Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті



жүктеу 6.46 Kb.

бет13/17
Дата22.12.2016
өлшемі6.46 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Ү. Зертханалық, сарамандық жұмыстар 
1.
 
 
Зартхана, сарамандық жұмыстардың 
жаднамасын даярлау (әр сынып бойынша) 
желтоқсан 
2.
 
 
Жаднамаларды көбейту 
желтоқсан 
3.
 
 Топсаяхаттың өтілу мақсатына арналған 
бетер әзірлеу (жүру картасы) 
мамырға дейін 
4.
 
 
Контур карталар алу 
 қыркүйек 
5.
 
 
Карта алу 
қыркүйек 
ҮІ. Сабақтан тыс жұмысқа арналған материалдар 

1.
 
  Үйірме жұмыстарының сценарилерін 
жинақтау 
Үнемі 
2.
 
 
«Алтын қақпа» әзірлеу 
Қыркүйек 
3.
 
  «Алтын сақа» ойыншық күймелері мен 
қоржындар әзірлеу 
Қыркүйек 
ҮІІ. ТСО 
1.
 
 
Теледидар алу 
 қаңтар 
2.
 
 
Бейнематериалдарды толықтыру 
үнемі 
3.
 
 
Компьютер алу 
оқу жылы 
ҮІІІ. Баспа құралдары 
1.
 
 
Даяр таблицалар алу 
үнемі 
2.
 
 
Макеттер алу 
үнемі 
ІХ. Кабинет кітапханасы 
1.
 
 
Кітаптармен толықтыру 
үнемі 
2.
 
 
Кітаппен жұмыс жадынамасын даярлау 
 қыркүйек 

3.
 
  Әдістемелерді 12 жылдық оқыту бойынша 
толықтыру 
Үнемі 
Х. Кабинеттің  безендірілуі 
1.
 
 
Жалюзи алу 
қыркүйек 
2.
 
 
Флофон алып, орнату 
 қыркүйек 
3.
 
 
Линолеум төсаеу 
 тамыз 
4.
 
 
Сөре, айна алу 
наурыз 
5.
 
 
Шкафтарды жөндеу 
қараша 
6.
 
 
Аквариум алу 
қыркүйек 
7.
 
 
Құс сатып алу 
 қазан 
8.
 
 
Карта беттерін айырбастау 
 маусым 
9.
 
 
Жаңа тақта алу 
маусым 
 
 
Кабинет меңгерушісі:  А.Р.Шакенова 
 

Қабілетті оқушылармен жүргізілген жұмыс мониторингі
 
 
 
80
100
80
0
20
40
60
80
100
120
қалалық олимпиада 5-7 с
қалалық олимпиада 8-11с
Жарқын болашақ
Ғылыми жоба

 

 
 

 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ 
“... Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты 
ұлдары мен қыздарын,нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға 
міндетті.” Н.Ә.Назарбаев. 
I. Мақсаты: 
Дарынды, қабілетті, ынталы оқушылардың арасында математикалық ойдың дәрежесін арттыра түсу, теориялық 
білімді тереңдету, математикаға бейімі, қызығушылығы бар оқушылардың практикалық дағдысын дамыту, 
шығармашылық қабілеттерін тереңдету, ғылым жолына бағыт бағдар беру. 
II. Жұмысты жүргізу әдісі: 
1.
 
Оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі. 
2.
 
Үйге жеке тапсырмалар беру. 
3.
 
Аптасына бір рет қосымша сабаққа шақыру. 
4.
 
Сиқырлы квадрат және ребустар шешу. 
5.
 
«Кенгуру», «Ақбота» есептерін шығарту арқылы оқушы қабілетін шыңдау. 
6.
 
Қазақтың байырғы қара есептерін шығарту арқылы оқушыны шешендікке, сөздің мағынасын тануға 
баулу. 
7.
 
Геометриялық фигуралар туралы түсінігін дамыту. 

III. Күтілетін нәтиже: 
1.
 
Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру Ойы ұшқыр, 
қиялы жүйрік оқушыны табу. 
2.
 
Олимпиададан, «Кенгуру», «Ақбота» байқауларынан жетістікке жету. 
Егеменді елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да 
қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 
халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 
«Білім беру саласының басты міндеті-2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік 
бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» деп атап көрсетті. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы 
азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері кезінде адамды қалыптастыруға және кәсіби 
шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын 
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру 
жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді 
және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мектептің міндеті 
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға 
құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту 
әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге 
деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен 

оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді 
практикада қолдануда, пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда математика пәнінің алатан орны 
ерекше. Математиканың заңдары мен ережелері табиғат пен өмірден алынған және бүкіл адамзатқа ортақ. 
Математика пәнінің мұғалімінің міндеті еліміздің халық шаруашылығын дамытудағы ғылыми-техникалық 
прогресті жеделдетудің маңызы: материалдық техникалық базасын жасаудың өндірістің тиімділігін арттырудағы, 
ауылдың материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен ролін көрсету. 
Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік 
бейімділігіне, ынтасы мен қызығушылығына, таңдауына қарай оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім 
беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру, білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп 
оқыту. Математикада қолданбалы курсы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнге 
деген ұмтылыстары, оны меңгеру деңгейлері ескеріледі. 
Математика сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып, оқушының 
нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады. Себебі бұл дағды математиканы әрі қарай 
меңгеруіне, оны өмірде, кәсіпте қолдануға қажет болады. Оқушылар жаңа теорияның, материалдық қажеттілігіне, 
өмірдегі пайдасына енуі керек. 
 
Дарынды балаларды анықтау 
 
1.
 
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне 
барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың 

іс-әрекетіне талдау жүргізу. 
 
2.
 
Дамытушылық жағынан ықпал ете  отырып 
баланың психологиялық кедергілерін жоюға 
мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. 
 
3.
 
Баланың дарындылық белгісін оның 
психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана 
емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму 
мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. 
 
4.  Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, 
мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық 
бағалары. 
 
5.  Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала 
қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін 
баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты 
бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде 
жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған 
шығармашыл, рухани ой өрісі кең жеке тұлғаны 
тәрбиелеу міндеті тұр. 
 
Оқушының дарындылығын анықтауда 
төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз 
 
- Баланың отбасы жағдайын зерттеу 
 
 
Даярлау 
 
Іс - әрекет 

­ Шығармашылық қабілетін анықтау 
 
- Сауалнамалар психо-диагностикалық тренингтерді 
өткізу 
 
- Ата-анасымен әңгімелесу 
 
- Ғылыми жоба жарыстарына, көрмелерге, 
жәрмеңкелерге, пікір-сайыс ойындарына қатыстыру. 
 
Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері 
 

 
Нормативті-құқықтық құжаттар; 

 
Ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық 
әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар); 

 
Ақпараттық қызмет; 

 
Мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы; 

 
Білім мекемелерінің өсуі; (эксперимент түрлері,ауысымдық мектеп,резерв мектебі,банк, т.б.) 
 
- дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне 
ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай 
жұмыс жасайды; 
 
- олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген 
 
Іс-әрекет 

бағдарламалар жасай алады және олардың 
өздігінен жұмыс істеуіне, шығармашылық 
ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады; 
 
- жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді 
таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты 
қоя біледі; 
 
- оқушыға дұрыс бағыт беру арқылы оның 
ғылыми -зерттеу жұмысымен айналысуына 
көмек жасай алады; 
 
- педагогикалық үрдісті диагностика лау жұмысын 
жүргізе алады және оларды бір-бірімен 
байланыстыра алады; 
 
-  дарындылықты анықтауда әр түрлі психо- 
диагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда 
оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді 
қолдана біледі. 
 
Оқу мекемесінде мектеп басшылар тарапынан дарындылықты дамытуда ғылыми-әдістемелік қолдау 
көрсетіліп отырған, өзіндік дайындығы бар ұстаз төмендегі қасиеттерімен дараланады: 

 
Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта талмай жұмыс істейді; 

 
Қосымша бағдарламалар жасай алады, оқушы шығармашылығын дамытуда , өздігімен жұмыс істеулеріне 
қажетті кеңестер бере алады; 


 
Жұмысқа қажетті ақпарат және түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі тауып, тиімді пайдалана алады; 

 
Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады, одан қорытынды шығарып отырады; 

 
Мұндай мұғалімнің жұмысы үнемі нәтиже беріп отырады! 
Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар: 

 
Дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі; 

 
Оқушымен қарым-қатынастың болуы; 

 
Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану; 

 
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы. 
 
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар: 

 
Пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі; 

 
Қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті  білуі; 

 
Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі; 

 
Заман талабына сай жаңа технологияларды білуі; 

 
Дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне  көңіл бөлуі; 

 
Шығрамашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б. 
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар: 

 
Дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы; 


 
Дарынды оқушыны ( жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, 
тұрақты жұмыс жүргізе алуы; 

 
Дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі; 

 
Оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі; 

 
Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі; 

 
Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі; 

 
Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі; 

 
Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай 
алуы; 

 
Дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі. 
Арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жүргізгенде төмендегі 
қиындықтырды кездестіреді: 

 
Көптеген жағдайда ұстаздар дарынды оқушыға немқұрайды қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне 
үңіле алмайды; 

 
Диагностикалық әдістерді білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді; 

 
Дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыс жргізілмейді; 

 
Дарынды оқушыларға тапсырма дайындағанда олардың қиындығына, сапасына емес, көптігіне көңіл 
бөлінеді; 

 
Дарынды оқу оқу жағынан емес,тәрбие жағынан да мұғалімге қиындық туғызады; 


 
Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілік деңгейі. 
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде 
олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен 
салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық 
қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.  
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет 
саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». 
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген 
ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің 
жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады. 
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. 
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, 
жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. 
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі. 
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың 
жоғары деңгейі. 
Сөзімді қорытындылай келіп Болашақта Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің 
қатарына қосатын құдіретті күш – білімге тән болса, білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу 
басты ұстаздың міндеті демекпін. 

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1. Гильбух Ю.З. Умственно одаренный ребенок. - Киев, 1993. 
2. Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. - 2002 - №1-2. –Б. 23-26. 
3. Кулемизина А.В. Детская одаренность: психолого-педагогическое исследование. – Томск, 1999. 
4. Қабілет туралы түсінік//Психология. Қ. Жарықбаев. - Алматы, 1982. 
 
Семинарға қатысушылардың қызығушылығын ояту .Шөкенов Ерболат Слямбекұлы 
 І топ: «Дарын» сөзінің мағынасы, тұлғасына қарай қандай сөз деп ойлайсыздар? 
ІІ топ: «Оқыту» деген не? 
ІІІ топ: «Технология» деген не? 
 
Пікірлерін тыңдап, баяндаманы жалғастыру. 
 
1.
 
Баяндама барысында өз пікірлерін жазып отыру үшін «Бортжурнал» таратып, жүргізу жолын түсіндіру 
(Бортжурнал үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігіне баяндама барысында өздері үшін көңіл аударатын қызықты 
мәліметтерді, екінші бөлігіне күмәнді деген мәліметтер, үшінші бөліміне туындаған сұрақтар жазылады. Загашев 
Юрий. «Развитие крит.мышления в высшей школе») 
Құрметті әріптестер, қазір өздеріңіз ой қозғаған осы үш ұғым төңірегінде аздаған өзіндік пікірімді білдіре 
кетсем деймін. Баяндаманы тыңдау барысында туындаған ой-пікірлеріңізді алдарыңыздағы «бортжурналға» 
түсіре отырыңыздар. 
Осы баяндамаға дайындық барысында «дарынды балалар туралы ел не дейді екен»деген оймен түрлі ақпарат 
көздерінен біраз материалдардың басын шалдым. Әсіресе, ғаламтор беттерінде дарынды балалармен жүргізілетін 
жұмыс жөнінде баяндамалар, мақалалар көптеп кездеседі. Өкінішке орай, солардың көбі бірін-бірі қайталап, 

алып-қосары болмаса да,  «көңілге түрлі ой салады». Ондай мақалалар бәрімізге таныс деп ойлаймын. Мен 
кездестірген жұмыстардың барлығы дерлік «дарын», «дарындылық», «дарынды оқушы» сөздерінің мән-
мағынасын, берілетін анықтамасын, бала бойынан байқалатын ерекшеліктерді, ондай баланы тану, оның қабілетін 
бағалау, жүргізілетін жұмыс түрлері, т.б. да қайталаулардан тұрады. Бір де біреуінде «мен мынандай жұмыс 
жүргізіп едім, мынандай нәтижеге қол жеткіздім немесе дарынды баланың ой-өріс, қабілетін былай бағаладым» 
деген өзіндік ой-пікір жоқтың қасы. Тіпті, бір мамандар кәсібін дамыту институты қызметкерлері жазған 
«Дарынды балалармен жұмыс» деген оқу-әдістемелік құралда «Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда 
мұғалімнің алар орны ерекше» дей келе, «білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - 
баланың  дамуын  бағдарын талдаумен  байланысты  ұзақ  процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын 
анықтап алсақ. «Дарындылық» ұғымы «сый» ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың  алғышартын білдіреді» 
дейді. 
Сонда «дарын» сөзі орыстың «дар» сөзінен шыққан ба?! Мен бұл пікірмен мүлдем келіспеймін, бұл 
тіліміздегі төл сөзіміз – «дара» түбір сөзінен тараған туынды сөз деп білемін. Керісінше, «дарын» сөзі орыс тіліне 
«талант, дарование, способность» деп аударылады. Тілімізде «даралық» (индивидуальность), «дарашыл» 
(индивидуалист), «дарашылдық» (индивидуальность, индивидуализм) деген туынды сөздердің білдіретін 
мағынасы да, сайып келгенде, адамның жеке, өзіндік қасиет-қабілетін сипаттайтын сөз. Яғни, «Дарындылық» 
адамның керемет тума қасиеттері, ерекше табиғи қабілеттері деп білемін. Ұлы ақын Абай «Жетінші қара 
сөзінде»: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. 
Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі 
білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып 
қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан  ержетіңкірегенде ит 
үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз 
көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, 
үйренсем екен дегені» деп,  баланың ақыл-ойы мен қабілеті дүниеге келіп, ес біліп айналасын тани бастағаннан-ақ 
байқалатынын айтады. Демек, атам қазақтың «Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» 
деген мақал-мәтелдері тегін айтылмаған. Баланың білсем екен, үйренсем екен деген танымдық ой-өрісінің, 
қасиет-қабілеттерінің ұшталуы, бағыт-бағдары отбасынан басталатыны анық. Биылғы Елбасының «Қазақстан – 
2050 стратегиясында» отбасы тәрбиесіне де бостан-бос баса назар аударылмаса керек. 

Оқыту деген не? Оқыту – деген танымдық іс-әрекет барысы, ол оқушы мен оқушының, мұғалім мен 
оқушының арасындағы бірлескен іс-қимылы, яғни белгіленген танымдық мақсатқа, нәтижеге жетудегі белсенді 
іс-әрекет. 
Оқыту процесі немесе сабағымыз белгілі бір тақырыпқа негізделіп құрылып, мақсаты-міндеті, түрі, мазмұны, 
формасы, әдіс-тәсілдері айқындалады. 
Сабақтың түрлері: аралас, жаңа, қайталау, жүйелеу, бақылау, кіріктірілген, саяхат сабақ,  шығармашылық, 
рөлдік ойын. Мазмұны – теориялық материал /түсіндірмелер, заңдылықтар, құбылыстар, оқиғалар/, формасы –  
кез-келген нәтиженің сыртқы сұлбасы, ұйымдастыру түрі, ол жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс; әдіс-
тәсілі – түрлі технологиялар, әдіс-тәсілдер, яғни,теорияны зерттеп, заңдылықтарды түсіндіру жолы, мақсатқа 
жету тәсілі, білім жүйесін анықтау мен құрастыру, осыдан келіп қорытынды жасап, өзіне-өзі есеп беру, бағалау – 
нені түсіндің, қандай мақсатқа жеттің, қарым-қатынас барысында қандай білім алдың? 
Заманында Міржақып  Дулатов: «Өзі білу мен өзгелерге білдіру екі басқа, білгенін кісіге білдіру, яғни 
балаларды оқыту –  өз  алдына бір ғылым», «оқытудың  ... мақсұтын дұрыс түсінбеген мұғалім үміт еткен 
пайданы бере алмайды». «Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін 
сездіруге қалай үйретпек керек?» деп, оқытудың жолдарын көрсетеді. 
Бүгінде әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктер талданып, сараланып, еліміздің білім беру 
саласына енгізіліп келеді. Отандық, шетелдік әдіскер-ғалымдардың білім берудегі оқытудың жаңа 
технологиялары қолданыста жүр. Қазіргі кезде білім саласында қолданылып жүрген жаңа технологиялардың 
көптеген әдіс-тәсілдерін қазіргі ғалымдарымыз ойлап таба қойды деп айтпас едім. Олардың түп тамыры өзіміздің 
ағартушы-ғалымдарымыздың еңбектерінде бар. Бірақ қазіргі аталуы, берілу жолдары бөлектеу. Мысалы, сын 
тұрғысынан ойлауды алсақ, оның исі жоғарыда айтылған Міржақып Дулатовтың сөзінен де аңқып тұр. Тек 
ғылыми тілмен негізделіп, бір ізге салынбаған. Индукция-дедукция, яғни жеңілден күрделіге, күрделіден жеңілге 
қарай немесе жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге терминін алғаш қазақ тіл білімі саласында пайдаланған ғалым – 
Ахмет Байтұрсынов екені бәрімізге аян. Сол сияқты ассоциациялық карта немесе сөздерді мағынасына қарай 
топтау 70-80 жылдардағы ғалымдарымыздың еңбектерінде тірек сызба түрінде кездеседі. Егер аға буын, орта 
буын ғалымдарымыздың еңбектерін зерделеп оқи білсек, айтқан сөздерінің мағынасын, қасиетін сезінсек, талай 
жаңалықтың әріден бастау алғанын байқаймыз. Жалпы «технология» сөзі өнімді дайындау, материалдарды өңдеу 

және қайта өңдеу, дайын бұйымдарды құрастыру, ақпаратты түрлендіру тәсілі деген ұғымды берсе, оқыту 
технологиясы дегеніміз – оқытудың әдіс-тәсілі, мазмұнды түрлендіру жолдары деген сөз. 
Сонымен, дарынды, өзінің ерекше қабілетімен дараланған оқушылармен қалай, қандай  жұмыс түрлерін 
жүргізуге болады? Мұғалімнің алдында қабілет деңгейі әр түрлі шәкірттер бар. Қандай да болсын бір нәрсеге 
қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде төмен, біреуде жоғары болып келуі мүмкін. Сондықтан да мұғалімнің 
оқушылардың жас ерекшелігін, таным деңгейін, ақпаратты қабылдау көлемін, түрлі қасиеттерін тани біліп, оқыту 
барысында соған сай қарым-қатынас орнатып, тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолданып, орындалатын 
тапсырмаларды да таңдай, шамалай білуі керек. Өндірісте технологияны дұрыс пайдаланбаса, өнім де сапасыз 
шығады. «Астың дәмін тұз келтіреді» деген, үйімізде тамақ пісірсек, тұзын не көп, не аз салып қойсақ, онда, 
әрине, тамағымыз да дәмсіз шығады. Бұл да сол сияқты. Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері де бала 
қабілетінің ерекшеліктеріне қарай пайдалануға негізделген. Кейбір әріптестерімізде бір технологияның әдіс-
тәсілдерін екіншісіне немесе таңдап алған әдіс-тәсілді сол қалпында пайдалану керек деген қате пікір 
қалыптасқан. Оқыту барысында белгілі бір білімдік, танымдық нәтижеге жету үшін неге өзгертіп, немесе алып-
қосып пайдаланбасқа. Қатып қалған ешнәрсе жоқ. Алып-қосары, өзгеруі, дамуы керек. Сондықтан да ол 
«технология» деп аталады. 
Мен өз тәжірибемде оқытудың жаңа технологияларынан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы стратегиялары 
мен М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының әдіс-тәсілдеріне сүйенемін. Бұл оқыту 
технологиялары өзінің құрылымдық ерекшелігі жағынан бүгінгі таңда оқытуда қойылатын талап-мүдделерді 
ақтай алады деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы  бойынша оқушы қызығушылығы оянып, 
мағынаны тануына және үйренгенін саралап, салмақтап ой толғауына жағдай жасалады. Ал М. Жанпейісованың 
модульдік оқыту технологиясы қайталау ұстанымы бойынша оқушының  есту, көру, ойлау, қабылдау қабілеттерін 
дамыту арқылы алған білімін бекітіп, бағалауға, ауызша және жазба тілінің белсенді сөздік қорын жасап
өзгелермен қарым-қатынас жасау үстінде танымдық және шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына 
бағытталған. Осы оқыту технологияларының өзіндік ерекшеліктерін мына сызбадан көруге болады (№1 сызба). 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының негізгі мақсаты – тілдік тұлғаны қалыптастыру. Баланы қазіргі заман 
талабына қарай бейімдеп, халқының өткені мен өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, 
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі  күннің басты талабы. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі 
қолданыста жүрген оқулықтар сол талап пен талғамды ақтауда әлсіздік танытып тұр. Өзім «Оқушыларының 
қатысымдық біліктілігін дамыту жолдары» деген әдістемелік тақырып көлемінде жұмыс істеп жүрмін. 
Сондықтан, оқушының сөйлеу және қатысымдық біліктіліктерін дамытуда мен әр сабақ мазмұнына мынандай 
талаптар қойылуы қажет деп ойлаймын: 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал