Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет3/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
3 Дәріс


Сөйлеу техникасы

Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен байланысты. Сөйлеу техникасына жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі аспатарды күйіне келтіру сияқты.


Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауаны ішке жұту, сыртқа шығару), дауыс, дикция (үн реңкі) жатады.
Мәнерлі сөйлей білуі мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады. Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде, дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.
Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ, сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жоғары оқу орнына арналған оқулықтан қарау керек.
Тексті мәнерлеп оқушы, әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы, үздіксіз жаттығып, дағдылануы тиіс сонда ғана дикциясын жетілдіреді, сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады, әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.
Сөйлеу аппаратына мүкіссіз мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.


Сөйлеу аппараты

Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелері: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, бөбешік, тіс, ерін, иек т.б.


Өкпе – тыныс мүшелерінің бастысы. Өкпе көрік сияқты, бірде ауаны сыртқа теуіп, бірде ауаны ішке тартып тұрады. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді де, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді. Сөйтіп, тыныс мүшелері қызметінің бірі – дем шығару, екіншісі демді ішке тарту болады.
Тамақ. Дауыс шымылдығы. Тамақ – кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады, үн шығады. Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы бар. Бұл ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасады.
Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады.
Кейбір үнді дауыссыздар (М, Н, Ң) мұын қуысы арқылы жалғасады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Тілімізде дауысты фонмалардың түрлі-түрлі болып келуі, әр алуан түрге бөлінуі ауыз қуысындағы жаңғырықпен байланысты. Сол сияқты дауыссыз фонмаларды жасауда да ауыз қуысы резонатор болып, оларға түрлі өң береді.
Дыбыстау мүшелерінің бір бөлігі жылжымалы келеді. Олар – актив мүшелер. Бұлар түрленіп, құбылып тұрады. Алуан түрлі дыбыстардың барлығы актив мүшелердің қимылы арқылы жасалады.
Тіл дыбыстарын, олардың жасалу түрлерін толық түсіну үшін , дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы білу шарт. Дыбыстардың анатомиялық-механикалық жақтарын білудің теориялық мәнімен бірге практикалық маңызы да зор.
Дыбыстау мүшелерінің қызметін түбегейлі білгендер ана тілінің де, өзге тілдің де дыбыстарын, сөздерін қатесіз, дұрыс айтады. Қиналмай меңгереді.
Жылжымалы актив мүшелерге:
1.Тіл жатады. Тіл –өте жылжымалы мүше. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан , бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқф шені, орта шені, ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Тілдің ұшы жоғары тіске тиюінен тіс дыбыстары (т,д) , ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға жуықталуынан тіл арты дыбыстары (қ, ғ, к, г) жасалады. Дыбыстар осылай тілдің өзге мүшелеріне тиюі, не жуықтауына қарай соның атымен топтастырылады. Ал тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, ы, ұ, у), алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауысиылар (ә, е, і, ү) жасалады.
2) Ерін. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі еріннің қызметі басым. Екі еріннің жымдасуынан б, п дыбыстары пайда болса, бірде астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан ф, в дыбыстары жасалады, ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы түрлі дыбыстар айталық, ү, о дыбыстары жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет