Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет3/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

АТЛАНТ  МҦХИТЫ – Жер шарындағы  аумағы  жӛнінен Тынық 
мұхиттан кейінгі 
екінші мұхит. 
Оны 
ежелгі гректер Африканың солтүстік - батысындағы Атлас (Атлант) 
тауына  байланысты  атаған.  Шығысында Еуропа мен Африканың, 
батысында Солтүстік және Оңтүстік 
Американың, 
оңтүстігінде Антарктиданың аралығында 
орналасқан. 
Солтүстігінде Дейвис, Дат  бұғаздарымен және Солтүстік  Мұзды 
мұхитпен, 
оңтүстік-шығысында 
Африка 
мен 
Антарктида 
аралығында Үнді 
мұхитымен, 
оңтүстік-батысында Дрейк 

бұғазы арқылы Тынық  мұхитпен жалғасады.  Мұхит  солтүстіктен 
оңтүстікке  қарай  15  мың  км  шамасында  екі  жарты  шарға  созыла 
орналасқан. Ені басқа бӛліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 
км-ге  дейін  тарылады.  Мұхиттың  теңіздермен  қоса  есептегендегі 
жалпы  аумағы  91.6  млн.  км
2
,  орташа  тереңдігі  3597  м,  суының 
кӛлемі  329.7  млн.  км
3
.  Солтүстік  жарты  шардағы  жағалауы  қатты 
тілімделген.  Теңіздері  (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб,  т.б.) 
мен  ірі  шығанақтары  (Бискай,  Гвинея,  т.б.)  түгелдей  дерлік  осы 
бӛлікте.  Оңтүстік  жарты  шардағы  жағалауы  аз  тілімделген 
(Антарктида  маңындағы  Уэдделл  т.).  Атлант  мұхитында  басқа 
мұхиттармен 
салыстырғанда 
аралдар 
аз. 
Iрі 
аралдары 
(Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен 
Антиль, Кіші 
Антиль, Канар, Жасыл  Мүйіс, Фолкленд  аралдары)  мұхиттың 
жағалауларына  таяу  орналасқан.  Орталық  бӛлігіндегі  аралдар 
(Азор,  Әулие  Елена,  Тристан-да-Кунья,  т.б.)  ұсақ  және  олар 
жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су 
асты  жотасымен  бӛлінген.  Оның  жекелеген  шыңдары  (Буве, 
Тристан-да-Кунья,  Кӛкке  ұшу,  Сан-Паулу,  Азор)  жанартау 
аралдары  түрінде  су  бетіне  шығып  тұр.  Мұхиттың  шығысында 
Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, 
батысында  Солтүстік  Америка,  Гвиана,  Бразилия,  Аргентина, 
оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың 
тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал 
доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 
8742  м)  және  олар  бір-бірінен  су  астындағы  үстірттермен, 
қыраттармен, жоталармен бӛлінген.  Мұхиттың  шеттері  құрлықтық 
беткеймен  кӛмкерілген.  Мұхит  түбінің  үштен  екі  бӛлігін  әктастан 
тұратын 
органикалық 
шӛгінділер 
жауып 
жатыр. 
Терең 
қазаншұңқырларының 
түбі 
қызыл 
саздан, 
ал 
жанартау 
аралдарының тӛңірегі жанартаулық шӛгінділерден түзілген. 
АТМОСФЕРАДАҒЫ  АЙНАЛЫМ – Жер  шарын қоршап  тұрған 
бүкіл 
ауа 
қабатының 
қозғалыс 
жүйесі, 
яғни ауа 
массасының кӛлденең  және  тік  бағытта  алмасуына  себепкер 
болатын  негізгі  ауа  ағындарының  жиынтығы.  Жердің  тәуліктік 
айналуы,  Күн  сәулесі  энергиясының  (радиациясының)  жер  бетіне 
біркелкі 
таралмауы, мұхиттар мен 
құрлықтардың 
ӛзара 
орналасуы, құрлық бетінің  бедері,  т.б.  атмосферадағы  айналымды 
тудырады.  Айналым  жылы  және  салқын  ауа  массаларын 
араластырып, 
ылғал 
тасымалдайды, 
нәтижесінде ауа 

райы ӛзгереді. Тропосфера қабатында 
оған  
циклон  
және 
 антициклонмен 
 тығыз 
байланысты пассаттар мен муссондар, 
тропосфераның жоғарғы қабаты мен стратосфераның ауа ағыны ӛте 
қатты  жүретін  тӛменгі  қабаттары  жатады.Атмосферадағы айналым 
бірнеше ірі кӛлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең 
ірісі  –  ауа  массасының  батыс  тасымалы.  Сонымен  қатар, 
атмосферада 
кіші 
кӛлемді 
жергілікті 
ауа 
айналымдары 
(бриз, бора, фен және  тау  аңғарлық  желдер)  мен  күшті   құйындар 
 (тромб,  торнадо, қарадауыл) да байқалады.  
АТМОСФЕРАЛЫҚ  АКУСТИКА  —  акустиканың  атмосферада 
дыбыстың  пайда  болуы  мен  таралуын,  сондай-ақ  атмосфераның 
қасиеттерін зерттейтін бӛлімі. Дыбыс толқындары бос атмосферада 
таралған  кезде,  олар  ауаның  жылу  ӛткізгіштігі  және  тұтқырлығы 
әсерінен жұтылады (яғни ӛшеді); дыбыс жиілігі неғұрлым жоғары, 
ал  атмосфера  тығыздығы  неғұрлым  аз  болса,  дыбыс  толқындары 
соғұрлым күштірек жұтылады. Ал құлаққа естілмейтін, жиілігі ӛте 
тӛмен  дыбыс  (инфрадыбыс)  нашар  жұтылатындықтан,  ол  бірнеше 
мыңдаған  км-ге  дейін  еш  ӛзгеріссіз  тарай  алады.  Кӛптеген 
атмосфералық  және  Жер  беті  мен  астында  ӛтетін  құбылыстар  — 
дыбыс толқындарының табиғи кӛзі болып табылады. 
АТМОСФЕРАЛЫҚ ЖАУЫН-ШАШЫН — ауа райы мен климат 
элементтерінің  бірі;  жер  (немесе  су)  бетіне  бұлттан  жауатын  не 
оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп 
шығатын  қатты  немесе  сұйық  күйіндегі  су.  Бұлттардан  жауатын 
атмосфералық  жауын-шашынның  ішінде  мыналарды  айырады: 
қарлы  жаңбыр,  соқта  қар,  жаңбыр,  түйіршік  қар,  қиыршың  қар, 
қиыршық  мұз,  бұршаң  тағы  басқалар.  Жер  беті  мен  нәрселерге 
ауадан  бӛлініп  түсетін  атмосфералық  жауын-шашынның  мынадай 
түрлері болады: шың, қырау, қылау, кӛкмұз (ожеледь). Бұлттардан 
бӛлініп  шыгатын  атмосфералық  жауын-шашын  негізгі  үш  топқа 
бӛлінеді:  аң  жауын,  нӛсер,  сірікпе.  Нӛсер  күйінде  жауатын 
атмосфералық  жауын-шашынның  алдында  нажағай  ойнайды. 
Атмосфералық  жауын-шашынның  мӛлшері  жауған  су  қабатының 
қалыңдығын  кӛрсететін  миллиметрмен  ӛлшенеді.  Атмосфералық 
жауын-шашын  жер  бетіне  біркелкі  жаумайды.  Ол  атмосфераның 
жалпы  циркуляциясының  жүйесінде  белгілі  бір  жердің  алатын 
географиялық 
орнына, 
теңіздің 
жақындығына 
немесе 
қашықтығына,  рельефке  (таулар  ӛздерінің  жел  жақ  беткейлерінде 
ылғалды кӛбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-

шашын ең кӛп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; 
мұнда  12  600  лшге  дейін  жаңбыр  жауады,  Сахара  тағы  басқалар. 
шӛлдерде  бірнеше  жыл  ішінде  жаңбыр  тіпті  жаумайтын  да  кездер 
болады.  Қазақстанда  А.  ж.-ш-ның  ең  кӛп  жауатын  ӛңірі  –  Алтай 
тауының  батыс  беткейлерінде  (1500  мм),  ал  ең  аз  жауын-шашын 
Арал Қарақұмы мен Балқаш кӛлінің батыс жағалауында байқалады.
 
АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМ  — атмосфераның жер бетіне және 
ондағы  заттарға  түсіретін  қысымы.  Ол  барометрмен,  яғни  сынап 
бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен 
(Па),  ал  метеорол.  ғылымында  гектопаскальмен  (гПа)  немесе 
миллибармен  (мб)  ӛлшенеді.  Теңіз  деңгейінде  атмосфералық 
қысым  орташа  алғанда  1013,25  гПа-ға  (760  мм  сын.  бағ.)  тең. 
Жоғарылаған  сайын  ауа  тығыздығы  кеміп,  атмосфералық  қысым 
азаяды.  Жер  бетіндегі  қысыммен  салыстырғанда  5  км  биіктікте 
атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 
есе  кемиді.  Астана  қаласының  атмосфералық  қысымы  Алматыға 
қарағанда  жоғары.  Жер  шарын  коршап  тұрған  атмосфера  ӛзінің 
салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық 
қысым  деп  атайды.  Қазіргі  кезде  атмосфералық  қысымды 
гектопаскальмен (гПа) кӛрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым 
ретінде  оның  теңіз  деңгейіндегі  орташа  кӛрсеткіші  (1013  гПа) 
алынады.  Қысымы  бірдей  нүктелерді  қосатын  сызықтарды 
изобаралар  деп  атайды.  Атмосфералық  қысымды  металдан 
жасалған  барометр  —  анероидпен  ӛлшейді.  Атмосфералық  қысым 
Жер  шарының  кез  келген  бӛліктерінде  үздіксіз  ӛзгеріп  отырады. 
Тропиктік  белдеуде  қысымның  тәуліктік  ӛзгерістері  айқынырақ 
байқалады.  Кейде  тәулік  ішінде  қысым  айырмашылығы  20—30 
гПа-ға жетуі мүмкін. Атмосфералық қысымның жылдық ӛзгерістері 
материктердің  орталық  бӛлігінде  күштірек  байқалады.  Мәселен, 
Гоби  шӛлінде  бұл  кӛрсеткіш  тіпті  40  гПа-ға  жетеді,  мұнда  қысым 
максимумы  қаңтарда,  минимумы  шілдеде  байқалады.  Материктер 
шетіндегі  муссонды  облыстарда  және  мұхиттардың  жоғары 
ендіктерде  жатқан  бӛліктерінде  атмосфералық  қысымның  жылдық 
ауытқулары едәуір болады. Владивостокта бұл кӛрсеткіш 14 гПа, ал 
Мумбайда  (Бомбей)  10  гПа  шамасында.  Атмосфералық  қысым 
биіктікке 
қарай 
да 
ӛзгереді, 
бұл, 
ең 
алдымен, 
ауа 
температурасының  биіктікке  қарай  таралуына  байланысты. 
Мәселен,  Еуропада  қысымның  орташа  жылдық  кӛрсеткіші  теңіз 
деңгейінде  1014  гПа  болса,  5  км  биіктікте  —  538  гПа,  10  км 

биіктікте  —  262 гПа,  ал  20  км  биіктікте  бар  болғаны  56  гПа  ғана. 
Жер  шарының  басқа  аудандарында  да  атмосфералық  қысымның 
биіктікке  байланысты  ӛзгерістері  шамамен  осындай  болады. 
Атмосфералық қысымның географияльщ таралуы ӛте күрделі сипат 
алады.  Ӛйткені  ол  географиялық  ендікке,  құрлық  пен  мұхиттың 
арасалмағына,  жергілікті  физикалық-географиялық,  жағдайға 
байланысты  болады.  Жалпы  Жер  шарында  географиялық 
ендіктерге  байланысты  3  темен  қысым  белдеуі  және  4  жоғары 
қысым  басым  белдеу  ажыратылатынын  білесіңдер.  Бірақ  жеке 
материктер  мен  мұхиттар  бойынша  бұл  белдеулердің  жергілікті 
айырмашылықтары  болады.  Мәселен,  қыс  кезінде  қоңыржай 
ендіктерде қалыптасатын максимумдардағы қысым Канада жерінде 
1020 гПа болса, ал Азияда 1035 гПа-ға жетеді. 
АТМОСФЕРАЛЫҚ  МЕТЕОРОЛОГИЯ  -  басты  салалары  – 
атмосфера  физикасы  (атмосферадағы  физикалық  құбылыстармен 
айналысады;  Атмосфералық  акустика,  Атмосфералық  қысым, 
Атмосфералық  оптика,  Атмосфера  электрлігі,  Аэрология), 
атмосфера химиясы (ауа қабаттарындағы химиялық құбылыстарды 
зерттейді), 
динамикалық 
метеорология, 
синоптикалық 
метеорология, климатология. Метеорологиялық зерттеу жұмыстары 
кӛне  заманда  басталған  (Аристотель).  17  ғ-дың  1-жартысында 
Италия  ғалымдары  Г.Галилей  мен  Э.Торричеллидің  алғашқы 
метеоролгиялық  аспаптарды  –  барометр  мен  термометрді 
құрастырулары  метеорологияның  дамуына  әсерін  тигізген  елеулі 
жетістік  болды.  17  –  18  ғ-ларда  атмосфералық  процестердің 
заңдылықтарын 
анықтауға 
алғашқы 
қадамдар 
жасалды 
(М.Ломоносов,  Б.Франклин).  Желдің  жылдамдығын,  жауын-
шашынның мӛлшерін, ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар 
шыға 
бастады, 
алғашқы 
метеоролгиялық 
станция 
ұйымдастырылды.  Метеоролог-ғалымдар  атмосфераның  жоғарғы 
қабаттарымен  танысу  үшін  18  ғасырдың  аяғында  аэростат,  19 
ғасырдың соңғы ширегінде шар-зонд, 20 ғасырдың 20-жылдарында 
радиозонд  аппараттарын  ұшырды.  20  ғасырдың  ортасында 
дүниежүзілік  актинометрия  жүйесі  құрылды;  атмосферадағы 
озонның,  электрлік  элементтердің  мӛлшерлерін,  ауаның  химиялық 
құрамын  анықтау  тәсілдері  белгіленді;  климатология  қалыптаса 
бастады,  бұған  атмосфераның  жалпы  таралуы,  жер  шарындағы  су 
айналымы,  қардың  түсуі,  т.б.  құбылыстарды  зерттеген  орыс 
ғалымы  А.И.  Воейков  кӛп  еңбек  сіңірді.  Метеорология 

океанологиямен  және  гидрологиямен  тығыз  байланысты.  Ӛзара 
салалас бұл ғылымдар негізінен жердің географиялық қабығындағы 
жылу  мен  ылғал  алмасу  процесін  зерттейді.  Сонымен  қатар 
Метеорология  геологиямен,  геохимиямен,  физикамен  де  салалас 
болып  келеді.  Метеорологияның  басты  міндеттерінің  бірі  –  ауа 
райын  алдын  ала  анықтау.  Қысқа  мезгілдік  (жарты  тәуліктік, 
тәуліктік,  т.б.)  ауа  райы  авиацияға,  ғылыми-тәжірибелік 
мекемелерге;  апталық,  айлық  ауа  райын  болжау  ауа  шарына 
(агрометеорология),  тӛтенше  жағдайлар  жӛніндегі  агенттікке  ӛте 
қажет.  Алматы,  Ақтӛбе,  Астана,  Ӛскемен,  Балқаш  қ-ларында  ірі 
гидрометеорологиялық  обсерваториялар  бар.  Ауа  райын  бақылау 
және  болжау  орындары  жетілдірілген  аспаптармен,  компьютерлік 
техникамен  және  байланыс  жүйелерімен,  автоматтық  және 
электрондық 
қондырғылармен, 
радиолокаторлармен, 
т.б. 
құралдармен  толық  жабдықталған.  Қазақстан  Республикасының 
Гидрометеорология  жӛніндегі  бас  басқармасы  –  гидрологиялық, 
метеоролгиялық  ғылыми-зертханалық  жұмыстарының  басты 
ортлығы болып табылады 
АТМОСФЕРАНЫҢ  ЖЕРГЕ  ЖАҚЫН  ҚАБАТЫНЫҢ  АУА 
ҚҦРАМЫ - атмосфера ауа деп аталатын газдар қоспасынан тұрады. 
Сонымен катар ауада сұйық және қатты бӛлшектер де бар. Ауаның 
физикалық 
күйі 
оның 
тығыздығымен, 
қысымымен, 
температурасымен  және  т.б.  сипатталады.Атмосфсраның  жерге 
жақын қабатында ауа ылғалды болып кслсді, яғни оның қүрұмында 
басқа  газдармен  қатар  газ  күйіндсгі  су  (су  буы)  да  болады. 
Атмосфсраның  физикалык  күйінс  байланысты  су  буы  сұйық  және 
қатты  күйгс  кӛше  алады.  Сондықтан  метеорологияда  алдымен 
құрғак  ауа  және  су  буы  жеке  түрде,  ал  содан  кейін  ылғалды  ауа 
қарастырылады.  Қатты  және  сұйық  бӛлшектерден  тазартылған 
құрғақ  ауаның  құрамы  барлық  жер  шарында  бірдей  және  шамамен 
25 км биіктікке дсйін тұрақты болады. Құрғақ ауа (кӛлем бойынша) 
азоттан -  78.08%,  оттегіден  -  20,95  %,  аргоннан  -  0.93  %,  кӛмір 
қышқыл 
газынан 

0.03% 
және 
басқа 
да 
газдардан  -  0.01 %  тұрады. Басқа газдар: неон Ne гелий He. метан 
СH
4

криптон 
 
Кг, 
сутегі 
H
2

азоттың    шала    тотығы  N
2
О,    ксенон  Хe.  озон  O
3
,  азот  қостотығы 
NO
2

күкірт 
қостотығы 
SO
2

аммиак 

3
,  улы  газ  СО.  йод  I
2, 
  радон  Rn  және  т.б.  Қазіргі  кезеңде 
атмосфераға  антропогендік  түрде  басқа  газдар  да  бӛлініп  жатыр, 

мысалы  кейбір  хлорфторкӛмірсутегі  газдары,  оның  ішіндс  фреон. 
Ол  газдар  атмосферадағы  озонның  мӛлшерін  азайтуда.  Фреон  ауа 
ағынымен  жоғарғы  қабаттарға  барғанда  ультракүлгін  радиацияның 
әсерінен ыдырайды да. Нәтижесінде озонды күшті ыдыратушы хлор 
мен хлорлық қосындылар пайдаболады. 
АТМОСФЕРАНЫҢ 
ВЕРТИКАЛЬДІ 
ҚҦРЫЛЫСЫ 
 
атмосферада  барлық  метеорологиялық  ӛлшемдердің  кеңістіктік 
ӛзгерісі  байқалады.  Атмосфераны.  белгілі  бір  қасиеттерінің 
вертикальді  бағытта  ӛзгеруіне  байланысты,  қабаттарға  бӛледі. 
Мысалы.  температураның  биіктік  бойынша  таралуы.  ауа 
құрамының  ӛзгеруі  және  зарядталған  бӛлшектердің  болуы, 
атмосфераның  жер  бетімен  әрекеттесе  сипаты  және  де 
атмосфераның  ұшатын  аппараттарға  әсері.  Атмосфсраның  ауа 
құрамына  байланысты  гомосфера  мен  гетеросфера  қабаттарына 
бӛлінетіні  жоғарыда  айтылды.  Атмосфера  қабаттарға  әсіресе  ауа 
температурасының  биіктік  бойынша  таралуымен  айқын  бӛлінеді. 
Бұл  термикалык  қасиетіне  байланысты  атмосфера  бес  негізгі 
сфералық қабаттарға бӛлінеді гропосфера (орташа биіктігі 12 км-ге 
дейін). стратосфера (орташа алғанда 12-55 км аралығы). мезосфера 
(55-90  км  аралығы).  термосфера:  ионосфера  (90-800  км  аралығы) 
және  экзосфера  (800  км-ден  жоғары).  Ол  негізгі  қабаттардың 
арасында  тӛменгі  қабаттың  атымен  аталатын  жіңішке  (1-2  км) 
ӛтпелі қабатшалар болады: тропопауза. стратопауза. мезопауза және 
термопауза. 
АТМОСФЕРАНЫҢ  ЖЫЛУ  РЕЖИМІ  -  атмосфераның  жылу 
режимі деп ауа температурасының атмосферада таралу және ӛзгеру 
сипатын  айтады.  Атмосфераның  жылу  режимі,  оның  тӛселме 
бетпен  және  космостық  кеңістікпен  жылу  алмасуы  арқылы 
анықталады.  Атмосфераның  жогаргы  қабаттарыныңтемпературасы 
негізінен  күн  сэулесін  жұту  арқылы,  ал  тӛменгі  қабаты 
(тропосфера)  температурасы  жер  бетімен  жылу  алмасу  арқылы 
ӛзгеріп  отырады.  Күндіз  күн  сэулесін  жұту  аркылы  алдымен  жер 
беті  кызады,  сосын  оның  шашатын  ұзынтолқынды  инфроқызыл 
жылулық  радиациясын  жұту  арқылы  ауа  жылиды.  Түнде  жер  беті 
сәуле  шашу  арқылы  салқындайды  да  керісінше  ауадан  жылу  ала 
бастайды.  Жер  беті  мен  атмосфера  арасында  және  атмосфера 
ішінде жылудың тасымалдануы (жылуалмасу) мынадай процесстер 
арқылы жүреді: 

1. Молекулалық   жылуӛткізгіштік.   Ауа   молекулалары   тӛселме   
беткейдің  молекулаларына  соқтығысу  аркылы  жылу  (энергия) 
алады. Бұлай жылуалмасу баска түрлермен салыстырганда ӛте баяу 
және аз молшерде жүреді. 
2.  Турбуленттік араласу. Атмосфера ауасының үздіксіз бейберекет 
араласып  тұруын  турбуленттілік  дейді.  Турбуленттік  араласу 
арқасында  атмосфераның  тӛменгі  жылы  қабаттарыиан  жогарғы 
салқын  қабаттарына  жылу  тасымалданады.  Бүлай  жылуалмасу 
молекулалык жылуалмасудан мыңдаган есе жогары. 
3.        Жылу  конвекциясы.  Жылу  конвекциясы  деп,  тӛменгі  ауа 
қабатының  қатты  кызуы  арқасында  пайда  болатын,  бӛлек  ауа 
кӛлемініц  реттелген  вертикальді  қозгалысын  айтады.  Жылы  ауа 
жеңіл  болгандықтан  жогары  кӛтеріледі,  ал  ауыр  салкын  ауа 
(тыгыздыгы жогары) тӛмен түседі. Белгілі бір уақытта мүндай кіші 
қозгалыстар  реттеліп,  жогары  багытталгап  ірі  ауа  агыны  пайда 
болады.  Конвекция  кұрьілықта  тӛселме  беткейдің  эртүрлі  қызуы 
арқасында пайда болады. 
4.    Радиациялық  жылутасымалдау.  Жер  беті  күн  сәулесін  жүлып 
қызганнан  кейін,  ӛзі  инфроқызыл  жылулық  радиация  шашады.  Ол 
жылулык радиация атмосфераның тӛменгі қабатын жылытады. 
5.    Булану  және  конденсация  процестері  арқасында  жылудың 
тасымалдануы. Су жер бетінен буланғанда, оған жылу жұмсалады. 
Ол су буы атмосфераға кӛтеріліп белгілі бір жагдайда конденсация 
(сублимация)  процесі  жүрсе,  булануға  жұмсалған  жылу 
атмосфераға беріледі. 
Температураның  вертикальді  градиенті  .  Әрбір    100  метр  биіктік 
сайын  температураның  ӛзгеру  мәнін  вертикальді  градиент  дейді 
(°С/100м);                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
(5.2) 
Тӛселме беткей мен атмосфераның жылу балансы. Күндіз тӛселме 
беткей,  ӛзіне  келетін  жиынтық  радиация  (Q)  мен  атмосфераның 
қарсы  сәулешашуын  (Е
а
)  жұтады  және  ұзынтолкынды  сәулешашу 

ж
)  арқылы  энергия  жоғалтады.  Тӛселме  беткейдің  қабылдайтын 
жылуы,  тӛменгі  кабаттарға  атмосфераға  беріледі  және  булануға 
жұмсалады.  Түнде  күннің  радиациясы  болмайтындықтан,  жер  беті 
нәтижелі сәулешашу (Е) аркылы  жылу жоғалтады.  Сонымен қатар 
булану  немесе  конденсация  (шық,  қырау)  процестері  арқасында 
жылу (LЕ) кетеді не келеді. 

АУА  МАССАЛАРЫ  –  тропосфераның  кӛлбеу  бағытта  біртұтас 
болып  қозғалатын  ірі,  біртекті  бӛліктері.  Белдемдік  орнына 
байланысты:  арктикалық  (Оңт.  жарты  шарда  –  антарктикалық), 
қоңыржай  белдеулік,  тропиктік  және  экваторлық  болып  негізгі  4 
түрге бӛлінеді. Әрқайсысының ӛзіне тән темп-расы, ылғалдылығы, 
кӛріну  қашықтығы,  т.б.  ерекшеліктері  болады.  Бұлардың  ӛзі 
теңіздік  және  құрлықтық  болып  екіге  бӛлінеді.  Термодинамик. 
сипатына  қарай  салқын,  жылы  және  жергілікті  болып  аталады. 
Салқын  тұрақты  ауа  массалары  құрлық  үстінде,  қыста  үлкен 
антициклон  жүйесінде,  жер  бетінің  радиациялық  салқындауы 
нәтижесінде  пайда  болады.  Оған  Сібір  антициклонында 
қалыптасатын  Саха  (Якутия)  үстіндегі  құрлықтық  ауа  массасы 
жатады.  Ол  Қазақстан  климатына  (әсіресе  қыста)  елеулі  ықпал 
жасайды.  Қыс  кезінде  Сібір  антициклонының  әсерінен  ауаның 
жоғарыдан  тӛмен  қозғалуына  байланысты  бұлт  азайып,  жер  беті 
суып,  аязды  ауа  райы  қалыптасады.  Сондықтан  оны  «Сібір  қысы» 
деп атайды. Жазда Орт. Азия аумағы үстінде орнығатын тропиктік 
ауа  массасы  темп-расы  жоғары,  ӛте  құрғақ  ауа  райын 
қалыптастырады.  Оны  «Азиялық  жаз»  деп  атайды.  Атмосфераның 
жалпы  циркуляциясындағы  ағыстардың  бірінде  тұтасымен  орын 
ауыстырады  және  бір-бірінен  атмосфералық  Шептермен  бӛлініп 
тұрады. 
АУА  МАССАЛАРЫН  ЖІКТЕУ  -  ауа  массаларын  жалпылама 
кинематикалық  және  жылылық  сипаттамалары  немесе  олардың 
ошағының  географиялық  орны  бойынша  болу.  Бірінші  жағдайда: 
жылы,  суық  және  жергілікті,  ал  екінші  жағдайда  ауа  массалары 
арктикалық,  қоңыржай  ендік  (полюс  ауасы),  тропиктік  және 
экваторлық  ауа  деп  бӛлінеді.  Бұлардың  әрқайсысында  ауаның 
теңіздік және континенттік тип тармақтары болады. 
АУА  МАССАЛАРЫНЫҢ  БАТЫСТАН  ТАСЫМАЛДАНУЫ  - 
қоңыржай  ендіктің  тропосферасы  мен  стратосферасындағы  ауа 
массаларының,  негізінен,  ватыстан  шығысқа  қарай  тасымалдануы. 
Ауа  температурасы  мен  атмосфера  қысымының  субтропиктерден 
полюстік ендіктерге қарай тӛмендеуінің салдарынан туындайды. 
АУА МАССАЛАРЫНЫҢ КЛИМАТОЛОГИЯСЫ - ауа райының 
әр  түрлі  режімдерімен  байланысты  әр  типтегі  ауа  Иссаларының 
қайталануын  сипаттайтын  климат,  яғни  серпінді  климатологияның 
қарапайым нұсқасы. 

АУА  МАССАЛАРЫНЫҢ  ШЫҒЫСТАСЫМАЛДАНУЫ  -  1) 
тропиктер-  пассаттар  немесе  полюстік  ендіктер  -  әсіресе 
Антарктида  маңындағы  мұхит,  ауаның  шығыстан  батысқа  қарай 
тасымалдануы; 2) 20 км-ден жоғары бүкіл "жазғы" жарты шарімен 
ӛтетін ауаның шығыстан барайғы жазғы тасымалдануы 
АУА  РАЙЫ  —  атмосфераның  жергілікті  жердегі  белгілі  бір 
уақытта  немесе  уақыт  аралығында  (тәулік,  ай)  байқалатын 
құбылмалы  жағдайы.  Ол  кӛбіне  атмосф-ның  тӛменгі  тропосфера 
қабатының  күйімен  сипаттайды.  Себебі,  А.  р-н  ӛзгертетін  негізгі 
процестер  осы  қабатта  дамиды.  Бірақ,  әртүрлі  биіктіктегі  атмосф. 
процестер  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады,  сондықтан  жер 
бетіндегі  А.  р-ның  ӛзгеру  себептерін  білу  үшін  атмосфераның 
жоғарғы  биік  қабаттары  зерттеледі.  А.  р.  метеорол.  ӛлшемдермен 
(температура,  қысым,  жел,  ауа  ылғалд.,  бұлттылық,  атмосфералық 
жауын-шашын)  және  атмосфералық  құбылыстармен  (тұман, 
найзағай,  боран,  дауыл  т.б.)  сипатталады.  Жер  бетіндегі  А.  р-ның 
ӛзгеруі  тіршілікке,  табиғатқа  елеулі  ықпал  жасайды.  А.  р-ның  кӛп 
жылдық режимі климат деп аталады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет