Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Қазақстан Республикасының бітімгершілік миссиясы. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) ұйымдастыру жөніндегі ҚР бастамасы



бет82/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Қазақстан Республикасының бітімгершілік миссиясы. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) ұйымдастыру жөніндегі ҚР бастамасы.

Жауап: Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестi шақыру бойынша бастамасын, Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестiң Екiншi саммитiн (бұдан әрi - АӨСШК-нiң Екiншi саммитi) Қазақстан Республикасында 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында дайындау мен өткiзудi жүзеге асыру мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi АӨСШК-нiң Екiншi саммитiн дайындау мен өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.


2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:


1) 1-қосымшаға сәйкес Әзiрбайжан Республикасының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Египет Араб Республикасының, Израиль Мемлекетiнiң, Yндiстан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Корей Республикасының, Қырғыз Республикасының, Моңғолияның, Пәкiстан Ислам Республикасының, Палестина Мемлекетiнiң, Ресей Федерациясының, Тайланд Корольдiгiнiң, Тәжiкстан Республикасының, Түркия Республикасының, Өзбекстан Республикасының (бұдан әрi - мүше мемлекеттер), Вьетнам Социалистiк Республикасының, Индонезия Республикасының, Малайзияның, Америка Құрама Штаттарының, Украинаның, Жапонияның (бұдан әрi - қадағалаушы мемлекеттер), Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, Араб мемлекеттерi лигасының (бұдан әрi - қадағалаушы ұйымдар), Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң, Еуропалық Одақтың, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (бұдан әрi - қонақ мемлекеттер) ресми делегацияларының басшылары мен мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) АӨСШК-нiң Екiншi саммитiн өткiзуге арналған шығыстарды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету", 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" және 004 "Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiмен бiрлесiп, байланысты қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдар және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларының басшылары мен мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетудi қамтамасыз етсiн.


4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:


1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегациялары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) мүше мемлекеттердiң, қадағалаушы мемлекеттердiң, қадағалаушы ұйымдардың және қонақ мемлекеттердiң ресми делегацияларының арнайы ұшақтарына Алматы қаласының әуежайында техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет