7.2. Балаларды күзгі табиғатпен таныстыру
Кіші тобындағы балаларды күз мезгілімен таныстыру Бағдарламаның мазмұны Балалар бағдарлама бойынша дуа райын (жаңбырдың жаууы, желдің согуы, күннің сәуле ташуы) байқай білуге үйренуі тиіс, кейбір құбылыстар (мысалы, жаңбыр жауса - жерде шалшық су пайда болады) арасындагы байланысты түсінуі керек; ағаштарды шоптерден ажыратып, өсімдіктердің гүлі
мен жапырақтарын көрсете білу; тагамга пайдаланылатын көкөніс пен жемісті (сәбіз, қияр, пияз, шалқан) сыртқы түрі мен дәмінен тани білуі; көкөністің қайсысын шикілей, қайсысын пісіріп, ал қайсысын шікілей де, піскен күйіде де жеуге болатынын білуі керек. Екінші кіші тобындағы балалар жапырақтары жасыл және сары болатынын білуі тиіс. Сары жапырақтар агаштан үзіліп түседі. Екінші кіші тобындағы балаларды еңбекке баулиды: олар
тәрбиешісімен бірге құстар мен балықтарға жем береді, өсімдіктерді суарып, олардың үлкен жапырақтарын сүртеді, жер учаскелерін жинауга көмектеседі (мысалы, күзде түскен жапырақтарды жинайды). Ауа райын бақылау. Тәрбиеші тамаша, ашық күндері балалардың назарын ауа райына аударады; күннің жылы және жарқырап тұрғанын айтады. Желді күндердің бірінде екінші кіші тобындағы балаларга зырылдауық береді,
балалар онымен ойнап жүріп, желдің қалай сағатының түсінеді. Жауынды күндері бақылатуга болады: балаларды бір-біріне богет жасамайтындай етіп терезе алдына орналастырады. Тәрбиеші олармен бірге терезеден қарап, шыныдан соргалап аққан су жолдарын, жаңбырдан пайда болған шалшық суларды көрсетеді, көшеде сулықпен және қол шатыр үстап бара жатқан адамдарга балалардың назарын аударады. Тәрбиеші жаңбырдан кейінгі серуен кезінде балалардың назарын шалшық суга аударып, топырақтың дымқыл екенін
айтады. Гүлдері бар үйме топырақтарды (клумба) қарау. Күз басында тәрбиеші балабақшаның гүлзарына алып барып, балалардың осімдік туралы түсініктерін анықтайды, гүлді және жапырақтарды ажырата білуге үйретеді, отырғызылған өсімдіктерге ұқыптылықпен карауга тәрбиелей бастайды, Тәрбиеші мынадай сұрақ кояды: "Гүлзарда не өседі?» Гүлдер мен жапырақтарды көрсетіп: "Мынау не?" деп сұрайды. Балаларға жапырақтар мен гүлдерді (қызыл, сары) оздері іздестіріп тауып, көрсетуге үйретеді. Балалар заттарды көріп кана сезінбей,
кейбір гүлдерді (темекі, флокс) иіскеп коруі қажет. Қарастырып отырған өсімдіктердің гүлдері әдемі және иісінің жақсы екенін атап айтқан жөн. Балаларга гүлзарда жүгіріп, гүлдерді таптауга болмайтынын, тек арнаулы жолдарымен гана жүруді сскереді. Алынған сезімді баянды ету үшін келесі күні балаларды гүлзарға апарып, гүлдер мен жапырақтарды, қызыл да сары гүлдерді, иісі жақсы гүлдерді корсеткен дұрыс.
Бақшадағы жүйектерді қарап шығудың мақсаты .Балаларға көкөніс
туралы түсінік тугызуга негізделген. Бұл гүлзарды қарап шаққандағы тәсілмен откізіледі, алайда мұнда балалардың іс-әрекетіне кобірек мүмкіндік беріледі. Тәрбиеші сәбіз, қызылша, пиязшықты бірінен соң бірін жұлып алып, балаларға көрсете отырып; "Мынау не?" деп сұрайды. Будан соң белгілі бір көкөніс өсімдіктерінің бірін жұлып алуды тапсырады. Екінші кіші тобындағы балалар тамыр жемістердің түсімін жинауға қатыса алады.
Көкөністер мен жемістерді ажыратып, аттарын айтуға жаттығу
Бақшаға барып қайтқан соң «Қапшықтагы не екен» деген ойын және балалардың тамаққа пайдалануына қажетті көкөніс пен жемісті бейнеленген қос суретті ойындар ұйымдастырылады.
Ағаштарды қарап шығу Балаларда агаш туралы түсінік туғызу (бірінші кіші тобында) және оны кеңейту (екінші кіші тобында) үшін олардың ағаштарды қарап шыгуы қажет. Тәрбиеші балабақша учаскесінен жасыл, сары және қызыл жапырақты таңдап алады. Ол ағаштарды балаларға көрсете жүріп. былай дейді: «Біздің учаскеміздегі ағаш неткен тамаша, оның бұтақтарындагы жапырақтары жап-жасыл. Мынау да әдемі ағаш екен, бірақ оның жапырақтары сары (қызыл) көрінеді». Ағаштарды қарап шыққан соң "Ағаштың жанына тұра қал" деген ойын өткізіледі. Балалар учаскеде жүгіріп жүріп, тәрбиеші белгі
бергенде бір агаштың жанына тұра қалады.
Жапырақтардың түсуін бақылау Кішкене балалар бір объектіні бірнеше рет қайтадан бақылауы қажет. Агаштарды екінші рет жапырақтар түсіп жатқан уақытта қарап шыққан жөн. Мұның мәнісі: - кейбір балалар «Жапырақтар қайдан түседі?» деген сұраққа - «Аспаннан» - деп жауап береді. Балалар жапырақтардың түсуін дұрыс түсіну үшін ағаштарды екінші рет қарап шыққанда оларга мынадай сұрақтар беріледі: Жапырақтар қайда жатыр?
Олардың түсі қандай? Бұдан кейін тәрбиеші бұтақтарды ептеп сілкілеп, былай деп сұрайды: «Жапырақтар қайдан түсіп жатыр? Олар ағаштан қайда түсті?»
Бұл сұрақтар балалардың мынадай қоратынды жасауына жәрдемдеседі: "Сары жапырақтар ағаштан түседі». Дәл осы тұста балалар күзге тән құбылысты сезінеді, бірақ оны кіші тобындағы балаларға «жапырақтың түсуі" деген сөзді айтудың уақыты әлі жеткен жоқ. Жапырақтармен ұйымдастырылатын ойындар Тәрбиеші жапырақ түскен уақытта серуенде жүріп түстерінің атын (қызыл, сары) ажыратып. көлемін анықтауга (үлкен, кішкене) жаттықтыру үшін балаларға жапырақтармен ойын өткізеді. Еңбек дағдыларына тәрбиелеу Балабақшаның кіші тобындағы табиғат мүйісінде мөңке, тұқы немесе алтын балық салынған аквариум және тез өсіп,
ұзақ гүлдейтін, жапырағы қалың бөлме өсімдіктерінің (фикус, бальзамин, казтамақ) бірнешеуі болуы керек. Балаларды табиғат мүйісіндегілерді бақылауга үйрету және оларды аялай білуі үшін, тәрбиеші «Балықтарды бақылау" деген ұйымдастырылган оқу қызметі өткізеді. Балаларды қатыстыра отырып, күнделікті өсімдіктерді қарап шыгып, су құяды, оны қалай жасайтынын айтып, түсіндіреді. Тәрбиешінің көрсеткен үлгісі балаларга үлкен
әсер етеді, Олардың да дәл солай жасагысы келеді, олар жеңіл тапсырмаларды (өсімдіктерге су қүю, жапырақтарын сүрту, балықтарға жем беру) ынталана істейді. Тәрбиеші бірдеңені таныстыру үшін балаларды объектіні және оның сапасын бірлесіп қарап шыгуга тартады. «Фикустың жапырақтары қандай тегіс,
жылтырап тұр, қарандаршы, - дейді ол. Қазтамақтың гүлдері неткен қып-қызыл.
Олардың иісі де жақсы екен». Балалар оларды иіскеп көруі қажет, Бөлмедегі барлық өсімдіктің атын бірден жаттатқызуга болмайды. Балалар оларды күтуге күнбе-күн қатыса жүріп, олардың аттарын біртіндеп меңгеріп алады. Тәрбиеші екінші кіші тобындағы балаларды жер учаскесін тазалау ісіне тартады – түскен жапырақтарды олармен бірлесіп жинайды және оларды белгілі бір орынга алып кетеді.
Ортаңгы тобындагы балаларды күз мезгілімен таныстыру
Бағдарламаның мазмұны Балаларға күзгі ауа райының өзіне тән құбылыстарын (күн суытуы, жауын-шашын, жел), жапырақтың түсуін бақылай білуді; күзде гүлдейтін кейбір гүлдерді (алтын шар, георгина, қырмызы гүл), өздері білетін ағаштардың (үйеңкі, емен, қайың) жапырақтарын, көкөністер мен жемістерді ажыратып, оларды атай білуді; олардың өздеріне тән ерекшеліктерін (түсі, пішіні, дәмі, сыртқы беті) бөліп көрсетіп, көкөністердің, жемістердің сыртқы белгілері мен олардың пісу дәрежесі (қызанақ қызыл болса - піскені) арасындағы байланысты анықтай білуді үйрету; балалардың бойында күзгі табиғатқа сүйсіне білуге, оған ұқыптылықпен қарау және еңбек сүйгіштік
қабілетін тәрбиелеу. Ауа райын бақылау Күнделікті серуен кездерінде балалардың назарын ауа райының қандай күйде екеніне (жылы ма, әлде суық па, желді ме. әлде тымық па, аспанның түсі қандай, жауын - шашын екеніне) аударып отыру керек.
Мұнда балалар желдің әрекетін анықтауға мүмкіндік беретін ойыншықтарды (зырылдауық, батпырауық, жел диірмен) пайдаланады. Мынадай құбылыстар арасындағы кейбір байланыстар анықталады: жаңбыр жауған кезде жер дымқылданып, шалшық пайда болады; күн сәулесі түскенде – шалшық құрғайды. «Бүгін ауа райы қандай?» деп аталатын ойыншықты балалардың ауа райын бақылауға деген қызығушылығын арттыруға және байқағыштығын дамытуга пайдалануга болады. Серуенден қайтқан соң балалар кезектесіп ойыншықтың тілін бақыланатын ауа райына сәйкес келетін суретке бұрып қояды. Балаларды тірі табиғаттағы маусымдық құбылыстармен таныстыру, олардың өсімдіктер мен жануарлар жөніндегі түсініктерін байыту жұмыстары күнделікті серуен кезінде, сондай-ақ учаскеге және одан тысқары жерлерге арнайы ұйымдастырылатын мақсатты серуен кезінде де жүргізіледі.
Ағаштарды бақылау Күзде ағаштардың әдемілігіне балалардың назарын аударып, өздері білетін агашты (қайың, үйеңкі) қарап көру, бұл ағаштың жапырақтары жазда қандай түстес болғаның, қазір қандай түске өткенін сұрау керек. Жапырақтардың қайдан және қайда түсетінін, реңі қандай екенін балалардан сұрау керек. Тәрбиеші әдемі жапырақтарды жинауды. оздері білетін ағаштардың жапырағын тауып, қарап көруді, олардың пішінін (неге ұқсайтынын) анықтауды ұсынады. Балалар неғұрлым әдемі жапырақтарды балабақшадагы өз бөлмесін безендіру үшін жинайды. Балаларға реті бірдей жапырақтарды таңдап алып, оларды біртіндеп үлкейетін немесе кішірейетін ретіне қарай жайып орналастыруды ұсынган жақсы. Кейінірек, жерге түскен
жапырақтар коп болатын кезде, ауа райының құрғағында тәрбиеші балаларға осы жапырақтардың үстімен жүруді және олардың қалай сусылдайтынын тыңдап көруді, олардың неліктен сусылдайтынын аңгаруды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |