қызметтер, байланыс
қызметі, техникалық қызмет көрсету, ұсақ жөндеу, оқушылардың тамақтануы және басқа
да қолдаулар, көлікпен қамтамасыз ету, қаржы қызметтері және басқа да қажетті
қызметтері. Оларды жергілікті атқарушы органдар мектептердің нақты қажеттіліктері,
шарттары және мүмкіндіктері негізінде ұлттық нормаларды сақтай отырып жүргізеді.
Мысалы, мектепті жылытуға арналған шығындар әртүрлі мектептерде пайдаланылатын
отын түріне, ауа-райы жағдайларына, мектеп ғимараттары мен объектілері жағдайларына
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Мектептерді қаржыландырудың жаңа үлгілерін енгізуді қолдау үшін, қамқоршылық
кеңестерін құру және мектептердің ұйымдастырушылық үлгісін мемлекеттік мекемеден
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға өзгерту сияқты тиісті өзгерістер жүргізілді. Жаңадан
құрылған қамқоршылық кеңестерін әдетті мектеп директорлары басқарады және тағы да басқа
төрт мүшеден тұрады: аудан немесе қала өкілі, ата-аналар өкілі және бірқатар шақырылған
жергілікті бизнес басшылары. Кеңестің негізгі мақсаты мектептіңдамуына көмектесу, оның қаржы
құралдарын бақылау, орталық нұсқаулықтар негізінде ең таңдаулы мұғалімдер арасында
қаржылық сыйақыларды бөлу болып табылады (2-бөлімді қараңыз). Мектептердің жаңа
ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісі оларға өздерінің бухгалтерлік есептерін өзгертуге және
қосымша ақылы қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Педагог кадрлар
Педагог кадрлардың сипаттамасы
2012-2013 оқу жылында мектеп жүйесінде 292 064 мұғалім жұмыс істеді, оның 63% ауылдық
жерлерде болды. 2008-2009 және 2012-2013 оқу жылдары арасында мұғалімдер құрамы 9,1%
артты (3.2.-кестені қараңыз). Оқытушылық кәсіптің негізгі ерекшелігі, ол жерде әйел адамдардың
аса көптігі болып табылады: 2012-2013 оқу жылында әйелдердің үлесі қалалық және ауылдық
мектептерде тиісінше 88% және 76% құрады. Бұл ЭЫДҰ елдеріндегі 2012 жылғы көрсеткіштерден
айтарлықтай жоғары: тиісінше бастауыш, негізгі және орта білімнің жоғары сатысында 82%, 67%
және 59% құрады (ЭЫДҰ, 2014а).
Қазақстандық мұғалімдердің біліктіліктері соңғы жылдары артты, бірақ 2012-2013 оқу
жылында шамамен мұғалімдердың 12% жоғары білім болған жоқ, және де бұл ауыл мектеріне тән
(шамамен 14%), ал қала мектептерінде (9%) (3.2-кестені қараңыз). Бастауыш білімде сол оқу
жылында мұғалімдердің 25% жоғары білім болған жоқ (ҰБСБО), 2013а). Бұл көрсеткіш әртүрлі
өңірлерде әртүрлі болып келеді; Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және
Солтүстік Қазақстан облыстарында ол 30% құрайды (ҰБСБО), 2013а). Салыстыру үшін, мысалы
ЭЫДҰ оқыту және білім беру саласындағы Халықаралық зерттеулерге қатысқан (TALIS) білім
беру жүйелерінде, жоғары білімдері жоқ мұғалімдердің орташа үлесі 2,3% (ЭЫДҰ, 2014c)
құрады.
81
Мұғалімдердің 2012-2013 оқу жылындағы үштен бірінен артығы (34,4%) 2008-2009 оқу
жылындағы 30,7% салыстырғанда 20 жылдан артық жұмыс өтіліне ие болды (3.2-кестені қараңыз).
Бұл бір жағынан оқыту кәсібінің қартаюымен байланысты. Бұған қарамастан мұғалімдер құрамы
ЭЫДҰ елдерімен салыстарғанда әлі де жас болып табылады. 2011 жылы 20-дан 30-ға дейінгі және
51-ден жастары жоғары мұғалімдер үлесі тиісінше 23,9% және 21,0% тең болды. Салыстыру үшін
сол жылы ЭЫДҰ 30 жастан жас мұғалімдер үлесі бастауыш, негізгі және орта білімде тиісінше
13,0%, 11,3% және 9,1% құраған болатын, ал жастан кәрі мұғалімдер үлесі білімнің сол
деңгейлерінде тиісінше 30,6%, 33,9% және 37,4% құраған болатын.
3.2-
кесте
2008-
2009 және 2012
-
2013 жылдарындағы мұғалімдердің
саны, білім деңгейлері және жұмыс
өтілдері
2012-2013
2008-2009
Мұғалімдер
саны
Барлығы
Қала
Ауыл
Барлығы
Қала
Ауыл
292064
108202
(37.0%)
183862
(63.0%)
267736
96882
(36.2%)
170854
(63.8%)
%
%
%
%
%
%
Білім
деңгейі
Жоғары білім
87.9
90.7
86.2
85.2
90.0
82.5
Аяқталмаған
жоғары білім
0.6
0.3
0.8
1.4
0.9
1.7
Орта кәсіптік білім
11.3
8.9
12.7
12.9
8.9
15.2
Жалпы орта білім
0.2
0.1
0.2
0.5
0.1
0.7
%
%
%
%
%
%
Жұмыс өтілі
3 жылдан кем
12.8
12.4
13.1
13.2
11.5
14.2
3 жылдан 8 жылға
дейін
19.3
17.8
20.2
18.6
16.4
19.8
9 жылдан 16
жылға дейін
20.9
20.7
21.1
22.8
24.6
21.8
17 жылдан 20
жылға дейін
12.6
13.3
12.1
14.6
14.9
14.5
20 жылдан артық
34.4
35.9
33.5
30.7
32.7
29.6
Дереккөз
:
АТО
(2014),
ЭЫДҰ
«Мектептерде
ресурстарды
пайдалану
тиімділігін
арттыру
саясаты
:
Қазақстан
бойынша
елдің
негізгі
баяндамасы»
шолуы
,
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрлігінің
Ақпараттық
-
талдау
орталығы
,
Астана
, www. oecd.org/edu/school/schoolresourcesreview.htm
сайтында қол жетімді
.
Педагог кадрларды даярлау
Мұғалімдерді бастапқы даярлау педагогикалық білімді аяқтауды көздейді. Бастауыш сынып
мұғалімдері кем дегенде, кәсіптік орта (9 сыныптан кейін 4 жылдық бағдарлама) немесе орта
білімнен кейінгі білім (11 сыныптан кейін 3 жылдық бағдарлама) шеңберінде педагогикалық білім
баңдарламасын аяқтаулары немесе олардың жоғары білімдері болуы тиіс (бакалавриаттың 4
жылдық бағдарламасы). Оған қарағанда, негізгі жоғары мектеп мұғалімдері жоғары білім
деңгейінде төрт жылдық білім беру бағдарламасын аяқтаулары тиіс (бакалавр немесе одан
жоғары дәреже).
2013 жылы 144 447 адам жоғары білім деңгейіндегі педагогикалық білім бағдарламалары
бойынша білім алды, 61% мемлекеттік ұйымдарда және 23% мемлекеттік тапсырыс бойынша
(АТО , 2014). Осы бағдарламалар бойынша оқуға қабылдау ЖОО-да қабылдау барысында
пайдаланылатын Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Бірақ,
2015 жылдан бастап жоғары білім деңгейінде педагогикалық білім бағдарламаларына оқуға түсу
үшін жаңа «шығармашылық емтиханы» енгізілетін болады. Бұл емтиханның мақсаты мұғалім
мамандығында жұмыс істеуге үміткерлердің мүмкіндіктерін, оның ішінде олардың дайындығы
мен уәждемелерін бағалау болып табылады. Бастапқы педагогикалық білім бағдарламасы
еліміздің 139 ЖОО-ның 86-да жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды
бастапқы педагогикалық білім бағдарламаларын жүзеге асырушы 86 ұйымның 39 ұсына алады,ал
82
басқа қалған мекемелерде оқу толықтай ақылы негізде жүзеге асырылады. Педагогикалық білім
сонымен қатар магистратура деңгейінде жүзеге асырылады: 2012-2013 оқу жылында
магистратураның бағдарламаларында 4 458 студент білім алды (АТО , 2014).
Бастауыш және орта білімде көптеген педагогикалық мамандықтар бар. Бастауыш сыныптар
мұғалімдерін даярлауда жеті мамандық ерекшеленеді: жалпы бастауыш; информатика; шет
тілдері; қазақ тілі; орыс тілі; өзін-өзі тану; математика. Бұл пәндік білім және педагогикалық білім
бір уақытта алынатын параллельді бағдарламалар болып табылады. Орта білімнің негізгі және
жоғары деңгейі үшін мұғалімдерді бастапқы дайындау 23 педагогикалық мамандықтар бойынша
жүзеге асырылады: (мысалы, қазақ және орыс тілдері және әдебиеттері; физика, тарих; бастауыш
білім педагогикасы және әдістемесі; оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептер үшін қазақ тілі
және әдебиеті; екі шет тілі). 2013-2014 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстағы неғұрлым көп
орындар; дене шынықтыру, кәсіптік оқыту, қазақ тілі және әдебиеті, математика және
информатика болды (АТО, 2014). 2013-2014 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстың көп бөлігі
келесі ұсынылған мамандықтарға берілді: дене шынықтыру, кәсіптік оқыту, қазақ тілі және
әдебиеті, математика және информатика (АТО, 2014). Жүзеге асырылып отырған бағдарламалар
параллельді немесе жүйелі болулары мүмкін, яғни педагогикалық машықтар бір уақытта немесе
пәндік білімдерді алғаннан кейін алынулары мүмкін. Жоғары білім деңгейіндегі үлгілік
бағдарлама, мектептердегі практикадан (бағдарлама несиелерінің 16% кем болмайды; ЭЫДҰ,
2014b), таңдап алынған мамандық бойынша мемлекеттік емтиханнан немесе дипломдық
жұмыстан тұрады.
Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау
Мұғалімдердің жұмысқа кірулері үшін негізгі талап, білімнің тиісті деңгейі және пән
бойынша педагогикалық білімнің болуы. Мектептерде мұғалімдерді жұмысқа алу мектеп
директоры басшылық ететін жалдаудың ашық рәсімі шеңберінде жүзеге асырылады. Мектептер
мұғалімдерді жұмысқа қабылдау және оқу жүктемесін бөлу мәселелерінде дербестікке ие. Бірақ,
мектептер мұғалімдер лауазымдарына, лауазымдық нұсқаулықтарына, талап етілетін біліктіліктер
және жұмысқа алу рәсімдеріне қатысты орталық нормативтік құжаттарды қатаң орындаулары
қажет. Мектеп директорлары ай сайын аудандар мен қалалардың жұмысқа тарту орталықтарына
қолдағы бар бос орындар жайында ақпаратты ұсынып отырады деген болжам бар. Бұл ақпарат
сонымен қатар газеттерде, тиісті мектептің веб-сайтында, аудандар мен қалалардың ресми веб-
сайттарында жариялануы мүмкін. Үміткерлер өз өтінімдерін тікелей мектептерге ұсынады, және
іріктеу рәсімі әдетте мектеп басшылығы және мектептің бірқатар мұғалімдерынан тұратын
комиссия өткізетін әңгімелесуден тұрады.
Қазақстанда мұғалімдерді ауылдық мектептерде жұмыс істеуге ынталандыратын бірқатар
ынталандырушы шаралар бар. Бұл негізгі еңбекақыға қосылатын 25 пайыздық қосымша ақы,
коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған өтемақы (мысалы, жылу), қосымша әлеуметтік қолдау
(мысалы, көтермелеу жәрдемақысы, тұрғын үй жәрдемақысы), малдарға арналған азық. Бірақ бұл
ынталандырулар жергілікті білім органдарының қарастыруына байланысты ұсынылады. Бұдан
басқа, ауылдық жерлерден келген талапкерлерге бағытталған педагогикалық білім
бағдарламаларында оқытуға арналған стипендиялық бағдарлама шарттары бойынша,
стипендиттар оқыту аяқталғаннан кейін ауылдық жерде 3 жылдан кем емес мерзім мұғалім болып
жұмыс істеулері қажет. Осылайша «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы ауылдық жерлерде 5 жыл
жұмыс істейтін ЖОО-дары түлектеріне бағытталған (оның ішінде педагогикалық білімдері бар
түлектерге). Бұл бастамалар еліміздегі өңірлік дамуға көмектесудің ауқымды саясатының бір
бөлігі болып табылады. Бірақ айта кететін бір жайт, орталық нормативтік құжаттарға сәйкес,
15 оқушыдан аз оқушылары бар сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер (бұл көптеген ауылдық
мектептерге тән) қосымша жұмыстарды атқарғаны үшін (мысалы, үй жұмысын тексеру, сыныпқа
жетекшілік ету; бұдан әрі қараңыз) еңбекақысына қосылатын қосымша төлемдердің 50% ғана
құқылы болады (ЭЫДҰ, 2014b).
83
Жүктеме және мұғалімдердің уақыттарын пайдалану
Қазақстанды мұғалімдер еңбекақысы олардың педагогикалық жүктемесіне тікелей тәуелді
апта сайынғы педагогикалық жүктеме (ставка жүйесі) жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Жүктемелерде есетелінетін шаралар: сабақтар дайындығынан, ата-аналармен әңгімелесуден,
конференциялар мен семинарларға қатысудан тұрады. Басқа жұмыстар жекелей төленеді. Бұл
оқушылардың дәптерлерін және жазбаша жұмыстарын тексеруден, оқу-әдістемелік бірлестіктерге
қатысудан, сыныпқа жетекшіліктен, басқа мұғалімдерға басшылық етуден, зертханаға
жетекшліктен, пәннің тереңдетіп оқытылуынан, ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен
жұмыстан, пәнді тереңдетіп оқытудан, жоқ мұғалімдерды алмастырғанда қосымша сағаттарды
оқытудан тұрады. Мұғалімдер оқытудан бөлек сағаттарда мектеп аумағында қалуға міндетті емес.
Бұл мұғалімдер аптасына белгілі бір сағаттары санында жұмыс жасайтын, оның белгілі бір бөлігін
оқытуға арнайтын ЭЫДҰ елдері үшін қалыпты болып табылатын жүктемелер жүйесінен айқын
айырмашылық болып табылады. Басқа уақыттар сабақтарға дайындалу, жұмыста жоқ
мұғалімдердың орнына сабақ өткізуге, үлгерімдері төмен оқушыларға көмектесу, ата-аналармен
кездесу, әкімшілік жұмыстарды орындау үшін пайдаланылады. Әдетте, мұғалім мектепте оқыту
сағаттарына бөлек уақытта да болуы қажет (ЮНИСЕФ, 2011, ставка жүйесінің толығырақ
сипаттамасын қараңыз). Қазақстанның жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері жылдық
төленетін 56 күндік демалыстарын пайдаланады.
Мөлшерлемелер жүйесі аса ыңғайлы. Мөлшерлеме бірлігі аптасына 18 сағаттық оқытудан
тұрады және мұғалімдер әдетте 0,25 мөлшерлемеден 1,5 мөлшерлемеге дейінгі жүктемемен немесе
белгілі бір жағдайларда (мысалы, мұғалімдер жетпеген жағдайда) 2 мөлшерлемеге дейін жұмыс
істейді. Ең төмен педагогикалық жүктемелер белгіленбеген, бірақ заңнамамен ең жоғары жүктеме
1,5 мөлшерлеме белгіленген. Бұл жүйенің бір кемшілігі, бір педагогикалық жүктемеге
(мөлшерлеме бірлігі) азғантай еңбекақы төленеді, сондықтан мұғалімдер мектепте қосымша
жүктеме алуға және/немесе мектепте немесе басқа жерде қосымша жұмыс алуға тырысады.
Лауазымдар құрылымы
Мұғалімдер Қазақстанда азаматтық қызметкерлер болып табылады. Мұғалімдердің
лауазымдық құрылымдары нақты белгіленген және «мұғалімдерді аттестаттау» деп аталатын,
мұғалімдерді сертификаттау процесін қарастырады (4-бөлімді қараңыз). Мұғалім кәсібі төрт
негізгі кезеңнен тұрады: жас маман (санатсыз), 2-ші санат, 1-ші санат және жоғарғы санат. 2011
жылы 1-ші санатты мұғалімдер үлесі (31%) және 2-ші санатты мұғалімдер үлестері барлық
облыстарда, Алматы және Астана қалаларында шамамен бірдей болғанымен, жоғары санатты
мұғалімдер үлесі (29%) ел бойынша орташа көрсеткіштен (15%) айтарлықтай жоғары болған еді
(ЭЫДҰ, 2014b). Бұдан басқа, төрт облыста (Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау)
санатсыз мұғалімдер үлесі айтарлықтай жоғары болған еді (ел бойынша орташа 25%
салыстырғанда 30%-ды құраған еді). Ауылдар мен қалалар арасында санаттар бойынша
мұғалімдерді бөлуде айтарлықтай айырмашылық жоқ (3.А3 қосымшасы). Келесі үш кезең
басшылық қызметтерді атқаруды білдіреді: әдістемелік кабинет жетекшісі, директордың
орынбасары және мектеп директоры. Жаңа мұғалімдер үш жыл бойына «жас маманның»
(санатсыз) бастыпқы санатынды жұмыс істейді және аттестаттау процесін сәтті өткен жағдайда
келесі санатқа өтеді (4-бөлімді қараңыз). Ал жас маман 2-ші санатқа жұмыстарының жақсы
нәтижелері жағдайында бір жыл жұмыс істегеннен кейін үміткер бола алады.
Мектепке жұмысқа қабылданған жағдайда мұғалімдер бір жылдық шарт жасайды. Бұдан
кейін келесі ретте әдетте мұғалімнің немесе мектептің (мектеп директорының шешімімен)
бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігі бар мерзімсіз шарт жасалынады. Жас мұғалімдер үшін сынақ
мерзімі (яғни, мектеп жүйесіне жұмысқа тұрушы мұғалімдер үшін) қарастырылмаған. Мектеп
басшылығының шешімі бойынша сынақ мерзімі, оқыту тәжірибесі бар, жұмысқа қабылданушы
мұғалімдер үшін ғана белгіленуі мүмкін. Жас мұғалімдерға тәлімгерлік ету ұлттық деңгейде
реттелмейді, бірақ мектептің қарастыруына сәйкес ұйымдастырылады. Тәлімгерлік ету
бағдарламасы тәлімгермен бірге дамудың бірлескен жоспарын жасаудан, тәлімгердің сыныптағы
жұмысын бақылаудан және жас мұғалімнің жетістіктері, өзіндік талдау және өзіндік бағалау
машықтарының дамуы туралы пікірлер, есептер ұсынудан тұруы мүмкін. Бірақ бұл тәсілдің
84
барлық Қазақстан мектептерінде жүзеге асырылуы туралы ақпарат жоқ (ЭЫДҰ, 2014b). 2012
жылы PISA шеңберінде директорлар ұсынған деректер, тәлімгерлік бағдарламасының Қазақстанда
кеңінен таралғанын көрсетеді: оқушылардың шамамен 97% білім алатын мектеп директорлары,
олардың мектептерінде тәлімгерлік бар деп жауап берді, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі 72%
салыстырғанда айтарлықтай артық (ЭЫДҰ, 2014а).
Еңбекақы төлемі
Мұғалімдер еңбекақыларын азаматтық қызметкерлерге арналған шәкіл бойынша алады.
Мұғалімдердың еңбекақысы негізгі лауазымдық еңбекақыдан, біліктіліктерін арттырғаны үшін
қосымша ақыдан, қосымша қызметтерді атқарғаны үшін қосымша ақыдан, арнаулы
жәрдемақылардан тұрады. Негізгі лауазымдық еңбекақы негізгі лауазымдық еңбекақыны,
мұғалімге берілген азаматтық қызметкер санатына (мұғалімнің санатымен байланысты) және
жұмыс өтіліне тәуелді, белгілі бір коэффициентке көбейту жолымен есептелінеді. Анаұрлым
жоғары білім беру деңгейі бар мектептер мұғалімдері G-9 санатты азаматтық қызметкерлер
санатына жатады, ал орта және орта білімнен кейінгі деңгейдегі техникалық және кәсіптік білімді
мұғалімдер G-11 санатына жатады. 3.3-кесте азаматтық қызметкерлердің тиісті санаттары қатары
бойынша негізгі лауазымдық еңбекақыны есептеуде пайдаланылатын негізгі лауазымдық еңбек
ақыны және коэффициенттерді қоса алғанда 2011-2012 оқу жылындағы деректерді көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |