Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Қазақ мемлекеттілігінің бекітілуі – Елбасының Ұлытау етегіндегі ой-пікірлері



бет73/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87
Байланысты:
Гос экзамен тарих ответы (копия)

Қазақ мемлекеттілігінің бекітілуі – Елбасының Ұлытау етегіндегі ой-пікірлері.

Жауап: «Мәңгілік ел» деген Президенттің идеясына қазір теріс пікір білдіріп, ешқандай да мәңгілік нәрсе жоқ дейтін қиқар пікірдің бой көрсетіп жатқаны анық. Шын мәнінде бұл мәңгілік ел идеясы кешегі ата-баба арманы болатын. Бүгінгі таңда олардың осы арман-тілектері Тәуелсіз Қазақстан дәуірінде орындалып, айналасы жиырма үш жылдың ішінде еліміз бұрын-соңды жетпеген биігіне жетті. Ата-бабаның өздері бүгінгі күнді көрмегенімен бүгінгі ұрпағы, біз көріп отырмыз. Міне, бұл мәңгілік елдің бейнесі», - дейді депутат.

Оның айтуынша, Елбасы Ұлытау баурайындағы сұхбаты елдің рухани өмірінің барлық қырын қамтиды.


«Қазақ тарихының тамыры тереңде. Қазіргі таңда біз елдігіміз бен бірлігімізді сақтау үшін тарихымыз бен құндылықтарымыға бет бұруымыз керек. Қазақта мемлекеттілік болмаған деген бекер сөз. Мемлекет басшысы да қазақтың мемлекеттік шекарасы болмаған дегенді айтқанда, елдің бекітілген ресми шекарасының болмағанын меңзеді. Ал көршілермен келісілген ресми шекара осы тәуелсіздік жылдарында құрылғанын сіз бен біз жақсы білеміз», - дейді.


Сонымен қатар, оның айтуынша, Елбасының Ұлытау баурайындағы сұхбаты қазақстан қоғамына «Мәңгілік ел» идеясын терең түсіндіріп, оның бет алысы мен бүгінгі рухани жағдайына берілген заманның бағасы іспетті.



  1. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің жаңа қоғамдық сана-сезімді қалыптастыру үшін маңызы.

Жауап: Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау — Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты іс-шаралар жиынтығы. Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында келтірілген.

Кейбір тарихи деректерде Моңғол шапқыншылығы Қазақ хандығының құрылуын 150-ден 200 жылға кешеуілдеткені жайында айтылады. Әбілқайыр хандығының құрамында болған қазақ ру-тайпаларын 1457 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар бөліп алып шығып Моғолстанның батысындағы (Жетісудың батысы) Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы Қозыбасы деген жерге хандығын құрған. Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының арасындағы текетірестен Моғолстан ханы өзіне одақтас іздей бастайды. Сонымен Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керей сұлтандарға өз аумағынан жер бөліп береді. Бірақ Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.


Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.[1] 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты. Қазақстандық қоғам қайраткері Дос Көшімнің ойынша, атаулы күнді тойлау жайлы ой, қазақтарда мемлекет болмаған деген мәлімдемеден кейін туындаған. «Альтернатив» орталығының директоры Андрей Чеботарёвтың пікірінше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Назарбаевтың «Қазақ мемлекеті елдің тәуелсіздігінен соң пайда болды» деген екіұшты пікірі мен Владимир Путинның қазақтарда мемлекет болмаған дейтін аты-шулы сөзі себеп болған. Путинтың қазақтарда «мемлекет болмаған» деген сөзі Назарбаевтан бастап бүкіл қоғамды ойландырды. Себебі, осындай риторика Украина мен украиндықтарға да айтылған болатын. Бірақ, МГУ ақпаратты-аналистикалық орталығының директоры Сергей Рекеданың пікірінше, Путинның сөздерінде ешқандай құпия жоқ, ал ол айтқан сөздер контекстен алынған, онымен қоса, осыған ұқсайтын сөздерді 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болған емес, өйткені шекарасы болмаған. Ең алғаш біз, қазақ мемлекетінің шекарасын бекітіп, БҰҰ-ға дейін жеткіздік».





  1. Қазақстан Республикасы Президентінің "XXI ғ. тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы" кітабы - әлем мен ЕурАзЭҚ елдерінің жаһандық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуының мәселелерін іргелі теориялық және әдіснамалық зерттеу.

Жауап: Басылымның алғы сөзінде «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы – оның бұған дейінгі жарық көрген «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңартудың стратегиясы және өркениетті әріптестік» атты еңбегіндегі дүние жүзі мен ЕурАзЭҚ елдерінің жаһандық энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін дамыту мәселелерін теориялық әрі методологиялық зерттеу циклының қорытындысы болып табылады» деп жазылған.

Кітаптың кіріспесінде «Қазір әлем дүниежүзілік энергетикалық қауіпсіздікке төнген жаңа қауіппен бетпе-бет келіп отыр. Алдағы уақытта әлемді тығырыққа тірейтін жаңа оқиғаларды туындатуы мүмкін шикізат қоры үшін күрес күшейе түседі», - деген Н.Назарбаев, - «Тек энергияны теңгерімді пайдаланудың бірлескен жолын даярлағанда ғана әлемдік қауымдастық жаһандық экологиялық қауіпсіздік негізін құра алады» дегенді баса айтады.


Қазақстан Президенті монографиядағы айтылған идеялармен таныстыра отырып «Бұл кітапта жаңа энергетика ұйымы мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің «экономика–энергетика–экология» тепе-теңдігіндегі сәйкессіздікті төмендету мүмкіндігі көрсетілген. Осыған орай, Қазақстан және ЕурАзЭҚ-тың өзге елдері бұл сценарийдің жүзеге асуын көрсете алады», - дейді.


Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингі” АҚ-ы басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов, қоғам қайраткерлері, ЖОО мен шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.


Сонымен қатар, шараға ресейлік ғалымдар – Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Олег Кузнецов, ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелері стратегиялық зерттеу Институтының директоры, РЖҒА академигі Анатолий Спицын, РЖҒА академигі Николай Гаранькин қатысып, кітап тұсаукесеріне арнайы даярланған баяндамаларын оқыды.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет