Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


жыл-ұлттық бірлік пен жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998 жыл-ұлттық тарих жылы



бет80/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   87
1997 жыл-ұлттық бірлік пен жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998 жыл-ұлттық тарих жылы.

Жауап: Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.

1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.


Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.


Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы басқалар.


1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.


Статистикаға сәйкес, Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корейлік отбасы, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері жер аударылды. Елімізге өз еріктерінен тыс крым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге де ұлт өкілдері келді. Жалпы, осы жылдар аралығында барлығы 1 млн. 500 мың адам жер аударылды.


Халықтық ішкі істер комиссариатының (ХІІК) ерекше жарлығымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Ешқандай айыбы жоқ әйелдері мен кейде апалары, тіпті аналары да жазаланды.


Олар үшін арнайы лагерьлер құрылды, мысалы «АЛЖИР» - отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған ақмолалық лагерді барлығымыз білеміз.


Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссириатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) лагері де болды. Ол КСРО ХІІК ГУЛАГ-на тікелей бағынатын 1930-1959 жылдардағы ең ірі еңбекпен түзеу мекемесі еді.


Карлаг жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде құрылды. Жалпы, Қазақстан аумағында сол кезде кеңестік тоталитарлық жүйе адам тағдырын ойыншыққа айналдырған өзгеде лагерьлер көптеп болды. Алайда Карлаг өзінің ауқымы мен маңыздылығы жағынан ең ірісі еді.


Карлагта әлемге әйгілі ғалымдар, дәрігерлер, әскери басшылар, мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер, діни атағы бар азаматтер болды. Атап айтар болсақ, А. Чижевский, профессор, ботаник Л. Пельцих, селекционер Б. Фортунатов, P. Цион, А. Диомидов, А. Ланина, Л. Василец, В. Пустовойт (болашақ академик, Екі рет социалистік еңбек ері атанған), А. Симорин, Д. Новогрудский, жазушы М. Зуев-Ордынец, А. Корнилов және тағы басқалар болды.


Степлаг лагері де Қазақстандағыи аты шулылардың бірі болған. Степлаг немесе Дала лагері – ГУЛАГ жүйесіндегі саяси тұтқындарға арналған лагерь. Оның басқару орталығы бүгінгі Жезқазғанның Кеңгір ауылында орналасқан еді. Дереккөздің мәліметі бойынша, ол № 39 Жезқазған әскери тұтқындар лагері негізінде құрылған.


АЛЖИР – ең ірі лагерь, онда отанына опасыздық жасағандардың отбасы мүшелері қамалған. Талайлардың тағдырын тәлкек еткен мекеме ХІІҢК бұйрығымен 1937 жылы 15 тамызда Ақмола қаласынан оңтістік-батысқа қарай Төңкеріс (Малиновка) елдімекенінде құрылды. «АЛЖИР» лагері 30 га жерді алып жатты. Тарихшылардың айтуы бойынша оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған.


АЛЖИР-ге әйелдерді әлемнің түкпір-түкпірінен әкеліп жатты – Мәскеу, Ленинград, Украина, Грузия, Армения, ОРта Азия. АЛЖИР музейінің мәліметтеріне сәйкес, абақтыда әйелдер үшін орындар жетіспеді. Қақаған суықта, үскірік аяз бен жауын шашынға қарамастан олар өздеріне өздері барақтар салды. Лагерьге түскен адам нәсілінен, атынан, азаматтық мамандығынан айырылып жатты. Олардың барлығына ортақ «Отанға опасыз жасағандар» деген атау болды. Қатал саясат, жаппай ату жазасына кесу, ашашылық пен жер аудару ел арасында үлкен құрбандыққа әкеліп жатты.


Қазақстанда орналасқан барлық лагерьлерде өлім көрсеткіші өте жоғары болды. Сонымен, 1940 жылдан бастап 1950 жылға дейін Карлагта 10 000 тұтқын көз жұмды. Тіпті, 1943 жылы өлім көрсеткіші өте жоғары болды, бұл жылы әр ай сайын өте ауыр жағдайларда жүздеген адам жан тапсырды.


1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін еш кінәсіз сотталғандарға байланысты жазаны қайта қарау процесі басталды және оларды босатыла бастады.


Алайда, 1920-1940 жылдары қамауға алынған көптеген азаматтардың тағдыры әлі де белгісіз күйінде қалып отыр.


Президенттің 1997 жылғы жарлығынан басқа, 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Бұл егеменді елімізде қабылданған ең алғашқы заңдардың бірі деп есептелінеді.


Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпауы керек. Бүгінде тәуелсіз ел ұрпақтары АЛЖИР, КарЛаг, Степлаг тұтқындары мен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды мәңгі есімізде жақстап, құрметтейміз. Біз оларды 31 мамырда ғана еске алып қоймауымыз керек, тарихты оқыған сайын, осы тақырыптағы фильмдерді көрген сайын немес жай күндерде де оларды еске алып отырған жөн. Біз әрқашан Тәуелсіз Қазақстанның арқасында қаншалықты бақытты өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет