Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


Балабақшада тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жолдары



бет4/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
МДОТдип жұм №2

Балабақшада тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жолдары.

Жас ұрпақ тәрбиесі-адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәніндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін,зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай: «Адам ата-анадан есті болмайды: естіп, көріп, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң , қағаз бетіне солай түседі , бала тәрбиесі сол сияқты , өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленді» деген екен. Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады.Тәрбие ұлттық игі іс-әрекеттер арқылы әдет-ғұрыпқа негізделеді: әдеп, әдептілік негізі ұлттық қолданысқа айналса, оны халық салт немесе заң дейді. Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетті өркендетудің қайнар көзі болып табылады. Ұлттық салт-сана , рәсім , кәде , жөн-жоралғы , ырым , тыйым т.б. өмір қолданыстары арқылы іске асырылады. Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе. «Адам ұрпағымен мың жасайды» десе, мың жасағысы келетін халық атадан балаға ауысатын қара шаңырағын көзінің қарашағындай сақтап , болашағының үздіксіз өркендеуін үнемі қалт жібермей отырған.Отбасының тәрбиесіне ата мен баланың денсаулығы материалды-экономикалық жағдайды , отбасының мүшелерінің саны , тұрған жері , бәрі-бәрі әсерін тигізеді.Қазіргі қоғам жан-жақты , білімді , мәдени ой-өрісі өсіп жетілген , ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.Баланы мектепалды даярлауда үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.12жылдық білім берудің қажеттілігі ,бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге , жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім бағдарламаларының сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс ,еркіндік , батылдық , имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп , оларды жеке тұлға реттерінде қалыптастыру шешуші роль аткарады .Сондай-ақ , балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеуді міндетті түрде қамту керек.Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында,мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады .Ж. Аймауытов «Сабақ үйреншікті өнер емес, жаңадан-жаңаны тудыру» дегендей ,әр сабақты түрлендіріп ,стандартқа сай , жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану өз жемісін береді.Ойын әрекеті.. Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында ойынның жетекші рөлі сақталады. Барлық арнайы өткізілетін сабақтар барысында ойын түрлері (ережелері, дидактикалық, ұлттық, қимылды, сюжеттік-рөлдік т.б.) кеңінен қолданылуы тиіс. Ойын тәрбиеші мен баланың , балалардың бір-бірімен еркін ынтымақтастығы негізінде құрылып , баланың өзіндік белсенділігіне , өзінің барынша толық ашылуына ықпал ететін деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.Дамытушы орта. Баланы қоршаған заттың кеңістік орта болып табылатын топ немесе сынып бөлмесі ойын алаңы , оның элементтері (ойыншықтар,дидактикалық материалдар т. б) баланың қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандырып жеке басын дамытуға бағытталуы тиіс.Сондай-ақ заттың - кеңістік орта оқу-тәрбие процесінің міндеттері мен мазмұнына сай ұйымдастырылады.Барлық ойындар мен ойыншықтар,сурет салу,мүсіндеу,қиып жапсыру, құрастыру мен тәрбиелеудің ақпараттық құралдары.Әрекеттерге арналған құрал-жабдықтар, материалдар балалардың еркін қолдануына қолайлы етіп қойылуы керек .Ата-аналармен жұмыс. Мектепалды даярлық топтарында балалардың отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ата-аналармен сауалнамаларға жауап алу бала және оның ата-анасымен жеке сұхбат жүргізу , отбасына бару, баланы бақылау, отбасына қатысты тақырыптарға салынған суреттерін зерделеу жұмыстары жүргізіледі.Ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс істеудің дәстүрлі «ашық есік » күндері , жеке және топтық сұхбаттар , ортақ жетістіктер және проблемаларға қатысты ішінара топтық кеңестері , жас ата-аналармен семинар-практикумдар ,топтық ата-ана жиналыстары тоқсанына бір рет , конференция оқу жылына бір рет өткізілуі керек.Ата-аналарды топ өміріне тарту және әр түрлі бірлескен іс-ірекет түрлерін мекемелер мен сауық кештерін , отбасы аралық спорттық сайыстар ұйымдастыруға көңіл бөлінеді.Жылжымалы интерактивті тақтадан жыл бойы өтілген жұмыстарымыздың нәтижелері , түрлі сюжетті суреттер көрсетіп отырды. Мектеппен тығыз байланыста болған ата-аналарға мақтау қағаздары беріліп , балаларға түрлі номинациялармен бәріне мақтау қағаздары тапсырылады..Мұғалімнің балалармен қарым-қатынас стилі. Мектепалды даярлық сыныбы немесе топ тәрбиешісінің балалармен қарым-қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс , ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым-қатынас тұлғалық бағдар негізіне құрылады. Мақсаты баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиеші балалардың оң мінезімен әрекетін, бір-біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін - өзі емін-еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып , мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді дамытуды мақсат етеді. Ол үшін мынандай жұмыс формаларын пайдалануға болады:-сабақтарды шағын топтармен өткізу;-әр баламен жеке жұмыс жүргізуге басым көңіл бөлу;-тәрбиешінің балалармен пікір алмасуы баланың өз көқарасын , пікірін батыл айта білуіне , өз қимыл - қозғалыс түрлерін (жүру, жүгіру, секіру) қалыптастыру. Іс-әрекет барысында белсенділікке үйрету , мектепке оқу ісіне қажет шыдымдылық , табандылық , ептілік , шапшаңдық қасиеттерді қалыптастыру.Алты жасар баланың тұлғалық қасиетінің негізі қалыптасады. Баланың тұлға ретінде дамуы әлеуметтік жағдайдың маңыздылығына , тұлғалық адамгершілікке және басқа да құндылыққа ие болуына байланысты.Қорыта келгенде, мектепалды даярлық тобындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сабақты икем , дағды қалыптастырудағы мұғалімнің ізденісі баланы жан-жақты тәрбиелеуге ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет