ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы
түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі. Бұлайша
кӛрсетілген
Географиялық
Карта
Жердің
географилялық
қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеум.-экон. құбылыстардың
арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен
ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы
тұрғыдан іріктелініп алынғанын кӛрсетеді. Географиялық Карта
Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі
ретінде кӛруге болады. Картаны аумақты қамтуына (дүниежүз.,
құрлықтық, жеке елдер, т.б.), мазмұнына (жалпы геогр. және
тақырыптық, т.б.), масштабына(ірі масштабты — 1:200 000 және
одан ірі, орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және
кіші масштабты — 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай
бӛледі. Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы
болады. Оны картогр. проекция деп атайды. Картаның кӛмегімен
жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мӛлшері және пішіні
туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді
картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада
кӛрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың,
яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық
Картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде,
пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар,
Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми
принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың
және оның бӛліктері — құрлықтар мен мұхиттар, олардың
географиялық
жағдайы, табиғат байлықтары,
халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа
деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып
табылады:
бірінші, картографиялық проекциялардың кӛмегімен карта жасау
жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мӛлшері және пішіні
туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.
екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде
пайдалану:
а) жер бетінің бір бӛлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті
масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған
масштабта кішірейтіп кӛрсетуге келмейтін, ал ӛзінің маңызы
жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді кӛрсетуге
жағдай жасайды;
ә) картада жер бедерін кӛрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-
қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар,
олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың
физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) кӛрсету оңайға
түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың
(магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын,
тікелей кӛруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат кӛзі
мен оны ӛңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) кӛрнекі түрде
кӛрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне
ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны
мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) кӛрсетуді оңайлатады,
яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
үшіншіден, географиялық картада кӛрсетілетін құбылыстарды
іріктеудің
және
қорытындылаудың,
яғни
картографиялық
генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта
адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол
– жол кӛрсеткіш, ӛнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын
барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске
асырудың
негізі. Ауыл
шаруашылығын жерге
орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып,
оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние
туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті кӛрсетуде ӛте маңызды
кӛрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі
әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық
шаруашылығын кӛптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды
дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына
келтіру және табиғатты ӛзгертудің жоспарларын жасау, ӛндіргіш
күштерді
дұрыс
орналастыру,
экономикалық
аудандарды
комплексті дамыту т.б. – географиялық картаның ӛте сапалы
болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы
болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің
геология құрылысын кӛрсетумен қатар, қазбалардың таралу
заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол – құбылыстардың
кеңістегі ӛзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да
аса қажетті құрал
ГЕОГРАФИЯЛЫК ЛАНДШАФТ — құрамындағы табиғат
құраушылары (жер бедері, климат, су, топырақ, ӛсімдік
бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бӛліктері (фация,
қоныс, жергілікті жер) ӛзара үйлескен, ӛзіндік құрылымы бар,
географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бӛлігі.
―Ландшафт‖ (нем. land — жер, schaft — ӛзара байланысты
білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген.
Географиялык ландшафтқа тән негізгі кӛрсеткіштер қатарына
аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы,
құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы,
зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялык
ландшафт терминінің ―тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай
отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені‖ немесе ―табиғи геожүйе‖
деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және
түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен
қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі.Жер
шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық
сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі
масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде
Географиялық ландшафттардың матем. моделі жасалынып, олар
жайлы мәліметтер компьютерлік ӛңдеуден ӛткізіледі. Адам
әрекетінен
ӛзгерген
ландшафт
антропогендік
(жасанды) ландшафт деп аталады.
ГЕОЖҤЙЕ, географиялық жүйе - географиялық қабыктың ӛзара
байланыстағы және ӛзара әрекеттес кӛптеген құрамбеліктерінен
тұратын географиялық түзілім. Қазірге дейін барлық қалыптасқан
анықтамалар бойынша геожүйе - әр текті элементтердің жүйелік
қасиеттерінің (тұтастығы, ӛзара байланысы) кӛрінуі; осы
анықтамалардың екінші бӛлігі - жүйенің теографиялылытъшың
белтілері (жүйе элементтерінің немесе бӛліктерінің аумақтық
реттілігінің қатынастары; Жерге, жер бетіне, географиялық
қабыққа, тағы да басқалары қатыстылығы) кӛрсетіледі. "Геожүйе"
ұғымының 4 топтағы негізгі анықтамалары қалыптасқан термин: 1)
табиғи географиялық түзілімдер үшін; 2) табиғаттың, халықтың
ЭВМ шаруашьшықтың элементтерін бір уақытта бірдей қамтитын
күрделі түзілім үшін; 3) табиғаттық және әлеуметтік-экономикалық
түзілімдер
үшін;
4)
Геожүйе
ғылымдарды
қамтитын
ғылымдарының барлық нысандарын белгілеу үшін қолданылады.
ГЕОДЕЗИЯ (грек. ge — жер және daі — бӛлемін) - Жердің пішіні
мен мӛлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер
орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің
планы мен картасын салу, жер бетіндегі ӛлшеулерді жүргізумен
айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Жердің
физикалық
бетін
зерттеу
үшін картографиялық
және
топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар
құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен
тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мӛлшері
градустық ӛлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — геогр.
координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық
мәндерін
анықтаудан
тұрады.
Г-дағы
координаттық
негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және
тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар
құру арқылы жасалынады. Ӛндірістік, гидротехн. және т.б.
құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және
инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді.
Қазіргі
уақытта мұхит, теңіздердің және кӛлдердің байлықтарын
меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын
дамытты. Үлкен территориялардатопографиялық жұмыстар тез
және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотогр. бейнесі
алынды, осыған байланысты Г-ның аэрогеодезия мен ғарыштық
геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен
қазбаларын, мұнай мен газ ӛнімдерін, т.б.) меңгеруде инж.-
техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер
асты Г-сының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Г-ның ғыл. және
практикалық шешу әдістері матем. мен физ. заңдарына
негізделген. Республикада ғылыми және практикалық мәні зор
кӛптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді.
Егер 1917 ж. дейін Қазақстан аумағының тек 13,5%-іне 1:126000
масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол
86,6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000 топогр.
карталар жасалды. 1920 — 45 ж. 22800-ден астам пункттің
триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы
толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы 1:25000
картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2- және 3-
класты
мемл. триангуляцияторы
құрылды.
Бұрынғы
шығарылған масштабы 1:100
000
карталар
жаңартылды.
Бүкілодақтық
ауыл
шаруашылығы
аэрофотогеодезиялық
институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас
басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан
аумағының фотокартасын түсірді және а.ш-ғының картасын
жасады (1960). Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау
мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын
зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау
полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының
жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.
ГЕОЛОГИЯ (гео... және logos — ілім) — Жердің қыртысын және
ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму
тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын
зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының
кешені.
Геология
жаратылыстану ғылымдарының жеке тармағы ретінде 18 ғ-дың
аяғы мен 19 ғ-дың басында бӛлінді. 20 ғ-дың бас кезінде
біртұтас ғылым болып қалыптасты.
ГЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БАСТЫ САЛАЛАРЫ МЕН
ПӘНДЕРІ - Геология ғылымының басты салалары мен пәндері
олардың
зерттеу
объектісіне
қарай
6
топқа
бӛлінеді:
1) Жер қыртысының, литосфераныңзаттық құрамын зерттейтін
геологиялық
пәндер
— ''кристаллография'',
''минералогия'', ''петрография'', ''петрология'',''литология'' және ''гео
химия''.
Кристаллография геологияны, физиканы және геометрияны
біріктіре отырып, әр түрлі минералдарға тән кристалдардың
құрылысы
мен
пішінін,
ерекшеліктерін
зерттейді.
Минералогия табиғи минералдардың құрамын, физ. қасиеттерін,
қалыптасу
және
ӛзгеру
жағдайларын
анықтайды.
Петрография тау жыныстарының хим. және минералдық құрамын,
олардың
құрылыс
ерекшеліктерін
зерттейді.
Петрология магмалық және метаморфтық тау жыныстарын,
олардың заттық құрамын, геол. ерекшеліктерін және пайда болуын
зерттейтін
ғылым.
Литология шӛгінді жыныстардың құрамын, құрылымын, нақышын
және пайда болуын саралау негізінде олардың қалыптасу жағдайын
анықтаумен
айналысады.
Геохимия жер қыртысында және Жер планетасы қимасында хим.
элементтердің таралу заңдылықтарын анықтайды.
2) Геологиялық процестерді зерттейтін геология пәндер кешені
(динамикалық
геология)
геотектониканы
(тектониканы),
құрылымдық геологияны, вулканологияны, сейсмологияны және
геоморфологияны біріктіреді.
Геотектоника (тектоника) жер қыртысындағы қозғалыстарды, сол
қозғалыстар
нәтижесінде
туындаған
деформациялар
мен
құрылымдық
ӛзгерістер
сипатын
талдау
негізінде
Жер
планетасының құрылыс ерекшеліктерін және оның геол. уақыт
барысында бағдарлы түрде дамуының басты заңдылықтарын
зерттейді.
Құрылымдық
геология жер
қыртысындағы
тау
жынысы
кешендерінің пішіндері мен орналасу заңдылықтарын анықтайды.
Вулканология — жанартаулар жайлы ғылым, ол жанартаулардың
морфологиясын, кӛрініс беру ерекшеліктерін, туындау себептерін,
орналасу заңдылықтарын және олардың әрекеті нәтижесінде
түзілген
ӛнімдерді
зерттейді.
Сейсмология жер сілкіністерін, олардың туындау себептерін және
кӛрініс беруін қамтамасыз ететін геол. процестерді зерттейді.
Сейсмология, әдетте, геофиз. ғылымдар кешенінің жеке тармағы
ретінде
қарастырылады.
Геоморфология жер бетінің морфол. ерекшеліктерін, жер бедерінің
қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттейтін геол.-геогр.
ғылым саласы.
3) Геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын зерттейтін
ғылымдар
кешені
- ''стратиграфия'', фациялар
туралы
ілім, геологиялық формациялар туралы ілім, ''палеогеография''.
Стратиграфия шӛгінді және жанартаутекті жыныстардың қат-
қабатталу сабақтастығын зерттей отырып, палеонтол. мәліметтер
кӛмегімен олардың геол. кӛнелігін анықтайды.
Фациялар туралы ілім жер қыртысына тән шӛгінділердің
кеңістіктегі және уақыт барысындағы ӛзгерістерін, сол ӛзгерістерді
тудыратын
жағдайларды
зерттейді.
Геологиялық формациялар туралы ілім — геол. құрылымның
(аймақтың) тектоник. дамуының басты сатылары мен кезеңдерін
анықтай отырып, ӛткен геол. дәуірлерде қалыптасқан формациялар
жиынтығы даралануының палеотектоник. және палеоклиматтық
жағдайларын қалпына келтіретін тарихи геология тарауы.
Палеогеография — ӛткен геол. кезеңдер мен дәуірлердің
ландшафт ерекшеліктері жайлы ғылым.
4) Тау жыныстарына кіріккен тіршілік қалдықтары мен іздерін
зерттеу нәтижесінде сол тіршілік түрлерінің пайда болуын және
даму барысын зерттейтін ғылым саласы — ''палеонтология''.
Палеонтология кӛне фауна мен флора қалдықтарын зерттеу және
оларды салыстыра саралау негізінде сол қалдықтарды кіріктірген
тау жыныстарының геол. кӛнелігін анықтайды.
5) Іс-тәжірибе шараларын қамтамасыз ету мәселелерімен
айналысатын Геология салалары — ''кен байлықтары жайлы ілім'',
''гидрогеология'', ''инженерлік геология'', ''аймақтық геология''.
Кен байлықтары жайлы ілім қоғамның шаруашылық қажеттерін
ӛтеуге керекті табиғи минералдық түзілімдерді зерттейді. Бұл
ғылым саласы бірнеше ғыл. пәндерге жіктеледі:
-кентас туралы ілім;
-бейметалл кен байлықтары жайлы ілім;
-кӛмір геологиясы, мұнай-газ геологиясы;
-металлогения;
-радиоактивті элементтер геологиясы, т.б.;
Гидрогеология жер асты суларын, олардың пайда болуын, астасу
жағдайларын, қозғалыс заңдылықтарын, режимін, физ., хим., ендік,
т.б. қасиеттерін, шаруашылықтағы маңызын және қоршаған
ортамен
ӛзара
байланысын
зерттейді.
Инженерлік геология адамдардың инж. әрекетін қамтамасыз ету
мақсатында жер қыртысының беткі қабаттарының геол. жағдайын
және
динамикасын
зерттейтін
сала.
Аймақтық геология нақты геол. құрылымның немесе аймақтың
геол. құрылыс ерекшеліктерін сол құрылымды (аймақты) геол.
картаға түсіру негізінде ашып кӛрсетеді.
6) Кен байлықтарын зерттеудің және игерудің әдістемелік
шараларын және геол.-экон. тиімділігін зерттейтін салалар.
Іздеу-барлау істері — кен белгілері мен кендердің геол. жағдайын,
сол кендерді іздеу, барлау, бағалау және игеру шараларының ең
тиімді тәсілдерін анықтау мәселелерімен айналысады.
Кеніштік геология — кеніштердегі, шахталық геология —
шахталардағы игеру жұмыстарын геол. тұрғыдан қамтамасыз ету
және сол кеннің барланған қорын толықтыру мүмкіндіктерін
анықтаумен шұғылданады.
ГЕОМАГНЕТИЗМ - Жердің магниттік ӛрісінің кеңістікте бӛлінуі
мен уақыт
барысында
ӛзгеруін,
сондай-ақ Жер мен
оның
магнитсферасындағы
геофизикалық
процестерді
зерттейтін геофизика саласы
ГЕОМОРФОЛОГИЯ (гео... және morphe — пішін және logos —
ілім) — құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің, жер
бедерлерінің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Жалпы
аймақтық, құрылымдық, динамикалық, теңіз және инж.
Геоморфология болып бӛлінеді. Геоморфология Жердің пайда
болуын,
жасын,
құрылымдық
ерекшелігін,
дамуы
мен
элементтерінің жер бетінде таралуын, сыртқы және ішкі
процестердің, сонымен қатар, жер бетінің қалыптасуындағы
антропогендік факторларды зерттейді. Жалпы және арнайы
геоморфол. карталар жасау үшін экспедициялық зерттеулер мен
геоморфол.
түсірімдер
жасалынады.
Қазіргі
кезде
геоморфологиялық процестерді зерттеуде стационарлық және
тәжірибелік әдістер, Жер бетін әуеден (аэрофототүсірім) және
ғарыштан түсіру, теңіз (мұхит) түбін эхолотпен анықтау сияқты
әдістерді қолданады. Геоморфология ғылымы гляциология,
тектоника, тӛрттік геология, вулканология, спелеология, т.б. геогр.
және геол. ғылымдармен тығыз байланыста. Г-ның деректері кен
байлықтарын іздеуде, жолдар мен әр түрлі құрылыстарды
салғанда, эрозия, дефляция, сырғыма, сел, қар кӛшкіндері сияқты
табиғат құбылыстарының алдын алу кезінде пайдаланылады.
Қазақстанның жер бедері жӛніндегі мақалалар ғыл. әдебиеттерде 19
ғ-дың орта кездерінде пайда болды. Жер бедерін зерттеуді кезінде
Ш. Уәлиханов пен П.П. Семенов-Тян-Шанский бастаған. Олар
алғаш
рет
Іле
Алатауының
орографиясын
сипаттаған. Қазақстан геоморфологиясын зерттеуге Н.Г. Кассин,
Г.М. Медоев, Н.Н. Костенко, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. 1943
ж. И.П.
Герасимов ―Қазақстангеоморфологиясының
қазіргі
проблемалары‖ атты кітапты жариялады. Таулы аудандарды
зерттеу нәтижесінде 1945 ж. ―Оңт.-шығыс Қазақстан тауларының
геоморфологиялық картасы‖ басылып шықты. Республикада Г-ның
қалыптасуы мен одан әрі дамуына Қазақстан ҒА-ның Қ.И. Сәтбаев
атынд. Геол. ғылымдар ин-тында Геоморфология және тӛрттік
геология бӛлімінің ұйымдастырылуы (1946) ықпал етті. Бұл
бӛлімде жалпы және аймақтық Г-ның кӛптеген теориялық
мәселелері
шешілді.
Бүкіл
Қазақстан
жер
бедерінің
морфологиясын, түзілуін, жасын кӛрсететін геоморфол. карталар
жасалды; тӛрттік шӛгінділер мен неотектоника, жер бедерін түзуші
процестер (карстық, эолдық, дефляциялық, антропогендік, т.б.)
зерттелді. Кен байлықтарының қалыптасу жағдайларын анықтау,
мұнайлы-газды құрылымдарды іздеуге байланысты кӛптеген
қолданбалы
геоморфол.
зерттеулер
атқарылды.
З.А.
Сваричевскаяның ―Орта Азия мен Қазақстан геоморфологиясы‖
(1965) және М. Жандаевтың ―Іле Алатауының геоморфологиясы
және ӛзен аңғарларының қалыптасу проблемалары‖ (1972) атты
монографиялары Қазақстанның геоморфол. жағдайын анықтаудағы
маңызды
қорытындылар
болып
табылды.
Қазақстанның
Геоморфология ғылымына одан кейінгі жылдары Ә.Сәрсеков,
Е.Нұрмәмбетов,
Е.Тапалов,
Б.Әубәкіров, Ж.
Дүйсебаев, А.Медеу, Л.Веселова, С.Құсайынов, т.б. кӛп үлес қосты
ГЕОСИНКЛИНАЛЬ (гео... және syn — бірге, klіno — еңістену) —
1) Жер қыртысыныңгеосинклинальдік белдеу бойындағы ұзындығы
ондаған, жүздеген, мыңдаған км, кӛлденеңі біршама қысқа, терең
ойыс. Геосинклиналь теңіз бассейні түбінде пайда болады;
ойыстың екі жақ ернеуі арқылы терең жарылымдар ӛтеді, ортасын
шӛгінді және жанартаулық тау жыныстарының қалың қат-
қабаттары толтырады. Ұзаққа созылған күшті тектоник.
деформация әсерінен кейін ол үлкен таулардың бӛлігіне — күрделі
қатпарланған
құрылымдарға
айналады;
2) Жер
қыртысының тектоникалық қозғалыстары жиі байқалатын бӛлігі.
―Геосинклиналь ‖ терминін ғылымға енгізіп (1873), бұл ұғымды
толықтырған американ геологы Дж. Дена. Француз геологы Э. Ог
(1900) Г-ді платформаның сыңары ретінде қарады және оның ішкі
құрылысы
күрделі
екенін,
даму
барысында ойыстар мен
кӛтерілімдерге бӛлінетінін кӛрсетті. Геосинклиналь дамуының
негізгі
сатыларын
неміс
геологы Э.
Краусбелгіледі.
Геосинклинальдарды алғаш Америка геологы Ч. Шухерт жіктеді,
ал А. Грэбо олардың кӛшуі (миграциясы) жӛніндегі пікірді айтты.
Неміс геологы Х. ШтиллеГеосинклинальдардың дамуы мен
магмалық процестер арасындағы байланыс заңдылығын ашты; ол
Г-дерді
эвгеосинклинальдер
мен
миогеосинклинальдерге
ажыратуды
ұсынды. А.
Д.
Архангельский ғылымға
геосинклинальдік облыс деген ұғымды енгізді (1933). В. В.
Белоусов Геосинклиналь дамуындағы басты жалпы ерекшеліктерді
ашты (1938 — 40). А. В. Пейве Г-дердің пайда болуы мен оның
келешек эволюциясында басты орын алатын терең жарылымдар
жӛніндегі түсінікті енгізді (1945). Н.С. Шатский Г-дерді
геосинклинальдік жүйелерге топтауға болатынын кӛрсетті
(1947).М.В. Муратов пен В.Е. Хаингеосинклинальдік қатардағы
құрылымдардың жіктелімін ұсынып, олардың даму сатыларын
белгіледі. Белгілі бір бағытта созылып жататын жер қыртысының
бӛлігінде пайда болатын геосинклинальдік ойыстар біртіндеп даму
нәтижесінде аса күрделі қатпарлы тау жүйесіне айналады. Ол
дамудың екі сатысынан ӛтеді. Бастапқы кезде теңіздегі ойыстың
түбі күрт тӛмендегенде, шӛгінді жыныстардың қалың қат-қабаты
ӛте мол жиылады. Осы кезде пайда болған жарылымдардан
жанартау лавасы тӛгіледі. Келесі сатыда жер қыртысының
кӛтерілуіне байланысты теңіз шегінеді де, геосинклинальдік ойыс
біртіндеп тау жүйесіне айналады. Геосинклинальды құрайтын
жыныстар қатпарланып жиырылғанда ірі гранит интрузиялары
енеді, ал қатпарлану процестері күшейгенде терең жарылымдар
пайда болады, олар арқылы жоғары кӛтерілген магма жер бетіне
тӛгіледі. Геосинклинальдар геосинклинальдік белдеулерден,
геосинклинальдік облыс және геосинклинальдік жүйелерге
жіктеледі. Геосинклинальдік белдеулер — ұзындығы ондаған мың
км ӛлшенетін платформалар арасында немесе оның шетін жағалай
дамып ӛзіндік тектоник. режимімен сипатталатын енсіз аймақ.
Жердің жаңа тарихында (неогенде), яғни кейінгі 1,6 млрд. жылда 5
Геосинклинальдік белдеу құрылған:
Тынық мұхиттық белдеу, ол шеңбермен тынық мұхитын қоршай
орналасқан;
Жерорта теңіздік белдеу, ол Малай топаралдарымен қосылып,
Еуразияның оңт. арқылы Африканың солт. батысынан Гибралтарға
дейін созылып жатыр;
Орал — Моңғол — Охота белдеуі, ол сібір платформасын батысы
мен
оңтүстікті
айналып
ӛтіп,
батыс Еуропа мен Қытай —
Корейплатформаларын бӛліп жатыр;
Атланттық белдеу, ол Атлант мұхитының солтүстік құрлық
жағалауларын қамтиды;
Арктикалық
белдеу,
ол Солтүстік
мұзды
мұхитты айнала
орналасқан. Геосинклинальдік облыстар — Геосинклинальдың
белдеулердегі созылмалы бағытта бӛлінетін ӛзіндік құрылысы мен
дамуы бар бӛлігі. Геосинклинальдік жүйелер — аса қозғалмалы
ұзынынан созылған, дамуының басында пәрменді тӛмендеген, ал
соңғы сатысында күшті қатпарлану мен тау кӛтерілуіне шалынған
жер қыртысы. Геосинклинальдар аймағында кӛптеген кен
байлықтар шоғырланатындықтан оны зерттеудің мәні зор
Достарыңызбен бөлісу: |