3) Таңдай. Дыбыстардың жасалу орнына қарай алғы, орта, артқы таңдай болып бөлінеді. Алғы таңдай күрек тіс тұрған қызыл иекпен ұштасады. Дауыссыз дыбыстардың осы альвеол арқылы да жасалатындары бар.
4) Иек. Иек төмен түскенде, ауыз кең ашылады да, жоғары көтерілгенде, ауыз тар ашылады. Осыған орай қазақ тілі дауыстылары ашық (а,ә) , қысаң (ы, і) болып бөлінетінін білеміз.
Мұрын қуысы арқылы м, н, ң, үнді дауыссыздары жасалады. Ал басқа дауыссыздар мен дауыстылар айтылғанда, фонациялық ауа ауыз жолы арқылы шығады.
Сөйлеу техникасына төселу жолдары: дұрыс тыныс ала білу, дауысты жаттықтыру, дикцияны (үн реңкін) қалыптастыру.
Тыныс (демді ішке тарту, дем шығару).
Сөздің айтылуы (естілуі) тыныс мүшелері арқылы іске асады. Дауыстың таза, әсем шығуы және түрлі реңкте құбылуы дұрыс тыныс ала білуге , яғни ауаны ішке жұту керек. Демді ішке тартқанда өкпе ауызға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі, ал диафрагма төмен түседі. Ауа өкпеде іркіледі де, сөйлеу кезінде біртіндеп үнеммен сыртқа шығады.
Тыныс алудың үш түрі бар. Олар – диафрагма арқылы, көкірек арқылы, қабырға арқылы тыныс алу.
Тыныс алуда диафрагманың рөлі күшті. Ауа өкпеге мол кірсе, диафрагма көтеріліп, дем тереңдейді, ал дем шығарғанда ол қаз қалпына түседі. Мұны диагфрамалық тыныс алу дейді. Көкірек арқылы тыныс алғанда, қабырға мен иық көтеріледі де, дем шыққанда төмен түседі. Қабырға арқылы тыныс алғанда, көкірек клеткасы кеңейеді, қабырғалардың қозғалысы өзгереді.
Тыныс алу еріксіз, ерікті болып бөлінеді.
Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау, дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Демек, тыныс алуды адам өзі реттеп, қалауынша жұмсай білуі керек.
Демді сыртқа мүлде сарқа шығармаған дұрыс. Немесе демді ішке алғанда иықты көтермеу керек. Табиғи толас кезінде ауа өкпеге тыныс жолы арқылы елеусіз кіреді де, көкірек пен қабырғаның жоғары жағы көтеріліп, қозғалыссыз қалыпта тұрады, тек диафрагма ғана қозғалады. Тыныс алудың бұл түрлі қабырға диагфрагма арқылы ерікті тыныс алу делінеді.
Тәрбиеші-педагогтардың есте сақтайтын жайлары:
Сөйлеу аппаратын күте білу керек. Қандай да бір жақсы дауыс болмасые оп-оңай бұзылады.
Дауысты бұзып алмау үшін, мынадай ережені мұқият сақтаңыздар:
1.Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуге тиіс. Айқайлап, тыс қатты сөйлемеген дұрыс. Бұл – сөйлеу аппаратын бұзады.
2.Тамақ кеберсіп, жабырылағанда жөтелмей, аздап су ішіп жіберген жөн.
3.Ұзақ сөйлеп, не өлең айтып дауысты шаршатпаған абзал.
4.Тамақты суыққа шалдырмаған дұрыс. Денең қызып, не терлеп суық су ішпеу, балмұздақ жемеу, аязда терең дем алмау және аз сөйлеу. Тамаққа суық тиген жағдайда мүлдем сөйлемеген дұрыс.
5.Мұрын жолының ауруынан сақтаныңыздар. Дауыс пен тыныс аппаратының аз да болса ауырғанын байқасаңыз, дәрігерге көрініңіз.
Сөйлеу мен дауыстап оқу кезіндегі ерікті тыныс алуға сәйкес жаттығып төселуге болады. Алғащқыда дағдылану, жаттығу, мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Одан кейін жаттығуды өз беттерінше жүргізуге болады.