Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Тәуелсіз Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың тануы және БҰҰ-на қабылдануы. Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыру



бет81/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   87
Тәуелсіз Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың тануы және БҰҰ-на қабылдануы. Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыру.

Жауап: 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.


Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.


Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:


ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.


Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.


Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.


Қазақстанның сыртқы саясатының Бірінші Тұжырымдамаларын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 1992 жылы мамыр айында жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» еңбегінде анықтады. Қалыптасқан жағдайда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды принциптерін анықтады:
1) сыртқы саясаттың ішкі саясатпен тығыз өзара байланысы;
2) мемлекеттер егемендігін және тәуелсіздігін өзара құрметтеу;
3) мемлекеттердің тең құқықтығы;
4) мемлекеттік мүдделерді қорғау кезінде принциптілігі мен икемділігі, позициялық маневрлеуге қабілеттігі, «сіресіп қалған» стереоптерден бас тарту;
5) сыртқы саясаттың балансталғандығы және көп бағыттылығы, одақтастар мен серіктестерді таңдау кезінде прагматикалық;
6) бөлінбестік, қауіпсіздік, яғни оның түрлі деңгейлерінің тығыз өзара байланысы (саяси, экономикалық, әскери, экономикалық және т.б.);
7) бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларын шешуде жаһандық аймақтық, субаймақтық және ұлттық тәсілдер арасында балансқа қол жеткізу;
8) Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде халықаралық құқық принциптері негізінде сыртқы саясат жүргізеді;
9) Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы ретінде өзінің сыртқы саясат қызметінде Хелсин қорытынды актісі декларацияларының принциптеріне сүйенеді.
Белгілі болғандай, сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – бұл елдің мызғымастығы, тәуелсіздігі, аумақтық бүтіндігі және шекарасына қол сұғылмайтындығы туралы түбегейлі ережелер нұсқаулығы. Қазақстанның сыртқы саясатының түбегейлігі бейбітшілік сүйгіштігімен және серіктестігімен шектеледі. 1994 жылы желтоқсанда ЕҚЫҰ Будапешт мәжілісі кезінде депозитарийлер тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы Меморандумға, Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қаруды тарату туралы Шарттарға қол қойылды, онда Қазақстанның аумақтық бүтіндігі мен саяси тәуелсіздігіна қарсы күш қолданбау туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттемелер болды. Кейін өз кепілдіктерін ҚХР мен Франция жіберді.

1992 жылы 5 наурызда БҰҰ қабылданды. Осыған байланысты Бас Ассамблеяның 47-сессиясында болған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ сөйлеген сөзі анықтаушы мән алды, онда тәуелсіз Қазақстанның осы халықаралық ұйым қызметіне қатысу принциптері, оның жаңа әлемдегі ролін көруіміз мазмұндалған. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдіктері БҰҰ, басқа халықаралық форумдар құжаттарында әзірленген, әрі мазмұндалған және мемлекеттер арасындағы қатынастарда жалпы мойындалған болып табылады. Егеменділікті алумен, БҰҰ енумен қатар және Қазақстанның тұтас қатары жеке сыртқы саясатының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларына, әлем экономикасына және әлемдік қауымдастыққа өз бетінше кіру проблемаларына жолықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінде негізгі бағыттар анықталды:


1) ҚР мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту;

2) саясатты жаңғырту, нарықтық экономиканы құру курсы;


3) қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, онсыз даму болуы мүмкін емес;


4) азаматтық әлем, ұлтаралық келісім;


5) ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен бірігу







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет