МәМЛҮктер кезеңінде түзілген «китаб ад-дурра » жазба ескерткішінің зерттелуі



бет5/9
Дата31.08.2022
өлшемі64,38 Kb.
#38337
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеуіміздің өзектілігі және көне жазба ескерткіштердің тілін зерттеудің қажеттілігі сол, ондағы құнды деректерді халықтық тіл мен әдеби тілдің даму тарихын анықтау үшін пайдалануға болады. Ескі қыпшақ жазба ескерткішінің тілін зерттеу арқылы қазақ тіліндегі даулы мәселелерді шешуге жол ашылады. XIII-ХІV ғасырларда Мысыр мен Шамда түзілген «Китаб ад-дурра әл-мудаийа фил-луғати-т-туркийа ‘ала-т-тамам уа-л-камал» – «Түрік тілінің жарқыраған інжу-маржаны, әрі толық жазылып біткен кітап» жазба ескерткішінің зерттелу тарихын зерделеп, ғылыми еңбектермен және бұны зерттеуші ғалымдармен таныстыра отырып, осы ескерткіш арқылы мәмлүк қыпшақ тілінің зерттелмей жатқан қабаттарын қайта қарауға, әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отырған проблемалардың шешімін табуға мүмкіндіктер туады.
Зерттеу əдістеріне келсек, мақаламыздың зерттеу алаңында көптеген дереккөздер қолданылады. «Китаб ад-Дурра...» сөздігінің зерттелуі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең, XIII-ХV ғасырларда жазылған жәдігерліктер, екінші кезең, ХХ ғасырда жазылған ғылыми зерттеулер, үшінші кезең, қазіргі заман, яғни, ХХІ ғасырдағы тың деректер мен жаңа зерттеулер. Сонымен қатар, «Китаб ад-Дурра...» сөздігінің зерттелу ареалын талқылау барысында төрт тарапқа бөліп қарастырдық. Бірінші, батыс ғалымдарының зерттеу еңбектері, екінші, шығыс ғалымдарының зерттеу еңбектері, үшінші, кеңестік немесе ТМД елдері ғалымдарының зерттеулері, төртінші, отандық ғалымдардың зерттеулері. Бұл зерттеу аумағы бойынша таралымдар мен кезеңі аралас аталып, қатарлас зерттеледі. Зерттелу кезеңін қарастырған тұста, отандық зерттеушілер мен батыс пен шығыс және ТМД елдерінің зерттеушілерінің еңбектері қатар айтылып отырады.
Сонымен қатар, мақаланы жазу барысында салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу, сипаттау, жүйелеу, топтау, пікірлерді қорыту әдістері мен аударма тәсілдері қолданылады.


Талқылау

Бұл мақалада «Китаб ад-Дурра...» сөздігінің зерттелу тарихнамасына тоқталмас бұрын, алдыменен қолжазбаның нұсқалары, мазмұны, археографикалық ерекшеліктері туралы айтып, жалпы таныстырып өткенді жөн көрдік.


Қолжазбаның көлемі 24 парақ, яғни, 48 бет, әр парақтың екі бетінде 15 – 16 жолдан тұратын арабша-қыпшақша сөздердің тізімі бар араб сөздері қара сиямен, қыпшақ сөздері қызыл сиямен жазылған.
Жазба ескерткіштің факсимилиесіне қарағанда, негізгі мәтіннің алдына қоса берілген үш бет қағаз бар. Алғашқы бетінде Медичи кітапханасының мөрі басылған, басқадай мәліметтер жоқ (1 сурет). Мұнан кейінгі екі бетте есімі белгісіз кісінің қолынан жазылған мәтін бар (2 сурет). Бұл мәтіннің жалғасы ескерткіштің титул (1а) бетіндегі анықтамалықтың соңына жалғастыра жазылған (3 сурет). Біз бұл беттерді шартты түрде 001, 002, 003 (1 сурет), ал жазба ескерткіштің бірінші бетінде берілген жалғасын 1а таңбалары арқылы белгіледік. Жазба ескерткіш мәтініне қоса тігілген бұл беттерде 22 жол жазу бар. Оның 4 жолы 002 бетке, 13 жолы 003 бетке, ал 5 жолы жазба ескерткіштің 1а бетіне жазылған. Белгісіз кісі қолымен жазылған бұл мәлімет жазба ескерткіштің негізгі мәтініндегі каллиграфияға ұқсамайды және бірқатар жолдары мүлдем өшіп қалған (4 сурет).
Араб сөздерінің семантикалық классификациясына орай тиісті лексикалық материалдар 24 тарауға бөлініп берілген. Сөздіктің авторы мен оның жазылған уақыты белгісіз деп танылып жүр.
Жазба ескерткіштің алғашқы беті ХІV ғасырға тән араб тілінің сириялық диалектісінде берілген анықтамамен басталады:
كِثَابُ ألدُرَّةِ ألْمُضَـِيَّةِ فيْ أَللُّغَةِ أَلتّرْكِيَّةِ عَلَى اَلْتَمَامْ وَالْكَمَالُ، مَا دَامّت أَلأَيَّامْ وَ اللَّيَالي، وَ بللَّه أَلْمُسْتَعَانُ، أَللّه أَلْمُوَفَّقْ، للْصَوَابْ
Мағынасы мынадай: «Түрік тілінде, аяқталған және толық «Жарқыраған інжу-маржан» кітабы. Көрер күндер мен түндер таусылмасын, Алла жар болсын, Алла сәтін салсын, ниет жүзеге ассын».
Араб тілінде берілген бұл сөйлемдер 6 жолға жазылған (1а). Мұндағы сириялық диалекті деп отырғанымыздың себебі – жазба ескерткіш атауының құрамындағы «китаб» сөзінің «кисаб» орфограммасы арқылы берілуіне байланысты.
Қолжазбаның екінші бетінде араб тілінде берілген 16 жолдық мәтін бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет