Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


А. Байтұрсыновтың В. И. Ленинге жазған хаттарында большевистік идеялардың сыналуы



бет76/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   87
Байланысты:
Гос экзамен тарих ответы (копия)

А. Байтұрсыновтың В. И. Ленинге жазған хаттарында большевистік идеялардың сыналуы.

Жауап: Байтұрсыновтың В.И. Ленинге хаттары — Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ халқының тағдыры, ұлттық автономия құру мәселелері туралы Ахмет Байтұрсынұлының 1920 жылы жолдаған хаттары.[1] Бұл құжаттар қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл түркі жұртының, Шығыс әлемінің ортақ мақсат-мүдделерін жан-жақты, кең әрі терең жеткізген аса маңызды тарихи мұра болып табылады. 1920 жылы 17 мамырдағы хатында Байтұрсынов Қазақстандағы тұңғыш кеңестік өкімет органы — Қазақ ревкомының құрылғаннан бері 10 айлық қызметінің қорытындысын шығарып, Мәскеу мен қазақ халқының арасында өзара сенім болмағандығын, Ресей коммунистерінің оған алуан түрге боялған үстемдігін таңып отырғандығын, сан ғасырлар бойы отаршылардың езгісінде болып келген қазақтардың өзін-өзі билеуге ұмтылысын, Қазақстанды “халық толық сенетін қазақ зиялылары” басқаруға тиістігін жазды. “Ленин жолдастың ұлт және отар мәселелері туралы тезистеріне қосымша” деген атаумен белгілі хатты Байтұрсынов Ә. Ермековпен, Түркістан АКСР-ы өкілдері Т. Рысқұлов пен Низаметдин Қожаев, Башқұртстанның басшылары Зәки Уәлиди Тоған және Харис Юмағұловпен бірігіп жазды (1920 жылы 16 маусым). Келесі күні, 17 маусымдағы хатында және жазылған мерзімі көрсетілмеген тағы бір хатында Байтұрсынов Ленин тезистеріне жеке өзінің сын-ескертпелері мен ұсыныстарын жолдады. Ресей революциясының жетекшісіне жөнелтілген хаттарының бәрінде де Байтұрсынов ұлт азаттығын көздеді. “Бостандыққа жетудің жолын қазақ елі өзі таңдауы керек, оған жетудің бар ауыртпалығы мен жауапкершілігін ұлт қайраткерлері көтеруге тиіс, Коминтерн мен Ресей коммунистерінің Шығысқа “көмегі” күшпен таңылмауы керек, оның орнына жанашыр қолдау көрсетілуі қажет” деп жазды ол. Байтұрсыновтың саяси көзқарасын айғақтайтын бұл құжаттарда Ленин мен лениншілердің тұрпайы отаршыл, орысшыл, тар ауқымды таптық көзқарастарына Алаш азаматының ұстанған жалпыадамзаттық құндылықтары қарсы қойылған.

  1. "Түркістан легионының" тарихы. М. Шоқайдың соғыс жылдарындағы қызметі.

Жауап: Соңғы уақыттарда, атап айтқанда Қазақстанның тәуелсіздігінің кең көлемді тойланып жатқанда, тәуелсіздік тарихының символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға жала жабушылық көбейе бастады. Олар Шоқай сынды қазақ халқының мақтанышы болған тарихи тұлғаға нацисттермен бірге істескен, әсіресе Түркістан легионын құрып берген сатқын деген жала жабуға күш жұмсауда. Мұның шындыққа ешқандай қатысы жоқ екенін деректер көрсетіп отыр. Біз бұл мақалада Шоқай және Түркістан легионының қалай құрылғандығына деректер негізінде жан жақты тоқталамыз. ІІ. Дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлердің нацистік партиясының басқаруындағы Германияның соғысқұмарлығы Шоқайдың Париждегі күнделікті өмірінің толықтай өзгеруіне себеп болды. Неміс армияларының Польшаны басып алуы Еуропада соғысқа жетелейтін керістікті жағдайдың тууына жол ашты. Мұнымен тек Шоқайдың ғана емес, бүкіл Еуропа елдерінің, әсіресе Германияға көршілес Франция халқының тұрмыс-тіршілігі астаң-кестең болды. Осыған мезгілдес неміс армиясы мен кеңес армиясы жаулап өзара бөлісіп алған Польшаның астанасы Варшавада “Прометей Одағының” жұмыстарының тоқтап қалуы заңды еді. Алайда әлі соғысқа араласпай бейбіт жатқан Францияның өзінде аласапыран жағдай қалыптаса бастады. Соғыс қаупіне байланысты бұл елдегі босқындардың барлық шығармашылық іс-қимылдары тоқтап қалды. Олардың ішінде Шоқайдың 1929 жылдан бері үздіксіз шығарып келе жатқан “Яш Түркістан” журналы да бар еді. Жи-жиі Париждегі Ұлттық Кітапханаға барып, әсіресе саяси тарих пен философия туралы кітаптарды оқыды. Осы кітаптар арқылы Германия мен кеңестердің діттеген мақсаттарын және мұнда қаншалықты табысқа қол жеткізе алатындықтарын болжауға тырысты. Әсіресе екі мемлекеттің басшылары, атап айтқанда Гитлер мен Сталиннің әлемдік билік құмарлықтарының адамзатқа қандай ауыртпалықтар әкелетіндігі туралы сауалдың жауабын іздеп шарқ ұратын. Шоқайдың ойынша олардың екеуі де адасқан озбырлар еді. Олар жаратылысынан саясат пен зұлымдықта бір-біріне тең түсетін. Олардың арасындағы дара айырмашылық – біреуінің нацист, ал екіншісінің интернационалист болуы еді. Басқа бір сөзбен айтқанда Гитлер тек неміс халқының атасы, ал Сталин болса халықтардың атасы еді. Шоқай бұлардың бірінің ажалы екіншісінің қолынан болады деген ойда еді. Егер олар әлемді билеу үшін ауызбірлігі жасайтын болса, онда оларға ешкім қарсы тұра алмас еді. Бірақ Шоқай олардың достықтарының өткінші екендігіне сенді.[1] Ал Парижде үнемі кездесіп тұрған Ресейлік босқындарының көпшілігі қаланы тастап кеткен болатын. Олардың көбі Франция мен Германия арасында бұрқ етуі ықтимал соғыстан бас сауғалап Португалия арқылы Америка Құрама Штаттарына қарай аттанған еді.[2] Соғыс қаупін Шоқай да сезіп жүрді. Алайда Францияны тастап кетуді ешқашан ойламады. Өйткені ол қиын-қыстау күндерінде өзіне құшағын ашқан Францияны туған отаны деп есептеді. Сондықтан оның пікірінше, соғыстан қорқып Францияны тастап кетуге болмайтын еді. Ол елде бір соғыс өрті шыға қалған жағдайда оның қиыншылықтарына француз халқымен бірге төзуге тәуекел етті.[4] Сөйтіп Шоқай Францияда қалды. Өйткені, онын жүрегінде Франциянын ерекше орны бар еді. Ол оның отаны еді. Франция ол үшін шынында да бостандықтар, теңдіктер және бауырластықтар елі еді. Ол 1941 жылы 27 желтоқсанда көз жұмғанда тек қазақ халқы үшін емес, француз халқы үшін де құрбан болды деуге негіз бар. Өйткені сол кезде жансауғалап АҚШ-қа кетіп қалғанда нацисттерге тұтқын түспей аман қалар еді. Ақырында соғыс Францияаға шашырады. 1940 жылы сәуір айында алдымен Данияға және соңынан Норвегияға шабулдаған неміс армиясы мамыр айында Бельгия мен Голландияны жаулап ала бастады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет