Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


Естиярлар тобында күз мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру



бет46/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

7.3. Естиярлар тобында күз мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру.
Бағдарламаның мазмұны. Балаларға күщгі ауа райының өзіне тән құбылыстарын (күн суытуы, жауын–шашын, жел), жапырақтың түсуін бақылай білуді; күзде гүлдейтін кейбір гүлдерді (алтын шар, георгина, қырмызы гүл), өздері білетін ағаштардың (үйеңкі, емен, қайың және т.с.с.) жапырақтарын, овощтар сен жемістерді ажыратып, оларды атай білуді; олардың өздеріне тән ерекшеліктерін (түсі, пішіні, дәмі, сыртқы беті) бөліп көрсетіп, овощтардың, жемістердің сыртқы белгілері мен олардың пісу дәрежесі (помидор қызыл болса –піскені) арасындағы байланыста анықтай білуді үйрету; балалардың бойында күзгі табиғатқа сүйсіне білуге, оған ұқыптылықпен қарау және еңбек сүйгіштік қабілетін тәрбиелеу.
Ауа райын бақылау. Күнделікті серуен кездерінде балалардың назарын ауа райының қандай күйде екеніне (жылы ма, әлде суық па, желді ме, әлде тымық па, аспанның түсі қандай, жауын–шашынды ма, болса қандай жауын–шашын екеніне) аударып отыру керек. Мұнда балалар желдің әрекетін анықтауға мүмкіндік беретін ойыншықтарды (зырылдауық, батпырауық, жел диірмен) пайдаланады. Мынадай құбылыстар арасындағы кейбір байланыстар анықталады: жаңбыр жауған кезде жер дымқылданып, шалшық пайда болады; күн сәулесі түскенде – шалшық құрғайды.
«Бүгін ауа райы қандай?» деп аталатын ойыншықты балалардың ауа райын бақылауға деген қызығушылығын арттыруға және байқағыштығын дамытуға пайдалануға болады. Серуендеп қайтқан соң балалар кезектесіп ойыншықтың тілін бақыланатын ауа райына сәйкес келетін картинкаға бұрып қояды.
Балаларды тірі табиғаттағы маусымдық құбылыстармен таныстыру, олардың өсімдіктер мен жануарлар жөніндегі түсініктерін байыту жұмыстары күнделікті серуен кезінде, сондай–ақ учаскеге және одан тысқары жерлерге арнайы ұйымдастырылатын мақсатты серуен кезінде де жүргізіледі.
Ағаштарды бақылау. Күзде ағаштардың әдемілігіне балалардың назарын аударып, өздері білетін ағашты (қайыңды, үйеңкіні немесе басқасын) қарап көру, бұл ағаштың жапырақтары жазда қандай түстес болғанын, қазір қандай түске өткенін сұрау керек. Жапырақтардың қайдан және қалай түсетінін, реңі қандай екенін балалардан сұрау керек.
Тәрбиеші әдемі жапырақтарды жинауды, өздері білетін ағаштардың жапырағын тауып, қарап көруді, олардың пішінін, (неге ұқсайтынын) бақшасындағы өз бөлмесін безендіру үшін жинайды.
Балаларға реңі бірдей жапырақтарды таңдап алып, оларды біртіндеп үлкейетін немесе кішірейетін ретіне қарай жайып орналастыруды ұсынған жақсы. Кейінірек, жерге түскен жапырақтар көп болатын кезде, ауа райының құрғағында тәрбиеші балаларға осы жапырақтардың үстімен жүруді және олардың қалай сусылдайтынын тыңдап көруді, олардың неліктен сусылдайтынын аңғаруды ұсынады. Ал бейнелеу іс–әрекетіне қатысты сабақтарда балалар жапырақтар мен ағаштың суретін салады.
Гүлзарды аралап көру. Гүлдер өскен клумбалаларды аралау кезінде тәрбиеші олардың кейбіреулерін (георгина, қырмызы гүл, флокс) атап, қиып алады, балалармен бірге гүлдің пішінін (оның неге ұқсайтынын), түсін қарап, балаларға гүлді иіскетеді. Осыдан кейін клумбадан қандай да бір гүлді іздеп табуды және гүл шоғын жасауды ұсынады. Балалар басқа өсімдіктердің ішінен осы өсімдіктерді айыра білуі тиіс.
Тәрбиеші балалармен бірге кейбір өсімдіктерді гүл құмыраларына көшіріп отырғызалы да, тірі табиғат мүйісіне апарады.
Бақшаны аралап көру және түсім жинау. Балалардың овощтар жайындағы түсініктерін кеңейту үшін бақшаға экскурсия жүргізіледі. Тәрбиеші жүйектерді аралап көруді ұсынады. Балаларды бәріне жақсы көрінетіндей етіп, бір жүйекті айнала тұрғызған соң тәрбиеші: «Еңкейіңдер де, сәбіздің жерден қалай шығып тұрғанын қараңдар», – дейді. Осыдан кейін ол тамыржемісті жұлып алады да, оны балаларға көрсетеді.
Тамыржемістерді (сәбізді, қызылшаны) жұлып алған соң немесе жемісті (помидорды, қиярды) үзіп алған соң тәрбиеші оларды атауды және реңін, пішінін, сыртқы бетін сипаттауды ұсынады. Овощтардың пісіп жетілу белгілеріне назар аударып, оларды қалай үзу керектігін көрсету, соңынан балаларға тамыржемістердің түсімін жинауды тапсыру керек.
Түсімді жинап болған соң тәрбиеші овощтарды көрсете отырып былай дейді: «Мынау біздің түсіміміз, сендер жерді жақсы суарып, қопсыттыңдар, сондықтан овощтар жақсы өсті». Балаларға сәбіз, шалқан беру керек.
Село жағдайында тамыржемістердің жиналуын бақылау үшін балалармен колхоз бақшасына арнайы серуен жүргізеді.
Дидактикалық ойындар. Овощтар мен жемістер жөніндегі түсініктерді анықтау және балалардың сөздігінде жаңа сөздерді орнықтыру үшін күздің соңына қарай (түсімді жинап алған соң) «Қолымдағының не екенін біл» және «Қапшықтағының не екенін тап» ойындарын өткізеді. Егер сәбилер тобының балалары овощтар мен жемістерді тануға және атауға тиіс болса, естияр балалар тобында олардан сипаттауға (мысалы, «Ұзын, қызғылт сары, тәтті») сәйкес қапшықтағы объектіні табу немесе, керісінше, овощтарды (жемістерді) тапқан соң оларды атау және сипаттау талап етіледі.
Еңбек дағдыларын тәрбиелеу. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында балаларға күн сайын табиғат күйінісіндегі өсімдіктер мен жануарларды күту жөнінде тапсырмалар береді. Мұнда тәрбиеші кішкене балықтарға қанша азық беру керектігін, қандай өсімдіктерді суару қажеттігін, әр өсімдікке қанша су құю керектігін түсіндіреді.
Табиғат мүйісінде сәбилер тобында болған өсімдіктерден басқа, мәңгі гүлден тұратын бегония секілді аса күтім талап етпейтін өсімдіктер де болуы керек. Аквариумда балықтардан басқа, ұлуды (мысалы, қошқармүйіз) және су өсімдіктерін өсіру керек. Балалар кезектесіп өсімдіктерді суарады, балықтарды азықтандырады, аквариумдағы ұлулардың қозғалуын бақылайды.
Тәрбиеші балалардың бәрін қатыстыра отырып, мезгіл–мезгіл табиғат мүйісін жинастырады (бөлме өсімдіктерін, терезе алдын жуады).
Балалар ересектермен бірге жер учаскесіндегі жапырақтарды жинайды.
Атқару) қалыптастыру, ауыл шаруашылық еңбегіне қызығушылықты тәрбиелеу ісі жалғастырыла береді.
Өлі табиғатпен таныстыру. Күн сайын серуенге шығар алдында немесе серуен кезінде балалар тәрбиешісімен бірге ауа райы жағдайын ( аспанда күн шығып тұр, бұлт бар, қара бұлтты, аспанның түсі, желді ме, тымық па, жылы ма, салқын ба, суық па, жауын жауып тұр ма, қар жауып тұр ма) анықтайды.
Желдің бар- жоғын анықтау үшін балалар ағашты қадағалайды ( олардың ұштары тенселе ме), қағаздан немесе материядан жасалған желаушыларды, зырылдауықты дайдаланады.
Балаларды ауа райына жүргізген бақылаулары негізінде тәрбиешімен бірге серуен кезіндегі өз әрекетін жоспарлауға, оған керекті ойыншықтарды, құрал- саймандарды таңдап ала білуге үйретеді.
Өсімдікті бақылау. Тәрбиешінің тапсыруы бойынша балалар жапырақ түсе бастаған кезде өздері білетін ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, өзара түсі, пішіні жағынан салыстырады, оларды пайдаланып, «Ағашты жапырағына қарап ажырат», «Қоян пирогы» және тағы басқа ойындар ойнайды.
Гүлдер өскен клумбаларды аралап көрген соң тәрбиеші балаларға клумбада қандай өзгеріс болғанын айтып беруді, өздеріне таныс гүлдейтін өсімдіктерді атап, оларды көрсетуді, «Сипаттамасы бойынша ажырата біл» ойынның ойнауды ұсынады. Бұл жағдайда тәрбиеші гүл сабағының биіктігін, жапырағының пішінін, гүлінің реңі мен пішінін айтып береді.
Тәрбиеші балалармен бірге мезгіл- мезгіл учаскені аралаудан немесе одан тыс жерге шығудан кейін оларға өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді көрсетуді ұсынады; с
Ұрақтар мен түсініктемелер беру арқылы балаларды табиғаттағы кейбір құбылыстардың басталуындағы реттілікті және өлі табиғат пен тірі табиғат арасындағы қарапайым көрнекі байланыстарды анықтауға бағыттайды. Мәселен, үсік жүруі мен ауа райының айтарлықтай суынуынан соң учаскені аралаған кезде тәрбиеші шөптерде, клумбадағы гүлдерде, ағаштарда қандай өзгерістер болғанына балалардың назарын аударады.
Учаскені түскен жапырақтардан тазарту кезінде онда жасырынып қалған насекомдарды кездестіруге және оларды қарап көруге болады.
Тәрбиеші балаларды «Ауа райы суытып, гүлдер солды, қоныздар мен көбелектер жасырынып, ұйқыға кетті» деген қорытынды жасауға жетелейді.
Құстарды бақылау. Учаскеде қыстап қалатын құстар пайда болған кезде тәрбиеші балаларды қатыстыра отырып, құстарды үнемі қоректендіруді және олардың мінез- қылығына бақылау жүргізуді ұйымдастырады: учаскеге ұшып келетін құстарды атайды; құстардың үлкен- кішілігіне, қауырсындануына, мінез- қылығына, олардың үніне бұтақта қалай отыратынына балалардың назарын аударады. Ағашқа қонып отырған сары бауыр тымышықтың, насекомдардың жасырынып қалған лимшанкалардан іздестіру қамалын бақылыған жақсы. Учаскеден тыс жерге серуендеу кезінде шонайна мен түйеткенге қонып, осы өсімдіктердің тұқымымен қоректенетін шыбжықтарды көруге болады.
Балалардың құстардың ұшыа кетуімен, қыстап қалатын құстарға қандай қамқорлық жасалатынмен таныстыру үшін картиналар мен диафильмдерді пайдаланып, балалармен әңгіме өткізу керек.
Орманға (паркке немесе скверге) экскурсиялар. Алтын күз кезіндегі жайма шуақ күндердің бірінде балалар жазда барған орманға (паркке немесе скверге) алғашқы күзгі экскурсия жүргізу керек. Бұл оларға өздеріне таныс жерді бақылауға және тәрбиеші қоятын сұрақтардың жәрдемімен ағаштардың қалай өзгергенін анықтауға мүмкіндік береді.
Орманға экскурсия (үлгі жоспар)
Программалық материал. Жапырақтардың сарғаюы мен түсуін бақылау. Күзгі келбетіне енген ағаштардың әсемдегіне назар аудару.
Экскурсияның барысы. Экскурсияға шығар алдында балаларға былай деу керек; «Бүгін ауа райы жақсы: күн сәулесін шашып тұр, жайса- шуақ сондықтан біз ағаштардың күзде қандай болғанын көру үшін орманға (паркке, скверге) барамыз».
Белгіленген жерге келген соң жапырақтары түрлі түсті ағаштардың әсемдігіне көңіл аудару керек: «Балалар, күн сәулесі түскенде қайың (үйеңкі) жапырақтары қалай әсем жалтырап көрінеді. Олардың түсі қандай екенін айтыңдаршы. Ал бұл ағаштардың жапырақтарының түсі жазда қандай еді?» Балалар: «Ағаштардың жапырақтары жап- жасыл еді, енді сарғыш (қызғылт сары, қызыл) тартқан»,- деп жауап беруі ти іс.
Балалармен бірге жапырақ түсуін бақылап, оларға былай деу керек: «Жапырақтардың қалай сыбдырлайтынын тыңдап көріндер. Олардың ағаштан қалай қалықтап түсетініне қараңдар». Түскен жапыақтардың көптігне назар аударып, жол бойымен жүгіруді және табан астындағы құрғақ жапырақтардың қалай сусындайтынын тыңдап көруді тапсыру керек. Экскурсия кезінде жиналған жапырақтардың балалардың телпек, белбеу және т.с.с. жасалуына болады (жапырақтар сағақтарымен немесе қарағай қылқандармен түйреп бекітіледі) .
Экскурсиядан соң түскен жапырақтары бейнелеген ағашты суретін салған жөн.
Ағаштардың барлық жапырақтары түсіп, шөп сарғаятын күздің сонында орманның (парктің, сквердің) балалар бұрын барған жеріне екінші рет экскурсия өткізеді. Бұл экскурсия кезінде балалардан орманда (паркте) не өзгергенін сұрау керек. Аспанда қара бұлт басқанын, күн көрінбей қалғаның, суық түскенін, ағаштардың сидиып, жапырақсыз қалғанын, шөптердің сарғайып, гүлдер мен көбелектердің жоқ болғанын атап көрсету маңызды. Бұл жерде А.Н.Плещеевтің «Күз» өлеңінен мынадай жолдары оқып берген дұрыс:
Күз болып, гүлдер солып, тұр жабырқай
Айырылған жапырағынан бұта- қурай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет