Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Қазақстан Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияны құру және оның қызметі



бет72/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87
Қазақстан Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияны құру және оның қызметі.

Жауап: Адам құқықтары жөніндегі комиссия - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия - консультативті кеңесші орган. ҚР Президентінің 1997 ж. 22 сәуірдегі Жарлығымен құрылған. Комиссия Президенттің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі конституциялық міндеттемелерін жүзеге асыруына, сондай-ақ осы мақсаттағы тетіктерді жетілдіруге жәрдемдесуі тиіс. Комиссия адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету, қорғау жөнінде ҚР Президентінің атына және тікелей өзіне жолданған хат- хабарларды қарап, осыған орай жыл сайын арнаулы баяндамалар дайындайды, адам құқығын қорғаудың тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасайды. Қазақстан мүддесіне қатысты адам құқықтар жөнінде сараптамалық материалдар, арнайы халықаралық-құқықтық құжаттар, сараптамалық қорытындылар әзірлейді. Осы сала бойын¬ша маманданған халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады. Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ереженің 7-пунктінде "Комиссия Мемлекеттік хатшының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін төрағадан, комиссияның хатшысы мен мүшелерінен тұрады" делінген.



  1. 2004 жылғы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңы.

Жауап: 2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілді. Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» салалық бағдарламалары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылды.

Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған барлық құжаттары өзінің міндеттерін орындап, жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға негіз болды.


Соңғы 10 жылда санақ қорытындысы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 919 153 адамға өскен (1999 жылы – 3,78 млн. адам, 2012 жылы – 4,7 млн. адам).


Қазіргі уақытта жастардың басты «әлеуметтік сатылары» сапалы білім болып табылады. Жалпы, білім деңгейі бойынша 718 мың жастар жоғары білімге ие (15,9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6,8%), 728 мың жастардың білімі – арнайы орта (16,2%).


Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және тағы басқа ірі жобалар іске асырылуда.


Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайып, ТМД елдері мен Еуропаның дәл сондай көрсеткіштерінен төмендеген. 2001 жылы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,6%-ды құрады.


Жастардың жоғары белсенділігі соңғы сайлау кампанияларында тіркелді.


Соңғы 11 жыл ішінде жастар ұйымдарының саны 7 есеге артты (2000 жылы – 150 жастар ұйымдары, 2011 году – 1043), ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жыл ішінде 10 есеге өскен.


Сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық жастардың әлеуметтік көңіл күйлерін зерттеу бірқатар проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.


Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың өзекті шақырулар мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерге жеткілікті түрде дайын емес екендігін көрсетті.


Жастардың білім саласындағы проблемалары едәуір шешілген, тек 4,4% мүлде шешілмегендігін көрсеткен. Медициналық қызмет көрсету бойынша проблемалар 25,3% жастарда шешілсе, 6% сұрауға қатысқандар шешілмегендігін көрсетеді.


Жұмысқа орналасу және тұрғын үй проблемасын шешуге, сондай-ақ әлеуметтік қызметке қатысты респонденттердің 20%-ы аталған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Бұл аталған проблемалардың өзекті болып қалатындығын, сонымен қатар осы проблемалар респонденттердің 15%-ында мүлде шешілмеген.


Сонымен қатар, респонденттердің 20,6% мемлекет жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетпейді деп белгілеген.


Жалпы алғанда, сұрауға қатысқандардың 18,5% өзінің материалдық жағдайын төмен бағаласа, 18,4% - жауап беруге қиналған, тек 8,3%-ы материалдық жағдайын жоғары бағалаған.


Адамдардың мәдени деңгейінің құлдырауы (16%) тағы бір проблема болып табылады.


Өзектілігі бойынша келесі проблемалардың қатарында: жастар ортасындағы есірткінің таралуы (15%), діни экстремизм мен терроризм қаупі (12%).


Соңғы мәліметтер бойынша жастар саны артқанымен болжамдық мәліметтерге сүйенсек жастардың саны 2015 жылы 4,52 млн. адамды, 2020 жылы 4,13 млн. адамды құрайтын болады.


Жастар санының қысқаруы еңбек ресурстары проблемаларының туындауына, экономиканың әртүрлі саласында білікті кадрлардың азаюына соқтырып, Қазақстанның сыртқы технологиялық тәуелділігі қаупін күшейтеді.


Бірінші кезеңде:


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданады;


орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзіреті мен өкілеттігі нақтыланады, олардың жауапкершілігі артады;


жергілікті атқарушы органдарға қарасты жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультатвиті-кеңесші органдардың тиімділігі жүйелендіріледі және артады;


жастар саясаты мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, жастар ұйымдары жетекшілерінің біліктілігі артады;


жастар саясатын талдау, мониторинг және болжау жүйесі құрылады;


«Жастар» республикалық сараптау-талдамалық құрылымы құрылады;


экономиканың әртүрлі секторларының кәсіпорындарында жастар ұйымдары құрылады және жастар саясатының корпоративтік бағдарламалары қабылданады;


«Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық резервтері», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар Отанға!» және өзге де жастар бастамалары өз жалғасын табады;







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет