МәМЛҮктер кезеңінде түзілген «китаб ад-дурра » жазба ескерткішінің зерттелуі



бет7/9
Дата31.08.2022
өлшемі64,38 Kb.
#38337
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Китаб ад-Дурра мақалаға ККСОН

Нәтижелері

Ал енді «Китаб ад-Дурра...» сөздігінің зерттелу тарихнамасына келсек, бұны біз үш кезеңге бөліп талқылайтын боламыз. Бірінші кезең бойынша XIII-ХV ғасырларда жазылған жәдігерліктердегі мәліметтерге тоқталсақ, 1619 ж. жазылған «Aš-Šudur ad-Dahabiya fi-l Luğat at-Turkiya» атты шағын жазба ескерткіштің авторы – Молла Салих өз еңбегін жазу барысында өзі пайдаланған жиырма беске жуық еңбек пен авторлардың тізімін береді. Солардың ішінде «Китаб ад-Дурра...» сөздігіне де тоқталып өтеді:


هَذِهِ الرِّسَالَةَ اِطَّلَعْتُ عَلَى تَرْجُمَانٍ مَنْسُوبًا لِلْعَلاَمَةِ اَبِي حَيَّانَ عَلَيْهِ الرَّحْمَةُ النَّحْوِيِّ وَالرِّضْوَانُ قَالَ فِي دِيبَاجَتِهِ جَعَلْتُهُ عَلَى اْلقَوَاعِدِ اْلعَرَبِيَّةِ وَسَمَّيْتُهَا بِالدُّرَّةِ اْلمُضِيَّةِ فِي اللُّغَةِ التُّرْكِيَّةِ وَقَدْ فَعَلَ ذَلِكَ
Осы кітапшаны тамамдап жатқан кезде Аллама Абу Хаййан ән-Нахвиннің «Тәржуман» атты кітабымен таныстым. Ол кітаптың кіріспесінде былай дейді; «Мен бұл кітапты араб тілі қағидалары негізінде жаздым. Оны «әд-Дуррату әл-мудия фил-лұғат әт-түркия» - деп атадым». Расында ол, мұны әдемі жасады [7, 26].
Бұл мәтіннен байқағанымыздай, Молла Салих өз еңбегін жазып аяқтайтын кезде Абу Хаййанның «Тәржуман» еңбегімен таныстым, ол өз кітабын «Мен бұл кітапты араб тілі қағидалары негізінде жаздым. Оны «әд-Дуррату әл-мудия фил-лұғат әт-түркия» - деп атадым» деген дәлелдер келтіреді. Біз қарастырып отырған сөздіктің басындағы кіріспесінде де осы сөз нақты келтірілген:
أَلتُرْكِيَّة، سَمَيْتُهُ بِالدُرَّةِ اِلْمَضِيَّه، وَ جَعَلْت وَ بَعْدُ فَهَذِهِ تُرْجُمَانَ أَلْلُّغَةِ
لَهُ ضَوَابِطًا وَ قُيُودًا مِنِ أَلْعَرَبِيَّة
Енді осы түркі тілі аудармасын жазғаныма келетін болсақ, мен оны «Жарқыраған інжу-маржан» деп атадым, ол үшін жүйені, арабша құрылымды белгіледім [8, 131].
Зерттелу тарихнамасы тұрғысынан қарасақ, Молла Салихтың «аш- Шудур...» еңбегі «Китаб ад-Дурра..» сөздігі туралы мәлімет берген, сыни пікір білдірген ең алғашқы дереккөз деп тануға болады.
Одан бөлек, мұнда «Китаб ад-Дурра..» сөздігінің авторы Аллама Абу Хаййан ән-Нахви екендігін тайға таңба басқандай анық айтып өткен. Бірақта біздің ғылыми орта бұл ескерткіштің авторы әлі күнге дейін белгісіз деп танып келеді. Бұл еңбекті ең алғаш зерттеген Ананиаш Зайончковский осы мәселеге тоқтала келе мынадай пікір білдірген болатын:
«Вопрос о том, имеем ли мы здесь дело с одним сочинением и одним автором (являются ли Абу-Хаййан ал-Гарнати и Абу Хаййан ан-Нахви одним лицом) или с разными памятниками с таким же названием, требуют специального рассмотрения» дейді [1, 112-113]. А. Зайончковский Абу Хаян әл-Гарнати мен Абу Хаян әл-Нахви бір адам немесе екі бөлек адам екендігін анықтау болашақ ғалымдардың ісі деп атап өткен. Біздің бүгінгі буын бұл екеуі бір адам екендігін ерте кезден дәлелдеген. Оның әл-Гарнати тахаллусымен қатар араб грамматикасын терең білгендіктен, «ән-Нахви», яғни, «Наху – грамматика королі» деген лақабы да айтылады. Абу Хаййанның көптеген лақап аттары бар: «Әбу Хаййан атты автордың толық аты-жөні Мұхаммед ибн Юсуф ибн ‘Али ибн Юсуф ибн Хаййан. Әл-Андалуси деген атпен белгілі болғаннан басқа, автордың басқа да көрнекті атрибуттары бар: әл-Гарнати, әл-Джаййани, әл-Мысри, әл-Каири, ән-Нифзи, әл-Джубби, әл-Мағриби, әш-Шафи’и, әл-Мәлики, әз-Захири, әл-Нахви және әл-Атһари» [9, 116].
Сондықтан да, Молла Салих айтып отырған Абу Хаййан ан-Нахви осы Абу Хаййан әл-Гарнатидің қосымша аты. Осы дәлелдерге сүйене отырып, біздің ұсынатынымыз, «Китаб ад-Дурра…» сөздігінің авторы осы Абу Хаййан екендігіне ешқандай дау жоқ деп ойлаймыз. Молла Салихтың айтқандарын Э. Наджип те атап өтеді [10, 27]. Абу Хаййан әл-Гарнати туралы Р. Маженова да мынадай мәлімет береді: «Абу Хаййан родился в 1265 году, в административном и культурном центре арабского халифата Андалузии (Испания) и умер в 1334 году в Мамлюкском Египте. Он является автором не менее четырех филологических сочинений, посвященных тюркским языкам: 1. «Китаб захви-л-мулк фи-нахви т-турк»; 2. «Китаб ал-аф‘ал фи-лисани-т-турк»; 3. «Ад-дурат ал-муди‘а фи-л-лугат ат-туркийа»; 4. «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак». К сожалению, первые три работы не обнаружены, о них имеются лишь упоминания в других источниках» деген [11, 4].
Түркияда шыққан «Ислам энциклопедиясы» мәліметтері бойынша Абу Хаййанның жалпы 65 еңбегінің атауы белгілі. Соның ішінде 19 ескерткіш қазіргі күнге дейін жеткен деп саналады [12, 30-31]. Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде «Китаб ад-Дурра…» қолжазбасын қоссақ, барлығы 16 қолжазбасы қазіргі заманға дейін жеткен болып есептеледі.
Қолжазбаның авторы жөнінде А.Н. Гаркавец мынадай мәлімет келтіреді: «Ад-дуррат ал-мудийа фи-’л-лугат ат-туркийа» – «Блестящая жемчужина для [изучения] тюркского языка» неизвестного автора. Копия в 24 листа, снятая Хосровом ибн Абдуллахом, хранится в библиотеке Медичи во Флоренции под шифром Orient.130». Бұл жерде авторы белгісіз, бірақта қолжазбаны көшірген Хосров ибн Абдуллах деп тың дерек келтіргенімен, бұған ешқандай сілтеме жасамаған [13, 37].
Осынау XVI ғасырдағы Молла Салихтың еңбегінде келтірілген деректен бөлек, XVII ғасырда өмір сүрген османдық ірі ғалым, тарихшы әрі жазушы Кятиб Челеби өзінің «Кашф аз-зунун» атты еңбегінде «ад-Дурра ал-Мудийа» сөздігінің авторы Зейн ад-Дин Абдуррахман ибн Абу Бакр деген дерек келтіреді.
«Кашф аз-зунун ан ал-асами кутуб ва’л-фунун» («Кітаптар мен ғылым салаларының атаулары туралы пікірлерді ашу») – мұсылман әлемінің араб, парсы және түркі тілдеріндегі 14500 кітап пен 10000-нан астам авторлар туралы мәліметтер жинақталған библиографиялық-энциклопедиялық еңбек. Бұл еңбекті алғаш рет неміс шығыстанушы ғалымы Г. Флюгелем (1835–1858) Лейпциг қаласында шығарды, 1941 жылы Анкарада қайта басылып шыққан болатын [14]. Біздің ойымызша Кятиб Челеби айтып отырған «ад-Дурра ал-Мудийа» қолжазбасы біз қарастырып отырған сөздіктен басқа еңбек болуы мүмкін. Себебі, бұл еңбекпен аттас қолжазбалар әжептәуір кездеседі. Тіпті, А. Зайончковскийдің өзі де Стамбулдың Топ Капы сарайынан осымен аттас бұдан бөлек тағы да 2 қолжазба кездестіргенін айтқан болатын [1, 113]. Стамбулдық Кятиб Челеби (Мустафа Абдуллах, Хаджи Халифе) айтып отырған бұл еңбек солардың біреуі болуы мүмкін.
«Ад-Дурра ал-Мудийа» сөздігі зерттелуінің екінші кезеңі ХХ ғасырда жазылған ғылыми зерттеулерде көрініс табады. Осы тұрғыда «Китаб ад-Дурра...» сөздігін ең алғаш тауып, ғылыми ортаға таныстырған А. Зайончковский: «Италияның Венеция қаласында болып өткен II-ші Халықаралық Түрік мәдениеті конгресіне қатысқан мерзім ішінде (1963 ж., қыркүйек-қазан) әлемдегі ең көне кітапханалардың бірі – Флоренциядағы Медичи (Biblioteca Medicea Laurenziana) кітапханасының Шығыс тілдерінде жазылған қолжазбалар бөлімінде зерттеу жұмыстарын жүргізу мәртебесіне ие болдым. Көптеген арабша-түрікше сөздіктер арасынан Мәмлүк қыпшақ жазба ескерткіші ретінде танылған және Orient 130 нөмірімен тіркелген бір қолжазбаға көңiл бөлдiм» деп бұл қолжазбаның қалай табылғанын баяндап береді [15, 123-128]. А. Зайончковский осы ескерткішті танудың ең басында тұрған тұлға.
Бұдан бөлек, Мәмлүк қыпшақтарының лексикографиялық ескерткіштерінің тізімін түзіп, еуропалық ортаға таныстарған неміс ғалымы О. Притцактың да еңбегі ересен. Ол Абу Хаййан еңбектерінің тізімі қатарында «Китаб ад-Дурра» сөздігін де атап өтеді: «Әбу Хайянның басқа еңбектері (жоғалғаны да бар) қыпшақ филологиясы саласына арналған: «Китаб әл-аф‘ал» – етістік, «Захр әл-мүлк фи наһу ат-түрк» – синтаксис және «ад-Дурра» – лексикография (бұл еңбек әл-Уаррақтың осымен аттас еңбегімен байланысы бар болуы керек [мүмкін Бейликке де қатысты]) [4, 75]. Бұндай пікірлерден бөлек те көптеген ғалымдардың атын атап өткен еңбектері баршылық.
Қазақстанда алғашқы болып әйгілі қыпшақтанушы Ә.Қ. Құрышжановтың таныстырылымдары ғана болды. Кейіннен К. Д. Таужанова арнайы мақала жариялаған болатын. Ол бұл мақаласында ескерткіш туралы өзіне дейін ғылымға белгілі болған мәліметтерді қысқаша хабарлама ретінде берген. Бұл тұрғыдан алғанда аталып отырған мәліметтер А. Зайончковскийдің, Ф. Е. Каратайдың хабарламаларының жиынтығы іспеттес болып келеді. Сонымен қатар, К. Д. Таужанованың тарапынан берілген құнды пікірлер бар. Жазба ескерткіш мәтініндегі бірнеше бөлімнің лексикалық материалдарының жинақталған түрін, атап айтқанда 37 лексема мен сөз тіркесін салыстыра қараған К. Д. Таужанова мынадай пікірге келген: «Таким образом, одного лишь беглого знакомства со словарем достаточно, чтобы убедиться в важности его лексического материала для изучения исторической лексикологии кыпчакской группы тюркских языков.» дейді [3, 45].
Тәуелсіздік алған жылдардан соң, тарихи жәдігерліктерді зерттеу өте үлкен қарқын алды. Шартты түрде үшінші кезең, деп атап отырған қазіргі заман, яғни, ХХІ ғасырдағы тың деректер мен жаңа зерттеулер баршылық. Бұл кезеңде көбіне көп түркиялық ғалымдардың еңбегі өте көп. Соңғы жылдарда Түркия Республикасының ғалымдары да жалпы қыпшақ жазба ескерткіштеріне қызығушылық танытып, олардың бірқатарын баспа бетінде жариялады. Солардың бірі – “ad-Durrat al-mudī’a fī-l-luğat at-turkīa” жазба ескерткішінің жаңа басылымы болып отыр. Басылымды даярлаушы – профессор, доктор Режеп Топарлы. Басылымда жазба ескерткіш тілінде қолданылған лексемалардың араб графикасы транскрипциясына бейімделген, латын жазуында орындалған мәтіндік транскрипциясы, сөздігі, жазба ескерткіштің факсимилесі қамтылған. Бірақ ескерткіш мәтінінің тілдік ерекшеліктері туралы ешқандай зерттеу жұмыстары берілмеген. Басылымда берілген ескі қыпшақ тілі лексемаларының транскрипциялануы, кейбір лексемалардың аудармалық анықтамалықтары сын көтермейді. Дегенмен басылым соңында берілген факсимилиенің сапалы дайындалуы, бұл басылымдағы бірқатар олқылықтардың орнын толтыруға септігін тигізетіні сөзсіз [8, 1-126].
Жазба ескерткіш тіліне қатысты басылымның бірі – «Қыпшақ түрікшесі сөздігі» (KIPÇAK TÜRKÇESİ SÖZLÜĞÜ) [16, 1-338]. Бұл сөздікте Батыс және Шығыс қыпшақ тілдерінің тарихи мұралары болып табылатын 17 жазба ескерткіштің лексикалық материалдары қамтылған. Сол жазба мұралардың бірі – осы біз қарастырып отырған “ad-Durrat al-mudī’a fī-l-luğat at-turkīa”. Сөздіктің басты құндылықтарының бірі – онда берілген қыпшақ-оғыз лексемаларының араб жазуына бейімделген латын графикасымен берілуі болса, сондай-ақ басты кемшіліктерінің бірі – ескі қыпшақ тіліндегі, тіпті ескі оғыз тіліндегі үндестік заңының ескерілмеуі болып табылады.
Түркиялық ғалымдар бұл ескерткіш төңірегінде көлемді мақалалар да жариялап тұрады. Белгілі түркітанушы, доктор Онур Балжы өз мақаласында «Китаб ад-Дурра...» сөздігінің ерекшеліктеріне тоқтала келе, бұл еңбектің авторлығы туралы да пікір білдіреді: «Caferoğlu бұл еңбектің Әбу Хайянға тиесілі екенін айтады (1984: 189). Бірақ әрі сөздік, әрі грамматика болып табылатын Абу Хаййан жазған «Китаб әл-Идрак ли-Лисән әл-әтрәк» деп аталатын шығармада көрінетін шеберлік пен басымдықтар бұл еңбекте байқалмағандықтан сенімімізді әлсіретеді» [17, 58]. Біздің айтарымыз, «Китаб ад-Дурра» сөздік болып құрылғандықтан «Китаб әл-Идрак» сияқты түбегейлі түгенделмей, жеңілірек жазылған.
Түрік зерттеушісі Esra Nur Tiryaki-ның айтуынша: ««Ed-Dürretü’l-mudiyye fi’l-lügati’t türkiyye» шығармасының орны мен авторы белгісіз. (Ержиласун, 2010; Топарлы, 2003). 24а бетінде табылған жазбаға сәйкес, қолжазбаны көшіруші Хосрау бин Абдулла» [18]
Ең маңызды зерттеулердің бірі – түркиялық ғалым Реджеп Йылмаз 2014 жылы «Әд-Дурратул-мудийа фил-луғат-ит-туркййяның мәмлүк түрікшесі мен оғыз түрікшесі нұсқаларын салыстыру» атты тақырып бойынша докторлық диссертация қорғаған болатын. Бұл еңбекте «Китаб ад-Дурра...» сөздігінің флоренциялық қыпшақ нұсқасы мен түркиялық оғыз нұсқасы салыстырылып зерттелді. Түркі тілдерінің оғыз тобындағы нұсқасы 1375 жылы жазылған, авторы Исхақ ибн Мурад, Türk Dil Kurumu бірлесітігінің кітапханасында сақтаулы.
Реджеп Йылмаздың пікірінше, «Китаб ад-Дурра» сөздігінде «шамамен 960 сөз бар» деп болжанады [19, 28].
Жақын шетелдер мен отандық ғалымдардың еңбектеріне тоқталып өтсек. Осы мақала авторларының бірі, профессор Б.Н. Жұбатова мен Қ.Қ. Аубакирова жазған монографиялық зерттеу еңбегінде Мәмлүктер кезеңінде түзілген лексикографиялық еңбектердің қатарында «Китаб ад-Дурра...» сөздігі талданып, оның ішіндегі Мысырлық арабтардың тұрмыс-тіршілігінде қолданысқа еніп кеткен түркизмдер туралы нақтылы деректер келтіріледі, «Китаб ад-Дурра» сөздігінің материалдары кеңінен қолданылған [20].
Мәмлүктер кезеңіндегі түрік-араб мәдени-тілдік байланыстарды зерттеген Қ.Қ. Аубакированың пікірінше ««Әд-Дуррада» 1070 сөз» бар деген болжам келтіріледі [21, 124]. Ал Б.Д. Дүйсеновтің зерттеуінше «Установлено, что объем лесикона словаря памятника – 1214 слов. В алфавитном порядке они выглядят таким образом: количество слов, которые начинаются с буквы А (أ،آ ،ا) – 97, B (ب) – 114, C (ج) – 8, Č (ج، چ) – 18, Ḋ ḋ (ض) – 8, D (د)َ – 26, E (ا٫ آ٫ ه) – 22, G (ك) – 3, H (ه ٬ح) – 7, Ĥ (خ) – 10, I (ي ٫ى) – 3, İ (ا ٫ي ٫ى) – 35, K (ك) – 97, L (ل) – 8, M (م) – 27, N (ن) – 16, O (و) – 25, Ö (و) – 12, P (ب) – 10, Q (ق) – 123, R (ر) – 1, S (س٫ ص٫ ث) – 133, Š (ش) – 50, T (ت٫ ط) – 131, U (٫ ُو) – 12, Ü (و٫ ُ) – 10, V (و٫ ُ) – 22, Y (ي٫ ى) – 180, Z (ز٫ ظ٫ ذ) – 4» [22, 237]
Көрнекті поляк түркітанушысы, тегі қарайым А. Зайончковский бұл жазба ескерткіш материалдарына үнемі назар аударып отырған: «Содержание этого манускрипта и оформление его не оставляет никакого сомнения в том, что данное сочинение написано в период государства Мамлюков и включает богатый и полноценный материал по кипчакскому языку» [1, 37]. Осыған қарағанда, бұл ескерткіштің зерттеудің маңызы өте зор. Әлі де талай зерттеулер жазылып, ғылыми ортада талқыланатыны белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет