деректер бар. Атмосферадағы, судағы, құрылықтағы, жер
қабығындағы Мұз ӛсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесіне,
адамның іс-әрекетіне, шаруашылық салаларына әсер етеді.
Табиғи Мұз биология, медедициналық препараттарды, азық-түлікті
салқындату және сақтау үшін қолданылады
МҦЗДЫҚ—
ұзақ
уақыттар
бойына
сақталатын
ұдайы
қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар
есебінен қалыптасатын ірі мӛлшерлі кристалды мұз шоғыры; таулы
ӛлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан М. ӛз
салмағымен тӛмен қарай жылжи отырып, қарлы деңгейден тӛмен
аймақтарда абляцияға ұшырайды.
[1]
Мұздық - ауқымды су қоймасы.
Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының ӛзi 7
мың текше
шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы
территориясының ӛн бойын шарлаған ӛзендердiң тӛрт жылғы ағын
суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5
сантиметрге кӛтерiледi. Мұздықтар - ғажайып тiршiлiк, мәселен,
бiр қарағанда мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Соның
әсерi ме, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей
келедi. Аталмыш құбылыс XVI ғасырдың аяғында Альпi
тұрғындарының жылнамасында алғаш кӛрсетiлдi, ал, жүз жылдан
соң исландиялық ғалым Т. Вигалин жазбаларында мұздықтардың
қозғалатыны жайында мәлiметтер кездестi. Тек, О.
Соссюраның
XVII ғасырда Альпiге жасаған саяхаты ғана мұздықтар
жылжуының ӛзгеше мәнiн ашып бердi. Саяхатшының мұздықтар
бетiне қалдырған баспалдақтары сол 1788 жылғы сапардан кейiн
араға 44 жыл салып қайта келгенде Черная Игла тауының Мер-де-
Глас мұздығының тӛменгi беткейiнен орын теуiптi. Осы жылдар
iшiнде тӛрт шақырым қозғалысқа енген. Мұздықтардың
қозғалысын бағамдамау салдары қиын жағдайларға әкелiп соғады.
Оның бiр мысалы, 1894 жылы француз ғалымы М. Жанссан
Монблана шыңына обсерватория салады.
Осы аталмыш
ғимараттың ерекшелiгi де шығар, жалпы салмағы 187 тонна да,
аумағы 50 шаршы метр жердi алып жатты. Ғалымның топшылауы
бойынша ол барлық тӛтенше жағдайларға шыдас беретiн берiктiгi
мен бiр орнынан жылжымайтынына кӛңiлi тола iске кiрiстi. Әйтсе
де арада тӛрт жыл ӛткенде қозғалыс әсерi iргетастан қатты
байқалды. Ӛйткенi, обсерваторияның иiлiп еңкiш тартуы оның
құлап қалу қаупiн тудырды. Ақ бас мұзды шыңдар кейде тосыннан
қозғалысқа енедi. Мұндай маусымда ӛзгеше жылдамдық алады да
мұздық тiлдерi тӛменге сусыған күйi ұласа түседi. Мұздықтардың
беймәлiм мiнез танытуының негiзгi сыры климат ӛзгеруiнен
екенi
белгiлi. Эпталь Альпiсiндегi Фернагтфернер мұздығы соңғы тӛрт
ғасырда тӛрт рет қозғалысқа енген. Әр қозғалған сайын Рофон
ӛзенiн бӛгеп отырды, бӛгелген ӛзен суы жиналып кӛлге айналады
да лықсып толып, артынша сарқырап ағып тӛмен құлаған. Мұның
ӛзi апатты су тасқындарына әкелiп соқты. Аляскада 1966 жылы 12
мұздық, оның iшiнде Солтүстiк Америкадағы ең алып Беринг
мұздығы кӛштi. Оның қозғалыс енi 42 шақырым шамасында едi,
тӛрт жыл iшiнде 1200 метрге жылжығаны байқалған. Ал, 1918
жылдан бақылауға алынған Уолш мұздығы ұзақ зерттеу
нәтижесiнде ғалымдар қозғалысқа
енбейдi деген тұжырымға
келген. Дегенмен Уолш мұздығы 60-жылдардың аяғында мiнез
танытты, тӛрт жылда орталық бӛлiгi 10 шақырымға жылжып кеттi.
Сонымен бiрге ара салмақтық мӛлшерiнде елеулi ӛзгерiс болған,
тӛбесiндегi мұз қабаты 150 метрге шӛктi. Қарақорымда Гасанабад
мұздығы 1904-1905 жылдары екi жарым айдың ӛзiнде 10
шақырымға жылжыған. Ал, бiр тәулiкте жазық даланың 130 метр
жерiн биiк мұздық бауырына алған. Памир тауындағы мұздықтар
мiнезi де тым қызық, 1963 жылы Вахч жазығының бойымен
Медвежий мұздығы 2 шақырымға тӛмен жылжыды. Он жылды
артқа тастап тағы да 1750 метрге қозғалды. Тұйықсу мұздығы Тянь-
Шаньның солтүстiк жоталарының бiрi. Iле Алатауында ұзындығы
5,1 шақырым, жалпы кӛлемi 3,8
шаршы шақырым жердi алып
жатыр. Мұздықтың тӛменгi бӛлiгiне қарасаңыз, сусыған қиыршық
тас пен үлкен-үлкен қой тастар биiкке ӛрiле түседi. Ӛзгеше
әспетiмен ерекшеленген iргетас секiлденiп жатқан тас жамылғы бiр
шақырым ұзындыққа созылып, теңiз деңгейiнен 3100 метр
биiктiкте альпi белдеуiне ұласады. Тұйықсу жазық мұздықтарға
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: