Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет24/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
10 Дәріс
Кідіріс (пауза)
Сөйлеген сөз не оқылатын текстегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында (дауыс ағысында) белгілі бір үзіліс, толас болады. Кідіріс (пауза) деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасауы жай ғана кідіріс емес. Ол-әдеби текстің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Кідіріс ұзақ, орташа, қысқа болып бөлінеді. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөз дестелерін (тактілерін, фразаны) бөліп тұрады. Ал орташа толасты-логикалық кідіріс дейді. Ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, екінші сөзбен айтқанда, бір ойды аяқтап, екінші ойға көшу, немесе бүтін текстің бір бөлімінен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді. Кейде жазба тілде текстің мұндай бөліктерін абзацтан бастайды. Алайда сөз түйіні үзілістің ұзақтығында ғана емес, мазмұнына байланысты болады. Кейде ұзақ толас психологиялық кідіріске айналып кетеді де, көркем сөйлеудің мәнерлі тәсілі ретінде сөз мағынасын күшейтеді. К.С. Станиславский: «Психологиялық кідіріс- ойды үнсіз емеурінмен тап басып дәл жеткізу тәсілі. Үнсіз толас жасаудың өзінде салмақты мән жатыр, өйткені ол сөзді көзқарастың түрлі өзгерісімен, пішіннің құбылуымен; сондай-ақ қарым-қатынас жасауда өзінен-өзіне әдейі қолданылатын болар-болмас қимыл әрекеттерімен толықтырады», - деген-ді.
Сөйтіп, логикалық кідірісті текстің мағыналық түйінін меңзеуге, ойды ұштауға қолдансақ, психологиялық кідірісті тыңдаушылардың көңіл күйіне әсер ету үшін пайдаланамыз.
Психологиялық кідіріс сөйлеушінің толғаныс – тебіреністеімен байланысты болып келеді. Бұл – көркем сөз орындаушының хабарлап тұрған жайтқа деген өз көзқарасына, сөз төркініне, сөз аттарына байланысты болады. Сөйтіп бұл жайт оның творчествалық жұмысын сипаттайды. Мұндай кідірістер текстің басында, ортасында, соңында келе беруі ықтимал. Ол тыныс белгілермен дәл келуі де, келмеуі де мүмкін. Өйткені ол тексттің психологиялық мазмұнына байланысты болмақ.
Тексті оқуға не әңгімелеп беруге даярлағанда психологиялық кідірісті алдын ала белгілеп алу керек.
Қысқа кідіріс ;орташа кідіріс; ұзақ кідіріс боп белгіленсін. Мысалы:
Торғай
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім алдымда/ жүгіріп бара жатқан.
Ол/ кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ, төрт тағандап бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Жел жол жағалауындағы қайыңдардың басын теңселтіп тұр еді. Балапан жаңа ғана өсіп келе жатқан сүйрік қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз отыр.
Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп, иттің дәл алдына кеп қонды. Байғұстың зәресі ұшып, түсі бұзылып кеткен, жүнін үрпитіп пырылдап жүр. Иттің ақсиған тістері мен арандай ашылған аузына қарай бір-екі рет тап берді.
Ол жан ұшырып өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол бал бөбегі балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп тұр.
Оның көзіне ит қандай дәу болып көрінді десеңізші. Бірақ балапан отқа түскенде, ол бас сауғалап бұтаққа отырып қала алмады. Оны өз ықтиярынан өз еркінен басым бір күш жерге ұшырып түсірді.
Менің итім төбеге ұрғандай тоқтап, кейін шегінді. Ол да әлгі күшті мойындаған тәрізді.
Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық жүрегінің күші мені таң қалдырды, мен жөніме кеттім.
(И.Тургенов)
Текстің 1-бөлігіндегі сөйлемдердегі сөздердің аралығында сөз дестесінің кідірісі (қысқа); сөйлем соңында (орташа); абзац аяқталғанда ұзақ толас белгісі көрсетілді. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ , бұға бастады. Бұл сөйлемнің аяғында қойылған психологиялық кідіріс ары қарай не болар екен деп елеңдеген тыңдаушылардың назар-ынтасын аударады.
Текстің 2-бөлігінде бірнеше психологиялық пауза (кідіріс) жасауға болады. Айталық, «» Оның көзіне ит қандай дәу болып көрінді десеңізші . сөйлемнен соңғы психологиялық толасты автордың қорғансыз кішкентай торғайға жаны қаншалықты ашығанын және тыңдаушыларды да бірге тебіренту мақсатын көздеп қойылады. Сондай-ақ: «Оны өз ықтиярынан, өз еркінен басым күш жерге ұшырып түсірді; сөйлемінен соң қойылған психологиялық кідіріс тыңдаушысына: ол – тәңірден де мықты күштің нендей сезім екеніне ой салады. Соңғы сөйлемдегі психологиялық кідіріс алдыңғысы автордың ой толғанысын білдірсе, соңғысы тыңдаушылардың әсерлене түсуі үшін, бірден келте аяқтамай, ұзақ толас жасау қажеттігін көрсетеді. Балалар бақшасында істейтін тәрбиеші – педагогтар оқыған әңгімесінің соның байыпты дауыспен аяқтап, ұзақ кідіріс жасауы керек.
Психологиялық кідірісті көркем шығарманың мысал жанрын оқығанда қолдану тиімді шықпақ. Мысалдың өткір сатиралық мазмұнына орай орынды қойылған психологиялық кідіріс мысалды онан сайын үшкірлей түспек. Бұған «Түлкінің есекті жоқтап жылауы » деген мысалдың мынадай бір жолдарын алайық.
... «Бір күні жортып келе жатқан түлкі өлген есекті көреді. Қараса өзі танитын есек болып шығады. Қасына кеп, басын құшақтап еңіреп жылайды кеп, жылайды кеп. Мұны көрген күшігі таң қалып, әкесіне: - Әке, бір есек өлді, қалды, оған несіне сонша көз жасыңды бұлайсың? – дейді. Сонда қарт түлкі: - Е, балам мұны ойлайтын әкеңнің де бар басы. Менің «Түке» атанып жүргенім сол есектердің арқасы» - депті.
«Менің Түке атанып жүргенім сол есектердің арқасы» дегеннен кейінгі психологиялық кідіріс хайуанат обьектісі арқылы аллегориямен берілген астарлы ой түйіні тыңдаушыларды ойландырады.
Психологиялық кідіріс тыңдаушыларға күшті әсер етеді. Сондықтан оны орынды жерінде, қажет деп тапқанда ғана пайдалану тиімді болмақ. Бұл толастарды таба білу әрбір тыңдаушының көркемдік талғамына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет