Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет8/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

ГЕОТЕКТОНИКА (гео...  және tektonіkos —  құрылыс)  — Жер 
қыртысының
 
 құрылысы, 
ондағыдеформациялар, жер 
қыртысының кейпін 
ӛзгертетін 
қозғалыстар 
және 
осы 
қозғалыстардың  даму  заңдылықтары,  тұтас  алғанда,   Жердің 
құрылымы мен 
дамуы 
туралы ғылым, тектоника 
саласы. 
Геотектониканың негізін 17 ғ-да Н. Стено, Р. Декарт, Г.В. Лейбниц, 
кейіннен М.В.  Ломоносов, А.Г.  Вернер,  т.б.  қалады.  Жеке  ғылым 
ретінде Дж.  Геттон, Э.  Кант, А.П.  Карпинский, А.Г.  Вегенер, В.А. 
Обручев, В.В.  Белоусов, В.Е.  Хайн,  т.б.  еңбектерінің  нәтижесінде 
қалыптасты. Геотектониканың анализдік және синтездік бағыттары 
бар.Аналитикалық  геотектоника Жер  беті  мен  жеке  бӛліктерінің 
құрылысын  білу  арқылы  олардың  түзілуі  мен  даму  механизмін 
анықтайды.  Синтездік  Геотектоника  жер  қыртысы  мен  жердің 
дамуы туралы ұғымдарды тұжырымдайды, Жердің геол. теориясын 
жасайды. 
Геотектоника 
геологияның басқа 
салаларындағы 
зерттеулер    үшін  құрылымдық  негіз  дайындап  береді.  
Кен байлықтарын  іздеу,  барлау,  пайдалану  үшін  және  инж. 
геология  саласындағы  зерттеулер  үшін  Геотектониканың  маңызы 
зор. 
ГЕОФИЗИКА — Жердің ішкі құрылысын,  физикалық қасиеттерін 
 және  оның  қатты,  сұйық, газ  қабаттарында  ӛтетін  құбылыстарды 
зерттейтін  ғылымдар  жиынтығы. Геофизиканың  негізгі  салалары 
соңғы  тӛрт  ғасыр  ішінде  дамып  келеді.  17  ғ-да мұхит деңгейінің 
кӛтерілуі жӛнінде  алғашқы теориялық болжамдар  жасала бастады. 
Кейінірек 
ауырлық 
күшінің 
ӛрісі, ауадағыфиз. 
құбылыстар, Жердің ішкі  құрылысы  және  оның магнит ӛрісі,  жер 
сілкіну  туралы  ілімдер  кеңінен  ӛріс  алды. Геофизика кӛп  салалы 
ғылым ретінде тек 20 ғ-дың 40 — 60-жылдарында ғана қалыптасты. 
Геофизиканың  
геомагнетизм (Жер шарының 
және 
оның 
бӛліктерінің  магнит  ӛрісі  туралы  ілім),  аэрономия  (атмосфераның 
ең  жоғ.  қабаттарындағы  құбылыстар  туралы  ілім),  метеорология 
(атмосф.  құбылыстар  туралы  ілім)  сияқты  негізгі  салалары  бар. 
Оның 
ішінде метеорология: 
динамикалық 
метеорология, 
синоптикалық метеорология жәнеклиматология болып бӛлінеді. 
Физ 
метеорологияда атмосфера физикасы, 
ал динамикалық 
метеорологияда
 
атмосферадағы  процестер  гидромеханикалық 
әдістер  арқылы  зерттеледі.  Синоптикада  ауадағы  кӛлемді 

процестер,  ауа  массасының  қимылы  бақыланады  және ауа 
райы туралы  болжам  жасалады.  Климатологияда  Жер  шарының 
климат  жағдайлары  зерттеледі.  Сондай-ақ,  Геофизика  ғылымының 
құрамына океанология (Дүниежүз. мұхитты, теңіз физикасын, теңіз 
геологиясын,  теңіз  химиясын  және  теңіз  биологиясын  зерттейтін 
ғыл.  салаларының  жиынтығы);  құрлық  гидрологиясы  (ӛзен,  кӛл, 
т.б.  туралы  ілім);гляциология (мұздықтар  туралы  ілім);  Жер 
қойнауының  физикасы  (Жердің  ішкі  бӛліктерінің  физикасы  мен 
оның 
құрылысы 
туралы 
ілім); сейсмология (жер 
сілкінуді 
зерттейтін ілім); гравиметрия (жер бетіндегі ауырлық күшінің ӛрісі 
туралы  ілім);  жер  бетінің  кӛтерілуі  туралы  ілім  (құрлық,  теңіз, 
мұхиттар  беткейінің Ай мен Күннің тарту  күші  әсерінен  кӛтерілуі, 
тасуы  туралы); Жер қабығының  қазіргі  уақыттағы  қозғалыстары 
туралы  ілім  де  кіреді.  Геофизика  геология,   геодезия,   география, 
 геохимия,   физика және  астрономия  сияқты  ғылымдармен  тығыз 
байланыста дамиды. 
Сондай-ақ, Жердің терең қойнауларын зерттей отырып, Геофизика 
геологиямен  бірге  Жердің  пайда  болуы  мен  даму  тарихын  да 
анықтайды.  Геофизиканың  барлау  Геофизикасы,  ӛндірістік 
Геофизика  деп  аталатын салалары кен  барлау, Жер қабығын, оның 
түрлі 
қабаттарының 
құрылысын 
зерттеуде 
қолданылады. ҚазақстандаГеофизиканың  метеорология,  ионосфера 
физикасы, сейсмология және барлау Геофизикасы сияқты салалары 
кең  дамыған.  Қазіргі  кезде  гидрометеорология  қызметі  ондаған 
метеостансалар  арқылы  ауа  райы  мен  гидрол.  құбылыстарға  жан-
жақты бақылау жүргізіп, зерттеп отыр. Жер сілкінуі ықтимал деген 
аудандарда  жаңадан  бірнеше  сейсмостансалар  құрылып,  ондағы 
бақылау 
жұмыстары 
кеңейе 
түсуде. 
Сондай-ақ, 
Бат. Қазақстанның мұнайлы-газды 
аудандарының 
тереңдегі 
құрылысын  бақылау  және  геофиз.  жұмыстар  тәсілін  жетілдіру 
жолдары зерттелуде. Қазақстан геофизиктерінің геол., геохим. және 
геофиз.  кешенді  зерттеулерді  жүргізуі  негізіндеҚазақстан жер 
қыртысының  терең  құрылысы  және  геол.  дамуының  тарихымен 
байланысты  кен  байлықтарының  орналасуындағы  аймақтық 
заңдылықтар 
анықталды. 
Қазақстанның 
орта 
масштабты 
құрылымдық-геофиз. картасы жасалды. 
ГЕОХИМИЯ — Жердің  химиялық құрамын,  элементтердің  кӛшу 
не  таралу  заңдылықтарын,атомдардың  табиғи процестер  кезіндегі 
орналасу  мен  кӛшу  тәсілдерін  зерттейтін ғылым.
 
Геохимия 

терминін  1838  ж.  неміс  химигі Х.Ф.  Шенбейн енгізді.  Геохимия 
жӛніндегі 
алғашқы 
деректер М.В. 
Ломоносов  
пен Д.И. 
Менделеевтің еңбектерімен  байланысты.  Геохимия  негізінВ.И. 
Вернадский қалады.  Ол  1910  ж.  Г-ның  атом  туралы  ғылым  екенін 
дәлелдеді. Геохимиядағы кристаллохим. бағыт норвег ғалымы М.В. 
Гольдшмидтің,  энергетикалық  және  теориялық  бағыт  А.Е. 
Ферсманның есімімен байланысты. Американ ғалымы Ф. Кларк 20 
ғ-дың  басына  дейінгі  Геохимияның  кӛптеген  деректерін  жинақтап 
қорытты.   Қазақстанда  геохимия саласындағы  зерттеулер  1950 
жылдары басталды. 
ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ  СУ  — топырақ бетінің  бӛлшектерімен  
молекулалық  күш   арқылы  берік  байланысқан  су.  Гигроскопиялық 
суды  ӛсімдіктерді  суаруға  қолдануға  болмайды.  Таужыныстардың 
жігін жоғарғы қысым немесе құрғатып-кептіру арқылы ажыратады. 
Қысымы  1000  г/см2  мен  килограмға  жететін  үлкен  тереңдікте 
болатын  гигроскопиялық  су  таужыныстан  сығылып,  еркін  күйге 
кӛше  алады.  Гигроскопиялық  су  "байланысқан"  су  тобына 
жатады. Оның  таужыныс  бӛлшектерімен  берік  байланысқандығы 
сондай,  ол  таужыныс  мыстарында  ауырлық  күшінің  ықпалымен 
қозғала  да  алмайды.  Гигроскоптық  суды  таужыныстан  бӛліп  алу 
үшін, оны су тэрізді фазаға ӛтетін 100°С-тан жоғары температураға 
дейін қыздыру керек. 
ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ (гр. һуdor - су, meteora - атмосфералық 
құбылыстар, logos - ілім) - атмосферадағы су айналымын зерттейтін 
ғылым.  Гидрометеорология  -  табиғаттағы  су  айналымын  және  су 
жинау  алабындағы  су  балансының  кейбір  құраушыларын  (жауын-
шашын,  қар  жамылғысы,  ауаның  ылғалдылығы,  булану) 
анықтайтын 
процестерді 
зерттейтін 
гидрология 
мен 
метеорологияның арасындағы ғылымның іргелес бӛлімі 
ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ 
ОРТАЛЫҚ 
— 
халық 
шаруашылығының 
барлық 
салаларын 
метеорогиялық, 
гидрологиялық 
және 
агрометеорологиялық 
болжамдармен 
қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік мекеме. 
ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ  ТОРАП  —  гидрометеорология 
жӛніндегі  мемлекеттік  комитет  жүйесіне  енетін  барлық 
обсерваториялардың, 
бекеттердің, 
бақылау 
пункттері 
мен 
тұрақтардың  жиынтығы  (жалпы  әлемде,  барлық  ұлттық 
гидрометеорологиялық  торап).  Гидрометеорологиялық  торапты 

құрылыстағы,  кӛліктегі  және  т.б.  орындардағы  жер  органдары 
тұрақтары мен бекеттері де толықтырады. 
ГИДРОСЛЮДАЛАР –  ӛте  -  жұқа  қабыршақтардан  тұратын,   су  
молекуласымен қаныққан минералдар тобы. 
Топырақ 
Ӛсімдіктердің,  жануарлардың  (әсіресе  микроорганизмдердің), 
климат  жағдайларының  және  адамдардың  әсерімен  ӛзгерген  жер 
бетінің  үстіңгі  борпылдақ  қабаты.  Топырақ  бойында  құнарлылық 
қасиеті,  яғни  ӛсімдіктерді  сумен,  басқа  да  қоректік  элементтермен 
қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ 
түйіршіктерінің  мӛлшері)  бойынша  топырақ  құмды,  құмдақ  сазды 
және саз  топырақ болып бӛлінеді. Жасы мен генезисі бойынша  —
 қыртысты  күлгін  топырақ, батпақты  топырақ, ормандық  сұр 
топырақ,қара  топырақ, қоңыр  топырақ, күрең  топырақ,  тағы 
басқалар  болып  бӛлінеді.  Топырақтың  жер  бетінде  таралуы 
зоналық 
(горизонтальды 
және 
вертикальды) 
заңдылыққа 
байланысты.  Топырақ  -  литосфераның  жоғарғы  әуе  қабатымен 
байланысатын  қабат,  бүкіл  биосферадағы  тіршіліктің  тірегі. 
Топырақ  ғасырлар  бойы  топырақ  түзуші  факторлардың  үздіксіз 
әрекетінен  пайда  болған  табиғаттың  ерекше  табиғи,  әрі  тарихи 
денесі. 
ГИМАЛАЙ  (Гимала и)  -  жер  бетіндегі  ең  биік  тау  жотасы.  Тибет 
таулары мен Үнді-Ганг жазығы аралығында орналасқан.  Үндістан, 
 Непал,  
Қытай, 
Пәкістан, Бутан елдері 
территориясында 
орналасқан.  Жер  бетіндегі  ең  биік  шың  Джомолунгма  (Эверест) 
8848 м. осында орналасқан. Гималай - Жер шарындағы аса биік тау 
жүйесі.   Үндістан,   Қытай,   Непал   және   Пәкістан   жерінде.  Тау 
тым  шалғайда  жатқандығына  қарамастан,  ескі  аңыз-ертегілер, 
батырлар  жырлары  арқылы  қазақтарға  да  жақсы  таныс  болған. 
Абай  «Біраз  сӛз  қазақтың  түбі  қайдан  шыққаны  туралы»  деген 
тарихи  мақаласында  Шыңғысханның  жорық  жолын  кӛрсететін 
қазақтардың  «Самарқанның  сары  жолы,  Бұланайдың  тар  жолы» 
деген  мақалын  келтіре  отырып,  «Бұланай  деп  Гималайды  айтқаны 
ма, Үндукеш тауы ма?» деген жорамал жасайды. 
ГЛЯЦИОЛОГИЯ  
–  
қатты 
күйдегі атмосфералық жауын-
шашынның жиналуы  мен  түрленуі  нәтижесінде  құрлықта  пайда 
болған  жылжымалы  табиғи  мұздарды   зерттейтін   ғылым.  
Гляциология мұздықтардың ерекшеліктерін,  даму  заңдылықтарын, 
құрамын, физ. қасиеттерін, кеңістікке таралуын зерттейді. 

ГНЕЙС —  аймақтық метаморфизмнің жоғары  сатысында  (В
2
 және 
С
2
 фацияларында)  қышқыл  магматиттер  мен  олардың  туфтары 
және  сазды,  аркӛзды  шӛгінді  жыныстардың  ӛзгеруінен  пайда 
болатын метаморфтық таужыныс. 
-  Гнейс  негізінен  қызғылт,  ақшыл  түсті  келеді,  кейді  сұр  түрі  де 
кездеседі. 
-  Басты минералы далашпаттар (микроклин  мен  олигоклаз).  Кварц 
кӛбінесе  едоуір  мӛлшерде  кездеседі,  тек  диорит-гнейс,  сиенит-
гнейстерде  болмайды  не  аз  болады.  Гнейсте  қосымша  минералдар 
биотит,  горнбленд,  пироксен,  гранат  (альмандин),  ставролит, 
силлиманит, кордиерит болып келеседі. Жоғары қысым (С
2
-фация) 
гнейс  теріне  кианит  тон.  Магматиттер  бойынша  қалыптасқанын 
ортогнейстер, 
шӛгінді 
жыныстар 
бойынша 
түзілгендерін 
парагнейстер дейді. 
-  Гнейс  тердің  бітімі  гнейстік,  жолақты,  шомбал,  кӛзді, 
құрылымы кристаллобластық, порфиробластық болады. 
 
ГОЛЬФСТРИМ — Атлант 
мұхитынық солтүстік 
бәлігіндегі 
жылы ағыс.  Гольфстрим дүние  жүзіндегі ең  күшті  жылы  агыс 
болып  табылады;  ол   Мексика   қойнауынан  шығып,   Еуропа   
жағалауына  дейін  ағады;  барлық  ұзындыгы  10  мың  км  дейін 
барады. 
ГОНДВАНА 
— 
кӛбіне палеозойда және мезозойдың басында 
Оңтүстік 
жартышарда 
болған 
деп 
болжанатын 
алып 
суперконтиненті.  Гондвананың  Солтүстік  жарты  шардағы 
антиподы  -  Лавразия.  Гондвана  (Орталық  Үндістандағы  тарихи 
атыраптың 
атауынан 
алынған) 
— 
орта 
және соңғы 
палеозой мен мезозойдың бастапқы 
кезінде 
болған, 
негізінен, Оңтүстік  жарты  шарды және  Оңтүстік  Американың 
басым бӛлігін (Анд тауларынан шығысқа қарай), Африканы (Атлас 
тауынан  басқа),   Арабияны,   Үндістан  түбегін   (Гималайдың  
оңтүстігіне  карай),   Аустралияны  (шығысындағы  таулардан 
батысқа  қарай)  және Антарктиданы қамтыған  және  екіншілік 
туындыларын ӛлшеу әдістерін зерттейін ғылым. 
ГРАВИМЕТРИЯ  (лат.  gravіs  –  ауыр  және  …метрия)  –  Жердің 
 гравитациялық 
(тартылыс)  ӛрісін  сипаттайтын  шамаларды 
ӛлшеуді, Жердің ішкі және жоғарғы бӛліктерінің геол. құрылысын 
зерттейтін ғылым. 

ГРАВИТАЦИЯ - (латынша: gravitas— ауырлық) - материяның кез 
келген  түрлері  арасындағы  әмбебап  ӛзара  әрекеттестік.  Егер  бұл 
ӛзара  әрекеттестік  біршама  босаң  болып,  денелер  баяу  (жарық 
жылдамдығымен  салыстырғанда)  қoзғалатын  болса,   Ньютoнның  
бүкіл    әлемдік  тартылыс  заңы  қолданылады.  Жалпы  жағдайда 
 А.Эйнштейін  
шығарған  жалпы салыстырмалылық  теориясы 
қолданылады.  Гравитация  - массасы бар  кез  келген  денелер 
арасында болатын ӛзара  тартылыс. 
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ  ӚРІС,  тартылыс  ӛрісі  –  кез  келген  
физикалық   объектінің   айналасында  болатын  физикалық ӛріс. 
Денелер 
гравитациялық 
ӛріс 
арқылы 
ӛзара 
әсерлеседі. 
Гравитациялық  ӛріс  - гравитациялық  ӛзара  әсерлесуді жүзеге 
асыруға керекті  күш ӛрісі 
ГРАНИТ – Жер 
қыртысында ең 
кӛп 
тараған 
кристалдық магмалық тау  жынысы,толық  кристаллы,  жаппай 
түйірлі,  немесе  сеппелі,  қышқыл  құрамды  (SiO
2
 > 
65%) 
интрузиялық 
таужыныстардың 
жиынтық 
атауы. 
Гранит  
кварцтан, калийлі дала 
шпаттарынан 
(ортоклаз, 
микроклин), 
қышқыл  плагиоклаздардан,  слюдадан  (биотит,  мусковит)  тұрады. 
Түсі ашық, кӛбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. 
салм.  2,5  –  2,7  г/см
3
.  Граниттің  құрылымы орта,  ірі  түйірлі, 
порфирлі.  Граниттердің   лейкогранит,   аляскит,   плагиогранит, 
сілтілік  гранит, рапакиви сияқты  түрлері  бар.    Гранит   архейден  
бастап   кайнозойға   дейінгі  шӛгінділерде  түрлі  пішінді   массивтер, 
батолит,   шток,   лакколит,   желі, дайка,  түрінде  кездеседі. 
Граниттердің  пневматолиттік-гидротермальдық,  гидротермальдық 
ӛзгерістеріне мусковиттену, 
турмалиндену, 
альбиттену 
грейзендену, 
хлориттену  
процестері 
жатады.
 
Сарыарқа мен Алтайдың кӛптеген  металл  кендері  Граниттердегі 
осы  процестердің  нәтижесінде  түзілген.  Граниттер  құрылыс 
материалы  ретінде  кеңінен  қолданылады.  Олардан  қаптау 
плиталары,  ірі  құрылыстардың  іргетасы,  ескерткіштер  жасалады. 
Сондай-ақ  Граниттерде  алтынның,  күмістің,  вольфрамның, 
молибденнің, радиоактивті элементтердің,тағы басқа кен орындары 
кездеседі.  Қазақстанда  Гранит  ӛндірілетін Талғар,  Күрті  (Алматы 
облысы),  Спасск,  Жарық,  Дария  (Қарағанды  обл.),  Гранитогорск 
(Жамбыл  облысы),  Лосевка  (Ақмола  облысы), Аягӛз (Шығыс 
Қазақстан облысы),тағы басқа кен орындары бар. 
Mинералдық құрамы 

Граниттердің минералдық құрамы негізінен алғанда кварц пен дала 
шпаттарынан  және  түсті  минералдардың  (биотит,  мусковит,  мүйіз 
алдамшы,  сирегірек  пироксен)  азын-аулақ  мӛлшерінен  тұрады. 
Граниттердің  түрлері  кӛп.Олар  дала  шпаттарының  құрамы  мен 
олардың  бір-біріне  мӛлшерлік  қатынастарына  орай  және  түсті 
минералдардың  қандай  түрі  жетекші  рӛл  атқаратындығына  орай 
жүйеленеді. 

 
бірінші  жүйелеу  қағидасына  сәйкес  дараланған  граниттер 
түрлері: 

 
байырғы немесе әкті-сілтілі граниттер (калийлі дала шпаты 30-
40%, қышқыл плагиоклаздар 10-20%, кварц 25-30%); 

 
адамелиттер  (калийлі  дала  шпатгары  мен  плагиоклаздар 
мӛлшері бір-бірімен шамалас); 

 
плагиограниттер  немесе  плагиоклазды  граниттер  (тек  қана 
плагиоклаздардан,  кварцтан  және  түсті  минералдардан  тұрады, 
яғни  бұлардың  құрамында  калийлі  дала  шпаттары  мүлдем 
болмайды немесе ӛте мардымсыз мӛлшерде кездеседі); 

 
сілтілі  граниттер  (сілтілі  дала  шпаггарын  және  сілтілі 
пироксендер мен амфиболдарды кіріктіреді). 
Ӛз  құрамындағы  әр  түрлі  түсті  минералдардың  жетекші  рӛліне 
қарай биотитгі, қосслюдалы, мүйізалдамшылы, рибекитгі, эгиринді 
және  тағы  басқа  граниттер  түрін  даралауға  болады.  Гранит 
құрамында  түсті  минерал  мүлдем  болмағанда  немесе  олар  ӛте  аз 
мӛлшерде  үшырасқан  жағдайда  (5%-  дан  аз)  олар  аляскитгер  деп 
аталады 
ГРИГОРИАН 
КҤНТІЗБЕСІ — 
халықаралық 
одақпен 
қабылданған күнтiзбе. Католик елдерiнде 1582 
жылдың 4 
қазанында  әке  Григорий  XIII  ескi юлиан  күнтізбесінің орнына 
енгiзiлдi. 
Григориан  күнтiзбесiне  сәйкес,  жыл  12  айға,  28-31  күн 
аралығындағы ұзақтықпен жiктеледi: 
№ Ай 
Кҥндер саны 
1  Қаңтар 
31 
2  Ақпан 
28 (кібісе жылда— 29) 
3  Наурыз 
31 
4  Сәуір 
30 
5  Мамыр 
31 

6  Маусым 
30 
7  Шілде 
31 
8  Тамыз 
31 
9  Қыркүйек  30 
10 Қазан 
31 
11 Қараша 
30 
12 Желтоқсан 31 
Юлиан 
және 
Григориан 
күнтiзбелерiнiң 
күндерінің 
айырмашылығы: 
Кҥндер 
айырмашылығы 
Кезең 
(юлиан 
кҥнтізбесі бой-ша) 
Кезең 
(григориан 
кҥнтізбесі бой-ша) 
10 
5  қазан  1582 —  29 
ақпан 1700 
15  қазан  1582 —  11 
наурыз 1700 
11 
1  наурыз  1700 —  29 
ақпан 1800 
12  наурыз  1700 —  12 
наурыз 1800 
12 
1  наурыз  1800 —  29 
ақпан 1900 
13  наурыз  1800 —  13 
наурыз 1900 
13 
1  наурыз  1900 —  29 
ақпан 2100 
14  наурыз  1900 —  14 
наурыз 2100 
14 
1  наурыз  2100 —  29 
ақпан 2200 
15  наурыз  2100 —  15 
наурыз 2200 
15 
1  наурыз  2200 —  29 
ақпан 2300 
16  наурыз  2200 —  16 
наурыз 2300 
Мемлекеттердің григориан күнтізбесіне ауысу күндері 
Юлиан 
кҥнтізбес
інің 
соңғы 
кҥні 
Григори
ан 
кҥнтізбе
сінің 
бірінші 
кҥні 
Мемлекттер/аумақтар 

қазан 
1582 
15  қазан 
1582 
Испания, Италия, Португалия, Речь 
Посполитая (Литвалық  және  Польшаның  ұлы 
княздықтың 
құрамындағы 
федерациялық 
мемлекетi) 


желтоқса
н 1582 
20 
желтоқса
н 1582 
Франция, Лотарингия 
21 
желтоқса
н 1582 
1  қаңтар 
1583 
Голландия, Брабант, Фландрия 
10  ақпан 
1583 
21  ақпан 
1583 
Льеж епископтығы 
13  ақпан 
1583 
24  ақпан 
1583 
Аугсбург 

қазан 
1583 
15  қазан 
1583 
Трир 

желтоқса
н 1583 
16 
желтоқса
н 1583 
Бавария, Зальцбург, Регенсбург 
1583 
Австрия (бӛлігі), Тироль 
6  қаңтар 
1584 
17 қаңтар 
1584 
Австрия Республикасы 
11  қаңтар 
1584 
22 қаңтар 
1584 
Швейцария (Люцерн, Ури, Швиц, Цуг, Фрайб
ург, Золотурн кантондары) 
12  қаңтар 
1584 
23 қаңтар 
1584 
Силезия 
1584 
Вестфалия, Америкадағы Испан колониялары 
21  қазан 
1587 
1  қараша 
1587 
Венгрия 
14 
желтоқса
н 1590 
25 
желтоқса
н 1590 
Трансильвания 
22  тамыз 
1610 

қыркүйек 
1610 
Пруссия 
28  ақпан 
1655 
11 
наурыз 
1655 
Швейцария ( Вале кантоны) 

18  ақпан 
1700 
1  наурыз 
1700 
Дания ( Норвегияны қоса), 
протестанттық неміс мемлекеттері 
16 қараша 
1700 
28 
қараша 
1700 
Исландия 
31 
желтоқса
н 1700 
12 қаңтар 
1701 
Швейцария (Цюрих, Берн, Базель, Женева) 

қыркүйек 
1752 
14 
қыркүйек 
1752 
Ұлыбритания және колониялар 
17  ақпан 
1753 
1  наурыз 
1753 
Швеция (Финляндияны қоса) 

қазан 
1867 
18  қазан 
1867 
Аляска 
 
1  қаңтар 
1873 
Жапония 
 
20 
қараша 
1911 
Қытай 
желтоқсан 1912 
Албания 
31 наурыз 
1916 
14 
наурыз 
1916 
Болгария 
31  қаңтар 
1918 
14  ақпан 
1918 
Советтік Ресей, Эстония 

ақпан 
1918 
15  ақпан 
1918 
Латвия, Литва 
17  сәуір 
1918 
1  мамыр 
1918 
Грузия, Әзірбайжан және Армения 
18  қаңтар 
1919 
1  ақпан 
1919 
Румыния, Югославия Одақтық Республикасы 
9  наурыз 
1924 
23 
наурыз 
1924 
Грекия 

18 
желтоқса
н 1925 
1  қаңтар 
1926 
Түркия 
17 
қыркүек 
1928 

қазан 
1928 
Мысыр 
 
ГРИГОРИЙ 
НИКОЛАЕВИЧ 
ПОТАНИН (4.10.1835, Павлодар губерниясы  Ямышево  ауылы  – 
30.6.1920, Ресей, Томск қаласы) 
– Орта 
Азияның табиғатын, 
этнографиясын  зерттеген  саяхатшы,   географ,   этнограф,  
фольклоршы.  1859-1862 Сонда  жүріп, Ш.Ш.Уәлихановпен достық 
қарым-қатынаста  болды. Петербург  университетінің табиғаттану 
бӛлімінде  оқыды.  1861 ж.  студенттік  толқуларға  қатысқаны  үшін  
Сібірге   жер  аударылды.  1863-1864 ж.   Зайсан  кӛлі   мен  
Тарбағатай   тауын  зерттеді.  1876-1877 1879–80 ж.   Моңғолияның  
солтүстік  -  батысы  және  Туваға,  экспедицияларға  қатысты.  1884-
1886 
және 1892-1893 Солтүстік 
Қытай, Шығыс 
Тибет, Орта 
Моңғолия  экспедицияларға  қатысты.  1899 ж.  Үлкен  Хинганға 
шыққан экспедицияларға қатысты. 
ГРУНТ  (нем. grund —  негіз,  топырақ)  —  кӛбіне  жердің  морылу 
белдеуі  шегінде  болатын  және  адамның  инженерлік-  құрылыс 
қарекетінің 
объектісі 
болып 
табылатын 
таужыныстардың 
жинақтама  атауы,  тау  жыныстарынан,  топырақтан,  техногендік 
түзілімдерден тұратын құрамдас бӛлікті динамикалық жүйе; жердің 
үгілу  белдеміндегі  тау  жыныстарының  құрылыс  ісінде,  жол 
құрылысында,  инженерлік  геологияда,  тағы  басқа  ғылым  мен 
ӛндіріс салаларында қолданылатын жиынтық аты. 
Грунттар негізінен екі түрге бӛлінеді: 
1.
 
тұтас  күйінде  не  жарықшалармен  бӛлінген  массив  қалпында 
жататын  қатты  Грунт  Бұларға  магмалық  атпа  жыныстар 
(гранит,базальт,  тағы  басқа),  метаморфтануға  шалынған  жыныстар 
(гнейс,  тақтатас,  тағы  басқа)  және  шӛгінді  жыныстар  (әктас, 
құмтас,мергель, тағы басқа) жатады; 
2.
 
түпкі  жыныстардың  үгілуінен,  тасымалданып  шегінуінен 
түзілген  және  олардың  бетін  кӛмкеріп,  бос  күйінде  жататын 
борпылдақ  Грунт  (малта  тас,  қиыршықтас,  құм,  құмайт,  саз,  тағы 
басқа). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет