Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


ЖЕЛ  ЖӘНЕ  ОНЫҢ  ТҤРЛЕРІ  -



Pdf көрінісі
бет12/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

ЖЕЛ  ЖӘНЕ  ОНЫҢ  ТҤРЛЕРІ  -  атмосфералық  қысымның 
айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік 
бағыттағы  қозғалыстарын  жел  деп  атайтынын  білесіңдер.  Жел 
жылдамдығы  м/с-пен  белгіленеді,  оны  елшейтін  құралды 
аиемометр  депатайды.  Жел  жылдамдығын  12  балдық  арнайы 
Бофорт  шкаласымен  де  аныктайды.  Мұндағы  0  балл  желсіз 
тымықты  білдірсе,  12  балмен  жылдамдығы  30  м/с-тан  жоғары 
болатын  апатты  дауылдарды  белгілейді.  Жел  жылдамдығымен 
қатар,  оның  бағытын  да  білудің  маңызы  зор.  Жел  бағытын  оның 
соғып  тұрған  жағының  бағытымен  анықтайды.  Осыған  сәйкес, 
кӛкжиектің  8  негізгі  бағытын  (румб)  ажыратады:  солтүстік  (С), 
солтүстік-шығыс  (СШ),  шығыс  (Ш),  оңтүстік-шығыс  (ОШ), 
оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). 
Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен 
қайталануын  жел  ӛрнегі  деп  аталатын  сызба  күйінде  кӛрсетуге 
болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын 
білесіндер  (оның  құрылысын  естеріңе  түсіріддер).  Желдерді 
жергілікті  желдер,  атмосфераның  жалпы  циркуляциясына  енетін 
желдер,  жоғары  және  тӛмен  қысымды  орталықтардан  соғатын 
желдер  деп  жалпы  үш  топқа  бӛледі.  Жергілікті  желдер  қатарына 
бриздер,  тау-аңғарлың  желдер,  фендер,  боралар,  сирокко,  самум 
және  т.б.  жатады.  Олардың  кейбіреуімен  сендер  ӛткен  6—7-
сыныптардағы география сабақтарынан танысасыңдар. 
ЖЕЛ  АҒЫСЫ – мұхит пен теңіз суының  жоғарғы  қабатында 
(үйкеліс қабаттары деп аталатын 100 м, кейде 200 м тереңдік) жел 
мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта 
ұзақ  соғатын  желдің  әсерінен  пайда  болған  жел  ағысын  дрейфтік 
(ықпа) ағыс (мысалы, Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар, 
Батыс желдердің ағысы, т.б.) деп те атайды. 

ЖЕЛДІҢ  ҚЫСЫМДЫҚ  ЗАҢЫ  -  жерге  жакын  ауа  қабатында 
желдің  бағыты,  солтүстік  шарда  қысым  градиентінің  оң  жағында, 
оңтүстік  шарда  сол  жағында  жатады,  бұрыш  90°-қа  жақын.  Егер 
желге  арқаны  беріп,  желдің  ағу  бағытына  қарап  тұрсақ,  сол  жақта 
сәл  алдыда  тӛменгі  қысым,  оң  жақта  сәл  артта  жоғаргы  қысым 
жатады. 
ЖЕЛ  ӚРНЕГІ  (РОЗА  ВЕТРОВ)  -  берілген  жердегі  желдің  соғу 
режимін  сипаттайтын  векторлық  диаграмма.  Желдің  басым 
бағытының ӛндірістік маңызы зор, әсіресе ауыл шаруашылығы мен 
құрылыста.  Мысалы,  егінді  қорғайтын  орман  алқаптарын 
орналастыру  және  қар  тоқтату  жұмыстарын  дұрыс  жобалау  үшін 
желдің  басым  бағытын  білу  керек.  Сондықтан  да  күнделікті 
бақылау негізінде, кӛпжылдық мәліметтер бойынша, белгілі уақыт 
аралығындағы  (ай,  маусым,  жыл)  желдің  бағытының  румбалар 
бойымен кайталанушылығы анықталады. 
ЖЕЛ  ЭНЕРГЕТИКАСЫ –  жел  энергиясын  механикалық,  жылу 
немесе  электр  энергиясына  түрлендірудің  теориялық  негіздерін, 
әдістері  мен  техникалық  құралдарын  жасаумен  айналысатын 
энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына 
ұтымды  пайдалану  мүмкіндіктерін  қарастырады.  Қазақстанда  жел 
күшімен  алынатын  электр  энергия-сы  қуатын  кеңінен  және  мол 
ӛндіруге болады. Республикамыздың барлық ӛңірлерінде жел қуаты 
жеткілікті.  Жел  энергиясының  басқа  энергия  кӛздерінен 
экологиялық  және  экономикалық  артықшылықтары  кӛп.  Жел 
энергетикасы қондырғыларының технологиясын  жетілдіру арқылы 
оның  тиімділігін  арттыруға  болады.  Жел  энергиясын  тұрақты 
пайдалану  үшін  жел  энергетикасы  қондырғыларын  басқа  энергия 
кӛздерімен  кешенді  түрде  ұштастыру  қажет.  Республиканың 
шығыс,  оңтүстік-шығыс,  оңтүстік  аймақтарында  су  электр 
стансалары  мен  жел  электр  стансаларын  біріктіріп  электр 
энергиясын  ӛндіру  ӛте  тиімді.  Қыс  айларында  жел  күші  кӛбейсе, 
жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз 
айларында 
кӛбейеді. 
Сӛйтіп, 
энергия 
ӛндіруді 
біршама 
тұрақтандыруға  болады. Алматы  облысының Қытаймен шекаралас 
аймағындағы  40-ендікте, Еуразия мегабассейніндегі  орасан  зор  ауа 
массасының  кӛлемі  ауысатын  — Орталық  Азиядағы «жел  полюсі» 
деп  аталатын  Жетісу  қақпасындағы  желдің  қуаты  мол.  Ол  екі 
таудың  ең  тар  жеріндегі  (ені  10  –  12  км,  ұзындығы  80  км)  табиғи 
«аэродинамикалық  құбыр»  болып  табылады.  Қақпа  Қазақстанның 

Балқаш 
– 
Алакӛл 
ойпатын 
Қытайдың Ебінұр ойпатымен 
жалғастырады.  Осы  жердегі  жел  ерекшеліктерін  зерттеу 
нәтижесінде  оның  электр  энергиясын  ӛндіруге  ӛте  тиімді  екені 
анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-
шығыстан  болса,  жаз  айларында  солтүстік,  солтүстік-батыстан 
соғады.  Желдің  орташа  жылдамдығы  6,8  –  7,8  м/с,  ал  жел  электр 
стансалары  4  –  5  м/с-тен  бастап  энергия  бере  бастайды.  Желдің 
қарама-қарсы  бағытқа  ӛзгеруі  сирек  болуына  байланысты  мұнда 
турбиналы  ротор  типті  жел  қондырғысын  орнату  тиімді.  Желдің 
жалпы  қуаты  5000  МВт-тан  астам  деп  болжануда.  Бұл  ӛте  зор 
энергия  кӛзі,  әрі  кӛмір  мен  мұнайды,  газды  үнемдеуге,  сонымен 
қатар қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді. 
ЖЕР  —  Күн  жүйесіндегі  Күннен  әрі  қарай  санағанда  үшінші 
ғаламшарадамзаттың  тіршілік  ететін  бесігі.  Жер  эллипстік 
(дӛңгелекке  жуық)  орбита  бойымен  29,765  км/с  жылдамдықпен 
149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде 
Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 
384000  км  орташа  қашықтықта  айналады.  Жер  осінің  эклиптика 
жазықтығына кӛлбеулігі 66°33´22˝, оның ӛз осінен айналу периоды 
23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің ӛз осінен айналуы себебінен Жерде күн 
мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына кӛлбеулігі мен 
Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері ӛзгеріп отырады. 
Жердің  жасы  шамамен  4,5  млрд.  жыл  деп  есептеледі.  Жер  Күнді 
айналып  жүрген  9  планетаның  ішінде  мӛлшері  мен  массасы 
бойынша  5-орында.  Жердің  массасы  5,975•1021  т,  орташа 
тығыздығы 5,517 г/см3, кӛлемі 1,083 млрд. км3, ауданы 510,2 млн. 
км2,  сыртқы  пішіні  3  осьті  эллипсоидқа  (сфероидқа)  жақын.  Осы 
күнгі  космогониялық  түсінік  бойынша  Жер  осыдан  4,5  млрд.  жыл 
бұрын Күн айналасындағы  кеңістікте  шашыраған газ-тозаң заттан, 
планеталар  тартылыс  күшінің  әсерінен  пайда  болған.  Қатты 
материя  кесектерінің  соқтығысып,  жабысуынан  планеталар  ұлғая 
берген.  Газ-тозаң  зат  іріктеліп,  олардың  жеңіл  элементтері  Күн 
сәулесінің  қысымымен  онан  әрірек,  ал  біршама  ауырлары  Күнге 
жақын  орналасқан.  Жер  құрамына  Күн  жүйесінде  кездесетін 
барлық  химиялық  элементтер  енеді.  Заттың  планета  центріне 
тартылуы  және  оның  ось  бойымен  айналуы  салдарынан  Жер 
эллипсоидтық пішінге келген. 
ЖЕР АСТЫ СУЫ – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 
аралығындағы  су.  Ол шӛгінді және  борпылдақ  тау  жыныстары 

бӛлшектерінің  арасын,  ұсақ  кеуектерін,   магмалық   және 
 метаморфтық  жыныстардың   жарықтары  мен  жіктерін,  гипс,  
доломит,  әктас жыныстарындағы  карст  қуыстарын  толтырып 
жатады.  Жер  асты  суы  қалыптасу  жағдайына,  тереңдігіне,  арын 
күшінің 
мӛлшеріне 
қарайқалқыма 
су, грунт және артезиан 
сулары болып 3 топқа бӛлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, 
құм-шағылдар  арасында  жауын-шашын  немесе  тасыған  ӛзен,  кӛл 
суларының  топыраққа сіңуінен  уақытша пайда  болған, Жер  бетіне 
ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық 
құрамы  мен  температурасына  ауа  райының  ӛзгерістері  үлкен  әсер 
етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі кӛз жойылғанда, бұл су 
құрғап қалады. Жауын-шашынмол жылдары, ӛзен қатты тасығанда, 
қыста  қар  қалың  жауғанда  қайтадан  пайда  болады.  Грунт  суы  – 
табиғи  қоры  қалқыма  суға  қарағанда  тұрақты,  Жер  бетіне  жақын 
кеуекті,  жарықты,  карсты  сулы  қабаттардағы  арынсыз  жер  асты 
суы.  Мұндай  суды  ерте  заманнан  бері  құдық  қазып,  кеңінен 
пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 
5  м-ден  50  –  70  м-ге  дейінгі  тереңдікте  кездеседі;  ӛзен,  кӛл,  теңіз 
маңында,  сайларда,  тау-тӛбе, қырат бӛктерлерінде  тұма-бұлақ 
болып,  Жер  бетіне  еркін  шығып  та  жатады.  Жер  бетіне  біршама 
таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының ӛзгешеліктері мен 
табиғи  ӛзгерістерге  тәуелді  болып  отырады. Жауын-шашын мол 
жылдары,  кӛктемде  қар  ерігенде,  күзгі  кӛп  жауын  кезінде  бұл 
судың  деңгейі  едәуір  жоғары  кӛтеріледі,  ал  құрғақшылық 
жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі тӛмендеп, тереңдеп 
кетеді.  Грунт  суы  неғұрлым  тайызда  жатса,  оның  кӛтеріліп-
тӛмендеу  мӛлшері  де  соғұрлым  кӛп  болады.  Тайыз  жердегі  грунт 
суының  деңгейі  бір  жыл  ішінде  1,5  –  2  метр  және  одан  да  кӛп 
мӛлшерде ӛзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек 
бірнеше  см-ге  ғана  ӛзгереді.  Су  деңгейінің  ӛзгерісіне,  жыл 
маусымдарының 
ауысуына 
байланысты 
бұл 
сулардың 
минералдылығы, химиялық құрамы  мен  температурасы да ӛзгеріп 
отырады.  Артезиан  суы  –  тереңде  (75  –  100  м-ден  астам)  жатқан 
шӛгінді  (құм, құмтас, әктас)  тау  жыныстарында  шоғырланған 
арынды  жер  асты  суы.  Ол  ӛткізбейтін  жыныс  қабаттарының 
арасында  жатқандықтан,  арын  күші  едәуір  болады,  бұрғыланған 
ұңғылар  арқылы  жоғары  кӛтеріліп  (кейде  шапшып),  Жер  бетіне 
шығады.  Артезиан  суының  қоры,  минералдылығы,  химиялық 
құрамы,  температурасы  ұзақ  жылдар  бойы  пайдалану  нәтижесінде 

ғана  ӛзгерістерге  ұшырайды.  Жер  асты  суының  негізгі 
қоры ӛзен, кӛл, теңіз суларының  және  қар  мен  жауын  суларының 
Жерге  сіңуі  нәтижесінде  қалыптасады.  Құрамындағы  тұздардың, 
минералдың мӛлшеріне сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы 1 
г/л-ге дейін), ашқылтым (1 – 10 г/л), ащы (10 – 50 г/л) және тұзды 
(50  г/л-ден  астам)  сулар  болып  бӛлінеді.  Қазақстан  бойынша  жер 
асты  суының  (артезиан  және  грунт  суларының)  жалпы  қоры  7500 
млрд.  м3,  ол  жылма-жыл  35  –  40  млрд.  м3  сіңбе  сумен  толығып 
отырады.  Қазіргі  кезде  қалалар  мен  елді  мекендерді  сумен 
қамтамасыз  ету,  мал  жайылымдарын  суландыру,  Жер  суғару 
бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мӛлшері 3,5 – 
4 млрд. м3. 
ЖАТЫС ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША ЖЕР АСТЫ СУЫ  тӛрт 
типке 
бӛлінеді: топырақ 
суы, қалқыма 
су, грунт 
суы жэне қабатаралық  су .Жатыс  жағдайына  жер  асты  суының 
режимі,  яғни  оның  минералдануы,  температурасы,  деңгейі  жэне 
басқа 
кӛрсеткіштерінің 
уакыт 
ағымында 
ӛзгеруі 
байланысты.Алаптар  сулы  горизонттармен  ғана  емес,  сондай-ақ 
морыған  кристалды  таужыныстардың  ірі  массивтерімен  де 
байланысты  болуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  жарықшақтық  пен 
желілік судың алабы жаралады. 
ЖЕР БЕДЕРІ , рельеф (франц. relіef, лат. relero — кӛтеремін деген 
сӛзінен 
шыққан) 
— 
жер 
бетіндегі 
құрлықтардың, 
мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы. 
Жер бедері тау, жазық,  ойпат,  таулы үстірт,  тӛбе,  қырқа,  аңғар,  
жыра,    т.б.  болып  келеді.  Жер  бедері  эндогендік  (ішкі)  және 
экзогендік  (сыртқы)  күштердің  ұзақ  уақыт  бойы  әсер  етуі 
нәтижесінде 
пайда 
болады. 
Әрбір 
аймақтың 
бедері 
оның геологиялық  құрылысына,  ішкі  және  сыртқы  процестердің 
біреуінің  басым  болуына  байланысты.  Жер  бетінің  бұдырлылығы 
әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мӛлшеріне (масштабына) қарай 
Жер  бедерін  планеталық  пішінді  (құрлықтар,  мұхит  табаны) 
мегапішінді 
(тау 
жүйелері, аумақты 
жазық 
жерлер, мұхит 
ойпаттары), 
макропішінді 
(жоталар, 
тауаралық 
аңғарлар), 
мезопішіндер  (тӛбелер, аңғарлар, сай-жыралар),  микропішіндер 
(шұқанақтар, дала 
бидайықтары) 
және 
нанопішіндер 
(түбіршіктер, тӛбешіктер)  деп  бӛледі.  Осы  заманғы  Жер  бедері 
шамамен  бұдан  150  млн.  жыл  бұрын  қалыптасқан.  Қазіргі  кезде 

бүкіл  құрлықтардың  55%-і  таулы  және  45%-і  жазық  ӛлкелер.  Жер 
бедерін геоморфология ғылымы зерттейді. 
ЖЕР БЕТІ ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫҢ СӘУЛЕ ШАШУЫ - Жер 
мен  атмосфера  басқа  да  денелер  сияқты  белгілі  мӛлшерде  энергия 
шашады.  Жердің  беті  –  топырақ,  су,  қар,  ӛсімдіктер,  ғимараттар 
және басқа да денелер күн радиациясы мен атмосфера радиациясын 
жұтып,  ӛздері  қоршаған  ортаға  ұзынтолқынды  жылулық 
(инфрақызыл) радиация шашады. Оны жер бетінің сәулешашуы деп 
атайды.  Сәулешашу  спектріне  байланысты  жер  беткейін  сұр  дене 
деп  есептесе  болады.  Сондықтан  да  оған  Вин  заңын  қолданса 
болады.  Ол  заңға  сәйкес.  Жер  шарының  тӛселме  бетінің  жыл 
бойына  орташа  алғанда  температурасы  15˚С  болғанда,  оның 
шашатын  энергиясының  максимумы  10  мкм  толқын  ұзындығына 
сәйкес келеді. 
ЖЕР ҚАБЫҒЫ - Жердің ең тысқы жіңішке қатты қабаты. Жердің 
1%-дан  кем  кӛлемін  құрайды.  Қалыңдығы  мұхиттердің  астында  5 
км-ден  бастап,  тау  тізбектерінің  астында  60  км-ге  жетеді.  Жер-
іспетті  планеталардың  беті  кӛбінесе  қатты,  астындағы  жатқан 
тығыздығы  жоғары  тау  жыныстарына  дейін  құрамы  әртүрлі  боп 
келеді деп, қабық боп саналады.   
ЖЕР  ҚЫРТЫСЫ — Литосфераның   беткі  бӛлігін  құрайтын, 
тӛменгі  жапсары   Мохорович  деңгейімен шектелген  жердің  ең 
үстіңгі  қабығы.  Жер  қыртысы  қалыңдығына,  құрамына, 
құрылысына  қарай  құрлықтық  және  мұхиттық  болып  негізгі  2 
типке  бӛлінеді. Құрлықтық жер  қыртысының  қалыңдығы  тектоник 
жағдайына байланысты 25 — 45 км-ден (платформаларда) 45 — 75 
км-ге  дейін  (тау  түзілу  аймақтарында),  ал  мұхиттық  жер 
қыртысының қалыңдығы 5 км-ден (Солтүстік Мұзды мұхит) 10 — 
12 км-ге дейін ӛзгереді. Жер қыртысы тӛмен қарай тығыздығы арта 
беретін жанартаутекті-шӛгінді (тығызд. 1,8 — 2,5 г/см3), гранит — 
метаморфты  (2,5  —  2,7  г/см3)  және  базальтты  (2,7  —  3,0  г/см3) 
қабаттарға бӛлінеді. Жер  қыртысының жоғарғы бӛлігі  қатпарларға 
жиырылып,  жарылымдармен  қиылған  және  тӛм.  сатыда 
метаморфталған  шӛгінді,  терригенді  және  магмалық  тау 
жыныстарынан  құралған.  Қалыңдығы  платформаларда  1  —  2  км, 
терең  ойыстарда  10  —  20  км  жетеді.  Шӛгінді  қабаттың  астында 
салмағы  жеңіл,  гранит  пен  гнейстерден  түзілген  шӛгінді  қабаттың 
жыныстарымен  алмасып  отыратын  гранит-метаморфты  қабат 
орналасқан. Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 — 20 

км, тау жүйелері табанында 15 — 50 км-ге дейін. Мұхиттар түбінде 
граниттік  қабат  ӛте  жұқа,  не  мүлде  болмайды.  Граниттік  қабат 
Конрад бетімен шектеледі. Жер қыртысының ең тӛменгі бӛлігінде  
базальт,   габбро   және  күшті  метаморфтануға  (метаморфизмге) 
ұшыраған    шӛгінді  жыныстардан  құралған  базальт  қабаты 
орналасқан.  Жер  қыртысының  аралық  типтері:  субмұхиттық  жер 
қыртысында  шӛгінді  жыныстар  мұхиттық  жер  қыртысындағыдан 
қалың  болады; субконтиненттік жер  қыртысы  жұқа  болады  әрі 
граниттік 
қабат 
анық 
байқалмайды. Геофизикалықдеректер 
бойынша, Қазақстандағы   жер  қыртысының  қалыңдығы  Тұран 
тақтасы,  Каспий  маңы  ойысында  35  —  45  км,   Тянь  -  Шань, 
Таулы Алтайда 45  —  50  км,  Орт.  Қазақстанда  50  —  55  км.  Жер 
қыртысының  үнемі  дамып  ӛзгеруі  нәтижесінде  геосинклинальдар 
сияқты  қозғалмалы  аймақтар  платформаларға  айналады.  Жер 
қыртысының  дамуының  басты  себептері  —  Жердің  аса  терең 
қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында ӛтетін процестер. 
ЖЕР СІЛКІНІСІ – Жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен 
қозғалуы  нәтижесінде  және  тығыз  тербеліс  түрінде  үлкен 
қашықтыққа  берілетін  жер  асты  дүмпулері  мен  жер  бетінің 
тербелісі.  Жер  қыртысындағы  сейсмикалық  толқындар  тарайтын 
нүктені  жер  сілкінісінің  ішкі  кіндігі  деп  атайды.  Жер  сілкіну  ішкі 
кіндігінің  ең  қысқа  қашықтықтағы  жер  бетінің  орнын  жер  сілкіну 
кіндігі  деп  атайды.  Жер  сілкінудің  қарқындылығын  12  баллдық 
сейсмикалық  шкала  бойынша  (MSK-86)  бағалайды,  ал  жер 
сілкінудің  энергетикалық  санаты  үшін  магнитуданы  пайдаланады. 
Жер  сілкіну  шартты  түрде  әлсіз  (1-4  балл),  күшті  (5-6  балл)  және 
қирататын (8 және одан да кӛп) деп бӛлінеді. 
ЖЕР  СІЛКІНУ  ЭПИЦЕНТРІ (орталығы)  —  Жер  бетіндегі  (жер 
сілкінудің  ошағының)  проекциясы.   Гипоцентрдің   формасына 
байланысты  эпицентрдің  формасы  да  әр  түрлі  болып  келеді 
(нүктелік, сызықты, аудандық). Эпицентр (эпи... және центр) – жер 
сілкіну ошағының  (гипоцентрдің)  Жер  бетіндегі  проекциясы.  Жер 
сілкіну  ошағының  проекциясы  эпицентр  алқабы  деп  те  аталады. 
Эпицентрдің 
орны 
сейсмик. 
ст-лардағы 
аспаптардың 
(сейсмографтардың)  сызбалары  (графигі)  бойынша  анықталады. 
Күшті  жер  сілкінулердің  Эпицентрлерінде  сейсмик.  энергия 
тасқынының  тығыздығы  ӛте  жоғары  келеді,  жер  үстінде  үлкенді-
кішілі  жарықтар,  опырылыстар  пайда  болады,  үйлер,  түрлі 
құрылыстар қирап бұзылады. 

Тілсіз  қияпат немесе табиғат  апаттары (Стихийное  бедствие)  — 
алапат  табиғи  құбылыс:  дауыл,  дауылды  қарақүйын,  қүйынды 
дауыл, су басу, жер сілкінісі,  жанартаудың  атқылауы,  кенеттен 
қалың кар жауу, цунами, қаркешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл 
табиғи  алапаттар  тірі   организмдерге,  соның  ішінде   адамға  
тӛтенше  әсер  ететін   экологиялық   фактор   болып  саналады. 
Сондықтан   1994   жылдың   мамыр  айында  Йокогамада  (Жапония) 
тілсіз  қияпат  қауіптілігін  азайту  проблемалары  қаралған.  Тілсіз 
қияпаттардан  (иемесс  табиғи  алапаттардан)  3,6  млн  адам  қаза 
тауып,  3  млрд-тан  астамы  зардап  шекті.  Ал  жалпы  экономикалық  
шығын  340  млрд  доллар  болды.  Жер  сілкінісі  эпицентрдін 
айналасынан  едәуір  қашық  жерлерде  басқа  да  табиғи 
құбылыстарды  күшейтеді.  Мысалы,  Эквадордағы   (1987)  жер 
сілкінісі  кезінде  трансэквадор  газ   құбырының   6  мильден  астамы 
жаппай жылжу себебінен бұзылды. Табиғи алапаттардың жиіленуі, 
халық  тығыздығының  артуы  және  Жердегі техносфераның кеңеюі 
күрделі инженерлік имараттар кӛп орналасқан аумақтардың табиғи 
қияпатқа  ұшырауына  себепші  болады.  Мұндай  имараттарға  АЭС-
тер, химия кәсіпорындары,  мұнай  және  газ  құбырлары,  суқойма 
бӛгеттері,  кӛлік  жүйелері,  тағы  басқа  жатады.  Сондықтан  табиғи 
және  техногендік  сипатты экологиялық алапаттарды  бір-бірімен 
байланыстыра 
зерттеп-білу 
қажет. 
Табиғаттағы 
апатты 
құбылыстарды  шығу  тегіне  қарай   эндогенді   (ішкі)    және 
 экзогенді   (сыртқы)  деп  бӛлуге  болады.    Эндогенді  құбылыстар 
жер 
қыртысындағы 
ӛзгерістерден 
(жер 
сілкіну) 
туады. 
Қазақстанның  оңтүстігіндегі  биік  таулар  әлі  калыптасып  бітпеген 
жас  таулар  болғандықтан,  сейсмикалық  ауданға  жатады. 
Сондықтан  бұл  аймақта  жиі  жер  сілкінулер  болып  түрады. 
Мысалы, Алматыда 1889, 1911 жылдары 
апатты 
жер 
сілкіну 
болған. Экзогенді апаттарға кӛбінесе адам әрекеті себепші болады. 
Республикамызда таулы аудандардың болуына байланысты сел, қар 
кӛшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-
шығыс  биік  таулы  аймақтарда   2724  мұздық   бар.  Осылардың 
еруінен  және  қардың  қалың  түсуіне  байланысты  күшті 
селтасқындары болып түрады. Апатты  сел тасқындары  1921 жылы 
Алматыда, 1963 жылы Есікте, 1977 жылы Медеуде болды. Олардың 
алдын  алу  үшін  шаралар  жасалмаған  жағдайда  зор  материалдық 
және адам шығыны болуы мүмкін. Алматы қаласын селден сактау 
үшін  Медеу  бӛгені  салынған  және  таулы  аймақтарда  сол  жӛнінде 

дер  кезінде  хабар  беретін  кондырғылар  орнатылған.  Жер  сілкінуді 
алдын  ала  болжау  үшін  арнайы  сейсмологиялық  институт  жұмыс 
істейді.  Мұнда  ең  жаңа  құралдармен  бірге  үй  жануарларының 
кӛмегімен  (мінез-құлықтарының  ӛзгерістеріне  негізделген)  жер 
сілкінуге 
болжам 
жасалады. 
Республиканың 
климат 
ерекшеліктеріне  байланысты жазда аңызақ (ыстық құрғақ) желдер 
жиі  болады.  Аңызақ  Желдер  егістіктерге  зиянын  тигізеді,  күшті 
дауылдар тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы 
мүмкін.  Ғарыштық  метеорологиялық  зерттеулер  арқылы  аңызақ 
желдер  алдын  ала  болжанады.  Табиғаттағы  апат  құбылыстарын 
алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа тӛтеп беретіндей етіп салу, 
елді  мекендерді  орналастыруда  табиғат  ерекшелігін  ескерудің 
маңызы зор. Табиғаттағы заңды түрде жүретін ырғақтық (циклдық) 
апат  әкелетін  ӛзгерістерді  (теңіз  деңгейінің  кӛтерілуі,  жұттардың 
болуы және т.б.) ескерген жӛн. 
Туған  ӛлкенің  табиғатын  аялау,  қорғау  -  озық  қоғамның 
алғышарты. Қоғам  мен  табиғат  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
болғандықтан, қоршаган орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі 
мүмкін  емес.  Табиғат  байлықтарын  тиімді  пайдалану,  табиғатқа 
сүйіспеншілікпен  қарау  қоғамның  да  алға  қарай  дамуына  негіз 
болады.  Қоршаған  ортаның  қолайлы  болуы  адамның  дұрыс  білім 
алып,  еңбек  етуіне,  материалдық  жағынан  қамтамасыз  етілуіне 
ықпал  етеді.  Сондықтан  әрбір  адам  табиғатты  аялап  сақтауға  ӛз 
үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол 
табиғаттың  бір  бӛлшегі  екенін  ұмытпаған  жӛн.  Ӛзіміз  тұрған 
жердің  табиғатын  сақтаймыз.  Табиғатқа  аялы  кӛзқарасты 
қалыптастыру  үшін  туған  ӛлкеге  туристік саяхат жасаудың,  оның 
табиғат  ерекшеліктерімен,  экологиялык  жағдайымен  танысудың 
маңызы зор. 
ЖЕРОРТА  ТЕҢІЗІ   —   Атлант    мұхитының   Еуразия   мен  
Африка  құрлықтары арасындағы теңізі.  Гибралтар бұғазы арқылы 
Атлант  мұхитымен,  Босфор  бұғазы  арқылы  Қара  теңізбен, Суэц 
каналы арқылы Қызыл теңізбен  жалғасады. Ауданы 2505 мың км², 
орташа  тереңдігі  1498  м,  ең  терең  жері  5121  м.  Жерорта  теңізінің 
еуразиялық  жағалауы  қатты  тілімденген.  Онда  түбектер  және 
аралдармен бӛлінген шағын  Альборан,  Балеар, Лигурий,  Тиррен,  
Адрия,   Ион, Эгей жәнеКипр теңіздері  орналасқан.  Теңіз  алабына 
Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, 
Лион,  Генуя,  Таранто,  Сидра  (Үлкен  Сирт),  Габес  (Кіші  Сирт).  Ірі 

аралдары:  Балеар,  Корсика,  Сардиния,  Сицилия,  Крит  және  Кипр. 
Теңізге  ірі   Ніл,   По,   Рона,   Эбро ӛзендері  құяды.  Жас  альпілік 
геосинклинальдік  аймақта  орналасуына  байланысты,  түпкі  бедері 
күрделі.  Ең  ірі  қазаншұңқырлары:  Алжир  -  Прованс,  Орталық 
қазаншұңқыр  және  Геллен  шұңғымасы.  Тиррен  теңізінің 
қазаншұңқырының  тӛңірегінде  сӛнген  және  әрекетті  жанартаулар 
бар.  Бүкіл  Жерорта  теңізі  аймағына субтропиктік климаттың 
―жерортатеңіздік‖ деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі 
жылы,  жазы  құрғақ  және  ыстық.  Судың  беткі  қабатының 
температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 
18°  С-қа  дейін,  тамызда  батысында  20  —  25°  С-тан  оңтүстік-
шығысында  28  —  30°  С-қа  дейін  кӛтеріледі.  Су  кӛп  буланады, 
сондықтан  тұздылығы  жоғары.  Батысында  36ү-ден,  шығысында 
39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м,  
Тунистің   шығысында  1,7  м-ге жетеді. Негізгі ағыс   Гибралтардан  
Ливанның жағасына  дейін  Африканы  бойлап  ӛтеді.  Оқшау 
теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-
дей  түрі  бар.  Сардина,  тунец,  макрель,  скумбрия,  т.б.  ауланады. 
Жерорта  теңізінің  Адрия  және  Эгей  теңіздерінің  қайраңдарында 
мұнай, газ ӛндіріледі. Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз 
жолдары  ӛтеді.  Басты  порттары:  Барселона  (Испания),  Марсель 
(Франция),  Генуя,  Неаполь,  Венеция,  Триест  (Италия),  Риеака 
(Югославия),  Пирей  және  Салоники  (Грекия),  Бейрут  (Ливан), 
Александрия,  Порт-Саид  (Египет),  Триполи  (Ливия),  Алжир 
(Алжир).  Түркия  жағалауында  дүние  жүзіне  әйгілі  курорттар  бар. 
Жерорта  теңізінің  жағалауында Испания,   Франция, Италия,  
Монако, Мальта, Хорватия, Босния  және  Герцоговина,  Югославия, 
 Албания,  Грекия,  Түркия,  Кипр,  Сирия,  Ливан,  Араб елдерінің   
аумағы,   Израиль,   Египет,   Ливия, Тунис, Алжир, Мароккоелдері 
орналасқан.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет