Ең алдымен, оқушының ұғымына сай, тілдік біліміне, жас ерекшелігіне қарай ертегілерден, әңгімелерден
шағын үзінділер алып, кең пайдалану керек. Өйткені көркем шығарма тілі балалар үшін сөйлеу тіліндегі
“жүрекке жылы тиер” ізгі сөздердің және ойлардың үлгісі ретінде қызмет атқарады. Сөйлеу мәдениетінің
қалыптасуына ықпал етеді. Тек мәтіннің құрғақ мазмұнына құрылған сұрақтарға жауап беру, сабақтың
1.
Оқушылар
арасындағы
қарым-қатынас қалыптасады.
2. Басқа оқушыларды тыңдауға
үйренеді.
3. Өз ізденісі арқылы жасаған
жұмысына
тұсаукесер
(презентация) жасай алады.
4. Өз ойын ашық айтып,
дәлелдеуге үйренеді.
5. Оқушының сабақтағы
белсенділігі артады.
6.
Оқушының
өзіндік
көзқарасы қалыптасады, яғни
жеке тұлға ретінде дамиды.
Сын тұрғысынан
ойлау
М. Жанпейісованың
модульдік оқыту
технологиясы
1. Жүйелі, дамыта
беріледі.
2. Қайталау
ұстанымы сақталған.
3. Бекітеді.
4. Бағалайды.
5. Белсенді сөздік
қоры артады.
лингвистикалық міндеті бойынша жаттығу жұмыстарын орындату ешқандай пайда бермесі анық. Мысалы, 7-
сыныптың әдебиет сабағын алайық. Әдебиет сабағында шығармада берілген кейіпкерлердің нақты қимылын
бейнелейтін, оқушыны елең еткізер детальдар қажет. Олар оқушының қиялы мен ойлауына, шығармашылық
дамуына, ақыл-ой әрекетіне қажетті дағдыларды ұштауға құрал болады. Осы жерде мұғалімнің жан-жақты
ізденісі қажет.
Сабақ мазмұнына қойылатын екінші талаптың бірі – сабақта оқу материалын берудің ұтымды жолын іздеу.
Үшіншіден, сөйлеу әрекетінің барлық түрінің өзара байланысын қамтамасыз ету, яғни оқушының тыңдалым,
сөйлесім, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыратын, дамытатын ауызша және жазбаша жұмыс
түрлерін сабақта орынды пайдалану аса маңызды.
Төртіншіден, оқушының өз бетінше іздену, пікір алысу кезінде орындалатын тапсырмалар арқылы тілде
ойлауын, сөйлеуін дамыту.
7-сыныптың әдебиетінде берілген М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып үйренуге 2 сағат бөлінген. Осы
әңгіменің 1-бөлімі бойынша мен сабақта мынандай жұмыс өткіздім.
Әрине, әңгіменің 1-бөлімін алдын-ала үйден оқып келуге, сөздікпен танысуға тапсырма беріледі. Ал қалған
барлық тілдік кедергілердің барлығы сабақта атқарылатын жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін орындау
арқылы жоюға бағытталады. Сабақта ұйымдастырылатын жұмыс түрлері сын тұрғысынан ойлаудың үш сатысы
арқылы жүзеге асырылады (сабақтан үзінді).
І)Ой қозғау. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру мақсатында топта мынандай
тапсырма орындайды (5-6 минут ішінде өз топтарында ақылдаса отырып, оқушылар өз білгендерін арасынан бір
өкіл шығарып айтады):
Мына суретте бейнеленген аң
туралы не білесіңдер?
ІІ)Мағынаны ажырату.
1-тапсырма. Үйге ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің І бөлімі оқып келуге
тапсырылған. Оқушылардың әңгіме мазмұнын қалай қабылдағандарын байқау мақсатында топта төмендегідей
тапсырмалар орындалады (көрсетілген слайдтағы суреттер бойынша әңгіме мәтінінде берілген сипаттамалардың
сәйкес жерлерін тауып оқып береді немесе айтып береді):
2-тапсырма. Оқушылар топта бөлім бойынша берілген үзінділерге, өз біліміне сүйене отырып, негізгі
кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды.
Сұрақ
Жауап
Әңгіменің негізгі кейіпкерлерін ата.
Құрмаш Көксеректі қалай жақсы
1
2
3
5
6
7
4
көрді? (фильмнен үзінді)
Көксерекке сипаттама беріңдер: Мына сөйлемдерден
Көксеректің қасқырға тән қандай қасиеттері көрінеді?
«...Көксерек әлі күнге дейін ешбір
уақытта «қыңқ» етіп ауырсынған
дыбысын шығарған емес. Талаймын деп
ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп
тұрып алады. Тісі батып, қинап бара
жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады»
«Құрмаш қанша тәрбиелесе де,
Көксерек ұрлық пен адал астың
айырмасын ұға алмады. Біресе өздері
беріп тұрып: «же» дейді. Біресе сондай
тамақты өзі тауып алып жесе, ұрып
салады. Сол себепті кей кезде алдына
дайындап қойған тамақты да жемей,
көзінің астымен қарап жатып алушы еді»
«Қалай болса да, үзіп-жұла жүріп,
Көксерек аш болмайтын»
«Екі рет қолдан ас құйылмаса, ол күні
Көксерек өз бетімен барып бірдемені жеп
жататын»
ІІІ) Ой толғаныс.
3-тапсырма. Үш топқа үш түрлі тапсырма беріліп, пікірлерін тыңдау:
І топ: Үлкен адамдар Көксеректі неге жақтырмады?
ІІ топ: Көксеректі иттер неге жек көрді?
ІІІ топ: Құрмаштың әрекетіне қалай қарайсыңдар?
ІҮ. Үй тапсырмасы
Қасқыр немесе ит туралы өздері көрген, естіген немесе оқыған қызықты мәліметтерді, ерекше ынта жігері,
қабілеті жоғары оқушыларға «Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген тақырыпта эссе жазып
келу тапсырылады. ІІ бөлімін оқу.
Немесе қазақ тілі сабағында «Қазақстанға сиқырлы саяхат» тақырыбындағы мына жұмыс түрлеріне
тоқталайық
А) Қызығушылығын ояту (2-3 минут)
Сабағымызға кіріспе ретінде мен сендерге мынандай бір аңыз-әңгіме (1-қосымша) айтып берейін.
(Мысал үзінді) «Ертеде ... Сонымен қатар оның Құлыншақ-Тұлпар, Балапан-Бүркіт, Бала-Барыс (1-слайд)
сияқты өте сенімді достары бар еді...
Ақ Ботақан достарына әжесінің туған күніне сыйлаған сыйлығын көрсетті».
-
Балалар, сендер Ботақанға әжесі қандай сыйлық сыйлады деп ойлайсыңдар? (Оқушы жауабы... Оқушы
жауабына орай аңызды жалғастыру).
«... Әжесі Ботақанға көгілдір түсті матаға жібек жіппен тіккен сурет сыйлапты...
-
Осыны қалай білсек екен? (2-слайд - карта)
-
Қалай дегенің не? - деді, достары бірауыздан. – Саяхатқа шығайық!...
Таудан үш жол басталады екен: біреуі - батысқа, екінші жол - оңтүстікке, ал үшіншісі солтүстікке бет
алған... (3-слайд)
... Төртеуі осыған келісті де, саяхаттарын әрі қарай жалғастырды».
Сонымен, балалар, бұлардың «Қазақстанға сиқырлы саяхатына» (4-слайд) сәт сапар тілеп, олар қайтып
оралғанша осы карта бойынша біз өз саяхатымызды жасап, білімімізді ортаға салайық! Саяхатымыз сәтті
болу үшін біз сендермен бірқатар тапсырмалар орындауымыз керек. Сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
Ә) Мағынаны ажырату (35-минут)
Сонымен, І бөліміміз - «Сәт сапар!» - қайталау, еске түсіру тапсырмалары (5-слайд)
1-тапсырма (сандарға қатысты мәліметтерді айтады, дұрыс жауаптары шығып отырады – 2 минут)
«Сиқырлы сандар мен сөздер» (6-слайд)
«1991 жылғы 16 желтоқсан», «1992 жылғы 4 маусым», «2006 жылғы 7 қаңтар», «1989 жылғы 22 қыркүйек», «1995
жылғы 30 тамыз», «3000, 1700, 2700 мың»
2-тапсырма (Сөйлемдерді толықтырып, интерактивті тақтаға жазады – 5-7 минут) (7-слайд)
Қазақстан - ... . Мұнда ... астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан жері ... . Ол ... орналасқан. Жеріміз ... бай.
Табиғаты ... . Ауа райы ... . Ең ірі өзендері - ... , ең тұщы көлі - ... , ең тұзды көлі ... , ең терең көлі ... , ең
биік шыңы - ... .
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: менің Отаным, кең-байтақ, Еуразияда, пайдалы қазбаларға, сұлу, әр түрлі,
Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Алакөл, Марқакөл, Хантәңірі, Қарасор
Мұғалім: - Балалар, халқымыз Отан, туған жер туралы көптеген даналық сөздер айтқан. Сондай сөздердің бірі
мақал-мәтелдер. Өздерің қандай мақал-мәтелдер білесіңдер (оқушылар жауабы). Енді мына мақалдарды өздерің
толықтырып көріңдер.
3-тапсырма (сөздері суреттермен алмастырылған мақалдар беріледі, оқушылар суреттерді атап, мақалдарды
толықтырып, дәптерлеріне жазады – 8, 9-слайдтар) – 5 минут
А) Отан оттан да (суреті) ыстық.
Ә) Туған жерге туың (суреті) тік.
Б) Туған жердің күні (суреті) де ыстық, түні (ай суреті) де ыстық.
В) Отан отбасынан (суреті) басталады.
Г) Отансыз адам (суреті) – ормансыз бұлбұл (суреті).
ІІ бөлім «Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де» (10-слайд)
Мұғалім: - Балалар, өте жақсы! Біз саяхатымызға дайындығымызды тексердік. Енді бағытымызды анықтап
алайық. Біздің «Туған жер – қасиетті мекеніміз» бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді (11-слайд – карта,
аймақтардың жері ерекшеленіп, бағыттаушы сызықтармен көрсетіледі). Саяхат барысында кедергілерден
қиналмай өту үшін қоржынымызды жаңа сөздермен толықтырып алайық.
1-тапсырма (оқиды, сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады, әр топтан бір-бір оқушы оқиды – 5
минут) (2-қосымша)
2-тапсырма Әр топ өздерінше карта бойынша саяхаттайды (карта суреті таратылып беріледі), әр аймақтың
қысқаша сипаттамасын картаны пайдаланып, өз білгендерімен толықтырады, айтып береді – 10-минут. (3-
қосымша)
3-тапсырма. Басқа қалада тұратын достарыңды еліміздің әр аймағына саяхат жасауға шақырыңдар. (5 минут) `4-
қосымша)
Сөйлеу үлгісі: биыл ... бардым. Жолшыбай (по пути) ... көрдім. ... керемет, сұлу екен, таңғалдым. Қайтарда ...
араладым. ... демалдым. ... барғым келеді. ... бірге саяхаттайық.
Б) Ой толғаныс
ІІІ бөлім «Ата-баба мұрасы» (8 минут)
Балалар, Ақ Ботақан бастаған Құлыншақ-Тұлпар, Балапан-Бүркіт, Бала-Барыстардың саяхаттан қайтар
уақыты да болып қалды. Сабағымызды қорытындылап, олардың бізге әкелген сыйлықтарын алуға дайындалайық.
Мен сендерге қазір тағы бір аңыз-әңгімеден үзінді беремін (5-қосымша). Сендер топта оқып танысып, өз
пікірлеріңді білдіріңдер. Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылау.
-
Әр жаққа кеткен саяхатшылардың қайсысы бізге бұрын келеді деп ойлайсыңдар?
-
...
-
Неге олай ойлайсыңдар? Қандай белгісіне қарап айттыңдар?
-
...
-
Біздің қандай рәміздерімізде бейнеленген?
-
...
ІІІ. Үй тапсырмасы (2 минут)
Саяхатшылар тапсырмасы: Саяхатшылар жер атаулары, өзен-көлдер туралы аңыз-әңгімелер көп екен дейді.
Сондай аңыз-әңгімелердің бірін оқып, біліп келіңдер.
9-сыныпта қазақ тілі сабағында «Болашақтағы қала» тақырыбында мынандай жұмыс түрлері
ұйымдастырылды:
А) Қызығушылығын ояту
(Оқушылар топта ақылдаса отырып, тақырып көлемінде сөздерді мағыналық жағынан топтастырады)
Ә) Мағынаны ажырату
Жаңа сөздермен жұмыс. Жаңа сөздер жазылған парақтар, топтарға таратылып, оқылады, сөйлемдер құрастырып
дәптерлеріне жазады, оқиды.
БОЛАШАҚТАҒЫ
ҚАЛА
Оқушы әрекеті
Менің
білімім
КЕДЕРГІ
Басқалардың білімі
Қосылған білім
Б) Ой толғаныс
- Балалар, ал енді келесі жұмыс түріне көшпес бұрын қазіргі қала көріністеріне бір сәт қайта оралып, оларды
компьютерден тамашалайық. Бұл көріністер біздің қиялымызға қанат бітіріп, болашақтағы қаламызға ойша
саяхат жасауға көмектесер деп ойлаймын.
(Үш топқа плакаттар, түрлі түсті бояулар таратылады, жұмыс шарты түсіндіріледі: болашақ қаланың жобасын
жасайды, оны қорғайды).
Сипатталған бұл жұмыс түрлері қазақ тілі мен әдебиеті
сабағында оқушылардың сөйлеу тілі
мен қатысымдық біліктіліктерін жаңа бір
белеске көтеруге жәрдемдеседі.
Өз ойлары мен сезімдерін
жеткізуге, тілді сапалы оқып
үйренуге, мәнді мәлімет алып,
шығармашылық қабілетін дамытуға
ықпал етеді. Жұпта, топта (№3
сызба) бір-бірімен қарым-қатынас
жасау барысында жанды тілдік
орта қалыптасады. Өз біліміне
өзгелердің білімі қосылып,
тілде сөйлеуде өзі қолдануға
ыңғайсызданатын тілдік
кедергілерді жояды және жаңа
қосылған білімнің тілдік
тұлғаны қалыптастыруда, дарынды
оқушыларды анықтап,
шығармашылық қабілетін шыңдайда
маңызы ерекше.
Жоғарыда әңгіме
болған
оқытудың жаңа
технологиясы
арқылы ұйымдастырылған
жұмыс
түрлері оқушының тілде
қатысымдық біліктілігін қалыптастырып,
оның бүгінгі заман талабына лайықты болашақ тілдік тұлға ретінде қалыптасу жолына негіз қалайды деп
ойлаймын.
Бала – ата-ана мен біздің алдымыздағы дән (гүлдің суреті). Ата-ана баласын асырап-сақтап жеткізуде
қолынан келгенін аянып қалмайды. Ал ұстаз – сол ата-ананың ізгі істерін жалғастырушы: ол өсіп келе жатқан
адамның санасы мен рухани бейнесін, ерік-жігерін қалыптастырады, оның дүниетаным, адамдық қасиеттерінің
негіздерін қалайды.
Мысалы, мынау тамырланып, бүршік жарып, сабақтанып бой көтере бастаған дәнге бір сәт назар аударайық.
Бала да осы дән сияқты, белгілі бір ортаға
бейімделіп, қалыптасып, өсіп-өнеді.
Тілді үйрету, оны оқыту тұрғысынан келгенде бала
бойында қалыптасатын түйінді
біліктіліктер белгілі бір нәтиже әкелері сөзсіз.
Ол қандай түйінді біліктіліктер десек, оны осы
тамыр жайып, бой көтере бастаған
өсімдік бейнесінен көруге болады:
Оқу-танымдық біліктілік
Ақпараттық біліктілік
Рухани-адамгершілік біліктілік
Қатысымдық-әлеуметтік біліктілік
Өнімді біліктілік
Ерікті біліктілік
Осы аталған барлық біліктіліктер қосыла келе, гүлдей жайнаған білікті шәкірт қалыптасуына ықпал етеді.
Дарынды, тілді оқып-үйренуде ерекше ынта-жігерін танытып жүрген оқушыларым түрлі деңгейдегі
олимпиадаларға, конкурстарға қатысып жүлделі орындар иеленіп жүр.
2010 Бурнашева
Валентина,
10-сынып,
қалалық
олимпиада,
III орын
Рафикова
Муслима,
ІІ қалалық
«Жарқын
болашақ»
олимпиадасы,
«Тіл білімі»
бағыты,
сертификат
Бурнашева
Валентина,
ІҮ
республикалық
қашықтық
олимпиада,
ІІІ дәрежелі
диплом
2011
Бақтыкереев Ернар,
Қ.Мұхаметхановтың
95 жылдығына
арналған қазақ тілі
олимпиадасы,
Алғысхат
2012
Семенец
Анна,
8-сынып,
«Жазушылар»
бағыты, ІІІ
орын;
Ашурова
Зинира,
9-сынып,
«Жазушылар»
бағыты,
қалалық кезең
ІІ орын;
облыстық
кезең –
сертификат
2013
Ашурова
Зинира,
9-сынып,
«Жазушылар»
бағыты,
облыстық
кезең –
сертификат
2014-
2015
Ашурова
Зинира ,1-
орын
Ашурова Зинира ,1-
орын
Ашурова
Зинира
,1-орын
Ашурова
Зинира ,1-
орын
Әдістемелік тақырыбым көлемінде, оқушылармен жұмыс барысындағы ізденіс нәтижесінде мынандай
еңбектерім жарыққа шықты: 7-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына қосымша ІІ бөлімді түрлі тапсырмалар мен
тесттерден тұратын «Модульдік нәтиже сабақтар» үлгілері, «Жоғары сынып оқушыларын қазақ тілі пәнінен
олимпиадаға дайындаудың модульдік-тақырыптық бағдарламасы» атты оқу-әдістемелік құрал.
Сіздерге де, құрметті әріптестер, еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің биіктерден көріне беруіне
тілектестігімді білдіремін. Назар салып тыңдағандарыңызға ризашылығымды білдіре отырып, өздеріңіз
бортжурналына жазған ой-пікірлеріңізбен бөлісейік. Сұрақтарыңыз болса, жауап берелік.
Өзара сабақтарға, іс-шараларға қатысу журналы.
№6 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шакенова Ардақ Рақымқызының өткізген сабағына
Пікір
9 «В» сыныбында «Киіз үйдің ішкі көрінісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдері кеңінен қолдану арқылы өте жоғары деңгейде өтті.Шакенова Ардақ Рақымқызының интерактивті тақта
арқылы оқушыларға киіз үйдің құрылысы мен жабдықтары,олардың қолданылуы туралы баяндап берді.
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен жұмыс жасалды.Сабақ үстінде оқушылардың ұлттық танымдарын
дамытуға көп көңіл бөлінді. Оқушылар өздерінің мәтін бойынша білімдерін сын тұрғысынан ойлау
технологияларының кластер,түртіп алу әдістері бойынша топтарға бөлініп жұмыс жасап,өз жұмыстарын
қорғады. Көшпелі халық үшін киіз үйдің маңызы,ерекшелігі туралы кең мағлұмат алды.Тақырыпқа байланысты
қолданылған слайд-шоу,бейнеролик,көрнекіліктер сабақ тақырыбын аша түсті. Келесі кезеңдегі киіз үйдің
бөліктерін өз табу оқушылар білімдерін бекітуге көмектесті.Тақырып өте күрделі болды,бірақ оқушылар
барынша тырысып,ат салысты.Шакенова Ардақ Рақымқызының ұйымдастыруымен өткізілген ашық сабақ
оқушылар үшін де өте қызықты болды.
№6 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шөкенов Ерболат Сләмбекұлы өткізген сабағына
ПІКІР
Ұстаз 2014 жылдың11 «А» сыныбында «Көне түркі ескерткіштері» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ
оқытудың инновациялық технологиясы негізінде құрылып, белсенді әдіс-тәсілдер арқылы тілді оқыту мен
үйретудің, тәрбиелеудің педагогикалық талаптарына сай өткізілді.
Сабақта берілген оқу материалдары бүгінгі өмірмен, тарихпен сабақтасып, сабақтың мақсаттары мен
міндеттерін іске асыруға септігін тигізді. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың қатысымдық біліктілігін
дамыту үшін ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдай білген. Орынды пайдаланылған көрнекі және техникалық құралдар
пән бойынша оқушының білімі мен икем-дағды деңгейін көтеріп, жаңа қатысымдық және танымдық
біліктіліктерді меңгертуде тиімді оқыту ортасын туғызды.
Сабақта қолданылған оқытудың белсенді әдістері оқу материалының мазмұнына, түріне, мақсаттары мен
міндеттеріне, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне сай келеді. Оқу-жаттығу жұмыстарының жағдаяттық
әсерін көтеру, шәкірттерінің ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін мұғалім дамытушылық,
проблемалық және ізденіс сипатындағы оқыта үйрету тәсілдерін шебер қолданды.
Ерболат Сләмбекұлы оқушылардың тілді үйренуге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыра отырып,
сынып жұмысын әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастырды, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы
арасындағы қарым-қатынастарды жүйелі реттей білді.
Тақырып аясында ұйымдастырылған барлық жұмыс түрлеріне оқушылар белсене қатысып, тілде сөйлеу
біліктіліктері мен икем-дағдыларының қалыптасқандықтарын таныта білді.
Өткізілген ашық сабақты қатысқан ұстаздар лайықты бағалап, әріптестерінің біліктілігіне жоғары баға берді.
№6 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базарханова Бағлангүл Жұматайқызы өткізген
сабағына
пікір
Базарханова Бағлангүл Жұматайқызы 10«Б» сыныбында «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында ашық сабақ
өткізді.Сабақта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері кеңінен қолдану арқылы өте жоғары деңгейде өтті.Базарханова
Бағлангүл Жұматайқызы оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндірді, Тақырыпқа байланысты
жаңа сөздермен жұмыс жасалып,сөздермен сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастырды.Сабақ үстінде оқушылармен
жұптық,топтық,жекелей жұмыс түрлері оқушылардың белсенділігін арттыра түсті. Оқушылар өздерінің мәтін
бойынша білімдерін сын тұрғысынан ойлау технологияларының және жобалау технологияларының элементтерін
қолдану әдістері бойынша жұмыс жасап,өз жұмыстарын қорғады.Экология мәселесіне байланысты оқушылар өз
ойларын,пікірлерін еркін жеткізе біле алды.Осыған байланысты оқушылардың білім деңгейлерін бағалауға
мүмкіндік туды.Тақырыпқа байланысты қолданылған слайд-шоу,бейнеролик,көрнекіліктер сабақ тақырыбын
аша түсті.Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты өз қызығушылықтарын айқын білдірді,соған дәлел
ретінде оқушылар экологиялық проблемаларға байланысты жобаларын ұсынды.Тақырып өте күрделі
болғанымен, оқушылар барынша тырысып, белсенді қатысты.Базарханова Бағлангүл Жұматайқызы
ұйымдастыруымен өткізілген ашық сабаққа әріптестері жоғары баға берді.
Қазақ тілі пәнінен оқушылардың қорытынды
бақылау кескінінің талдауы (2014-2015оқу жылы)
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім кескін бақылау үш рет жүргізіледі. Бастапқы бақылау кескіні, аралық және
жылдық білім кескіні.
Білім кескінін алудағы мақсат – бағдарламалық материалдың игеру сапасы, оқушылардың жалпы сауаттылығын
байқау. Жоғарыда айтылған білім кескіндерінің қорытындысы төмендегідей:
Сы
ны
п
Пән
мұғалімд
ері
Бастапқы
Аралық
Жалпы
Динами
ка
Сауат
тылығы
Грам
матика
Сауат
т
Грам
матика
Сау
ат
І,ІІ
тоқ
с
Гра
м
І,ІІ
тоқ
с
І,ІІ тоқс
5
«А
»
Тампише
ва А.С
Шакенов
а А.Р
65/1
00
60/8
0
62/
90
45/8
0
33/8
0
38/
80
75/
95
78/
85
77/
90
76/
95
57/
93
66/
94
62/9
0
38/
80
С
+15
/-
77/9
0
66/
94
Достарыңызбен бөлісу: |